kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі. ?ата? дауыссыздар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дамытушылы?.Тіл байлы?тарын молайту, ауыз екі с?йлеуге да?дыландыру.                     

Т?рбиелік. О?ушыларды адамгершілікке, патриотты??а т?рбиелеу.                                              

  Саба?ты? типі:   жа?а саба?ты ме?герту.                                                                                       

   Саба?ты? т?рі:    д?ст?рлі емес                                                                                                                           Саба?ты? ?дісі:    т?сіндіру, жатты?улармен ж?мыс.                                                                                              

Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, о?улы?, ж?мыс д?птері.                                                                                                                               К?тілетін н?тиже: ?.Р. Мемлекеттік Гербі туралы ??гімелей біледі. С?ра?тар?а жауап береді. С?здерге с?ра? ?ояды.                                                                                                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі. ?ата? дауыссыздар.»

Сыныбы: 4 "б" Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі. Қатаң дауыссыздар. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі және қатаң дауыссыздар туралы түсінік беру. Дамытушылық.Тіл байлықтарын молайту, ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығулармен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, жұмыс дәптері. Күтілетін нәтиже: Қ.Р. Мемлекеттік Гербі туралы әңгімелей біледі. Сұрақтарға жауап береді. Сөздерге сұрақ қояды. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздер және өлең жаттау. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі. Қатаң дауыссыздар.

Қазақ әліпбиінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). Дауыссыз дыбыстар қатаң (твердые), ұяң (звонкие), үнді (сонорные) болады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Үнді: р, л, м, н, ң, й, (у)

Сөздік шаңырақ - купол юрты уық - подпорка для купола юрты күн сәулесіндей - подобно солнечным лучам қанатты пырақтар -мифические крылатые кони көмкерген - обрамляют жұлдыз - звезда

Топтық жұмыс.

Орны ауыстырылған әріптер.

Шаңырақ, уық, пырақ, жұлдыз, арғымақ.


Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен танысады.

Шаңырақ – купол юрты

Уық- подпорка для купола юрты

Күн сәулесіндей – подобно солнечным лучам

Қанатты пырақтар – мифические крылатын кони

Көмкерген-обрамляют

Жұлдыз - звезда

Оқиды, топпен қайталау, әрбір жаңа сөздің қазақ тіліне тән дыбысын атап айту, сөз табын ажырату, сөз құрамына талдау.

1- тапсырма. Мәтінді оқы, тиісті жалғауды жалғап жаз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі(-нің,- ның) ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ(-ты,-ті) айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағын қанатты қанатты пырақтар көмкерген. Герб(-тің,-тың) жоғарғы жағы(-нда,-нде) жұлдық орналасқан, ал төменгі жағы(-нда,-нде) "Қазақстан" деген жазу бар. Герб(-тің,-тың) авторлары - Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Сұрақтарға жауап беру.

Мемлекеттік Гербтің ортасында не бейнеленген?

Гербтің екі жағын не көмкерген?

Гербтің жоғарғы не орналасқан?

Гербтің төменгі жағында не бар?

Мемлекеттік Гербтің авторлары кімдер?



3- тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жаз.

Государственный Герб - ... . Изображен купол юрты - ... . Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді. Расположена звезда - ... . Написано слово - ... . Авторы Государственного Герба - ... .

5- тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.

1. Сказка

2. Государство

3. Орел

4. Мир



Қорытынды. "Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды" тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатта.

Бағалау.









Сыныбы: 6 "б" Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Меймандос қала. Тәуелдік жалғау. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Меймандос қала және тәуелдік жалғау туралы түсінік беру. Дамытушылық.Тіл байлықтарын молайту, ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығулармен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптерлері, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1,6,7- тапсырмалар ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Меймандос қала. Тәуелдік жалғау.

Сөздік қала келбеті - облик города меймандос - гостеприимный құшақ жаю - раскрыть объятия айқын -четко, ясно зәулім -высотный жолаушы - путник қарсы алу- встетить өзгеше - особенно

Топтық жұмыс.

Константинополь әдісі бойынша «Меймандос» сөзінен барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

1- тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар. Сөйлемдер құраңдар. Үлгі: Қала келбеті күннен- күнге көрекйіп келеді.

қала бойындағы меймандос тұрғын үйлер құшақ көзге түседі ерекше қала айқын келбеті ең биік жаю зәулім көрінетін Достық даңғылының ғимараттар

2- тапсырма. Бір - біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі мен жатыс септігі жалғаулары арқылы байланыстырыңдар.

Үлгі: қаланың ортасында қала алды бөлме арасы диван басы үстел асты орындық ортасы бұлақ іші ауыл арты пошта үсті

3- тапсырма. Диалогті жаттап алыңдар..

- Әлия, сен қай қалада тұрасың? - Мен Алматы қаласында тұрамын. - Алматы қандай қала? - Алматы өте әдемі, жап- жасыл қала. Қала келбеті күннен - күнге көркейіп, өзгеріп жатыр. - Алматыда қандай әсем жерлер бар? - Әл-Фараби, Абай, Достық даңғылдары, Республика алаңы, саябақтар, театрлар бар. Әдемі, зәулім тұрғын үйлер көп салынып жатыр. - Алматыда метро бар ма? - Метро енді салынып жатыр. Цирктің қасында "Тұлпар" деген метро станциясы болады.

5- тапсырма. Керекті көмекші есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

1. Алматы қаласының іргетасы1854 жылы Кіші Алматы өзенінің ... қаланған. 2. Республика сарайының қарсы ... солтүстіктен оңтүстікке қарай сегіз километрге созылған Достық даңғылы жатыр. 3. Қаланың дәл ... "Отырар" қонақ үйі орналасқан. 4. Оның ... кинозал, дүкен, монша жұмыс істейді. 5. М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының ... Неке сарайы бар. 6. Театрдың ... жазушы М. Әуезовке есткерткіш орнатылған. 7. Көше ... арықтарда таудың суы ағып жатыр. 8. Қаланың ... толған жеміс ағаштары.

5- тапсырма. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздерді аударып жазыңдар. 1. Алматыда көптеген ескерткіштер бар: Абайға арналған ескерткіш, ... (памятник Чокану Валиханову, памятниу Жамбылу Жабаеву, памятник Абылайхану). 2. Алматыға келген қонақтар М. Әуезов атындағы қазақ драма театрына, ... (Русский драматической театр им. Лермантова, Театр оперы и балета им. Абая) барады. 3. Алматыда жаңа тұрғын үйлер, ... (метро, бизнес - центры, гостиницы, супер- минимаркеты, аптеки) салынып жатыр.







Сабақты бекіту. Сұрақтар қою. 1. Қандай сөздермен таныстыңдар?. 2. Не себепті "Меймандос" деп аталып тұр? 3. Қандай қалаларды білесіңдер?

Үйге тапсырма беру. 4- тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімлеңдер. 6 -тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

Бағалау.











































Сыныбы: 7 "б" Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру. Септеулік шылаулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы түсінік беру. Дамытушылық.Тіл байлықтарын молайту, ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығулармен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3- тапсырма. Өз отбасыларыңдағы шай ішу рәсімі туралы әңгімелеңдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру.

1- тапсырма. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтердітүсініп, есте сақтап жүріңдер. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғауларын анықтаңдар. 1. Тамақты өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу зиян. 2. Ыстық тағамның температурасы 50-60 градус, салқын тағамдікі 10 градустан төмен болмауы керек. 3. Тамақты белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. 4. Түскі асты көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. 5. Сұйық тағамдар ас қорытуды тездетеді, сондықтан олар қою тағамның алдында беріледі. 6. Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек, сонда тамақ жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды. Үлгі: Тамақты (нені?) өте салқын немесе өте салқын күйінде жеу зиян.

2- тапсырма. Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды түсініп оқып, тірек-сызба негізінде әңгімелеңдер.

Тиімді тамақтанудың



қағидалары

ұсыныстары





Таңертеңгі ас - толық, түскі ас- орташа, кешкі ас - жеңіл болғаны жөн

Тамақтың алдында бір стакан сұйық (шай, шырын, минералды су) ішуді әдетке айналдырған жөн

тағамды мөлшерден тыс жеуге болмайды тамақтанғанда теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды

таңертеңгі ас міндетті түрде ыстық болуы керек

кешкі ас ұйқыдан кем дегенде 2-3 сағат бұрын ішілгені дұрыс

күнделікті әр түрлі тағам өнімдерін көп мөлшерде қабылдау

көкөністер мен жемістерді жаңа үзілген күйінде пайдалану майсыз сүт өнімдерін (айран,сыр, йогурттар, ірімшік ішіп-жеу)

күнделікті қант мөлшерін 60, тұз мөлшерін 4-6 грамнан артық пайдаланбау

шайды тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң ішу











3- тапсырма. Ас- тағамға қатысты мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Орыс тілінде ұқсас мақалдар бар ма? 1) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. - Где пища водится, там болезнь не заводится. 2) Күріштің мәнін май келтіреді. - Масло плову вкус предает. 3) Ас қадірін тоқ білмейді. - Сытому не понять вкус хлеба. 4) Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады. -Когда котел кипит, у человека мысль бурлит. 5) жаманнан жарты қасық ас қалар. - От плохого человека пол ложки остается.

4- тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап, өздеріңнің қандай тағам ұнататындарың туралы әңгімелеңдер.

салқын тағамдардан ...

ыстық тағамдардан ...

Мен ет тағамдарынан ...

сүт тағамдарынан ...

сусындардан ...

Сабақты бекіту. Сұрақтар қою.

1. Тағамға қатысты қандай мақал - мәтел білесіңдер? 2. Тамақты қалай тиімді ұйымдастыру керек? 3. Тамақты қалай жеу керек? 4. Сұйық тағамдар не үшін қажет? 5. Түскі асты неден бастаған жөн?



Үйге тапсырма беру. 5-тапсырма. Берілген қазақтың ұлттық тағамдарын неден жасалатын.на қарай үш бағанаға бөліп жазыңдар. Қымыз, тары, қуырдақ, айран, ірімшік, жал, бауырсақ, қаймақ, май, сорпа, жент, құрт, шұбат, т.б.

Сүттен дәнді дақылдан еттен жасалатын жасалатын тағамдар жасалатын тағамдар тағамдар



Бағалау.









Сыныбы: 7 "б" Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы Сабақтың мақсаты: Білімділік. А. Байтұрсынұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Ахметті жан-жақты таныту; Дамытушылық. Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту; Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б Пәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? 2. Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан? 3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ауылында,Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов-арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын,Ақтас,Ерғаза,Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы,намысқор болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермей,оларға тынышсыздау болады. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «Итжеккенге» -Сібірге каторгіге кеседі. Бұл -1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді. Тірек сызбамен жұмыс:

Мысал өлеңдері

өлеңдері

мақалалары

Ғылыми еңбектері

«Аққу,шортан,һәм шаян»

«Қасқыр мен қозы»

«Қайырымды түлкі»

«Өгіз бен бақа»

«Ат пен есек»

«Қартайған арыстан»


«Адамдық диханшы»

«Досыма хат»

«Жауға түскен жан сыры»

«Анама хат»


«Қазақтың бас ақыны»

«Тағы да народный сот хақында»

«Қазақ жерін алу турасындағы низам»

«Земство»

«Оқу құралы»

«Тіл құралы»

«Баяншы»

«Сауат ашқыш»

«Әліп-би астары»

.

Сабақты бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Топтастыру стратегиясы:

«Қасқыр мен қозы» «Қайырымды түлкі» «Ала қойлар»

А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдері



«Үлес» «Қартайған арыстын»







«Өгіз бен бақа» «Қайыршы мен Қыдыр»

«Ат пен есек»



Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының өмірбаянын оқып келу.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі. ?ата? дауыссыздар.

Автор: Утегенова Алия Тыныштыковна

Дата: 27.01.2016

Номер свидетельства: 283662


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства