kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза тілі мен ?дебиет саба?тарыны? жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данные разработки уроков казахского языка и литературы  запланированы по прграмме 7-9 классов.Для 7-8  классов планы уроков по казахской литературе,Для 9 класса план урока по казахскому языку

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 сынып Шешендік сөздер сабақ жоспары»

Қазақ әдебиеті.7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: шешендік сөздер туралы түсінік беру,олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау.

2.Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Мұғалім.Мәтінді мәнерлеп оқиды, оқушыларға бағыт-бағдар береді,оқушылармен бірігіп әр оқушыны бағалайды.

Оқушы.Мәтінді мәнерлеп оқуға дағдыланады,сұрақтарға дұрыс жауап береді,таныс сөздерді табу арқылы мәтіннен не түсінгенін айтады,сөздік жұмысын жүргізеді.

Ұйымдастыру формасы: топпен,жұппен,жалпы.

Әдіс-тәсілдер: сөз әдісі, логикалық әдісі,тәжірибелік әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Көрнекілік: Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би портреттері,карточкалар.

Пәнаралық байланыс:тарих,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Мотивация «Адасқан әріптер» ойыны арқылы тақырыпқа шығу.

Ш е ш е ндік с ө з дер (интербелсенді тақтада)

-Балалар,сонымен сабақтың тақырыбы қандай? –Шешендік сөздер.

-Қалай ойлайсыңдар,бүгін сабақта біз не үйренеміз?

ІІІ.Жаңа тақырыппен жұмыс

1.Мәтінмен жұмыс

А)Мәтінмен танысу (мәтінді оқушылар іштей оқиды)

Ә) Дауыстап тізбекетеп мәнерлеп оқу

Б) Сөздік жұмысы(мәтінде таныс сөздер мен таныс емес сөздерді атап шығу,аудару

Б)Негізгі ой түйінін табу

В)Әр абзацқа ат қою

Г) Негізгі идеясын табу

IV.Сергіту сәті.

Шешендік өнеріне үйренудің бір жолы-жаңылтаптарды дұрыс оқу.

Оқушылар жұптасып жаңылтпаш оқиды.

-Шаншар шаршап жатыр,

Қайсар шешендік сөздер жайша оқып жатыр.

V.Оқулықпен жұмыс.Топтық жұмыс

1-топ. №2 –тапсырмада сызбаны толтыру

2-топ. №3 тапсырмада түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

3-топ. №4- Қазақ шешендері –Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би туралы ғаламтор арқылы хабарлама дайындау.

V.R-Рефлексия-Сонымен,балалар,бүгінгі сабақта неге үйрендік? –Шешендік сөздер туралы білдік.

«Өзін –өзі талдау кестесі» әр оқушыға беріледі

Мен сабақта жұмыс істедім

белсенді/ белсенді емес

Мен өзімнің жұмысыма

ризамын / риза емеспін

Сабақ мен үшін...

қысқа / ұзақ болды

Мен сабақта

Шаршаған жоқпын / шаршадым

Менің көңілім

жақсарды / шамаланды

Сабақтың мазмұны мен үшін

Түсінікті/ түсініксіз болды

пайдалы/ пайдасыз болды

VІ.Оқушылардың білімдерін бағалау.



V.Үй тапсырмасы.1. «Шешендік сөздер» туралы әңгімелеу немесе сұхбат ауызша дайындау.2. «Қазақтың ұлы билері» реферат дайындау.

Просмотр содержимого документа
«8сынып Қыз Жібек жыры сабақ жоспары»

8-сынып.қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Лиро-эпостық жыр туралы мәлімет беру,олардың ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен ерекшелігін таныту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың мәтінді талдау,саралау,даралау,жинақтау арқылы сөздік қорын ширату,ауызша,жазбаша тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,ерлікке,адамгершілікке баулу,екі жас арасындағы адал,ғашықтық сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

Мұғалім:1.Лиро-эпостық жыр туралы түсінік береді.

2. Мәтінді мәнерлеп оқиды.

3.Негізгі ой-түйінін ашуына негізіг бағыт береді.

Оқушы:1.Сөйлемдер арқылы мәтіннің әр бөлігінен негізгі ойды табады.

2. Ойын түріндегі тапсырмаларды орындайды.

3. «Қыз Жібек» жырының идеясын ашады.

Сабақтың типі:Жаңа оқу материалын меңгертусабағы.Жалғастыру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сөз әдісі,сұрақ-жауап,тәжірибелік (тапсырмалар орындау).Логикалық әдіс,іздендіру.

Ұйымдастыру формасы:фронтальды,топтық,жеке.

Мотивация:Ребус шешу арқылы тақырыпты ашады,мәнерлеп оқу арқылы мәтін мазмұнын түсінеді,жарыс түрінде тапсырма арқылы мәтінге талдау жасайды.

Көрнекілік пен құрал-жабдықтар:Слайдтар,ғашықтық символы аққулар суреті,техника құралдары: компьютер ,интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс:Тарих,қазақ тілі,орыс әдебиеті.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа тақырып

1.2.Мотивация .Ребус шешу арқылы оқушылар Қыз Жібек деген сөзді табады. (Интербелсенді тақтада сурет)

Сурет. Қыз+ жібек матасы

1.2Проблемалық іздендіру. (Сұрақтар қою арқылы)

-Қандай лиро-эпостық жырларды білесіңдер?

- Нәзік сезім деген сөзді қалай түсінісіңдер?

-Аққу ненің белгісін білдіреді?

- «Қыз Жібек» жырын аққулар бейнесімен салыстыруға бола ма? (Орыс әдебиетімен салыстыру)

-Осы жырға ұқсас орыс әдебиетінен қандай шығармаларды білесіңдер?

1.3.Мұғалімнің түсіндіруі:сөз әдісі арқылы жыр туралы түсінік беру.Соның ішінде ғашықтық,батырлық туралы түсініктерін қайталап,бекіту.

1.4.R-Рефлексия-Сонымен,бүгінгі сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? (Ғашықтық,махаббат жыры)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.8-беттегі мәтін

2.1Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.

2.2.Таныс сөздер арқылы негізгі ойды түсіну.

2.3.Топтар жұмысы:мәтінді абзацтарға бөліп оқып,әр абзацтың негізгі ойын анықтайды.

А)Сөздікпен жұмыс.Ақжайық өзені-река Урал

Тұлпар-мифологический крылатый конь

Жыршы-народный певец,сказитель эпоса

Шашбау-лента,вплетаемая в косу

Сөздерді дұрыс оқу+аудару+дұрыс жазу+бір-біріне айту.

Ә)Топтардың жазбаша жұмысы талқылау.

-Әр топ абзацтағы негізгі ой түйінін беріп тұрған сөйлемдерді оқиды.Олардың іщінен кілт сөздерді табады,қалған оқушылар негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.

IV.Топ жарысы. Бекіту жұмысы.3.1.Мүмкіндік және міндетті деңгейдегі сұрақтарға жауап беру.

Бірінші болып орындаған топ жауабын оқиды,қалғандары толықтырып отырады, дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Белсенді топ анықталады.

3.2.Бес жолды өлең құрастыру.

Зат есім-махаббат

Сын есім-таза,сұлу,құдіретті

Етістік-сыйлайды,сүйеді,күреседі

Сөйлем-Махаббат құдрет күші

Махаббат –ғашықтық сезім

V.R-Рефлексия-Сонымен,балалар,бүгінгі сабақта неге үйрендік? –Лиро-эпостық жырлар туралы. «Қыз Жібек» жырын оқыдық.

ПЛЮС

МИНУС

ҚЫЗЫҚТЫ




«Плюс. Минус. Қызықты»-рефлексиясы

Әр топқа «Плюс. Минус. Қызықты»-рефлексиясы атты карточка беріледі.

Әр топтың жауабы тыңдалады.

V. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VІ.Үй тапсырмасы. 1.«Қыз Жібек» жырын,мәнерлеп оқу,мазмұндау немесе диалог құрастыру

2. Ұнаған жыр кейіпкерінің сурет салып,сипаттау.







Просмотр содержимого документа
«9сынып Шарын шатқалы Сабақ жоспары»

Қазақ тілі.9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Шарын шатқалы туралы білім беру,тілдесуге үйрету.

2.Дамытушылық:Оқушылардың мәтінді талдау,саралау,даралау,жинақтау арқылы сөздік қорын ширату,ауызша,жазбаша тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие бере отырып,отансүйгіштік,адамгершілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сөз әдісі,сұрақ-жауап,тәжірибелік (тапсырмалар орындау).Логикалық әдіс,іздендіру.

Ұйымдастыру формасы:жалпы,топтық,жеке.

Көрнекілік пен құрал-жабдықтар:Бейнефильм, компьютер ,интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,география

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:А) Оқушылармен амандасу.

Ә) Оқушыларды түгендеп сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Жаңа тақырып: 1. «Шарын шатқалы» туралы бейне фильм көру,тақырыпты атап,мақсат қою.

Шарын шатқалы - YouTube

https://www.youtube.com/watch?v=MzN6zqQ4ra8

2. Сөздік жұмысы. Шатқалы,қызыл керіш топырақ,ерен ағашы

- Балалар,сөздік арқылы сөздердің аудармасын тауып,сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар-жеке жұмыс

3. «Шарын шатқалы» мәтінімен жұмыс,оқулық 86-бет .

Топтық жұмыс.А)Мәтінді оқып,түсінгендеріңді айтыңдар.Ә) 7-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Жұптық жұмыс.Б) Достарыңмен Шарын шатқалыға саяхат жасау жайлы сұхбат құрасытырып,өзара сөйлесуге дайындалыңдар.

ІІІ.Сабақты бекіту.1. «Ыстық орындық» ойыны арқылы сабақ тақырыбын бекіту.

2.Оқушылар тақтадан өлеңді мәнерлеп оқиды.

Аралай берсең қазақтың
байтақ даласын,
Таңғажайып табиғатынан
зор ләззат аласың.
Көргенде алғаш Шарынның
шимай шатқалын,
Басқа ғаламшарда жүргендей
боп қаласың!

Мұнда ерекше таңның да
тарғыл атқаны,
Тіпті, өзгеше күннің де
айқыш батқаны.
Ежелден «Қызғылт
қамалдар» атанған,
Ғажап өлке – Шарынның алуан түсті
шатқалы.

Зор мән берсе табиғатқа адам баласы,
Арта түсер еді ақыл-ой мен санасы.
Шатқалында Шарынның ғана өседі
Көненің көзіндей боп ерен ағашы,

  • Мінеки,балалар осындай туған жеріміздің әсемдігін біздің ақындарымыз жырлайды. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. 

IV.Оқушылар жұмысын бағалау.

V.Үй тапсырмасы:1. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына эссе жазу.2. Шарын шатқалы суретін салып, әңгімелеу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза тілі мен ?дебиет саба?тарыны? жоспарлары

Автор: Картова Алия Шапигиновна

Дата: 01.06.2016

Номер свидетельства: 331858


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства