Семинар негізгі 3 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.
Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.
Оқытушының сөзінен кейін баяндама дайындаған оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар баяндамашыға ескерту жасауға болмайды, себебі баяндама жасаған оқушы тақырып бойынша ақпараты мол.
Семинар оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс.
Семинар сабақтың сұрақтары:
1. Компьютерлік вирустың түрлері
2. Резиденттік вирустар
3. Резиденттік емес вирустар
4. Троян атты вирустар
5. Паразиттік вирустар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Программно-аппаратная защита информации: учеб. Пособие /С.К. Варлатая, М.В. Шаханова 195-200 бет
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар
ДК
4.3. Студенттер іс әрекетінің ретін сипаттау
- компьютерлік вирустан қорғануды меңгеру;
4.4. Оқытушының рөлі
- тақырып бойынша негізгі түсініктерді хабарлау;
- терминдерді және олардың ретін сипаттау.
5. Жоспарды жүзеге асыру
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте)
Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»
6. Бағалау
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау
Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.
Оқытушы ______________ \_Мырзагужинов Н.К\
қолы
Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру
№
Сабақтың негізгі кезендері
Әрекеттердін түрі мен реті
Студенттердін қызметі
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі
Оқытушынын қызметі
Жекеше
Топтық
Топаралық
Кенес беру
Нұсқау
Бақылау
1.
Бағдарлау және жоспарлау кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Х
Х
Х
2.
Жұмысты орындау кезені
Жұмыс орынын дайындау
Х
Х
Материалдарды дайындау
Х
Х
Технологиялық барыс: конспектіллеу,
Конспектімен жұмыс,
Интерактивті тақтада жұмыс істеу,
Карточкалармен жұмыс.
Х
Х
Х
Х
Х
Х
3.
Аралық және сонғы нәтижені бағалау және талдау кезені
Сапа белгілері боынша бағалау:
Айырма сөйлемдер әдісі
Анаграмма
Сөз тендіктері
Артық термин
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Семинар сабақ
Семинар негізгі 3 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.
Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.
Оқытушының сөзінен кейін баяндама дайындаған оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар баяндамашыға ескерту жасауға болмайды, себебі баяндама жасаған оқушы тақырып бойынша ақпараты мол.
Семинар оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс.
Семинар сабақтың сұрақтары:
1. Компьютерлік вирустың түрлері
2. Резиденттік вирустар
3. Резиденттік емес вирустар
4. Троян атты вирустар
5. Паразиттік вирустар
Пән атауы: Ақпаратты қорғау әдістері
Сабақтақырыбы:Компьютерлік вирустардың жіктелуі
Вирус және оның түрлері
Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
1) кіші көлем;
2) өздігінен жіберу;
3) вирусты көп рет көшіру;
4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.
Компьютерлік вирустың түрлері
Вирустардың негізгі жіктелуі
Негізінен алғанда компьютерлік вирустарды айрықша белгілері арқылы мынадай түрде жіктеуге болады:
вирустың тіршілік ету ортасына қарай (с:\ дисктің папкалары, программа, т.б.);
әрекет ету мерзіміне қарай – тоқтап әрекет ету немесе тұрақты әрекет, жедел әрекет, белгіленген мерзімде;
әрекет ету түріне қарай – ақпараттық не материалдық (электронды схемаларды бүлдіру, файлдарды жою, программаларға зиянды әрекет ету);
әрекет ету аймағына ену орнына қарай (файлдың басы, ортасы, соңы, оның бар аймағы);
көбейю түріне қарай ( файлдық, программалық, макростық, т.б.);
дербес компьютердің электрондық сызбасына ену орнына қарай (сүзгіш, процессор, оперативтік жад, қорлану системасы, қатты дискті бақылаушылар, т.б.);
дербес компьютердің желісінің түрлі баспалдақтарына қарай (электрондық сызбалар жұмысының стандартты параметрлерінің өзгерісі, желілік ресурстардың қолданылу ережелерінің бұзылуы, реестрді пайдалану ережелерінің өзгерісі т.б.);
деструктивті мүмкіндіктеріне қарай;
әрекет ету алгоритмінің ерекшеліктеріне қарай;
компьютерге жұғу әдісіне қарай
Әр қайсысын жеке қарастырайық. Әрекет ету аймағына байланысты компьютерлік вирустар былайша бөлінеді:
- файлдық – жұмыс істейтін және әр түрлі форматтарда жазылған файлдарды бүлдіретін компьютерлік вирустар. Қандай форматта жазылған программаға байланысты, мұндай вирустарға ЕХЕ немесе СОМ – вирустар болуы мүмкін;
- жүктемелік – дисктің жүктемелік секторын (ВООТ секторын) немесе винчестердің жүйелік жүктегіші (Master Boot Record) бар секторларды бүлдіретін компьютерлік вирустар;
- желілік – компьютердің желілері мен жүйелерінде таралатын компьютерлік вирустар;
Компьютерге жұғу әдісіне қарай компьютерлік вирустарды мынадай екі түрге бөлеміз:
- резиденттік вирустар (компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар) – компьютердің жадында өзінің резиндеттік бөлігін қалдыратын компьютерлік вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алынады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады. Сонымен қатар бұл вирустар операциялық жүйе жағынан вирус әрекетіне қарсы бағытталған іс — әрекеттерді жүзеге асыртпауы мүмкін. Бұл вирустар компьютер сөндірілгенше немесе компьютер жүктелгенше әрекет етуі мүмкін.
резиденттік емес вирустар — компьютердің жедел жадында өзінің резиденттік бөліктерін қалдыра алмайтын компьютерлік вирустар. Бұл вирустар келешекте көбейе алмайтын фрагменттер қалдыра алады. Резидентік емес вирустар жедел жадқа тұрақты жазыла алмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған катологтан немесе РАТН командасында көрсетілген катологтардан өзі ішінен байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішінде кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Компьютерлік вирустар диструктивті мүмкіндіктеріне қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
- зиянды емес вирустар – компьютердің қызметіне әсері болмайты компьютерлік вирустар. Бұл вирустар компьютердің жедел жадын немесе дисктің бос орындарын толтырып тастауы мүмкін.
- қауіпсіз вирустар — өздерін графикалық немесе дбыстық құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттермен көрсететін компьютерлік вирустар.
- қауіпті вирустар – компьютердің қызметінде, желілер не жүйелерде түрлі ақауларға әкелетін компьютерлік вирустар.
- өте қауіпті вирустар – ақпараттарды жоятын, программалар мен жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтатын компьютерлік вирустар.
Мақсаттарына қарай компьютерлік вирустар мынадай төрт бөлікке бөлінеді:
- «бейсауат» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
- «шантаж жасаушы» — мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
- «насихатшы» — «өзін көрсету» мақсатында жасалған.
- «мағынасыз» — атынан – ақ түсінікті.
Компьютерлік вирустарды әрекет ету алгоритмі бойынша былай бөлуге болады:
- спутник – вирустар (companion) – бұлар ЕХЕ – файлдарды СОМ файл құра отырып бүлдіретін компьютерлік вирустар. Сонымен қатар, алдымен программаға вирус жабысқан СОМ – файл кіреді де, содан соң ЕХЕ файлға көшеді. Бұндай жағдайда программа өзгермейді.
- «құрт» вирустар (Worms) – компьютерлік желілерде таралатын вирустар. Бұл вирустар компьютерге компьютерлік желілер арқылы енеді, сосын басқа компьютерлердің адресін анықтайды да, олар өз көшірмесін осы адрестерге жібіреді.
- «паразиттік» вирустар (Parasitic) – дисктің құрамындағы файлдарды немесе секторларды бүлдіретін барлық вирустар. Бұл категориядағы вирустарға спутник – вирустар мен құрт вирустардан басқа барлық вирустар жатады.
- «стелс – вирустар» (көрінбейтін вирустар, stealth) – DOS – тың бүлінген файлдарға не секторларға бағытталған әрекеттеріне қарсы және олардың орнына бүлінбеген бөліктерді ұсынатын компьютерлік вирустар. Сонымен қатар бұл вирустар резинденттік антивирустарды алдайтын алгоритмдер қолданылады.
- «полиморфты» (polymorphic) – тұрақты учаскелік коды болмағандытан анықтауға қиындық туғызатын вирустар. Көптеген жағдайда бұл вирустың екі үлгісі де бір – біріне сай келе бермейді.
- «макровирустар» — текстік редактордың не электрондық кестенің жүйесінде құралған макротілді қолданатын вирустар. Қазіргі кезде Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдіре алатын макровирустар көптеп таралған.
- «логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін бомбалар) – қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн- ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезіңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға жұғуға тырысады.
- «троян аттары» — қарапайым қолданбалы программаларға кіріп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы ақпараттарды басқа жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрлымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютерлер желілерін жайлап алады.