kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Киімні? негізгі ?асиеттері. ?ыстырма с?здер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері туралы білімдерін ке?ейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Киімні? негізгі ?асиеттері. ?ыстырма с?здер.»

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы.

Батурин ЖОББМ

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Габдушева Ақзия Тулегеновна




Сынып: 11 «Б»

Сабақтың тақырыбы:Киімнің негізгі қасиеттері. Қыстырма сөздер. Сабақтың мақсаты: - қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын қалыптастыру.
- тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға
үйрету, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
- ұлттық киімнің қадір-қасиетін түсінуге, бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Қазақтың ұлттық нақыштарының мәні мен мазмұнын түсінеді;

  • Сабақ мазмұнында кластер дайындайды.

  • Тақырып мазмұнында ойлаудың қырларын түсінеді.

  • Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі дамытады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері: «Ойлан жұптас талқыла», критериалды бағалау, « Кір жаятын жіп», «Қысқа-тест.» «ойлаудың алты қалпағы», « Бағдаршам» «комплимент айту», «кластерлер», шығармашылық жұмыс дайындау, сергіту, «өзін- өзі бағалау» Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Арғынбаевтың «Қазақ қолөнері», А.Ғалымбаева «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомы, «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті», ұлттық киім Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың пән аралық байланысы:   қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері,тарих .

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1 Психологиялық ахуал тудыру. /комплимент айту Мен оқығым келеді! Мен еңбектенгім келеді! Мен оқып, еңбектенгім келеді! Мен еңбектеніп, оқығым келеді!

2. Топқа бөлу. /ұлттық киім суреттері арқылы/ ІІ Қызығушылықты ояту. «Жұмбақтар сыр шертеді» Сабақтың тақырыбын анықтайды. Сиқырлы қорапшадан алып оқушылар жұмбақ жасырады 1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

  • Бір сөзбен айтқанда бұл жұмбақтар не туралы?

  • Біздің сабағымыздың тақырыбы «Киімнің негізгі қасиеттері және қыстырма сөздер»

ІІІ Сабақтың негізгі бөлімі. Мағынаны тану «Ойлан, жұптас, талқыла»

1) 1 топ. Адамның сырт киімдері туралы оқып , постер қорғайды.
2 топ Адамның бас киімдері туралы оқып, постер қорғайды.
Практикалық жұмыс Оқушыларға мәтін ,маркер ,қағаз . Сол бойынша жұмыс жасайды. Берілген ресурс бойынша сәндік сурет пен кластер құрастыру тапсырмасын беру. Жұмыстарға бағыт беру. Жұмыстарының бағалау критерийлері:

1.Қағаз бетіне үйлестіру

2. Тақырыптың ашылуы

3. Эстетикалық сапа

4.Уақыт.

5 Жұмыстар формативті бағаланады.


2) Тақтамен жұмыс « Кір жаятын жіп» - шашыранды сөздерден сөйлем құрастырып жазу. (киім туралы мақал-мәтелдер)

1. Сыпайы киімді киіп тоздырады, А) танымаған жерде тон сыйлы.
2. Кең киім тозбайды, В) тарылтуың оңай.
3. Таныған жерде бой сыйлы, С) кеңесші ел азбайды.
4. Киім пішсең, кең піш, Д) жолдасының тоңғанын білмес.
5. Қасқыр ішігі бар кісі Е) сараң киімді жиып тоздырады.





3 ) «Қысқа-тест.»

І топ Тест «Қазақ халқының ұлттық бас киімі»
1. Қазақтың тымақ түрлері:
а) түлкі тымақ

б) Ішік

в)тақия
2.Мода сөзінің аудармасы -
а) Киіну

б) Сән

в) Үлгі
3. Этникалық стильге жататын киім -
а) демалыс

б) іскерлік

в) ұлттық
4. Аксессуарларға не жатады?
а) Шарф, қолшатыр, белдік

б) Әшекей буйымдар

в) Барлығы жатады
5. Қыз ұзатқаңда киетін бас киім:
а) тақия

б) орамал

в) сәукеле
6. Ұлттық киімге қайсысын жатқызуға болады?

а) сәукеле 
б) костюм 
в) халат-көйлек
7. Ою-өрнек латынша қандай мағына береді?
а) Біріктіру, жапсыру б) Әсемдеу, сәндеу

в) Мүйізоюлар
8. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
а) Ойбай, Жақа ол Жоламанның дүмпуі ғой.
б) Шынында да, хәліміз онша мәз емес

в) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
9. Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
а) нүкте
б) қос нүкте
в) үтір
10. Қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне байланысты ырымдар:

а) Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым.

б) Киімнің жағасын баспайды.

в) Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды.

ІІ топ Тест «Қазақ халқының ұлттық киімі»
1 Оқшау сөзді көрсетіңіз.
а) Үстеу
б) Шырай
в) Қыстырма
2 Жазғы киімдер қандай матадан тігілуі тиіс?

а)  жеңіл матадан
б) қалың матадан 
в) былғарыдан 
3 Ұлттық киімге қайсысын жатқызуға болады?

а) жемпір
б)  шапан
в) күрте
4Қысқы киімдер қандай болуға тиіс?

а) жеңіл
б)жылы
в) қысқа

5 Қазақ халқының сыртқы киімі....
а) Ішік.

б) кемешек

в) қалпақ

6 Қыстырма сөзді табыңыз.
а) Өзің бір қызық жан екенсің.
б) Алдымнан жақсы кездестің - ау, шырағым.
в) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.
7Киімге байланысты мақал –мәтел:

а) Киім кірі жуса кетеді,

Көңіл кірі айтса кетеді

б)Кітап – білім кілті.

в) Ең әдемі киім- ұлтыңның киімі

8 Қазақы киім - ........ .
а) бұлақтың көзі
б) көненің көзі
в) адамның көзі
9 Шапан көбінесе не тартылып тысталған?
а) мата
б) жүн
в) көйлек

10 Еркек киімдерінің ең қымбаттысы —

а) аң терісінен істелген ішіктер

б) жібектен тігілген шапан

в) костюм



IV Ой толғаныс

«Қазіргі кезде қазақтың ұлттық киімінің орны қандай?» тақырыбында Эдуард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша жұмыс.Жауаптарында қыстырма сөздерді қолдану.

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды

  • Ең әдемі киім ұлтыңның киімі деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің  түрі де, үлгісі де еш халықтан   кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық музейлері мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый –сияпат, дипломатиялық қатынастарға ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Сондықтан, өзіміздің ұлтық кімдерімізді қадірлеп, қастерлеп жүрейік.

V Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан алған білімдерін, « Бағдаршам» әдісі бойынша пікірін білу. Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
    • Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
    • Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?

VI Үйге тапсырма: «Оқшау сөздері» ережені қайталау, мәтінді оқып, мазмұнын айту. Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.

VII Қорытындылау. Бірін-бірі формативті бағалайды.

Біздің сабағымыз аяқталуға жақын. Алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы мемлекеттік емтиханнан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік! Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау - саламат, болайық!








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Киімні? негізгі ?асиеттері. ?ыстырма с?здер.

Автор: Габдушева А?зия Тулегеновна

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329588


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства