kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Келер ша?ты? т?рлері, ма?сатты келер ша?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шебер-сынып жоспары:

Та?ырыбы:М??алім мен о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты? (коучинг )

Шебер-сынып ма?саты:М??алім мен о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты?ты ны?айту жолдарын аны?тайды

К?тілетін н?тиже:      

  • М??алім мен о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты?ты ны?айту,?зара сыйласты??а,  ынтыма?тасты??а ?алай орнату?а болатынын аны?тайды.
  • Сыни т?р?ыдан ойлап, ?зіндік ой-пікірін топта тал?ылайды, орта?а салады.
  • Кері байланыс ар?ылы ?з пікірлерін ?згерте алады.

Тиімді н?тиже:?р м??алім ол ?ріптестер арасында?ы ?арым-?атынаста болсын, немесе о?ушылармен саба? ?стінде болсын,?зіні? ?рбір ?рекетінен со? кері байланыс алып, о?ан ?лкен к??іл б?ліп отыру керек болар. Сол кезде ?ана о?уды ба?алауда?ы шынайы к?рініс ?з ма?сатына жетеді деп ойлаймын.  

Ресурстар:Интерта?та, флипчарт, маркерлер,, бейнек?рініс,теледидардан «Мадениет ж?не білім»деген каналдан к?шіріп алын?ан тренингтен ?зінді,Слайд PowerPoint

Njw TED NALKSeveryday at www.TED. com

К?зделген аудитория:I(ілгері)ж?не  II(негізгі)   ,III, (базалы?) де?гей ты?даушылары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Келер ша?ты? т?рлері, ма?сатты келер ша?»

Аты жөні:

Ескалиева

Бактилы

Кзылгуловна

Жұмыс орны:Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №11 мамандандырылған физика- математика мектебі.


Шебер-сынып жоспары:

Тақырыбы:Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық (коучинг )

Шебер-сынып мақсаты:Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын анықтайды

Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту ,өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа қалай орнатуға болатынын анықтайды.

  • Сыни тұрғыдан ойлап, өзіндік ой-пікірін топта талқылайды, ортаға салады.

  • Кері байланыс арқылы өз пікірлерін өзгерте алады.

Тиімді нәтиже:Әр мұғалім ол әріптестер арасындағы қарым-қатынаста болсын, немесе оқушылармен сабақ үстінде болсын ,өзінің әрбір әрекетінен соң кері байланыс алып, оған үлкен көңіл бөліп отыру керек болар. Сол кезде ғана оқуды бағалаудағы шынайы көрініс өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Ресурстар:Интертақта, флипчарт, маркерлер, , бейнекөрініс,теледидардан «Мадениет және білім»деген каналдан көшіріп алынған тренингтен үзінді,Слайд PowerPoint

Njw TED NALKSeveryday at www.TED. com

Көзделген аудитория:I(ілгері)және II(негізгі) ,III, (базалық) деңгей тыңдаушылары .

Шебер-сынып мазмұны:

уақыты

Тренердің әрекеті

Қатысушылар әрекеті

1100-1102

Мақсаты : Жылы жүзбен қарсы алу

Психологиялық дайындық: «Сәлемдесу» бір-бірімен амандасу, қарсы алу,тренер өзін таныстыру

«Сәлемдесу» Бір-бірімен амандасу, жылы сөз айту

1103-1105


Мақсаты:Адам (көк ,қызыл,сары,жасыл)түсті макетін таңдап алуы бойынша төрт топқа бөлу арқылы мұғалім типологиясы әр түрлі болатындықтан бөлінді


Суретегі адам (көк ,қызыл,сары,жасыл)түсті макетін таңдап алуы бойынша төрт топқа бөлу

Қатысушы 32 адам осы түстерді таңдау арқылы топқа бөлінді

1106-11 10


Облыстық ғылыми –практикалық семинардың өту мақсаты ондағы алынған өзекті тақырып болғандықтан толық түсіндіріліп өтті.Коучинг тақырыбы және мақсаты түсіндірілді.

Тренер қысқаша дайындалған таныстырылым бойынша (Слайд PowerPoint) айтып өтті.

Облыстық ғылыми –практикалық семинар тақырыбы: “Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі”және коучинг тақырыбы : «Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық»

Коучинг мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын анықтайды .

Қатысушылар тыңдайды

11 11-1117


Коучингті мұғалімдер типологиясымен бастауымның себебі жалпы мағұлмат алуды жөн көрдім.

Интернет желіден алынған мұғалімдер типологиясы ішінен Мұғалім -басшы ,Мұғалім –компьютер, Мұғалім –қиналушы, Мұғалім –таныс дос

дайындалған слайд бойынша қысқаша таныстырып өтеді

Қатысушылар 1-4 топ тыңдайды


Мұғалім типтері туралы мағұлмат алады

11 18-11 23


Бұл типтер туралы мағұлмат алудан соң , кері байланысты ауызша алуды жөн көрдім. Себебі ауызша ойын еркін жеткізуге болатын болғандықтан және уақытты үнемдегім келді.

Әр топта осы типтер туралы айтылғандар арасында қай тип арасында ынтымақ тығыз болатыны талдау және ауызша кері байланысты әр топ беру тапсырмасы беріледі.Қаншалықты шынайы айтылған сіздер қалай ойлайсыз?Қай мұғалім типін қолдар едіңіз? Деген сұрақтарға жауап беріледі.



Әр топтан ортақ шешім шығарып бір қатысушы айтып өтеді

Бір-бірімен пікір алмасу арқылы, бір-бірінің пікірімен бөліседі

11 24-1126


Қатысушылар пікірінен соң қортындылап кету мақсатым салыстырмалы сын тұрғысынан ойлауды қамтамасыз еткім келді.

Қатысушылардың кері байланысы өтеді (слайд қорытынды қарастырылған)

Қатысушылар тыңдайды

топтар тыңдай отырып, түйін жасайды..

1127-1132


Бұл тапсырманы постер арқылы қорғау себебі топтың бір шешімі қортындылансын деп ойладым.

Қатысушыларға топта «Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын анықтау» деген тақырыпта постер қорғау тапсырмасы беріледі

Әр топ мүшелері топта пікірлерін бірігіп постерге түсіріп қорғайды

11 33-1135


Мұғалімдер мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындықтан коучинг ортасында сергіту сәтін көрсетілген әдісте алуды жөн көрдім.

Сергіту сәті:Біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық.Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «Е», «И» , «У» т,б дауысты айту арқылы сергіту сәті орындалады


Қатысушылар орындарынан отырып слайдта көрсетілген бойынша орындайды.

1136-11 44

Бұл коучинг тақырыбым не себепті былай таңдап алғанымды білдіру мақсатында осы тренингтен үзіндіні көрсеткім келді. Күнделікті өмірде болып жататын көріністерді баяндайтын болғандықтан өзекті деп те ойладым.

Менің осы коучинг тақырыбын осылай таңдап алуыма не себеп болды? Оған себеп теледидардан «Мәдениет және білім»деген каналдан көшіріп алынған тренингтен үзінді қатты әсер етті.

Njw TED NALKSeveryday at www.TED. com

Интертақта арқылы топ мүшелері тренингтен үзінді көреді.(шетелдік әріптесіміздің пікірін тыңдайды)

Бұл теледидардан «Мәдениет және білім»деген каналдан көшіріп алынған треннингтен үзіндіні барлық қаттысушылар тыңдады.

1145-1146

Бұл көргендерінен соң қайта ауызша кері байланыс алынды. Ойын еркін жеткізуге болады.

Осы көргендеріңіз арқылы сіздердің пікірлеріңіз яғни оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қалай болу керек? Оны қалай қалыптастыруға болады?

Тыңдайды. Ой жүгіртеді,миға шабуыл жасалады. Әр топ мүшелері топта пікірлерін бірігіп талдап ,осы тыңдап көргені туралы кері байланысты ауызша алу арқылы біреуі айтып өтеді

1147-1149

Әр әрекеттен соң қорытындылау маңызды белгілі бір түйінді шешім қабылдауға ықпалы бар деп ойлаймын

Қатысушылардың кері байланысының соңынан тренер қорытындылап өтеді (слайд қорытынды қарастырылған)

Қатысушылар тыңдайды

топтар тыңдай отырып, түйін жасайды..

1150-1152


Коучингті өткізудің белгілі бір қағидасы жоқ болғандықтан кері байланыс арқылы пікірлерін білгім келді.Себебі олардың кері байланысынан келесі коучинг барысында өзгерту керек деп ойладым.

Тренер әр топтан «Құрметті әріптестер!

Жалпы коучинг бойынша қорытынды кері байланыстарыңызды

білдіріңіздер.» деп кері байланыс сұралады


Қатысушылар топта талқылай отырып, коучинг құрылымы дайындалған материалдар туралы бір-бір қатысушы айтып өтеді

1153-12 00


Коучинг өткізілуі ондағы қарастырылған материалдың маңыздылығы туралы қатысушылардың алған үйренгені бар ма екен білгім келді.

«Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар. Содан соң стикерге тілек ,ұсыныс немесе пікір жазып білдіру өтінішін білдіреді.


Қатысушылар топ пікірлесе отырып, әрбіреуі көңіл күйін білдіреді.

Рефлекция:Мектебімізде 24.10.2014 күні «Өрлеу» БАҚО АҚфилиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАЙ бірлескен Облыстық ғылыми –практикалық семинар “Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі”тақырыбында болып өтті.

Осы ғылыми –практикалық семинарда мен коучинг өткіздім.Коучинг тақырыбы : «Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық»

Коучинг мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын анықтайды .

Бұл семинарға облыс бойынша 60 қатысушы келіп олар екіге бөлініп,соның 32 қатысушысы менің өткізген коучингіме қатысты.

Ғылыми –практикалық семинарда мен коучинг тақырыбын бұлай таңдап алу себебім шебер-сынып барысында айтып өткендей менің теледидардан «Мәдениет және білім»деген каналдан көшіріп алынған тренингтен үзінді қатты әсер етті.Осы өзімді толғандырған жайды әріптестеріммен бөліскім келді. Оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз және шынайы ынтымақтастық қандай болу керек? Оны қалай қалыптастыруға болады? Оның белгілі бір жолдары бар ма? деген ой мазалады.

Ол үшін мен интернет желіден алған мұғалімдер типологиясынан бастауды жөн көрдім. Себебі бес саусақ бірдей емес сол сияқты мұғалімдер арасында да барлығы бірдей емес қой. Қай типті мұғалім болса да, оқушымен ынтымақтастықтың тығыз, жақсы болғанынын қалайды.Соны әріптестеріммен осы типтердің қайсысының арасында оқушымен ынтымақтастық тығыз болатыдығын талдағым келді. Олардың пікірін білгім келеді.Сондықтан осы интернет желіден алынған типтерден таныстырудан бастағанды жөн көрдім.Ол типтер туралы қысқаша төмендегідей қарастырылған оны мен слайд арқылы көрсете отырып таныстырдым.

Мұғалім -басшы. Оның «беделі»-билік.Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді.Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды.Ол үнемі оқушыларды кінәлап, қорқынышта ұстайды.Ол-оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім».Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады.Ол принцип ұстанғыш.Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.

Мұғалім -компьютер.

Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген.Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді.Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды.Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды.«Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар...»,«Барлығы біледі...» т.б .Ол өте суық, қатал, жабық адам.

Мұғалім -қиналушы.

Оның «беделі»- қақтығысқа түспеушілік.Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді.Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады.Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды.Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады.Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді.Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді.Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.

Мұғалім –таныс дос.

Оның «беделі»- әйгілілік.Оқушылардан ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді.Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады.Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.

Осындай слайд арқылы таныстырылмнан соң ауызша кері байланыс алғым келді . Менің ойыммен бірдей әріптестер пікірлер арасында қарсы да , пікірлер болды.Менің ойымша, қай типтегі мұғалім болса да оқушымен ынтымақтастықты қалыптастыруға болады.

Қандай типті мұғалім болса да , оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз ынтымақтастықты көре аламыз? Деген сұраққа алынған ауызша пікірден соң келесі тапсырма қатысушылардан «Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын анықтау» деген тақырыпта постер қорғау тапсырмасы берілді.Мұндағы мақсатым топпен бірге көрсетілген ортақ шешімді көргім келеді., Бірақ олардың арасындағы болып жатқан диалогтық қарым-қатынастарынан соң мен осы төрт типті бір-бірден бөліп беру керек пе , еді деп ойладым. Себебі, олар арасында бір-бірімен келіспеген көп пікірлер болды. Мысалы , «мұғалім-басшы» типінде дегенмен оқушымен мұғалім арасында белгілі –бір қалыптасқан шекара болу керек деген пікірлерді естідім. Бірақ көбі «мұғалім-таныс» доспен ынтымақтастық тығыз болады деген шешімге көбірек келіскен қатысушылар болды.

Топтық жұмыс арқылы орындалған тапсырма ықпалының әсерін көргім келді.Кейбір пікірлердің өзгергенін аралап жүріп байқадым.

Осы постер қорғау тапсырмасынан соң мен былай қорытындылап кеттім:

Қазіргі нарықтық экономика заманында қоғам, сонымен бірге мектепте де жұмыс ауқымы кең және қиын екендігіне ешқайсысымыз да шүбә келтіре алмаймыз. Сондықтан әрбір жеке тұлға іскер, шаруашыл, ізденімпаз, шығармашыл, талғампаз болуы тиіс. Қазіргі міндет әр азаматты білімге емес, ғылымға жетелеу болып отырғандықтан, жаңа заман, жаңа талап, ғылым заманы артқа қарап ойлануға мұрша бермеуде. Осындай зымырандай жүйткіген уақытта мұғалімнің жағдайы қандай деген ой көп толғандырды.

Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері мектепте өтеді. Сол мектептің тұлғасы – ұстаз. Осы ұстаз бен оқушы арасындағы көзге көрінбейтін, таразыға салып өлшенбейтін қарым-қатынасты яғни ынтымақтастықты қалай қалыптастыруға болар еді? Ұстаз шәкіртінің жан сұлулығын, тән сұлулығын зерделей отырып, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық жасап отыруы тиіс деп ойлаймын.

Мұндағы мақсатым кері байланысты тиімді болу үшін, әр әрекеттен соң алып отыру керек деп қорытындыладым.

Бұдан соң сергіту сәтін өткізуді жоспарладым. Себебі семинарда бұл үшінші өтіп жатқан іс-шара болғандықтан кейбір әріптестердің көңіл-күйінен шаршау байқалады. Сондықтан сергіту сәтін төмендегідей өткізуді жөн көрдім оны алдын ала осылай жоспарлаған едім. Себебі менің коучингім 4-сабақ семинар жоспары бойынша өту керек еді мен оны алдын-ала бағдарламадан көре отырып жоспарлап ойластырған едім.Сергіту сәтін де қалай өткізем деп ойластырған едім.

Сергіту сәті:Өздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі.Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық.Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен«А»дауысын айтыңыз- ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.«Е»қалқанша без жұмыстарына әсер етеді т,б әріптерді айту арқылы 2-3 мин сергіту сәтін жасадым. Бұл сергіту сәті қатысушыларға ұнағанын байқадым. Олар серпіліп қалды. Кейбіреуі слайдты суретке түсіріп алып отырды. Коучинг соңынан кейбір қатысушылар оны жазып алуға рұсат сұрады. Сондықтан сергіту сәтін өткізуде маңызды екенін білдім.

Бұрын әріптестер арасында сергіту өткізу маңызды емес деп ойлайтын едім.

Бұдан соң «Мәдениет және білім»деген каналдан көшіріп алынған тренингтен( шетелдік әріптесіміздің пікірін ) көрсеттім.


Бұл көрген тренигтемұғалім мен оқушы арасында ынмымақтастықты өз өмірінен мысалдар келтіре отырып баяндаған.Бұл көріністі интертақтадан барлық қатысушылар ұйып тыңдады. Бұдан соң да ауызша кері байланысты алдым. Адам пікірін ауызша толық жеткізуге болады.Ауызша жиі кері байланыс алған мақсатым: ғылыми –практикалық семинар тақырыбы :“Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі” екенін ескере отырып,яғни әр әрекеттен соң алынған кері байланыс тиімділігі зор екенін жеткізгім келді.

Бұдан соң мен тағыда төмендегідей қорытындылап кеттім.

«Адам мен адамның бір - бірімен араласу, өзара қарым - қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,- дейді философ М. М. Бахтин. Адам баласы өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Сондықтан қазіргі мектептерде мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысымен ғана айналысып қоймай, сапалы да нәтижелі жұмыс болуы үшін оқушылармен тығыз ынтымақтастықта болу үшін яғни ол “мұғалім-басшы”, “мұғалім-қиналушы”,”мұғалім-таныс дос”,”мұғалім-компьютер” бола білуі тиіс па деп ойлаймын. Сонда ғана менің ойымша мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас және тығыз ынтымақтастық орнайды.

Бұдан соң жалпы коучингтің жүріс барысы ондағы материалдармен қамтамасыз етілуі туралы кері байланыс алдым ондағы мақсатым :

«Құрметті әріптестер!Жалпы коучинг бойынша қорытынды кері байланыстарыңызды білдіріңіздер»-деп сұрадым.

Себебі коучинг басында тек бір ғана тип арасында оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз ынтымақтастық болады дегендер пікірі коучинг соңында жалпы төрт тип арасында да тығыз ынтымақтастық болатыны туралы айтып өтті. Көбінің көзқарасы тренингтен үзінді көрген соң өзгерді. Мұнда қарапайым күнделікті өмірде болатын қарым-қатынас арқылы ынтымақтастықты нығайтуға болатыны туралы айтылып өтті.

Жалпы коучингтің жүрісі туралы кері байланыстары сұралды. Мұны сұраған себебім коучинг өткізудің белгілі –бір қағидасы жоқ екені ондағы алынған материалдар туралы пікірлері сұралғанда оларға ұнағаны айтылды. Сергіту сәтін , дайындалған слайд және көріністі көшіріп алуды өтінді . Жалпы коучингтен алған әсерін жазып және ауызша білдіріп жатты. Дегенмен пікірлерде айтылмай қалған жоқ. Яғни әр әрекеттен соң «Кері байланыс алынбағанда қалай болар еді сіз қалай ойлайсыз?» деген сұрақтар болды. Осы тренингтен көрсетілген алынған үзінді коучинг басында көрсетілсе қан қандай кері байланыс болар еді. Мен осы пікірлермен ұсыныстарды тыңдай саралай отырып одан соң осы коучингті қалалық семинарда жүрісін өзгерте отырып қайта өткіздім. Бұл қалалық семинарда қатысушылар ішінде тек екі деңгейлік курстан өткен әріптестерім болғандықтан коучинг өткізу мен үшін ауырлау болды. Себебі олар қайталап алынған кері байланысты түсінбеген сыңай білдірді. Жалпы кері байланыс оны алудың қаншалықты маңызды екенін түсінбеді.Мен олардың көңіл-күйлерінен шаршағандықты және жалыққандықты байқадым. Сонымен коучинг өткізу деңгейлік курстан өткен және өтпеген мұғалімдер арасында жер мен көктей болатыны айқын көрініс тапты. Себебі дәл осы коучингті арасына төрт күн салып екі семинарда(облыстық және қалалық) семинарда көрсеткен едім. Бұл екі семинарда көрсетілген коучингтен соң әлі де болса деңгейлік курстан өтудің мұғалімдер үшін маңызды екенін сездім. Бірінші облыстық семинарда барлығы да деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен өткізу жеңіл болған. Қаншалықты олар көп болғанмен уақыт тез өтіп ,мектепте келесі бағдарлама бойынша болайын деп жатқан іс-шараға кетпей олар көп нәрселерді менен сұрап, әлі де ауызша пікір ,ұсыныстарын білдіріп тұрып алған. Ал екінші қалалық семинарда жоғарыда айтып өткенімдей тек 11 қатысушы болған және олардың екеуі ғана осы деңгейлік курстан өткен қаншама адам аз болсада оларды өзіңе тартып коучингтің өтуіне қалыптастыру қиындау болды. Бұл олардың жаңаша оқу әдістерінен хабарламалары аз болғандықтан ба, әлде қызығушылығы төмен ба түсінбедім.

Қатысушылар коучинг ондағы қарастырылған материалдар және таңдап алынған тақырыбым туралы кері байланысын стикерге жазып тапсырды.

«Сергіту сәті дұрыс таңдалған», «содержание коучинга мне понравилась», «видео ролик жақсы таңдалған» т,б пікірлер айтылған. Ал кейбір қатысушылардың коучинг өткізушінің «сөйлеу мәнері жақсы » деген де пікірлер білдірді. Дегенмен де кейбір ұсыныстар да жазылған : «Барлық қатысушылар қамтылған да жақсы болар еді» деп жазған мұндағы себеп қатысқан адамдар саны көп кабинет тарлық етті. Сондықтан кейбір қатысушылар (көрермен болып )кейін шегініп отырып қалды. Жалпы әлде де болса коучинг өткізгенде барлығы белсенді қатыспайтыны белгілі әріптестер арасында тартыншақтап қашу фактілері жиі кездеседі.


Ал кейбір қатысушылар коучингтен соң ауызша жеке келіп коучинг жақсы өткенін айтты. Ондағы қолданған барлық материалдарды көшіріп алып өздеріне пайдаланғысы келетін айтып пікірлерін білдірді. Бұдан жалпы коучинг қатысушыларға ұнағанын, сәтті өткенін байқадым. Төмендегі суреттер коучинг барысында түсіріліп алынған.

Менің осы коучинг өткізу кезіндегі менің жұлдызды сәттерім:

1.Сергіту сәтінің сәтті шығуы.(Бұны мен осы коучингті мектепшілік,қалалық және облыстық деңгейде қайталап өткіздім) сол кездегі қатысушылардың көңіл-күйінен қабылдауынан көрдім.

2.Келесі жұлдызды сәтім тақырыпты бейнекөрініске сай таңдап алуым деп ойлаймын.

Ал тілегім (ұсынысым)постер қорғау тапсырмасы нақты болмаған сияқты болды. Оны қатысушылар тапсырманы орындау кезде отырып ойланып қалған сәттен байқадым.

Мен осы коучингтен кейінгі қатысушылардан алынған байланыстардан соң олардың «екі жұлдыз, бір тілектерінен» өзіме күш-қуат алып әрмен қарай белсенді жұмыс жасауды өзіме жоспарлап мақсат етіп қойдым. Мұғалім үнемі ізденіп өз білімін көтермесе ол тығырыққа тіреледі.Сондықтан шаршамай еңбектенген мұратқа жетеді. Видеокөріністете айтылғандай біздің артымызда мәңгілік қалатын із ол шәкіртерімізбен болған арамыздағы ынтымақтастық. Олар айтып жүреді және өзінің ұрпақтарына айтып жалғастырады. Қай ғасырда болсын мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас яғни ынтымақтастық ол мәңгілік болып қалады.Сөзімнің соңында «Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі» ол әрбір іс-әрекеттен соң кері байланыс алып оны қорытындылағанда тиімді деп ойлаймын.

Тиімді нәтиже:Әр мұғалім ол әріптестер арасындағы қарым-қатынаста болсын немесе оқушылармен сабақ үстінде болсын өзінің әрбір әрекетінен соң кері байланыс алып, оған үлкен көңіл бөліп отыру керек болар. Сол кезде ғана оқуды бағалаудағы шынайы көрініс өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Njw TED NALKSeveryday at www.TED. com

2.ZERO.KZЯндекс.МетрикаТренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Келер ша?ты? т?рлері, ма?сатты келер ша?

Автор: Заманбекова Жазира Сериковна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства