kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кер??ла атты Кендебай

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Кер??ла атты Кендебай»

Ма?саты: 1. Ертегі мазм?нымен танысу, ертегіні? ?ай т?ріне жататынын ??гімелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кер??ла атты Кендебай»

Мерзімі:

Тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай»

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнымен танысу, ертегінің қай түріне жататынын әңгімелеу.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (Ертегі алдын ала оқуға берілгендіктен мазмұнын айтқызу)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Қайталау

1. Ертеде кім деген хан болыпты?

Ол қандай еді? Оның неше уәзірі болыпты? Уәзірлеріне қандай тапсырма берді? Тапсырманы орындауға қанша уақыт берді? Уәзірлер нелер алды?

Жаман оларға нелерді алдырды? Хан Жаманға қандай тағам бергізді? Жаманның жасы нешеде еді? Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты? Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді? Тастың ішінде неше құрт бар? Ханның шешесі неше жаста? Ханның аты кім? Ол неше әйел өлтіріп еді? Байлығы мен елдігі ханға парапар кім еді? Уәлидің қызы кім? Қыздың жасы нешеде? Қыз Жаманға нелер берді? Олардың құралына қаз нелер бергізді? Хан Жаманды қайда жұмсады? Жаман жолға қандай ат мінді? Қырық уәзір Жаманды неше күншілік жолға шығарып салды? Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Ертегіні неше бөлімге бөлуге болады? Оларға тақырып қой.

2. Ертегінің қиял-ғажайып ертегіге жататынын дәлелде. Осы ертегіні «Ер Төстік» ертегісімен салыстырып көр.

2. Кендебайды ерекше болып өсуі.

«Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген өрен жүйрік болыпты».

«Әуелі алдында бір үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, қозғалып, оған қарай жақындап келеді. Бұл - жеті басты дәу екен».

«Бір кезде алыстан арыстанның ақырған даусы естіледі. Ілгері екі-үш аттағанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнеледі. Бір уақытта К. Арыстанның апандай аузын көреді».

«Ер Төстік» ертегісі мен «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің ұқсастығы

1. Бас кейіпкерлердің ерекше болып өсуі

2. Екі кейіпкердің ерекше күш иесі болуы

3. Тұлпарларына тіл бітуі.

Ертегі идеясы: Ізгі мұраттарды арқалағандар жеңіске жетеді.

ІV Бекіту

Сен Кендебайдың орнында болсаң, қойшы балаға көмектесер ме едің?

V Рефлексия.

Ертегі ұнады ма? Несімен ұнады?

VІ Үй тапсырмасы

Мазмұндау.

VІІ Бағалау

















































Мерзімі:

Тақырыбы: Кендебай бейнесі

Мақсаты: 1. Кендебай бейнесін талдау.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көркем шығарманы талдау, рөлдік ойын

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Қайталау

«Керқұла атты Кендебай» ертегінің қай түріне жатады?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Кендебай портретін тапқызу.

«Торсық шеке, аппақ ұл туыпты».

2. Ерекшелігі: «Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болпты».

3. Кендебай бейнесін талдау.

Мінезі

Дәлел

күшті

«Шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз өзі тартып шығара беріпті»

жүректі, мықты

«Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстай алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті»

мерген

«Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты»

қайырымды

«Ол мейлінше қайырымды болыпты: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті. Табысына бүкіл ел ортақ болыпты»

шыдамды

«Таң атқанша биенің құлындағанын күтіп отыруы»

ақылды

«Жеті басты дәудің көздерін ойып, арыстанның азу тісін қағып алып қоржынға салып, оның пайдаға асуы»



Кендебай мен қозы баққан баланың кездесу сәтін сахнаға бейімдеп, рөлдерді өздерің ойнап көріңдер.

Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:

  • Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? – деп сұрапты.

  • Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! – деп бақырып қоя беріпті бала.

  • Не болды? Жөндеп айтшы? – деп сұрапты Кендебай.

Бала көзінің жасын көл қылып, ауыр бір күрсініп алып, былай деп жауап беріпті:

  • Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шықтым. Биыл төртінші жыл елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тұяқ қалдырмай айдап әкетті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқан әкемді жау әскері байлап әкетті. Әкемді арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау алдына өңгеріп жөнеп берді. Мен жетім қалдым. Ішерге асым, киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жүрмін. Арыдым, тоздым, ернім жалақ, басым таз болды. Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жылаймын, бай жылқысына жылайды.

  • Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін, - деп Кендебай жүріп кетеді.

ІV Бекіту.

Ертегіден алған әсеріңді әңгімеле.

ІҮ Рефлексия

Мен маған несімен ұнады...

Ү Үй тапсырмасы

«Қырық өтірік ертегісін» оқы келу.

ҮІ Бағалау








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кер??ла атты Кендебай

Автор: Зилькенов Саниял Оразбаевич

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329079


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства