Просмотр содержимого документа
«Кітап - жеміс а?ашы»
Қазақ тілі 5-сынып. күні:
Сабақтың тақырыбы: Кітап – жеміс ағашы Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алған білімдерің, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік : Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, дидактиқалық тапсырмалар, тірек - сызбалар.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй жұмысын тексеру 3. Жаңа сабақ, мәтінмен жұмыс 4. Сұрақ-жауап 5. Тапсырмалар 6. Қорыту. 7.Үй жұмысын беру 8. Рефлексия. Бағалау
ІІ. Мотивация.
Егерде біз күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күә боламыз. (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте дети передадим друг другу нашу улыбку и начнем урок)
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Қазір қандай жыл мезгілі? Қазір көктем мезгілі. 2.Бүгін аптаның қай күні? Бүгін аптаның сейсенбі күні. 3.Бүгін қай ай, қай күн? Бүгін наурыздың он үші. 4.Бүгін ауа райы қандай? Ауа райы бүгін ашық, жылы.
Балалар, өткен сабақтың жалпы тақырыбы қандай болды? Еске түсірейк.
Үй тапсырмасымен тексеру: Мақал - мәтелдер жаттау. «Әдепті бала – арлы бала»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Негізгі кезең:
Бүгін, балалар, жұппен жұмыс істейміз.
Жұптың ережесі:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бір бірін тыңдау.
3. Ойды ашық айту.
4. Жауапты толық айту.
5. Сабаққа белсенді қатысу.
Балалар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы "Кітап – жеміс ағашы" деп аталады. Енді бір сәт тақтада жазылған өлең жолдарына назар аударайық. Кім дауыстап оқып береді?
Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,-
деп Мұзафар Әлімбаев атамыз кітапты қандай затқа теңейді? (Алмаға)
Алма қандай? (Алма тәтті)
Кітапты ақын неге алма ағашына теңеген? (Оқушылардың пікірін тыңдау)
Әрине дұрыс айтасыңдар, алма біздің жақсы өсуіміз үшін әртүрлі дәрумендерді (витамины) береді.
Ал, кітап бізге не береді? (Кітап бізге білім береді)
Білім бізге не үшін қажет?
Тамаша. Енді жұппен тапсырма орындауға көшеміз.
Мұғалім:
Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Ағаштан Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
1-тапсырма. «Кітап» мәтінін түсініп оқу, аудару. Бір-біріңе көмектесіп жұмыс істеңдер.
2-тапсырма. Тақтаға жеміс ағашының суретін және кітаптың суретін іліп қою. Сұрақ:
Жеміс ағашы жақсы өсіп, көп жеміс беруі үшін не істеу керек? (Күту, түбін қопсыту, суару, құрт түсірмеу, сындырмау, малдардан қорғау, жемісін жинап алу т.б.)
Кітап көп жыл қызмет ету үшін оны қалай ұстау керек? (бетін жыртпау, сурет салмау, мұқабасын таза ұстау, таза қолмен ашу, тамақ ішіп отырып, оқуға болмайды, ұқыпты ұстау т.б.)
3-тапсырма. Оқулықта берілген 4 сұраққа жазбаша жауап беру. Тақтаға орындату.
Халық кітапты өте жақсы құрметтейді.
Кітап адамға білімді, өнерді үйретеді.
Адамның досы кітап.
Кітапты жыртпай, күтіп, таза ұстау керек.
4-тапсырма. Балалар мен қазір шығармашылық тапсырма орындап көрейік. «Ауру кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Саша Науқас кітап рөлінде: Рома. Қазір бізге Саша мен Рома «Ауру кітап» тақырыбына диалог құрастырады. 5-тапсырма. Оқулықтың 166 бетіндегі 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден сын есімдерді тауып, күшейтпелі шырайға айналдырыңдар.
1.Қазақ тілі кітабының түсі көп-көк.
2.Менің мектебімнің сырты қып-қызыл түске боялған.
Біздің сыныпта жап-жасыл тақта бар.
Сабақты қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, дәрігер айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін қандай ереже шығаруға болады? Бәріміз ойланып ереже құрастырайық.(Оқушылардың айтқанын тыңдап, толықтырып төмендегідей ереже шығару), Есіңе сақта! 1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 3. Кітапты қалай болса солай оқыма. 4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды. 5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 6. Кітап бетіне сурет салма!
Бүгін балалар сабақта әр түрлі тапсырмалар орындадық. Сабақта әр түрлі жұмыс жасадық.
Үйге тапсырма:166 беттегі 4-тапсырма.
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады не ұнамады айтып, смалик арқылы көрсетіңдер.