kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен "Етістікті? ша?тары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мені? атым - Хамзина Асель Бериковна. Мен ?азіргі та?да ?.Д?тбаева атында?ы Атырау гуманитарлы? колледжінде ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні о?ытушысымын. Мен ?з маманды?ымды жа?сы к?ремін. Себебі, адам ?з маманды?ын с?йсе, ?аласа, жа?сы о?ытушы шы?ады.  Мен маманды?ымды ?рі ?арай жетілдіріп, биік шы?дардан к?рінгім келеді. ?з алдына ма?сат ?ой?ан адам ?зіні? ?ала?ан н?рсесіне ?ол жеткізе алады деп ойлаймын.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "Етістікті? ша?тары"»

Пәні: Қазақ тілі

Тобы: 1/9/дш, 1/9/ тех

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Студенттерге білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.

Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, жан – жақты дамуға, адамгершілікке, ізгілікке, ақындар салған жолмен түруге үйрету, табиғатты сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру, бірлікке баулу.

Сабақтың түрі:    Қайталау

Сабақтың әдісі:    СКТТ,   сұрақ-жауап, жаттығулар орындау. 

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті  

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа қатысын тексеру;

ІІ.Студенттердің үй тапсырмасына дайындығын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (лекция):


Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. 


Етістіктің шақтары



                       
                              

ӨТКЕН ШАҚ

КЕЛЕР ШАҚ




ОСЫ ШАҚ


Осы шақ



Осы шақ

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.

Осы шақтың 2 түрі бар:





Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ.



Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған.



Өткен шақ

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:





Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ



1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.

3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.



Келер шақ

Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:





Болжамды келер шақ Мақсатты келер шақ Ауыспалы н/се жалпы келер шақ

1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.

3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.


Тапсырмалар:

1. Мәтіннен келер шақ етістіктерді теріп жазады, жасалу жолын түсіндіреді.

2. Келер шақтың 3 формасы жасайды:
талпынады 
талпынармын - болжалды келер шақ
талпынбақпын - мақсатты келер шақ
талпынамын - ауыспалы келер шақ

3. жету, алу, шығу, білу - тұйық етістіктерін келер шақ етістіктерге айналдырып жазу
Үлгі: жету - жетермін, жетпекпін, жетемін Оқушыларға арналған мәтін:
Сөздік: бақыт-счастье, талпынады – стремится, құрмет – уважение, қабілет – способность, қол қусырып отыру – сидеть сложа руки. 
Қиын сөздер: орналасқаннан, биіктей, ұжымнан, бала-шағасынан, туған-туыстарын, бақытсыздыққа, көңілінен. . 

Бақыт
Адам ес біліп, еңбекке орналасқаннан белгілі бір мақсатқа, арман асуына талпынады. Сол жолда ізденеді, үйренеді, оқиды, көрген-білгендерін көңіліне тоқиды. Осылайша оның оқуға, еңбекке, іске қабілеті ашылады. Отбасында, оқыған мектебінде, жұмыс істеген ұжымында, жүрген ортасында ол туралы пікір қалыптасады. Бақыт жолындағы баспалдақтар осылай өсе бермек, биіктей бермек. 

Бақыт дегеніміз – адал еңбегі арқылы ойлаған ойына, мақсаты мен арманына жету.  «Құрметке де құнт керек» дегендей, бақытқа да бап керек. Қол қусырып отырған, ұжымнан қол үзген, теріс жолға түскен, абыройдан айрылған адам ешқашанда бақытты бола алмайды, ол өзін ғана емес, бала-шағасын да, туған-туыстарын да, бақытсыздыққа душар етеді.  Еңбекке бейім адам көпке ұнары даусыз. Көптің алғысын алу, көптің көңілінен шығу, қысқасы, жұртқа қалтқысыз қызмет ете білу – зор бақыттылық.


Мәтін арқылы оқушы келер шақ етістіктің жасалу жолын есте сақтайды және тұйық етістіктерді келер шаққа айналдырады. Келер шақ етістіктің түр – тұлғасы қандай болу керектігін ұғынады.


Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: "Өткенге өкінбеймін, бүгінгі күніме - қанағат, келешекке - үміт" эссе жаздырту. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілі п?нінен "Етістікті? ша?тары"

Автор: Хамзина Асель Бериковна

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства