kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көміртекті болаттарды газбен пісіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: "Көміртекті болаттарды газбен пісіру"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көміртекті болаттарды газбен пісіру»

Тақырыбы: « Көміртекті болаттарды газбен пісіру»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: көміртекті болаттардан дайындалған бұйымдарды газбен пісіруге, пісіру құралдарын дұрыс пайдалануға, болаттардың пісірілгіштігін білуге үйрету.

Тәрбиелілік: оқушылардың мамандығына қызығушылығын арттырып, еңбек дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың оқу-материалдық жабдықталуы

Плакаттар: қауіпсіздік техникасы талаптары жөніндегі стендтер.

Материалдар: беттік, бұрыштық және профильді металдар.

Құрал-саймандар: газбен пісіру құралдары, шапқылар, балғалар, іскенжелер.

Өлшеу аспаптары: циркуль, металл сызғыш, өлшегіштер.

Оқу-өндірістік база: дәнекерлеу шеберхана


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

1. Оқушыларды түгендеу

2. Оқушылардың сыртқы түрлерін тексеру (арнайы киімдерін тексеру)


ІІ. Кіріспе нұсқау (45 мин)

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Оқушыларға өткен тақырыптарды меңгерту (сұрақ-жауап).

Сұрақ: - пісірілген жіктегі ақауларды орналасуына байланысты қалай бөледі?

Жауап:- сыртқы және ішкі.

Сұрақ: - пісіру жігінің сапасын тексеру тәсілдері неше топқа бөлінеді?

Жауап: - екі.

Сұрақ: - металл күйіп кеткен кезде ақауды қалай жоямыз?

Жауап: - күйіп кеткен бөлігін алып тастап, қайтадан пісіреді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрамындағы көміртегінің мөлшеріне қарай болаттар төменгі көміртекті

(0,25%-ке дейін С), орташа көміртекті (0,25-0,6% С) және жоғары көміртекті (0,6-1,7% С) болып бөлінеді. Болаттардың пісірілгіштігі және олардың қолданылатын аймақтары 1-кестеде көрсетілген.

Төменгі көміртекті болаттарды флюсты қолданбай, ацетилен мен оттегі жалыны арқылы пісіреді. Оның үстіне, болат құрамындағы көміртегі азайған сайын ол неғұрлым жақсы пісіріледі. Көміртегі көбейген сайын алынатын пісіру жігінің кеуектігі көбейіп, морт сынғыштығы артады. Мұндай кезде жіктің құрылысын жақсарту үшін, оны күлгін-қызыл түске дейін қыздырып соғады да, артынан баяу салқындатады. Бұл жіктің иілуіне, созылуына және соққыға жақсы төтеп беруіне жағдай жасайды. Жіктегі металдың кеуектігін азайту үшін арнаулы металды балқытып қосады да, ондағы көміртегі құрамын азайтады. Газбен пісіру көбінесе қалыңдығы аз (5 мм) қаңылтырларды пісіруге қолданылады. Қалың металдарды электр доғалы пісіргішпен жүргізген тиімді болады. Ацетиленді айырбастайтын газдармен төменгі көміртекті болаттарды пісіруге болады. Бірақ ондағы жіктің сапасы нашар болатындықтан, онша жауапты емес пісірулерге пайдаланған жөн.

Орташа көміртекті болаттар қыздырғаннан кейін тез салқындаса, шыңдалып қалады. Тәжірибе бойынша құрамында 40% көміртегі бар болаттарды электр доғалы пісіргішпен пісіреді. Бірақ та кей кезде газбен пісіруге де тура келеді.

1-кесте

Көміртекті болаттардың газбен пісірілгіштігін бағалау


Қоспадағы көміртегі,%

Болаттың тағайындалуы мен қолданылатын аймағы

Пісірілгіштігін бағалау

Төменгі көміртекті болаттар

0,06-0,15




0,15-0,25

Қазандық, су қоймасы, тұтас тартылатын құбырлар


Құйылған болат. Қазан, құбырлар бөшкелер, жетекші біліктер, сортты болаттар және т.б.

Пісірілгіштігі жақсы, жікті шыңдамайды.



Пісірілгіштігі жақсы. Жікті аздап шыңдайды, бірақ кескіш құралдармен өңделеді.


Орташа көміртекті болаттар

0,25-0,45







0,45-0,60

Осьтер, шатундар,шестернялар және машинаның басқа бөлшектері




Құрал-жабдықтар, балғалар, шестернялар, біліктер және т.б.

Пісірілгіштігі қанағаттанарлық. Егер алдын ала қыздырып, соңынан жылу беріп өңдесе, пісіру жігі сапалы болады.


Егер арнаулы флюстер қолданып пісіріп, соңынан жылумен өңдесе, онда жік сапасы қанағаттанарлық болады.

Жоғары көміртекті болаттар

0,6-1,7

Штамптар, пуансондар, рельстер, крестовиналар, құралдар ж.б.

Пісірілгіштігі нашар. Дәнекерлеу немесе балқытып қосу ұсынылады.


Мұндай сапасы жақсы пісіру жігін алу үшін пісіруді оң жақ тәсілмен, жоғары жылдамдықпен жүргізіп, пісіру алдында және соңынан жылумен өңдеу керек (2- кестеде).

Мұндай болаттарды пісіргенде қосып пісіретін сымдарды тотықсыздандыратын қоспасы (марганец және кремний) бар сымдарды пайдаланады. Сол кезде көміртегі күйіп кетпейді де, кеуекті жік пайда болуынан сақтайды. Жоғары көміртекті болат та пісіруге нашар көнеді. Себебі оның құрамындағы көміртегі күйіп кетеді де, өңсіз жік шығады. Бұған да электр доғалы пісіргіш икемді келеді. Осы болаттарды пісірудің негізгі көрсеткіштері мен тәртіптері 2-кестеде берілген.






2-кесте

Төменгі және орташа көміртекті болаттарды пісірудің негізгі көрсеткіштері мен режимдері


Жанғыш газ

Балқытып қосылатын металл

Флюс

Режим көрсеткіштері

Жылумен өңдеу

Ескерту

Пісіру

1 мм-ге жалынның меншікті қуаты, л/сағ

Жалын құрамы

Төменгі көміртекті болаттар

Ацетилен




Пропан-бутан


Қалалық газ

СВ-08;

СВ-08А;

СВ-12ГС;

СВ-08ГС;

СВ-08Г2С;

СВ-12ГС;

СВ-08ГА;

СВ-08Г2С

СВ-12ГС

Керегі жоқ





Мұнда да



Мұнда да

100-130 (пісірудің барлық тәсілі үшін). 130-150 (оң тәсіл үшін)

60-75 (сол тәсіл үшін)


180-200 (сол тәсіл үшін)

Қалыпты, (1,0-1,1)




Қалыпты, аздап тотықтандырады, (3,5-3,8)

Ол да



Қажеті жоқ




Мұнда да



Мұнда да


Көрсетілген мөлшерлер барлық жағдайлар үшін


Маңызды емес жұмыстар үшін


Ол да

Орташа көміртекті болаттар


Ацетилен

СВ-08ГА;

СВ-10ГА;

СВ-08ГС

Қыздырылған бура (көміртегі 0,5-0,6% болаттар үшін)

70-90 (сол тәсіл үшін)

Ептеп көміртектендіретін

(0,9-1,0)

Қалыңдығы 3 мм-ден аз металдарды пісіргенде бұйымдарды 300-4000С дейін қыздырады, немесе 650-7000С дейін бір жерді қыздырады

Пісіруді тек жылы жерде жүргізеді


ІІІ. Ағымдағы нұсқау

Оқушыларды аралап шығып өндірістік жұмыстарын қадағалау.

  • Түсінбеген сұрақтарына жауап беру

  • Жасалынып жатқан жұмыстың сапасын тексеру.

  • Газ жалынымен пісіру кезіңде қолданылатын құралдарды дұрыс пайдалана алуларын қадағалау.


ІV. Қорытынды нұсқау

  1. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айтып өту.

  2. Оқушылардың жұмысын бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Көміртекті болаттарды газбен пісіру

Автор: Ашангалиев Айдын Махсотович

Дата: 22.02.2021

Номер свидетельства: 573858


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства