kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?нерген с?здер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данные урок разработан в соответствии со стандартом РК. Разработка урока будет полезна для учителей казахского языка, преподающие в национальной школе. В процессе обучения ученики получат глубокие знания о историзмах, научатся работать в паре и группе. На уроке использованы различного рода раздаточные материалы, разноуровневые и дифференцированные задания.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?нерген с?здер »

Усманова Диера Ахмадшиковна

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.

Сабақтың мақсаты :

1.Білімділік мақсаты :

Оқушыларға көнерген сөздер туралы мәлімет беру.

2.Дамыту мақсаты:

Көнерген сөздердің түрлерін айтып , сөздік қорын ,білімін байыту.

3.Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарын қәдірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,плакаттар,буклет,ұлттық киімдер.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аудару.

Оқушыларды тақтаға шығарып шеңбер болып тұрғызып бір-біріне ізгі - тілектер айтқызу.

Оқушыларды екі топқа бөлу.Оқушылар қоржыннан асықтар алады . Тақ сан алған оқушылар бір топқа ,жұп сан алған оқушылар екіші топ болады.

Үй тапсырмасын сүрау:

"Кім болсам екен? " атты жазуға берілген шығармаларын оқыту.

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою:

1.топ.1.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?

2. Синоним сөздер дегеніміз не?

3 .Эвфемизм дегеніміз не ?

4 .Мақал дегеніміз не ?

5 .Қазақ тілінде буынның неше түрі бар ?

2топ.1.Омоним сөздер дегеніміз не ?

2.Антоним сөздер дегеніміз не ?

3.Дисфемизм дегеніміз не?

4.Мәтел дегеніміз не ?

5.Қазақ тілінде неше септік бар ?

2. Оқушыларға кеспе қағаздар тарқатылады, кеспе қағаздағы мақалдар жалғастырылады , жазылған мақалдың тақырыптары да жазылады.

Дұрыс жауап берген топ жұлдыздармен бағаланып барылады.

Жаңа сабақ.

Қоғам дамуына байланысты қолданыстан шығып қалған сөздерді көнерген сөздер дейміз. Көнерген сөздерді біз тек қана тарихи тақырыпта жазылған шығармалардан көруімізге болады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді.

1. Архаизм

2.Историзм

Архаизм грек тілінен алынып ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архаизм -ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен ,қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылған сөздер.

Мыс: Мата атаулары:торқа, биұасап, дүрия, патсайы т.б Үй тұрмысы , киім кешек, ыдыс -аяқ атаулары : лашық, жаппа, сәукеле, күбі, адалбақан, торсық, кесеқап.

Историзм -латын тілінен алынып,көнерген ,ескірген деген сөз.

Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөздер.

Мыс:хан, сұлтан, би, болыс, садақ, сауыт, айбалта, найза т.б

Көнерген сөздер қазіргі уақытта көркем шығармаларда кездеседі.

Мыс:тарихи атаулар: Ақмола, Шаш, Фараб, Ақмешіт т.б

Кітаппен жұмыс.

1-топқа 157-жаттығу.

Жаттығудан ұлттық киімдердің атауларын теріп жазу.

Шәйі көйлек, масатыдан бешпет, құндыз бөрік, бір уыс үкі, күмістен шашбау,алқа, сақина, білезік.

2-топқа 151-жаттығу.

Көнерген сөздерді теріп жазу.

Асаба, ханша, ат-отаоба,мырза, құл, сауыт, патша.

Сабақты бекіту, қорыту.

1.Көнерген сөздер дегеніміз не?

2.Көнерген сөздер мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Архаизм дегеніміз не ?

4.Историзм дегеніміз не ?

5.Біз бүгін сабақта не үйрендік ? Оқушыларға жемістер тарқатылады, оқушылар сабақта бүгін не үйренгендерін жазып ағашқа іледі.

Үйге тапсырма.

Көнерген сөздер қатысқан 5мақал жазып келу.

Мыс: Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Бағалау:

Екі топтың жинаған жұлдыздарын санап ,жеңімпаз топты мадақтап бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
К?нерген с?здер

Автор: Усманова Диера Ахмадшиковна

Дата: 20.12.2014

Номер свидетельства: 145988


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства