kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қозғалтқыш қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында қозғауыш бөлшектері, механизімдері мен жүйелері орналасады. Көп цилиндірлі қозғауыш қаңқасының негізгі бөлшегі – блок.

Оны алюминий қоспасынан немесе сүр шойыннан құйып жасайды. Блоктың астыңғы жағы кеңейтіліп картерді құрайды. Ол арнаулы астаумен жабылып, майлау жүйесіне қажетті май қорын ұстап тұрады. Оның үстіне, сол картер бөлігінде иінді білік бекитін арнаулы орындар қаралған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы.»

_____ сабақ

Топ: 23 ЖО күні ____________

Сабақтың тақырыбы: Қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы, жұмыс істеу принципі. Газ таратқыш механизмнің түрлері, жұмыс реті. Газ таратқыштың фазасы мен диаграммалары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Оқушыларға қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы, жұмыс істеу принципі, газ таратқыш механизмнің түрлері, жұмыс реті,газ таратқыштың фазасы мен диаграммаларымен таныстырып,жұмыс істеу принциптерін оқытып білімдерін жан-жақты жүйелеу.

  2. Дамытушылық:Кәсіптік білімдерін тереңдетіп механизм және бөлшектерінің қызметін түсіндіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту.

  3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке,өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.


Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар,әңгімелесу.

Сабақ көрнекілігі:Компьютер,интерактивті тақта, мотор қаңқасы,бұлғақ ,піспек,сақиналар,иінді білік ,ішпек, саусақ ,видео ролик.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушыларды түгендеу

- сабақ мақсатымен таныстыру

-топқа бөлу

- білім алушылардың назар сабақа аудару

II.Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру.

Тақырыбы: Іштен жану қозғалтқыштарының түрлері және олардың қолданылуы. Олардың жалпы құрылысы. Қозғалтқыштардың негізгі бөлшектері мен жүйелері, олардың жұмысы «Құпия конверт»

1 конверт-Қозғалтқыш туралы түсінік


2 конверт-Қозғалтқыштың құрылыс мен жұмысы


3 конверт-

Төрт тактілі қозғалтқыштың жұмысы


4 конверт –

Іштен жану қозғалтқышының жүйелері


  1. Қозғалтқыш дегеніміз не

  2. Қозғалтқыштың құрылысы мен жұмысы қандай

  3. Төрт тактілі қозғалтқыштың жұмысы

  4. Айналшақты-бұлғақты механизмінің қызметі қандай?

  5. Газ тарату механизмінің қызметін айт?

  6. Қоректендіру жүйесінің қызметі және жататын бөлшектерді ата?

  7. Майлау жүйесі не үшін қажет ?

  8. Салқындату жүйесі қандай режимді сақтайды?

  9. Іске қосу жүйесі не үшін қажет және оған жататын приборларды ата?



ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы, жұмыс істеу принципі.

  2. Поршень тобы

  3. Бұлғақ және иінді білік

  4. Маховик және қозғалтқыш картері

  5. Газ таратқыш механизмнің түрлері, жұмыс реті.

Қозғалтқыш қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында қозғауыш бөлшектері, механизімдері мен жүйелері орналасады. Көп цилиндірлі қозғауыш қаңқасының негізгі бөлшегі – блок.

Оны алюминий қоспасынан немесе сүр шойыннан құйып жасайды. Блоктың астыңғы жағы кеңейтіліп картерді құрайды. Ол арнаулы астаумен жабылып, майлау жүйесіне қажетті май қорын ұстап тұрады. Оның үстіне, сол картер бөлігінде иінді білік бекитін арнаулы орындар қаралған.

Автомобильдерде қолданатын қозғауыштардың мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:

- иінді-шатунды механизмі;

- газ тарату механизмдері;

- қоректендіру механизмі;

- майлау жүйесі;

- салқындату жүйесі;

- оталдыру жүйесі.

Иінді-шатунды механизм. Иінді-шатунды механизм поршеньнің ілгері-кейінді түзу сызықты қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгерту қызметін атқарады.

Иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа жатқызуға болады.

Қозғалмайтын бөлшектерге блок цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.

Сонымен қозғауыштың иінді-шатунды механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады: цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.

Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.

Цилиндрлер тобы - поршеньнің әрі-бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін кажетті көлем жасап тұрады (сурет 3.1).




1 - алдыңғы қақпақ; 2 - аралық төсем; 3 - цилиндр басы, 4,5,9,10 - су, май жүретін каналдар;   6,8 - сору, шығару каналдары;   7 - жану камерасы;   11-клапандар;   12-гилъза;   13 - шпилькалар;14 - картер кесігі; 15 - блок; 16 - гильза ұясы.



3.1 – сурет – Цилиндрлер тобының бөлішектері

 



Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берік бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады.

Поршень тобына поршеннің өзі, сақиналары және саусағы  жатады (сурет 3.2). Поршень алюминий қоспасынан құйылып жасалады.


1 - беріктік кабырғалары;    2 - сақина ойықтары;    3 - саусақ тесігі,    4 -поршень түбі;    5 - поршень басы; 6 - поршень етегі; 7,8 - тығыздағыш сақиналар; 9,10,11,12 - май сыдырғыш сақиналар; 13-сақина орны.

 

3.2 –­ ­­сурет – Поршень тобының бөлшектері


Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді. Сөйтіп, поршеньнің түзу сызықты қозғалысын, иінді біліктің айналмалы қозғалысына ауыстыру кызметін атқарады. Шатун тобының бөлшектері негізгі шатуннан, жоғарғы және төменгі басындағы подшипниктерінен (ішпектерінен) құралады. Шатунның өзі ішінде ішпегі бар жоғарғы басынан, сол сияқты төменгі басынан  және өзегінен  құралады.

Жоғарғы басы, ішіндегі ішпегімен (көбінесе қоладан жасалады) поршень саусағына кіріп тұрады да, оны поршеньмен жалғастырады. Ол үнемі өзара қозғалып тұратындықтан, үйкелетін саусақ пен ішпек беттерін майлайтын тесік жасалады. Шатун өзегі екі қырлы етіп жасалады. Өйткені ол жұмыс кезінде өте күрделі заңдылықпен өзгеріп отыратын күштерге душар болады. Кейбір қозғауыштарда шатун өзегіне май жүретін тесік жасалып, сол арқылы поршень саусағын майлайды. Қозғалатын бөлшектер тобындағы ең күрделісіне иінді біліктің бөлшектер тобы жатады (сурет 3.3).


3.3 – сурет – Иінді білік

 

Бұлар иінді біліктен, оның ішпектерінен, ішпектерінен және басқа жүйелердегі механизмдерді іске қосатын шестрня

мен шкивтен құралады. Иінді біліктің негізгі қызметі шатуннан келген күшті иін түрінде жасалған шатун мойны арқылы қабылдап, тірек мойындары арқылы айналмалы қозғалыс жасайды

.


 

1 - тісті болт; 2,21 - тірек шайбалары; 3,13 - шатун мойындары; 4 - шатун подшипниктері; 5 - сақина; 6 - поршень саусағы; 7 - ішпек; 8 - шатун; 9 - болт; 10 - шатунның төменгі басы; 11 - шатун қақпағы;12,19,29 - тірек мойындары; 14,26 - тірек подшипниктері; 15 - поршень етегі; 16 - поршень түбі; 17,25,28 - күштеңестіруші; 18 - маховик; 20 - май кайтарғыш кесіктер;      22,27,30 - тірек қақпақтары;    23 - май каналы;       24 - май тесігі;   31-шестерня; 32-цапфа; 33-шкив.

 

3.3 – сурет – Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы

 

Иінді шатунды механизмнің бөлшектерін дұрыс пайдаланған жағдайда, олар ешбір ақаусыз күрделі жөндеуге дейін қалыпты жұмыс істей береді. Мұның негізгі кепілі уақтылы техникалық күтім жасау қажет. Техникалық күтім жүргізу кезінде ол механизмнің жұмысын мұқият тексереді. Керек болса поршеньдегі, цилиндрдегі пайда болған күйелерден тазартады. Барлық бөлшектердің бекітілуін тексереді. Әрбір жалғасқан және үйкелісетін саңылауларды өлшейді де, олардың мәнін қалыпты саңылаулармен салыстырады.

Бұл механизмді мынандай жағдайларда ғана двигательдің қуаты төмендегенде, үгінді газ шығарса, майлайтын майдың шығыны көбейсе, май қысымы өте азайып кетсе, жұмыс кезінде дүрсілдер пайда болса және т.б. жағдайда бөлшектейді. Қозғауыш қуатының төмендеуіне әсер ететін негізгі себеп: поршеньнің, оның сақиналарының және цилиндрдің тозуына байланысты қысымның азаюы. Оны қалпына келтіру үшін көрсетілген бөлшектерді жаңасымен алмастырады. Бұл бөлшектердің тозуы себепті жағар май шығыны да көбейеді. Себебі, солардың аралығындағы саңылаулардың үлкеюіне байланысты жағар май жану камерасына өтеді де жанып кетеді. Сөйтіп, қозғауыш түтін шығарады. Жағар май шығыны жұмсалған жанар майдың 3-4% мөлшерінен аспауға тиіс.

Иінді біліктің подшипниктері тозып кеткенде жанар май қысымы азайып кетеді және сол себепті басқа механизмдерге жағар май жетіспегендіктен олардың істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайда да подшипниктерді алмастыру керек. Ол үшін подшипниктердің жөндеу үшін қолданылатын түрін пайдаланады. Поршень мен цилиндр гильзасын ауыстырған кезде олардың мөлшерлері бір топта болуын қадағалау қажет және поршеньдердің салмақтары да бірдей болуға тиіс.

Газ тарату механизмінің жұмысы

 Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады.

Клапандар енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.

Газ тарату механизмінің екі түрі бар (сурет 4.1), жоғары және бүйірге орналасқан клапандар


а) тарату білігімен клапандары төмен орналасқан; б) клапандар жоғары ал тарату білігі төмен орналасқан, в) тарату білігімен клапандары жоғары орналасқан

 

4.1 – сурет – Газ тарату механизмінің түрлері


Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернкалар кіреді.

Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті айналдырады. Таратқыш білік рычактар арқылы қозғалысты шығару және кіргізу клапандарына жеткізіп  ашылып жабады.

Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үлгереді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд қана. Немесе осы аз уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қажет.

Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүк-теге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады (сурет 4.2).

Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.


 

4.2 – сурет – Газ тарату диаграммасы

 

Клапан стержені ажарланған. Стержень ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендікте үйкеленіп тұрады.

Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты сухариктер орналастыруға арналған қырнақ, болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе табақшасына берік ұстатылады. Сухариктер жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді. Кейбір қозғалтқышта жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің аралығында втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табақша түбіне тіреледі.

Күйенте болаттан жасалған екі иінді рычаг.  Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке втулка кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал екіншісінде — бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт бұрап кигізіледі.

Соның көмегімен клапан мен күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Күйенте осьте еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпакшасына бұрап кіргізілген тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина күйентені осьтік ығысудан сақтайды.

Штанга түрткіштегі күшті күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбыктан немесе іші қуыс болат стерженьнен жасалады. Штанганың ұшында ажарланған, қыздырып өңделген ұштық болады. Төменгі үштықтың формасы шар тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштың шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.

Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес келгенде май жіберіледі.

Таратқыш шестерня көпшілік қозғалтқыштарда ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады. Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті, отын насосының білігіне, май насосына және басқа да механизмдерді іске қосады. Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін олар қиғаш тісті етіп жасалған.

 Газ тарату механизмінің ақаулары

 Қозғалтқышты пайдаланған кезде газ тарату механизмі деталь-дарының үйкелетін беттері тозып олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.

Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының, штанга мен түрткіш ұштығының, таратқыш біліктің жұдырықшасы мен мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді.

Газ тарату механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді тексеріп, бекітілген түстарын қатайтып бүрау, клапандар мен күйентелердің механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру қажет.

Автомобиль қозғалтқыштарының клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау өзгерсе, қуатты кемітіп, отынның меншікті шығынын арттырады.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

2.Сәйкестендіру тесті

1.


бұлғақ

2.


Ішпек

3.



сақина


4.

блок

5.



Піспек

6.





Иінді білік


1.Топтастыру әдісі
2. Сәйкестендіру тесті
3. Венн диаграммасы

Қозғалтқыштың мехинизмдерімен жүйелері










Венн диаграммасы





ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Бақылау сұрақтары

  1. Поршендік топқа қойылатын жұмыс шарттары мен талаптарды суреттеңдер.

  2. Шатундық топқа қойылатын жұмыс шарттары мен талаптарды суреттеңдер.

  3. Шатунның ішпектер құрылысының ерекшеліктерін суреттеңдер.

  4. Газ тарататын механизм не үшін қолданылады?

  5. Клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау не үшін қажет?

  6. Иінді білік шестернясының диаметрі тарату білігі шестернясының диаметрінен екі есе кіші болатындығы неліктен?

  7. Клапандар қандай материалдан жасалған және олардың айырмашылығы неде?

  8. Таратқыш шестерняларды таңбасы бойынша орнатудың мақсаты неде?

  9. Газ тарататын механизм жұмыс істегенде қандай операцияларды атқарады?

  10. Клапандарды қалайша ретке келтіреді?

  11. Мотор істеп түрған кезде газ тарату фазасын қалай және неге өзгертеді


ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қисықтиекті-әздекті механизмнің жалпы құрылысы, қолданылуы.

Автор: Манабаева Асель Кажахатовна

Дата: 07.12.2018

Номер свидетельства: 489352


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства