Сабақтың мақсаты | Оқушыларға мәтін, оның түрлерін меңгерту; ой-өрісін кеңейту, ақпаратты өз бетінше меңгеруге , сыни ойлауға үйрету, сөйлеу мәдениетін дамыту; ұжымдасып еңбектенуге, сыйластыққа, бірін-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Мәтін түрлерін меңгереді; Топта жұмыс жасай біледі; Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады; Ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; Жаттығу жұмыстары нәтижесінде білім,білік дағдылары қалыптасады. |
КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | БАҒАЛАУ | РЕСУРСТАР |
Ұйымдастыру кезеңі | 1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг . 3. Мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 4 топқа бөліп, бағалау парақтары таратылады. | Оқушылар психологиялық тренингке қатысады. Мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді. | | Үлестірмелі парақшалар |
Үй тапсырмасы | 1.Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазу. 2. Сілтеу есімдіктерін еске түсіру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі. | Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді. | Үш шапалақ |
Оқулық |
Қызығушылықты ояту | Сабақтың тақырыбы туралы оқушы пікірін білу. «Мәтін» сөзіне ассоциация. | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады. «Мәтін» сөзіне қатысты ойларын әр топ ортаға салады. | | |
Мағынаны тану | Әр топқа тақырыпты өз бетінше оқу ұсынылады. Мұғалім жұптасып,топтасып талқылауға бағыт – бағдар береді. Оқулықпен жұмыс: 16-жаттығу (жазбаша) 17-жаттығу (ауызша) 18-жаттығу (жазбаша)
Топтық жұмыс: берілген тақырыптар бойынша мәтін құрау. І топ: «Күз» ІІ топ: «Қыс» ІІІ топ: «Көктем» ІV топ: «Жаз» | Тақырыпты өз бетінше оқып, жұптасып, топтасып талқылайды.
Оқулықтағы жаттығу шартына сәйкес 17 -жаттығуды оқушылар ауызша орындайды, ал 16,18-жаттығуды жазбаша орындайды. Әр топтан тақтаға бір оқушы шығып, жазбаша тапсырманы орындайды.
Әр топ тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып, мәтін құрайды. | Үш шапалақ | Оқулық
Оқулық Үлестірмелі парақшалар |
Ой толғаныс. | Бекіту сұрақтары: | Оқушы жаңа тақырып бойынша қойылғпн сұрақтарға жауап береді. | | |
Бағалау | Бүгінгі сабақ бойынша өзін-өзі, өзара бағалауды ұсынамын. | Өзін-өзі, бірін –бірі бағалайды. | Түрлі түсті стикерлер арқылы | |
Сабақты қорытындылау | Үйге тапсырма: 19-жаттығулар. (ауызша) | Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. | | Оқулық |