Демалыста о?ы?ан шы?армаларын с?раймын. О?ушылар?а бірнеше с?ра?тар ?оямын.
б) Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Ауыз ?дебиеті — хал?ымызды? асыл м?расы. Ол — т?гілген с?з маржа?дарына бай. Онда хал?ымызды? ?асырлар бой?ы басынан кешірген тарихи белестері, еліні? т?уелсіздігі жолында?ы ерлік, батырлы? ?имылдары, халы?ты? ?дет-??рпы, салт-д?ст?рі, арман-м?ддесі, ?иялы, жастарды? кіршіксіз п?к махаббаты с?з ?нерімен кестеленген.
Б?л тарау?а т?рмыс-салт жырлары, ма?ал-м?телдер, ж?мба?тар, а?ыз- ??гімелер, батырлы? дастан мен лиро-эпосты? жырлар, шешендік с?здер ?лгілері сия?ты ауыз ?дебиетіні? ?р т?рі енген.
Оларды о?ып-?йрену ?стінде ?дебиетті? к?ркемдік ?леміне енесіндер. Асыл с?з ?рнектерімен сусы?дап, рухани жан д?ниелері? байи т?седі.
Ауыз ?дебиетінен сусындама?ан, н?р алма?ан бірде-бір шынайы суреткер бол?ан емес. Ауыз ?дебиеті — оларды? ??нарлы топыра?ы
Ауыз ?дебиеті — талай ?асырлар жемісі. Халы? жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ы?ылым заманнан рухани асыл ?азына ретінде са?тап, ?рпа?тан-?рпа??а м?ра етіп, б?гінгі бізді? д?уірімізге жеткізген.
Просмотр содержимого документа
«Халы? ауыз ?дебиетіні? т?рлері »
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.
Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.
Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы
Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.
Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар
Ауыз әдебиеті
ертегілер
аңыз әңгімелер мәтелдер
шешендік сөздер айтыстар
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.