Бөлім: | Абайды оқы, таңырқа! Абай Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы |
Сабақтың тақырыбы: | Абай – лирик ақын |
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Мұғалімнің аты-жөні: | Ж.Б. Жиенбаева |
Оқу мақсаттары: | 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.5.1.7 - себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушы: тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; |
Көптеген оқушы: орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; |
Кейбір оқушылар орындай алады: себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шеберлік, данышпан, надандық, рақымшыл, сипатта, өнерпаз, суретте, әділетсіздік, таңырқа, талаптан. |
| Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Абай кім? «Табиғат лирикасы» дегенді қалай түсінесің? |
Алдынғы оқу | 4 сынып: «Қыс» өлеңімен таныс. 5 сынып: А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, «Ғылым таппай, мақтанба...» өлеңін біледі |
Жоспар: | |
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтың іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. | " Сәлем" - оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады: 1)Бас бармақтарын тигізеді - Саған, 2)Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан, 3)Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен, 4)Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс, 5)Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем! Оқушыларды түгендеу. Сабаққа назар аударту | | |
Қызығушы лықты ояту. «Галерея» ойыны Сабақтың тақырыбын,мақ сатын айтады. | Тыңдалым. Айтылым. Мақсаты: Жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушылар назарына жыл мезгілдерінің бейнелі суреттерін ұсыну және сол мезгілде болатын табиғат құбылыстарын кесте арқылы анықтату. Құстар жылы жаққа кетеді. Жапырақтар сарғаяды. Шық түседі. Күн күркірейді. Боран соғады. Аяз болады. Қар жауады. Қар ериді. Жаңбыр жауады. Құстар ұшып келеді. -Қай ақынның жылдың төрт мезгіліне байланысты өлеңдерін білесіңдер? Қыс, Көктем, Жаз, Күз Абайдың өлеңдері бар. | ҚБ Жақсы, жарайсың, тамаша! | Сурет Сюжетті картиналар, кеспе қағаздар |
Сабақтың ортасы | Мәтіналды жұмыс. Тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады | Тыңдалым. Айтылым. Оқушылар қайталайды, сөздік дәптерге жазады. Сөз тіркес, сөйлем құрастырады. Шеберлік-мастерство Данышпан- мудрый Надандық-невежество Рақымшыл-добрый Сипатта-характеризуй Өнерпаз-талантливый Суретте-опиши Әділетсіздік-несправедливость Таңырқа-удивляйся Талаптан-стремись | ҚБ Дескриптор: - Оқулықтағы жаңа сөздерді оқиды. - Сөздердің аудармасын анықтап, мағынасын түсіндіреді. | Сөздік, слайд |
| Мәтінмен жұмыс. | Тыңдалым. Айтылым. Мақсаты: Мәтінді мұқият тыңдап, түсінгенін айту. Абай өлеңдерінің бір алуаны- табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберлікпен жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Қыс», «Жаз», «Күз» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарын шынайы өмірмен астастыра суреттейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі мен іс-әрекеті және өзінің де көңіл-күйі де анық көрінеді. -Абай қандай ақын? -Ол өлеңдерінде нені жырлайды? -Ақынның табиғат туралы қандай өлеңдері бар? -Абай өлеңді неше жасынан бастап шығарған? -Абай неше жасында оқуға барды? | ҚБ Жақсы, жарайсың, тамаша! | Электронды оқулық, слайд |
| Сергіту | Көзімнің қарасы | | Бейнематериал |
| «Жигсо» (жанұямен жұмыс) әдісі Топ бойынша саралау. | Оқылым. Айтылым. Мақсаты: Тыңдалған мәтінді топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтармен идеялармен бөлісу. Әр шағын топқа тапсырмалар ұсынылады. А деңгейлі оқушылар. Жаңа сөздерді қолдана отырып, мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді белгілеңдер. В деңгейлі оқушылар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Абай қандай ақын ? Ол өлеңдерінде нені суреттейді ? Ақынның табиғат туралы қандай өлеңдері бар? Ақын табиғатты қалай суреттейді? С деңгейлі оқушылар. Сұрақтарға сүйене отырып, тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтаңдар. | Дескриптор: - Мәтінді мұқият тыңдайды. - Тірек сөздерді анықтайды. - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. - Сұрақтарға сүйене отырып, негізгі ойды анықтайды | Парақшалар |
| Тілдік бағдар. Есте сақтайық! | Тыңдалым. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, сол үшін. Себеп-салдар жалғаулықтары салалас құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерді байланыстырады. Мысалы: Абай өте білімді болды, себебі ол көп талпынды. Абай табиғатты айрықша жырлады, өйткені табиғатты сүйді. Құнанбай оқуды, білімді бағалаған, сондықтан өз балаларын қалаға жіберіп оқытқан. | | Слайд |
Мәтінсоңы жұмыс. Ойлан, тап! Саралау: Жалғаулықтар ды пайдаланып, сөйлем құрау | Оқылым. Жазылым. Мақсаты:себеп-салдар жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлем құрау. А деңгейлі оқушылар. Сөйлемге қажетті себеп-салдар жалғаулықтарды қойып, жазады. Жалғаулықтар: себебі, сондықтан, сол себепті, өйткені. Абай өте білімді болды, ........ ол көп талпынды. Абай табиғатты айрықша жырлады, ...... табиғатты сүйді. Құнанбай оқуды, білімді бағалаған, ....... өз балаларын қалаға жіберіп оқытқан. В деңгейлі оқушылар. Сөз тіркестерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. Абай данышпан себебі, | | бүгін таныстым. | Мен енді Абайдың лирикалық өлеңдерін білемін, өйткені, | | сынақты жақсы тапсырдым. | Мен бүгін сабаққа жақсы қатыстым, сондықтан, | | жақсы бағаландым. | Мәтінді мұқият оқыдым, сол себепті | | ол көп кітап оқыған. | С деңгейлі оқушылар. Себеп-салдар жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлем құрайды. Мен Абайдың «Қыс» деген өлеңін жаттап алдым, себебі, Абай табиғатты әдем бейнелеген, өйткені, Абайдың әкесі білімді бағалаған, сондықтан, Мәтінді мұқият тыңдадым, сол себепті | ҚБ Дескриптор: -сөйлемге қажетті себеп-салдар жалғаулықтарды қойып, жазады. --сөз тіркестерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. -себеп-салдар жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлем құрайды. | Парақшалар |
| «Сиқырлы қалпақ» ойыны | Кәнеки мына сиқырлы қалпақтың көмегімен Абай атамыздың өлеңдерін танысайық! Топта отырған кез келген оқушыға қалпақ кигізу, Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерінен үзінді қосылады. Топтың қалған оқушылары өлең қай жыл мезгіліне арналғанын анықтайды. 1-оқушы «Қыс», 2-оқушыға «Жаз», 3-оқушыға «Жазғытұры»,4-оқушы «Күз». | ҚБ Жақсы, жарайсың, тамаша! | |
Сабақтың соңы | Топпен жұмыс. «Өрмекші» әдісі | Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту. Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздерді жазып, өз ойларын пысықтайды. | ҚБ Дескриптор: - тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. - тірек сөздерді пайдаланып, өз ойларын пысықтайды | маркерлер ватман Табиғат лирика сы Абай лирик |
| Бағалау | Бағалау парағы бойынша, дескрипторға сүйене отырып, өздерін бағалайды. | | Бағалау қағазы |
| Кері байланыс. «3Қ» стратегиясы. | Оқушылар кері байланыс жасайды, өз ойларымен бөліседі. Мен үшін құнды..... Мен үшін қызықты.... Мен үшін қиын...... | | Стикерлер, жапсырма қағаздар. |
Үйге тапсырма | 85-бет, 4-тапсырма. Сөздерді жаттау. Есте сақта! | | |
Сыныпта 10 оқушы. Оқушылардың танымдық қабілеттері қалыпты деңгейде. 4 оқушының үлгерімі жақсы, қалғандарының үлгерімі қанағаттанарлық. Сабақ жоспарын құрғанда, сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеремін.
Сабақта ойын технологиясының элементтерім қолдандым. Кембридж технологиясының жеті модулін «Галлереяны шарлау», «Жигсо», «Ойлан, тап!» «Өрмекші», «Сиқырлы қалпақ» ойыны, «3 Қ» стратегиялар арқылы кіріктірдім. Сабақта топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолдандым.
Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлаймын.