kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку. Тема: "Мені? елім -?аза?стан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?аза?стан Республикасы туралы ал?ан білімдерін тере?детіп, ке?ейту

Міндеттері: 1. Ту?ан ел туралы ал?ан білімдерін ж?йелеу,та?ырып?а байланысты с?здермен ж?мыс ж?ргізу

2. О?ушыларды? танымды?, білімділік де?гейін к?теру, ой-?рісін арттыру, с?здік ?орын байыту, с?ра??а жауап беру,ойлау шеберліктерін дамыту.

3. Елімізді? р?міздерін ??рметтеуге, отанс?йгіштікке, ?з Отаныны? патриоты болу?а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку. Тема: "Мені? елім -?аза?стан" »

Сабақтың тақырыбы: Менің елім Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін тереңдетіп, кеңейту

Міндеттері: 1. Туған ел туралы алған білімдерін жүйелеу,тақырыпқа байланысты сөздермен жұмыс жүргізу

2. Оқушылардың танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын байыту, сұраққа жауап беру,ойлау шеберліктерін дамыту.

3. Еліміздің рәміздерін құрметтеуге, отансүйгіштікке, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, сұраққа жауап, іздендіру

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабақта бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін. Балалар қол ұстасып, бір - біріңе қарап күлімсіреп, іштей жақсы тілек тілейді.(Балаларды топқа бөлу).

Оқушылардың арасынан әр топтың сарапшысы тағайындалады. Ол сабақ соңында оқушылардың білімін бағалайтын болады.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыстың қай айы?

  • Қыста қандай мерекелер бар?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • ҚР - ның мемлекеттік тілі қандай тіл?

  • Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

  • Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

  • Еліміздің елордасы қай қала?

  • Біздің елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар кімдер?

Балалар, біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет, бәрі тату-тәтті өмір сүруде. Ал біздің сыныбымызда қандай ұлттың балалары оқиды екен. Әр топтағы балалар тұрып, өздері туралы айтады.(Менің аты-жөнім Костя Найман, ұлтым неміс.)

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің елім Қазақстан. Біздің мақсатымыз: өткен сабақтарда алған білімдеріңді пысықтап, қортынды жасаймыз. (Слайд)

Ал енді балалар, Қазақстан тақырыбына байланысты сөздерді қайталап өтелік. (Слайд)

Суреттер берілген, суреттердің астында сөздердің аудармасы жазылған.

(Астана,Елбасы, орман, тау, өзен, Елтаңба, Әнұран, Ту, құстар, жануарлар)

  1. Балалар, енді әр топ мемлекет деген сөзге байланысты 3 сөз айтыңдар. Енді екі топ 6 сөздің орнына ең негізгі деген 3 сөзді таңдап, осы сөздермен әр топ сөйлем құрастыру керек

  2. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып,сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. (Слайд)

І топ

Қазақстан -(наша Родина). Қазақстанның (природа) тамаша, жері бай. Мұнда асқар (гора) да, (река) де, (озеро) де бар. Алматы облысынан (золотой человек) табылды. Қарағанды (уголь) береді

ІІ топ

Қазақстан – тәуелсіз (государство). Нұрсұлтан Назарбаев – (первый президент). 16 желтоқсан – (День Независимости). Біздің елімізде (полезные ископаемые) мол. Солтүстік Қазақстан облысы астыққа бай (край).

  1. Отан туралы мақал-мәтелдерді оқып, толықтырыңдар. (Слайд)

Отан оттан да ... .

Туған жердей жер болмас, ... ... ... ... .

Отансыз адам - ... ... .

... ... – алтын бесік.

... отбасынан басталады.

  1. Сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын анықта (Слайд)

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Елімізде пайдалы қазбалар аз.

Көмір, темір, алтын – жануарлар.

Түйе, сиыр, жылқы, қой – пайдалы қазбалар.

Біздің Отанымыз – Қазақстан

Республикамыз үлкен емес

  1. Екі топқа шығармашылық жұмыс. Сенквейн немесе 5 жолды өлең құрастыру.

І топ ІІ топ

Қазақстан Отан

Әр топ өздерінің өлеңдерін оқиды



Үйге тапсырма беру: «Менің елім Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.



Бағалау. Рефлексия.


















































































































Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық

сезім-жақындарына, туған – туыстарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан Еуразия құрылығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Мен осындай сұлу, бай өлкеде тұрамын.

Менің алдағы жоспарым: мектепті аяқтап, жоғары білім алу, еліміз үшін игі істер атқару. «Ел атағын ер шығарар» деп халық бекер айтпаған. Сондықтан, мен Қазақстанның өмірі жарқын болатынына сенімдімін. Мен бар күшімді, білімімді өз елім үшін жұмсайтын боламын. Елімнің патриоты болып, үлгі - өнеге көрсетемін деп ойлаймын.

Отанымның дарынды, атақты ақын, жазушыларын құрметтеп, мақтаныш етемін, өйткені қазақ жеріне деген, туған жеріне деген махаббаттарын жырға қосып, адамдарды бір-бірін қадірлеп сыйлауға, бейбітшілікті сақтауға, болашаққа сеніммен қарауға шақырады.

Еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көреген ұлы адам, бүгінгі күннің өзінде Қазақстанның болашағын дамытудың жоспарын белгілеп берді. Өзінің халыққа жолдауында Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуін, халықтың өмірін жақсартуға, жастарға, олардың білім алуларына көп көңіл бөліп отыр. «Асыл тастан - өнер жастан шығады»,- деп халық дұрыс айтқан. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі болашақ иелеріміз. Қазақстан өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынас жасау үшін білімді де, білікті болуы керек.

























Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы

Полудин орта мектебі









« Мен Қазақстан Республикасының азаматымын»

тақырыбына шығарма







Орындаған:

Полудин орта мектебінің 11 сынып

оқушысы Четаева Ксения













2014 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Конспект урока по казахскому языку. Тема: "Мені? елім -?аза?стан"

Автор: Молдахметова Раушан Женисовна

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150548


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства