Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. Одағайдың түрлерін меңгерту;
Дамытушылық -. Одағайдың түрлерін мысалдармен бекіту,өздік жұмыс жасау дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту, сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.
Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, кубизм, блум ағашы, кесінді сыз
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың көрнекілігі:, кубик,кесте, бағалау парақтары, қима қағаздар, интер.тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Тестік жұмыс
1.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай?қашан? қайда?
б. қашан?қай?нелер?
3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар:
Елдің болашағы... ойлаған жөн.
а. үшін
ә. дейін
б. туралы
4. Шылау дегеніміз ...
а. мағынасы бар сөйлем мүшесі
ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
б. көңіл күй білдіретін сөздер
5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?
а. одағай
ә. шылау
б. қаратпа сөз
3.Жаңа сабақ
Әріпжұмбақты шешу.Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.
1.Оқу да бар,
Жазуда жок
(О)
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ
(Д)
3.Шегеде жоқ,
Таста бар
(А)
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ
(Ғ)
5.Шанада бар,
Әнде жоқ
(А)
6.Торғайда бар,
Алауда жоқ
(Й)
Берілген мәтіннен одағайды тап:
Паһ, мықты екен – ау мынау палуан! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. Осы сөйлемдердегі одағайларды таптырып,тыныс белгісін,дауыс мәнерін пысытады.
Одағай
Көңіл күй Шақыру Жекіру
Кестені толтыр.
Шақыру одағайы | Жекіру одағайы | Көңіл күй одағайы |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
..., әжем ауылдан қонаққа келді!
..., мынау не деп тұр!- деді атам.
..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп,уһлеп,алақай, ойпырым-ай.
Қорытындылау
1) Одағай туралы айту
2) Одағайға сөйлем құрау
3) Шылаумен салыстыру
4) Одағайдың негізгі белгілерін айту
5) Одағайлар қандай жағдайда сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын түсіндіру
6) Одағайдың түрлерін айтып, мысалдармен дәлелдеу
ХІ. Үйге тапсырма.
317 – жаттығу. Әдеби кітаптан одағайдың түрлеріне мысал жазады.
ХІ.Бағалау.