kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кноспект урока по казахской литературе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Традиционный урок по изучению новой темы. Усвоение понятия об айтысе, виды айтыса, знаменитые акыны.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кноспект урока по казахской литературе»

Сабақ тақырыбы

Айтыс

Жалпы мақсаты

Оқушылар халық ауыз әдебиеті жайлы білімдерін молайтады. Айтыс туралы мәлімет алады.

Жетістік критерилері

Оқушының төменгі жетістігі: оқиды, түсенеді, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі: жаңа сөздермен сөйлем құрай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі: тақырып аясында сыныптастарымен сұхбаттасады, сөйлеседі.

Міндеттері

  1. Оқушылардың белсенділігін арттыру;

  2. Оқушылардың білетін білімдерін жаңғырту;

  3. Өз ойларын еркін айтқызып, бір-бірін тыңдату;

  4. Ұжыммен бірлесіп жұмыс істету;

Оқу нәтижесі

  1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныс болады;

  2. Айтыс және оның түрлері жөнінде білімдері болады.

  3. Айтыскер ақындармен таныс болады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, жинақтау, ой қозғау, миға шабуыл,

Дерек көздері

Оқулық, интерактивті тақта, слайд-презентация.

Психологиялық ахуал

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алысып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Сергіту сәті

Сабаққа қызығушылығын ояту үшін, «молекула» ойынын ойнатамын.

«Молекула» ойынын өткіземін.

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Диалогтік әдіс

Үй жұмысын сұраймын.Халық ауыз әдебиеті туралы дайындалған сұрақтарды таратып беремін.


Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.Өткен тақырыпты қалай меңгергендерін көрсетеді.

Жаңа сөздер

айтыс, ақын,жыр,жыршы,қоғамдық мәселелер,ел тағдыры.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің іс-әрекеті.

  • Жаңа сөздермен таныстыру

  • Жаңа сөздерді синонимдер арқылы меңгертемін

Оқушының іс-әрекеті

  • Жаңа сөздерден сөйлем құрайды

  • Синонимін табу арқылы жаңа сөздерді меңгереді.


Акт

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушыларға интербелсенді тақтадан айтыс туралы видео көрсетемін.

Топтық жұмыс

1,2,3 санау арқылы топқа бөлемін.

1-топ. Халық ауыз әдебиеті

2-топ. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – айтыс

3-топ Айтыстың түрлері және айтыскер ақындар

Оқушының іс-әрекеті

Көреді,тыңдайды, түсінгендерін айтып береді.

Оқушылар видео, интернет, оқулықтағы мәліметтерді пайдалана отырып, топта ақпаратты жинақтап,жүйелеп ватманға жазып қорғайды.




Қорытынды

Мұғалімнің іс-әрекеті

Рефлексия «Даналық ағашы» Не үйрендім?

Әр топқа ағаш суреті бар парақтар таратамын.


Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар сабақтан не түсінгенін, не үйренгенін ағаш бұтақтарына жазып шығады.


Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір- бірін бағалайды.


Үйге тапсырма

Сөздікті жаттау, мазмұндау. Үлгерімі жақсы оқушылар «қазіргі уақыттағы айтыс» тақырыбына слайд жасайды.



















































Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:  Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Тәрбиелілік:  Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін білім мазмұнына әкелу.

Сабақтың әдісі: 12 жылдық білім берудегі технологиялар, балдық жүйемен есептеу (Білім жүйесі, Жобалау)

Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.

 

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, плакаттар, цытатылар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Маңғыстау әдебиеті, ақпараттармен байланыс.

Сабақтың жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды.

Төмендегі кесте сызбалар арқылы өткен сабақтарды еске түсіру.

Пікіралмасу     Ойталқы    Сөзталас      Айтыс         Ойбөліс         Пікірсайыс

Жаңа сабақ:

Американдық ғалым  Б.С.Блум жүйесімен жаңа сабақты түсіндіру.

І  Білімділік (тыңдау, білу,есте сақтау) 2 балл

Негізгі ұғымдар.

Пікірталас түрі.

Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясын пайдалану.

Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр.

 Ұлы жазушы М.Әуезов өзінің Әдебиет туралы еңбегінде «Айтыс- сөз барымтасы. Бұның бір жағы өнер жарысы. Екінші жағы, ойын- жиында айт пен тойда, халықтық мерекеде орындалатын сауық есепті»,- дейді.

Ал Ысмайлов пен М.Ғабдулин:

«Екі адамның сөз қағыстыруы, ән сөзінде тартысуы, дауласуы»,- деп түсіндіреді.

  Сонымен, айтыс- біріншіден әдеби жанр, екіншіден өнер түрі, үшіншіден жарыс, төртіншіден талас, бесіншіден- сөз барымтасы, алтыншыдан пікірталас түрі.

 

Пікірталас деген не?

Қоғамдық және әлеуметтік мәселені талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау.

 

Б(бағыт) – 1. Тақырыбы: Қоғамдық және әлеуметтік мәселелер. Мысалы: Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы- әйел теңдігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сара- соның құрбаны.

Билігі болмаған соң бір басының.

Берген соң тері- терсек ит те алады,

Пұлындай берекесіз арбашының.

Б-2. Түрлері: Қ.Жұмалиев қазақ әдебиетінде:

1) Бәдік. 2)Жар- жар. 3) жануарлар мен адамның айтысы. 4) Өлі мен тірінің айтысы. 5)Жұмбақ айтыс. 6) Салт айтыс- қыз бен жігіт, ақындар айтысы. 7) Осы күнгі айтыс депжеті түрге бөледі.

Б-3.Талаптары:

1. Тақырыптан ауытқымау.

2. Өзін-өзі дұрыс ұстауы.

3. Сөйлеу шеберлігі.

4. Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау)

5. Ортақ пікірге мүдделік.

6. Қарсыласын, аудиторияны сыйлау

7. Қарсыласына кезек беру

8. Регламентке бағыну

Б-4.Мақсаты: Ұту, қарсыласына қисынды да уәжді сөзбен қатысын тауып, еріксіз тізе бүктіру.

Б-5. Қазақ айтыскерлері:

    Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап- Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

Б-6.Зерттелуі: Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы.Алтынсарин, А.Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров. Айтыстың 3- томдығын алматы баспасынан дайындады.

   Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш.Уәлиханов одан кейін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.

 

90- жылдан бері қарай М.Жармұхамедов, Ж.К.Раев, Қыдырбаев, Ж.Дәулетбекова. Жүргізушісі- Ж.Ерманов.

 

Б-7. Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.

Б-8. Даму сипаты:

  Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз 15, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған. Қазақстан ұлттық арнасынан айтыс чемпионаты, Хабардан жекпе- жек жүріп жатыр.

ІІ. Түсіну

(Жаңа сабақты түсіне отырып  өткен сабақпен  байланыстыр, сызбаларды орындау)

1. Айтысқа талдау жаса

ІІІ.Пайдалану (Көзбен көре отырып, заңдылықтарды нақты жағдайда пайдалануға, дағдылануға, көзін жеткізу.)

 

257- жаттығу (оқулықтан) мәтіннен қатысты қадірлеудегі халықтық дәстүр туралы әңгімелеу. Айтыстың түрін табу. 6 балл

 

ІV Талдау.

Мәтінді талдай білу. Нұрым мен қашаған айтысына кесте толтыру. 8 балл

 

Тақырыбы Мақсаты Түрі

Дін Бата алу

Білім сынасу Ақындар айтысы

 

V Жинақтау  (өтілген жаңа сабақ бойынша ойыңды жинақта, әңгіме жаз)

Тапсырма: Сыныпаралық, мектепішілік айтыс өткізу мәселесі, оның жоспары жөнінде өз ойыңды жаз. Айтыс тақырыбы, айтыстың түрі, ақындарды жұптау жөнінде білдір. 10 балл

VІ Бағалау:  Жазба айтыс құрастыру.

Сұраққа жауап жазу. Ұйқас түрлерін еске түсіру.

Сұрақ:                                                                                   Сұрақ:

Бітіруші жас түлек                                                   Арманға барар бір- ақ жол,

Көп шығар арманың?                                                Шешуші кезең – ҰБТ. 

Қай мамандық иесі                                                    Білдің бе оған бірақ тым?

Болуды сен таңдадың?                                             Тақалып уақыт қалғанын.

 

Жауабы:                                                                             Жауабы:

Сұрақ қойдың тосыннан,                                           Дайындалып жүрмін күн- түні

Сәл іркіліп қалғаным.                                                 Білемін уақыт шектеулі.

Қамын ойлап қазақтың,                                            Не болса да амал жоқ.

Ақын болу – арманым.                                               Көремін құдай салғанын.   12 балл

 

«Маңғыстаудағы айтыс ақындары»  тақырыбына шығарма жазу.

 

Сабақ нәтижесінде оқушы өзіндік тәжірибесін (теледидардан көріп- білгенін, кітаптан оқығанын) білім мазмұнына ендіре алады, өзіндік ой пікір айта алады. Шығармашылық деңгейге көтеріле алады



Сабақтың тақырыбы: Айтыс туралы жалпы түсінік.



Сабақтың мақсаты: білімділік- айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық- оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.

Тәрбиелік- оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: өнеге сабақ



Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.



Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, плакаттар, парақшалар



Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Сабаққа қатысымын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шешендік сөз дегеніміз не?

  2. Шешендік арнау, шешендік толғау дегенді қалай түсінесің?

  3. Сол кезеңдегі би- шешендерден кімдерді білесің?



ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

  1. Ой шақыру.

    1. Ақындары айтысының өзіне тән ерекшеліктері

    2. Айтыстың адам тәрбиелеудегі ролі

    3. Айтыстың көркемдік ерекшелігі



  1. «Венн» диограммасы . Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар



Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс







Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,

Халық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері

жариялылық басым, мерейтой иесіне

әлеуметтік мәселелер, арналады, бір- бірін

елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым









  1. Парақшамен жұмыс

    1. Айтыс жырларының көне түрі- бәдік айтысы туралы не білесің?

    2. Салт айтысы неше түрге бөлінеді, қалай аталады?

    3. Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді білесің?

    4. Бұрынғы айтыс ақындары кімдер?



  1. Инсерт.



Білетінім

Үйренгенім

Нені білгім келеді

Айтыс- қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі, айтыс- сөз барымтасы, ұлттық өнер екенін

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар: бәдік, жар- жар, жануарлар мен адамдар айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы, осы күнгі айтыстар

Болашақта бұрынғы және қазіргі айтыс түрлерінің ерекшеліктерін, олардың айтыс шеберліктері мен тарихы туралы білгім келеді





5.Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)



Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі









Ұлттық өнер Айтыс Екі ақынның өлеңмен

тартысы



Халық өмірінің көрінісі Өнер жарысы



Сөз сайысы





6. Сәккууэй. Бес жолдан тұратын қорытынды

    1. Зат есім. Айтыс

    2. Сын есім. Киелі өнер

    3. Етістік. Айтысады

    4. Сезіну. Айтыс- сөз барымтасы

    5. Синоним. Ақындар айтысы- ұлттық өнер падишасы





ІҮ. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау



Ү. Үйге тапсырма

1. «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында шығарма жазу

2. Тақырыптың мазмұнын баяндау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Кноспект урока по казахской литературе

Автор: Абаков Айтбек Темиржанович

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 381946


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства