kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классикалық бидің маңызы. Станокта жумыстану. Классикалық экзерсис және классикалық қимылдарды станокта көрсету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок проведен по хореографии в 4 классе. На уроке дается понятие о классическом танце, о правилах работы на станке.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классикалық бидің маңызы. Станокта жумыстану. Классикалық экзерсис және классикалық қимылдарды станокта көрсету»


Cабақтың тақырыбы Классикалық бидің маңызы. Станокта жумыстану. Классикалық экзерсис және классикалық қимылдарды станокта көрсету

Сабақтың мақсаты꞉ оқушылардың ынталы күш-жігерін және зейінділігін ұалыптасытру, олардың еңбекқорлығын арттырып, еріктерін, мінездерін шыңдау, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға ықпал ету, би билеу сауаттылығын меңгеру үшін классикалық бидің әліппесін үйрету.

Сабақ барысы

  1. Классикалыка би туралы

Классикалық би

7-8 жастағы балалар оқу жылының екінші жартысынан бастап классикалық бидің әліппесін оқып үйренеді. Екінші оқу жылының соңында олар станок жанында элементарлық (қарапайым) классикалық экзерсисті (жаттығуларды) меңгереді.

Ең бастысы, балалар классикалық би мектебін меңгерген кезде, олар өзіндік сезім қасиеттерін жоғалтпаулары тиіс. Бұл үшін жаттығуларды балалардың би тәжірибесімен байланыстыру қажет (қолдардың қозғалыстары, шағын секірулер, бейнелі қимылдар). Классикалық би мектебі айналымдылық элемент міндетті шарт болып саналатын аяқтардың позициялары мен қалыптарын оқып-үйренуден басталады. Айналымдылық дененің бүйірлік теңесулердің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, қозғалысқа кеңдік және ауытқу шегін береді, аяқтардың әсем сызықтарын көрсетеді.

Дейтұрғанмен, бұндай маңызды дағдыға қол жеткізу әсте жеңіл емес. Балалардың әсем және сауатты билеп шығулары үшін жетекшіге біраз тер төгуге тура келеді. Көп нәрсе аяқтар мен дене тұрқын қалай қоюға байланысты болады. Аяқтардың едендегі жағдайларымен ауада қалай ұстау керектігіне қол жеткізу үшін жамбастың, тізелердің және табандардың бұлшық еттеріне біраз күш түсіру қажет. Табандар бұруға тез ыңғайланады, сондықтан айналымдылықты саннан бастап тізе буындарына дейін күшейте отырып табандарды біршама еркін ұстау керек. Табанды айналымды жағдайда ұстау үшін аяқты жамбас-сан буынында белсенді түрде бұру арқылы қол жеткізуге болады. Кейбір тәжірибесіз жетекшілер өздері күткен нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтың басында оқушылардан бірінші позицияның айналымдылығын талап етеді.Көптеген балаларда буындарының жұмсақ және серпімділігінің арқасында табандары айналымдылыққа тез бейімделеді. Бірақ аяқтың, санның, тізенің толық айналымдылығы туралы айтуға болмайды, сондықтан да осы тұрғыдан алғанда үнемі қателік пайда болады- аяқтар қалақ тәрізді жағдайда болады (тізелер мен сандардың айналымсыз кезіндегі табандардың айналымдылығы).

Классикалық биде би келбетінің қалыптасуына үнемі мән беріледі, әсіресе ол төменгі сыныптардағы оқушылар үшін, өйткені осы жаста қозғалыс тәжірибесінің негіздері қаланады.

Арқаның бүгілуін жою үшін образдық-ойындық әдісті қолдануға болады. Мысалы, жетекші балаларға мынаны ұсынады: «өте тар қуыстан бүйіріңмен өтуге тырыс» немесе «сенің денеңнің алдынан да артынан да екі тақтайдың арасында тұрғандай сезінуге тырыс» ж.б.

Классиканың негізі – бұл қозғалыстың тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің жалпы қағидаларынан құрылған адамның табиғи қозғалысы.



  1. Музыкалық қозғалыстың әліппесі

Сабақ балаларды бойлары бойынша бір қатарға тұрғызудан басталады. Балаларға денелерін қалай ұстау керектігін көрсету. Бірден-ақ алғашқы марш қозғалысымен музыкалылықты талап етеді.

Музыкалылықты дамыту үшін қозғалыстың метрлік-ырғақтық суретінен музыка сипатын көрсететін қарқынды қозғалысқа көшеді. Әмбебап қозғалыс – би қадамы мен оның үйлесімділігі. Оқушыларды музыкалық мөлшерлер: 2/4; 4/4; 3/4 көрсеткіштерімен таныстыру қажет.

Төрттен бір, сегізден бір, жарты және тұтастан тұратын ырғақтық (ритмикалық) суреттерді алақан соғу мен қадамдарды жасай білу. Балаларды музыкалық жанрдың сипатын (марш, вальс, полонез, полька) және оның қозғалыстағы көрінісін түсінуге тәрбиелеу. Сонымен бірге музыка ырғағымен бірге қадам жасауға үйретумен қатар балаларға, қозғалысты мәнді де сәнді етіп шығаратын дене сұлулығы туралы да ұғым беру қажет. Содан кейін неғұрлым күрделі суреттерді енгізу керек: екі-екіден, төрт-төрттен сап түзеп, бағытты өзгерте отырып, шеңбермен жүру, көлбеу бойынша, «жыланша» (змейка), «ұлуша» (улитка) жүру.

Балалар марш ырғағымен би қадамы жүрісінің дағдыларын жоғалтпай еркін түрде қайтадан сап түзейді, үш үлесті (полонез) мөлшерде, ұлттық би сипатында жүріп қимыл жасауға үйренген кезде, би образдарының этюдтық жұмысына көшуге болады.

  1. Аяқтардың позициясы

Классикалық биде аяқтың бес позициясы болады. Бастапқы позицияны аяқтың бұратылғыш қалпын сақтамай залдың ортасында үйренеді.

Позицияларды үйренудің жүйесі: I, II, III, V, төртінші ең қиын позициямен оқушылар соңғы кезекте танысады.

I позиция. Аяқтардың табандары екі өкшесі бір-бірімен тақалып, еденде тіке сызық жасап, сыртқа қарай жайылған.

II позиция. Аяқтардың табандары тіке сызықты сақтап тұрады, бірақ өкшелер бір-бірінен табан қашықтығындай аралықта болады.

III позиция. Аяқтардың табандары бірінің алдында бірі айналып тұрады, яғни бір аяқтың өкшесі екінші аяқтың табанының ортасына тығыз тақалып тұрады.

V позиция. Табандар өздерінің айналған жағдайларын сақтай тұрып, бірін-бірі тығыз жауып, бір аяқтың тұмсығы екінші аяқтың өкшесіне тақалып тұрады.

IV позиция (соңғы кезекте үйретіледі). Табандар өздерінің айналған қалпын сақтай тұрып, табан ұғымдығы қашықтығындай жерде бір-біріне қарама-қарсы қатар тұрады және бір аяқтың ұшы екінші аяқтың өкшесіне қарама қарсы жағдайда болады.

  1. Қолдардың позициясы.

Қолдардың позициясымен таныспас бұрын оқушыларға жоғарыға, төменге, алға және жанға қарай қозғалыс және осы бағыттардың айқындылықтары (мәнер) туралы түсініктерді айтып өткен жөн. Қолдар мағынасы және сипаты бойынша әртүрлі актерлік қимылдарды көрсетуге қызмет етіп қана қоймайды, ол сонымен бірге бидің техникалық мәнерлеп көрсетуі жөніндегі басты көмекшісі. Классикалық бидегі қолдардың позициясын классикалық бидің әдістемесі бойынша үйренеді.

Саусақтарды классикалық биде дұрыс және әсем топтастыру білекке көркемдік нысан береді.Саусақтар нәзіктікпен сүйірлендіріліп, үшінші саусақ пен бас бармақ бір-біріне жақын ұсталады – бас бармақ үшінші саусаққа тиер-тимес жағдайда болады.

Хореографтар қолдың дұрыс жағдайда болуы үшін көптеген әдістемелік құпияларды пайдаланады. Мысалы, кеңістікті қамту үшін I позицияда балаларға алдарыңда үлкен бір допты ұстап тұрғандай болып сезінуді ұсынады. Сол сияқты қолды стол үстіне қойғанда шынашақ пен шынтақ бір деңгейде тұрады, содан кейін қолды ауада, яғни алдыңа ұстап тұрасың. Саусақтарды дұрыс топтастыру үшін, қолдарды күштене алға созып, содан кейін бос ұстап, оларды жаю керек, осыдан кейін қайтадан бірге қосу қажет. Бас бармақты кезекпенен қалған саусақтармен жақындатып, бас бармақпен үшінші саусақтың қосылысын неғұрлым әсем жағдайда бөлек көрсету керек.

Қолдардың кез-келген қозғалысын дайындықты (әзірленген) қалыптан бастайды. Осындай жағдайда қолдарды қозғалыссыз төмен жіберіп, саусақтар сәл ғана иіліп, алақандар бір-біріне қарама-қарсы жағдайда ұсталады және қолдар денеден аздаған қашықтықта болады.

Қолдар I позицияда дөңгелектелген (жұмырланған) бастапқы қалпын сақтай отырып, кеудеден сәл ғана төмен, диафрагма деңгейінде мықыннан жоғары көтеріледі. I позициядан III позицияға, содан кейін II позицияны үйренеді.

III позицияда қолдар сопақша түрін сақтай отырып, алақандарды ішке қарай (өзіне) бұрып, бастың үстінде сопақша бейне жасап, жоғары көтеріледі.

Негізгі позициялардан басқа шағын позициялар да бар.

I шағын позиция қолдардың әзірлік қалпы мен I позиция арасында болады.

I шағын позиция II позиция мен әзірлік қалып аралығында.

По марше – (би адымы, жүру) – оның спорттық адымнан айырмашылығы,оң аяқтан бастап үйрену қажет. Қыздар етектерін ұстап, шынтақтарды шеңбер қылып немесе қолдары әзірлік жағдайы мен II позицияның арасында бастапқы жағдайда болады. Аяқтардың башпайлары адым жасағанда созылып бұрылуы қажет. Арқасын тік ұстайды. Басы сәл ғана кейін шалқайған.

Demi-plie  жартылай тізерлеу (тізею), әзірлік тобы толық емес айналым қозғалысы жағдайында істеледі, ол тарихи-тұрмыстық бидің негізгі элементтері.

Жаттығу. Музыкалық мөлшер – 2/4. Demi-plie аяқтардың I және II позицияларында үйренеді. Қолдар әзірлік жағдайында.

1 такт  тізе ию (тізе бүгу);

2 такт  жағдай бекітіледі (тізелер екі жаққа қараған, аяқ табандары еденнен ажырамайды);

3 такт  аяқтар жайлап түзетіле бастайды;

4 такт  осы жағдай бекітіледі. Бұл ретте demi-plie орындаған кезде өкшенің ішкі бөлігіне және аяқтың бас башпайына күш түсіріп «тірек» жасамауды қадағалау қажет және мүмкіндігінше тізелер екі жаққа бағытталуы тиіс. Demi-plie әрбір позицияда 4 реттен жеке-жеке орындалады. Содан кейін әрбір қозғалысқа екі тактіден бекітілместен бірге істеледі.

Battements tendus – (толық емес айналым жағдайында) – бұл қозғалысты үйрену кезінде оқушылар айналымдылық, «жұмыс істейтін» және «тірек» аяқтары туралы түсінік алады.

Балаларға алдын-ала тұрқын (денесін) екі аяқтан бір аяққа-тірек аяғына ауыстыру техникасын көрсету қажет. Осы мақсатпен мынадай ойындық қозғалысына көшкен жөн. Балаларға еркін позицияға тұруды ұсынып, аяқтардың ұшымен су ішінде сияқты «бұлғап» шайқауды көрсету керек. Бұл ретте дене тұрқы еріксіз жұмыс істеп қозғалып тұрған аяқтан тірек қызметін атқарып тұрған аяққа ауысады. Осындай ойын қозғалысын орындағаннан кейін балаларға battement tendu қимылын орындау жеңіл болады.

Музыкалық өлшем – 2/4. Екпіні жәй. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, екі қол – әзірлік жағдайында.

Оң аяқты бірінші ширекке сырғымалы қозғалыспен аяқтың ұшын еденнен ажыратпай және аяқтың алқымы мен башпайларды созып, қажет бағытқа бейімдеу керек. Бұл кезде дене тұрқы салмағының орталығы тірек аяғына ауысады.

Екінші ширекке- бастапқы жағдайға қайта оралады.

Әрине жеті жастағы балаларға алғашқыда бұндай жаттығуларды орындау оңайға түспейді. Тіпті жетекші өзінің аяғының алқымы мен башпайларын созып, аяғын бұрып көрсетіп, түсіндіргеннің өзінде де бұл жаттығудың қиындық әкелері сөзсіз. Сондықтан да бұл міндетті дұрыстап түсіндіріп, ұғыну үшін көмекші әдіске жүгінген жөн. Әуелі балаларға жұдырықтарын жұмып, содан кейін босатуды ұсыну керек. Осы әдісті бірнеше рет қайталағаннан кейін оларға аяқтың алқымын созып, башпайларын еденге бағыттап, қолмен істеген жаттығу сияқты табанды босаңсытуды ұсынған жөн. Осының нәтижесінде балалар аяққа күш түскенін, бұлшық еттердің ширыққанын сезінеді, бұл хореографиядағы көптеген элементтерді орындап, меңгерген кезде болатын қажетті жағдай.

Demi-plie мен battements tendusдің үйренген элементтерін бекіту үшін менуэт стиліндегі қозғалысты орындауды ұсынамыз.

Музыкамен жетектеу- менуэт сипатында. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, қолдар-төмендетілген II позицияда жамбас бойында ұсталады.

Арт аяқта тұрған аяқ «бір» дегенде battement tendu көлбеу бағытымен орындайды (сол жаққа, алға). Сол қол жұмыс істеп тұрған сол жақ табанға қарай созылады.

«Екі» дегенде осы жағдай бекітіледі;

«Үш» дегенде бір мезетте demi-plieні орындап алға қарай III позицияда жабылады. Қол мен бас аздап төмен түсіріледі. Содан кейін осы қозғалысты арт жақтан III позицияда тұрған оң аяқ жасайды. Осы элементтерді кезектеп істеу ежелгі (көне) менуэт стилінде біріккен және үйлесімді қозғалыс жасап шығарады.

Балалардың осы элементтерді үйрену кезінде қуанышқа кенеліп, қанағат алатындықтары туралы сеніммен айтуға болады, өйткені олар осы элементтерден біртіндеп әдемі де шабыт берер бидің қалыптаса бастайтындығын көріп, сезінеді.

Pas degage - дайындық және байланысты қозғалыс.

Музыкалық өлшем бұрынғыдай. Бастапқы қалып – I позиция. Бұл қозғалыс балаларды тепе-теңдік сезіміне жаттықтырады, салмақ орталығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үйретеді.

Затакт –demi-plie. «Бір» дегенде оң аяқтың ұшын еденнен ажыратпай II позицияның бағытына бағыттайды және аздап бүкіл табан бойына төмендетіліп, дене тұрқының барлық салмағын өзіне аударады. Сол аяқ біртіндеп табанды еденнен ажыратып, battements tendus жағдайына көшеді, осыдан кейін бастапқы жағдайға оралады.

Pas degage сол сияқты оң және сол аяқтан алға және артқа орындалады. Алға және артқа қозғалысы кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшеге көтеріліп, IV позицияда қалады.

Қыздарға арналған тәжім ету (книксен)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып III позиция.

«Бір» дегенде II позиция жағына қарай оң аяқтан pas degage істейді. «Екі» дегенде сол аяқ сырғымалы қозғалыстан оң аяққа қарай тартылып, арт жағынан жарты башпайға қойылады және содан кейін тізе ию орындалады.

Тәжім ету (балалар үшін)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. бастапқы қалып - әдеттегі қалып. Екі қол еркін түрде дене бойында ұсталады.

«Бір» дегенде II позиция жағына оңға pas degage (қадам) істейді.

«Екі» дегенде сол аяқ оң аяққа қарай тартылады.

«Үш» дегенде – баспен жай иіліп тәжім етеді.

«Төрт» дегенде – бас өзінің алғашқы жағдайына қайта оралады. Осы қозғалыс сол аяқпен де орындалады. Балалардың арқаларын бүкірейтпей (имей) неғұрлым тіке тұрғандарын қадағалау қажет. Басты жеңіл ғана иген кезде мойынды бірге иіп, бүкіреймеу керек.

Pas glisse – сырғымалы қадам.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу гавот (орташа жылдамдықпен биленетін көне француз биі) сипатында. Бастапқы қалып – аяқтар I позицияда, қолдар төмендетілген II позицияда.

Затактіде – жарты башпайға көтерілу.

«Бір» дегенде - өкшені еденнен ажыратпай, сырғымалы қозғалыспен оң аяқты тіке бағытпен IV позицияға алға шығарып, жайымен бүкіл табанға түсіру.

«Және» дегенде сол аяқты жарты башпайға көтеріп, сырғымалы қозғалыспен I позицияға тартып алу, содан кейін қозғалысты «екі» деген сөзбен жалғастырып, сол аяқпен алға қарай pas glisse орындау.

Pas glisseні сол сияқты III позициядан да орындауға болады. Бұл ретте сырғымалы қадамның тым үлкен болмауын қадағалау қажет. Pas glisseніүйренгеннен кейін па галопты меңгеру жеңіл болады, өйткені бұл элемент бір аяқпен III позициядан орындалатын pas glisseнің өзі болып табылады.

Па польки

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

«Және» затактісінде demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

«Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

«Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді, сондықтан да оны оқу жылының екінші жартысында үйренеді.



Станок жанындағы жаттығулар

Demi-plie – иілу, жиналу, ал классикалық бидің жаттығуы ретінде-жартылай тізе ию.

Жаттығу. Музыкалық мөлшер-4/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұру, аяқтардың I позициясы, екі қол станоктың үстінде иықтардың кеңдігіндей аралықта жатады.

Аяқтар алғашқы екі ширекте, айналымдылықты күшейте отырып, балтыр-табан буынының шекті иініне жетіп, жайлап иіледі, тізелер аяқ басының айналымды жағына бағытталады.Табандар еденге жабысып тұрады, дене тұрқы тіке, жинақы.

Келесі екі ширекке «үш және төрт және» дегенде айналымдылықты және бұлшық ет күштерін сақтай отырып жағдайды бекітеді;

екінші ширекке «бір және екі және» дегенде екінші тактіде санның, табанның және тізенің бұрынғы бағытын сақтай отырып, аяқтар созылады.

Demi-plieні орындаған кезде оқушылар дене тұрқын алға қарай еңкейтеді, бұл дұрыс емес.

Қозғалыстың барлық сатыларында едендегі аяқ басының (табанның) жағдайын қадағалау қажет, бірінші башпайға салмақ салып, тіреуге жол бермеу керек. Дегенмен де аяқ басының дұрыс жағдайына қол жеткізу әсте оңай емес. Бұл үшін мына үлгіні пайдаланған жөн: таяқтан кері шегініп, қолдарын кеудеге қусырып, demi-plieде бірнеше рет аяқтан аяққа тұру, бұл ретте бүкіл табанмен еденге соққы жасау керек. Бірінші башпайға салмақты көп салғандар әдетте құлап түсіп, еденді қатты тебе алмайды. Балалар станок жанында жұмыс істеген кезде де бұдан әрі де (табанның) жағдайын түзей бастайды, дұрыс жағдайды сақтауға тырысады. Demi-plieні басында аяқтардың табиғи (қалыпты) қозғалысымен бір позициядан екінші позицияға (төрт реттен) ауыса отырып үйренеді, содан кейін battement tendu арқылы позициядан позицияға өтіп үйренеді.

Battement tendu– керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.

Battementtenduшеткеқарай

Жаттығу. Музыкалықөлшем-4/4. Бастапқықалып – станокқақарайтұрғансәттегіаяқтардың I позициясы.

«Біржәнеекіжәне» дегендежұмысістептұрғанаяқөкшеніалғақарапшығарып, едендетабанмен II позицияғасырғып, еденненбіртіндепөкшесінкөтеріп, аяқтыңұшыменсырғиотырып, шеткінүктегежетедіжәнеаяқтыңтолықсозылып, тартылуынақолжеткізеді (тірекаяғыныңжағдайысолкүйіндеқалады, денесалмағытірекаяғынатүседі, иықтарменсандардыңбірдейлігісақталады);

Екіншіекіширекке – «үшжәнетөртжәне» сөздеріндежағдайбекітіледі;

Екіншітактінің «біржәнеекіжәне» дегенсөздеріндежұмысістептұрғанаяқсырғығанқозғалыспен I позицияғақайтаоралады, сөйтіп, келесіекіширекбойындажағдайдыбекітіпотырады.

Даярлықтобындақозғалысты I позициядажайжылдамдықпенүйреніп, орындаудыұсынады. 4/4 мөлшеріндеәуеліекітакт, соданкейінқозғалысқабіртакторындалады. Battement tenduдімеңгергенненкейіноны 2/4 мөлшеріндеширектербойыншабірқалыптыорындапотырғанжөн.Қозғалыстыалғақарайөкшебастайды, артқақарайаяқтыңұшы. Battement tenduдіоқытудыңбарлықсатыларынданеғұрлымкүрделікомбинациялардыүйреніп, бекітеді.Осықозғалыстағыжаттыққандағдылардыбекітутекклассикалықбилердеғанаемес, халықтық-сахналықбиқозғалыстарындадакөріністабады. Battement tenduдіңкомбинацияларыәртүрлі.Әрбірпедагогоқубағдарламаларынбалалардыңжасерекшеліктерін, олардыңүлгерімдерінесепкеалаотырып, бұлқозғалыстарғанұсқаларенгізуімүмкін. Басында battement tendu біржаттығудағыбірқалыптасегізқозғалыспенүйретіледі. Соданкейінбағыттардыалғыжаққа, артқыжаққа «айқыштап» үйлестіріпжасайды; Оқужылыныңсоңындабалаларқозғалыстардыширектербойыншажиіжылдамдықпенорындайалады.

Battement tendu demi-plieмен

Жаттығу. Музыкалықөлшем-4/4, жылдамдық-орташа. Қозғалыссегізтактігеорындалады. Бастапқықалып - станокқақараптұрғансәттегіаяқтардың I позициясы.

1-нысаны (түрі) – бөлек. «Біржәнеекіжәне» дегенде battement tendu шеткеқарайорындалады;

«Үшжәнетөртжәне» дегендежағдайдыбекітеді.

2- тактінің «біржәнеекіжәне» дегенсөздеріненкейінаяқ I позицияғақарайоралады;

«Үшжәнетөртжәне» дегендежағдайдыбекітеді.

3- тактіде «біржәнеекіжәне» дегенде demi-plie орындалады; «үшжәнетөртжәне» дегендежағдайбекітіледі.

4- тактіде «біржәнеекіжәне» дегенде – аяқтартүзетіледі;

«Үшжәнетөртжәне» дегендеқалыпбекітіледі.

2-түрі- бірге. Battement tenduді demi-plieменорындағанкездебіргеорындағанқозғалысбірқалыптыорындалады.

Battement tendu passé par terre – жұмысістептұрғанаяқтыңеденменсырғымалықозғалысы (аяқты I позицияарқылыалға-артқаапарып, demi-plieні I позициядамеңгеруарқылықозғалысжасау).

Біріншітакт – жұмысістептұрғанаяқтыпозицияданалғанемесеартқашығару, екіншітакт – жұмысістептұрғанаяқсырғымалықозғалыспенбүкілтабанменедендебіріншіпозицияарқылыалғанемесеартқашығарылады.Бұлқозғалысмаңыздысатылыққозғалысболыптабылады. Battement tendu passé par terre арқылыкөптегенбиқозғалыстарыөтеді (паполонеза, падебаск, павальса, папольки, орыстыңауыспалықадамы).Болашақтағыкөптегенқозғалыстардыңтазалығы – осықозғалыстыдәлмеңгеругебайланысты.I позициядағыжұмысістептұрғанаяқтыңайналымдылықжағдайынаайрықшаназараударылуытиіс.

Demi rond de jambe par terre – жердеаяқпеншеңбержасау.Икемділікті, қозғалғыштықтыжәнежамбас-санбуындарыныңкүшіндамытады.Battement tenduдегітікебағыттардыүйренгенненкейіншеңберлі, доғатәріздіқозғалыстардыжасауғакөшугеболады.

Жаттығу. Музыкалықөлшем-4/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқықалып - станокқақараптұрғансәттегіаяқтың I позициясы.

«Біржәне» дегендежұмысістептұрғанаяқ battement tenduдіңқағидасыбойыншаалғақарайсозылады;

«Екіжәне» дегендеаяқтыңұшыеденменсырғып, жұмысістептұрғанаяқтыңөкшесітірекаяғыныңөкшесінеқарама-қарсытұратындайболып II позицияғадейіндоғажасайды;

«Үшжәне» дегендежұмысістептұрғанаяқ battement tendu жағдайыменжаттығуды I позициядааяқтайды;

«Төрт және» дегенде осы позиция бекітіледі.

Жаттығуды аяқты бір мезетте en dehorsмен (сыртқа қарай), әсіресе жамбас-сан буынында бұру арқылы дұрыс доға тәрізді қозғалыс дағдысы бекітілгенше сабақтан сабаққа дейін қайталау қажет. Қозғалысты жұмыс істеп тұрған аяқты II позиция жаққа шығарып және доға бойынша артқа әкеліп (өкше өкшеге қарсы) жалғастыра беруге болады. Содан кейін аяқ I позициядан артқа шығарылады және доға бойынша шетке бұрылады. Ronds de jambe орындаудың қиындығы сонда- сыртқы сурет (едендегі доға) бүкіл аяқтың жамбас-сан буынында ішкі бұрылысымен үйлесім тауып сыртқа бұрылуы- en dehors.



Allegro (секіру)

Секірулерді оқып үйренуге кіріспестен бұрын оқу процесіне позицияларды дәл орындауды талап етпейтін трамплиндік секірулерді енгізу ұсынылады.

Temps leve saute – екіаяқтапсекіру.

Жаттығу. Музыкалықөлшем-2/4. Бастапқықалып-аяқтардың I позициясы, станокқақараптұру.

«Біржәнеекі» дегендеаяқтарайналымдылықтыкүшейтеотырып, demi-plieдесирақ-табанбуыныныңбарыншаиілуінеқолжеткізеді, өкшелереденгенықорналасқан, денетұрқытіке;

«Және» дегендеаяқтареденненкүшпенсерпіліп, солсәттесекірукезіндетізелер, аяқауқымыжәнебашпайларсозылады;

«Үшжәне» дегендесекіру demi-plieдеаяқталады;

«Төртжәне» дегендетізелерайналымдылықтысақтайотырып, жайлапбастапқыжағдайдықабылдап, созылатүседі.Аяқтарауадаміндеттітүрде I позицияжағдайынбекітетінсозылғанкүйіндеболуларытиіс (оқушылардыңтабандарыайқастырмауларынжәнеөкшелерінажыратпауларынқадағалаукерек).

Балаларға секіру кезіндегі бірқатар сәттерді түсіндірген пайдалы: тізе ию, серпіліп секіру, позицияны ауада бекіту және тізе июдегі жерге түсу (башпайлардың ұшынан). Temps leve saute I және II, соданкейін V позициядан орындалады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Мукангалиева Айнур Хамитовна

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408079


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства