kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы" туралы жоспарланған. Сабақта оқушыларға қосымша мәліметтер беріледі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»»

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Примбетова Шарипа Кудайбергеновна





Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Көнеден жеткен жәдігер

Күні:

Сынып: 7 сынып

Қазақ әдебиеті

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

7.Т/Ж.4. көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.А/И.2. эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту, эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Оқушылар көркем шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бере алады, автор бейнесін табады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадан автор көзқарасын , бейнесін таба отырып, жырауға хат жазады

Бағалау критерийі

  • көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айтады,

  • шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Қазтуған жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырынан кейіпкер бейнесін ашады

  • Қазтуған жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырынан үзіндіні жатқа айтады. (айтылым, тыңдалым).

  • Автор көзқарасын, бейнесін анықтай отырып хат жазады. (жазылым)

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жырау, толғау, жыршы,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Сіздің пікіріңізше, .... не айтар едіңіз,менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазтуған жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Елдің «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы негізінде оқушыларды Қазтуғанның ерлік істері арқылы ерлікке, патриотизмге баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих, география.

Осы пәндерден алған білімдерімен пәнаралық байланыс жасаймын.

Алдыңғы білім

«Күлтегін» жырындағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту арқылы Қазтуған жыраудың шығармасын кейіпкер бейнесін ашып, үзінді жатқа айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 минут)


4 минут








3 минут


Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

1-тапсырма. /Ж/. «Көршіңмен әңгімелес» тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1.Қазтуған жыраудың шығармаларында қандай жер су атаулары кездеседі?

2.Неліктен жырау өлеңдерінің тақырыбы ел мүддесін қорғауға арналған?

3.»Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің маңызы қандай?

4.Толғауда автордың айтқысы келген ойы?

5.«Қайран менің Еділім» деген жолдар неліктен жиі қолданылып тұр?

Дискриптор:

-Сұрақты жүйелеп қояды,

-Сұраққа жауап береді.

ҚБ. «Ащық микрофон» тәсілі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Топқа топтастыру:

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тақырып: «Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

7.Т/Ж.4. көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.А/И.2. эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;


Қазақ әдебиеті: 7-сынып оқулық. (Тұрсынғалиева С.Ч., Зайкенова Р. ) «Арман-ПВ» баспасы, 2017 ж, 48 -бет






Сабақтың ортасы

(24 минут)

10 минут

















2 минут





10 минут


















2 минут

2-тапсырма. /Ж/. «Өлеңді жалғастыр» тәсілі арқылы өлеңнің үзіндісін мәнерлеп оқып, жатқа айтаңыз. Үзіндіден кейіпкердің бейнесін анықтайтын сөздерді «Концептуалды кестеге» теріп жазыңыздар.

«Концептуалды кесте»

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға





Мақсаты: Оқушылардың мәнерлеп, талапқа сай (екпін, ырғақ, пауза, көтеріңкі дауыс) оқуы қадағаланады. Кейіпкердің бейнесін анықтайды.

Күтілетін нәтижесі:

Қазтуған жыраудың өлеңін мәнерлеп оқи отырып, кейіпкерге талдау жасайды.

Дискриптор:

-Өлеңді мәнерлеп, талапқа сай оқиды,

-Жатқа айтады,

-Кейіпкерді анықтайтын кестені толтырады.

ҚБ. «Парталас көршіңе 1 пікір таңда» тәсілі арқылы жұпта бағалайды.

1.Жарайсың.

2.Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын!

3.Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің, егер ....

3-тапсырма. Өлеңнен автордың көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді тауып, содан автордың көзқарасын кесте арқылы түсіндіре отырып, автор бейнесін анықта. «РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, болашақ ұрпақ атынан, жырауға хат жазыңыздар.

Өлеңнен үзінді

Түсінік

Автор бейнесі




Мақсаты: Өлеңге өз пікірін білдіріп, автор бейнесін анықтай отырып, жырауға хат жазады

Күтілетін нәтижесі:

Қазтуған жыраудың өлеңін талдай отырып, өз ойын айтады.

Дискриптор:

-Өлеңнен автор көзқарасын білдіретін үзінділер табады,

-Автор көзқарасын түсіндіреді.

-Анықталған үзінділер негізінде автор бейнесін анықтайды,

-«РАФТ» стратегиясы бойынша жырауға хат жазады.

ҚБ. «Құс тұмсығы» тәсілі арқылы топ басшыларының бағалауы

Өлеңнен автор көзқарасын білдіретін үзінділер табу


Автор көзқарасын түсіндіру


автор бейнесін анықтау


Хат құрылымын сақтау



http://bilim-all.kz/olen/2293-Qaztugannyn-qonysymen-qoshtasuy


Сабақтың соңы

(9 минут)

5 минут





2 минут







2 минут

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

1-тапсырма. Шығармадан Қазтуғанның бейнесін танытатын жолдарды табыңыз, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкерге тән қасиет

Дәлеліңіз (Өлең жолдары)



Дескриптор Білім алушы

- шығармадан автор бейнесін танытатын жолдарды табады;

- жыр жолдарынан Қазтуғанға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.

Рефлексия. «3 Қ» стратегиясы

Бүгінгі сабақта қызық болды?

Бүгінгі сабақта не қиындық келтірді?

Бүгінгі сабақта не қажет болды?

Үйге тапсырма:

Міндетті тапсырма. «Қазтуғанның қонымысен қоштасуы» толғауынан үзінді жаттау.

Шығармашылық тапсырма . «Туған жер» туралы дилог құрап келіңдер.



Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында оқушылардың толық қатысуын қадағалаймын. Оқушыларды топқа топтастырғанда құрылымдап жіктеймін. "Өлеңді жалғастыр" «Концептуалды кесте», «РАФТ» тәсілдері арқылы тапсырмаларында орындағанда оқушылардың жоғары деңгей ойлау дағдыларын іске қосуға ынталандыру жүргіземін.

Тапсырма арқылы саралау. "Өлеңді жалғастыр" «Концептуалды кесте», «РАФТ» «Көршіңмен әңгімелес» тапсырмаларын орындағанда оқушыларға тұлғаға бағдарланған қолдау көрсетіледі. Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізу үшін Мақсат бойынша саралауды жоспарладым. Оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмаларды орындауға бағыттадым. Алымы нашар оқушыға диалог және қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі.

Таңдау бойынша саралауды қолдандым.

Үй тапсырмасын бергенде оқушыларға өздері таңдау жасауға мүмкіндік туғыздым. Оқушылар өздеріне қызықты, өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы, тақырыпты таңдайды. Бұл саралау арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімділігі артады, дарынды оқушылар өз сұраныстарын қанағаттандырады.

Оқушы білімін әр тапсырма орындалған соң қалыптастырушы бағалау арқылы жетілдіріп, түзетіп отырамын. Түсіндіру дәрежесі бағаланады

«Ашық микрофон» тәсілі арқылы бірін-бірі бағаласа, «Парталас көршіңе 1 пікір білдір» тәсілдері арқылы бірін бірі жұппен бағалайды. «Құс тұмсығы» тәсілі арқылы топ басшыларының бағалауы.


Сынып бөлмесінде денсаулық сақтау және СЭС талаптарын сақтау.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Оқылатын шығарма

тақырыбы

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»


Оқу мақсаты

7.Т/Ж.4. көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашатын үзіндіні жатқа айтады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


1-тапсырма. Шығармадан Қазтуғанның бейнесін танытатын жолдарды табыңыз, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкерге тән қасиет

Дәлеліңіз (Өлең жолдары)



Дескриптор Білім алушы

- шығармадан автор бейнесін танытатын жолдарды табады;

- жыр жолдарынан Қазтуғанға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

Автор: Примбетова Шарипа Кудайбергеновна

Дата: 20.10.2020

Номер свидетельства: 560684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства