kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза?станны? белгілі ?алымдары" урок по казахскому языку

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я, Инметова Таиба Кажтаевна учитель казахского языка и литературы Полудинской средней школы. Имею вышею квалификационную категорию, окончила курсы обучения учителей по программе первого уровня в рамках уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан.Являюсь классным руководителем. Работаю в младшем, среднем, старшем звеньях.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза?станны? белгілі ?алымдары" урок по казахскому языку»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі ғалымдары


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: өткен модуль бойынша оқушылардың лексикалық тақырыптарды қаншалықты деңгейде игерген білімдерін байқау.

Дамытушылық: модуль тақырыбы бойынша бір-бірімен ауызекі тілде сөйлесе білу, қазақ тілінде сауатты жаза білуге үйрену, әдіс – тәсілдерді толық меңгерту, тілін дамыту.

Тәрбиелік: қазақтың ғалымдары туралы айта отырып, ұлы тұлғаларды таныту, ғалымдардың өнегесі арқылы білімді, іздемпаз, дарынды болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекілік: интерактивті тақта, тарихи тұлғалардың, ғұламалардың суреттері.


Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жұптық және жекеше, шығармашылық ізденіс түріндегі жұмыстар.


Түрі: білімді жалпылау және жүйелеу сабағы.


Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика.


Сабақтың барысы: Гимн

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру, ойларын сабаққа аудару.

Психологиялық сабаққа дайындық, яғни оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдеу.

2. Оқушыларға өздері бұрынан таныс материалдарды, өткен сабақтардан алған мәліметтерді слайдтар арқылы еске түсіру.

Слайдтарда ғалымдардың суреттері әуен қоса беріледі.

Мұғалім:












Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен

Жаралдым топырағыңнан

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам


3. Мұғалім: Балалар, қандай ғалымдарды білесіңдер? ( балалар интерактивті тақтаға шығып дауыстап айтып, жазады)

Мысалы: Ш. Уәлиханов, Е. Бөкетов, М. Қозыбаев, А. Байтұрсынов, т.б.


4.Мұғалім: Қазір біз бір ойын

ойнаймыз, «Суреттер сөйлейді..»

деген ойыны. Слайдта бір бірден

суреттер ашылады, соны сендер

әңгімелеп беріндер.



Мысалы:

  1. Қаныш Сәтбаев көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлтты Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Ол 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келді.Бала кезінен зерек болып өсті. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетімен танысады.

Сәтбаев Томскідегі Технология институтында оқиды. Ол – 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы.



  1. Шоқан Уәлиханов – атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ержүрек саяхатшы, тарихшы.

Ш.У. 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Омбыдағы кадет корпусында оқыды.

Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады.


  1. Әл – Фараби ұлы ғалым, ойшыл,

филосов, социолог, математик,

физик, ботаник, лингвист, логик,

музыка зерттеушісі. Әл – Фараби

Отырар шаһарында 870 жыл шамасында

туған. Оны шығыстың Аристотелі

деп атаған. Соғда, Хорезм, Хорасан

елдерінде де болған. Соның арқасында

ол бірнеше тіл біліп алды, онымен қатар латын, грек, парсы тілін де жақсы білген......... .


  1. Мұғалім: Кейінгі тапсырма «Ойланып көр» деген, оның девизі «Бәрін, білгім, келеді». Берілген сұрақтарға жауап беру керек


  1. 250- ден астам еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған

  2. “НЕВАДА СЕМЕЙ” қозғалысының президентін атаңдар

  3. “ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ” – атты күрделі монографиялық еңбегін жазған

  4. Клеткалық макромолекулалардың синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді

  5. Сапарда жүргенде жинаған материалдар негізінде “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы” атты еңбек жазған

  6. 1926 жылы жарық көрген “Әдебиет танытқыш” атты еңбектің авторы

  7. «Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегінің авторы








  1. Мұғалім: Енді біз жұптық жұмыс жүргіземіз. «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша сөздерге фонологиялық талдау жасау.

Оқушыларға карточкалар таратылады,

жұмыстарын сол парақта орындайды.

2- 3 минут уақыт беріледі.

Орындағаннан кейін 1-2 жұмыс тексеріледі

(балалар ауызша айтып береді)

Карточкаларды жинап алу, тексергеннен

кейін оны бағалау.



Мысалы: Берілген сөз: деректер


  1. Мұғалім: Ал жұмасты жалғастрамыз.

Келесі тапсырма «Мақал – мәтелдерді дұрыс айт» деген. Берілген сөздердің орындарын ауыстырып мақал мәтелдерді дұрыс құрастыру және дәптерлеріне жазындар.



Мысалы:

  • Болсаң, жетер, қолың,залыммен, жақын, болсаң, кетер, ғылыммен, жақын, басың

Дұрыс жауабы: Ғылыммен жақын болсаң, колың жетер

Залыммен жақын болсаң, басың кетер

Жүгір, тіліңмен, жүгірме, біліммен

Тіліңмен жүгірме,біліммен жүгір













  • Істеген, қалады, заты, қағазда,өлсе, білімді, ұста, аты, қалар, өлсе

Білімді өлсе, қағазда аты қалар

Ұста өлсе, істеген заты қалады


Білім, теңіз, ғылым, қайық

Ғылым – теңіз,

Білім- қайық

Болсын, сөз, білімдіден, шыққан, кез,

талаптыға

Білімдіден шыққан сөз-

Талаптыға болсын кез

Жоқ, оқусыз, жоқ, білім, күнің, білімсіз

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ



Мәлім, ғалым, елге, болсаң, боларсың

Ғалым болсаң,

Елге мәлім боларсың






  1. Мұғалім: Келесі тапсырма. «Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбытық мінездеме беру». Бұл жекеше жұмыс. Карточкаларды таратып берем, аты жөніңді жаз. Оның ішінде сөйлем берілген. Сөйлемдер жанағы мақал – мәтелдерден алынған. Тапсырманы осы парақтарға орындайсыңдар.


Кейін тапсырма тексеріледі. 1-2 оқушының жауабын тындау. Парақтарды жинап алу.

Мысалы:

Сөйлем: Оқусыз білім жоқ

6

14о =------------

8



  1. Еріннің қатысына қарай


3 (2о, у) еріндік

6 =------------------------------

3 (ы, 2і) езулік



  1. Жақтың қатысына қарай


2 ( 2о) ашық

6 =--------------------------

4 (ы, у, 2і) қысаң



  1. Тілдің қатысына қарай


4 (2о,ы,у) жуан

6 =----------------------------

2 (2і) жіңішке





  1. Дауыссыз дыбыстардың мінездемесі


3 ( 2қ, с) қатаң + 3 (б,з,ж) ұяң

8 =----------------------------------------------------

2 (л,м) үнді




  1. Үй тапсырманы тексеру. (Жұптық жұмыс)

Үй тапсырмасы: «Ғылым, білім» туралы мақалдарға ребус жасап келу.

Мысалы:



Өмір- үлкен мектеп




Мектеп- кеме, білім- теңіз




Кітап- алтын қазына


Ұстаздан оқушы озар



Оқу- инемен құдық қазғандай



Күш-білімде

Білім- кітапта


Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім



  1. Мұғалім: Бүгін біз сабақта Қазақстанның ұлы ғалымдары туралы сөз еттік.

«Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді» - деген мақал бүгін әңгімелеп шыққан ғалымдарға байланысты айтылған десек артық емес. Олардың ғылыми қызметтері ешуақытта ұмытылмайды. Өйткені олар барша халықты жүрегімен сүйіп, оларды ұлтқа, нәсілге бөлмей, бүкіл адамзат үшін аянбай еңбек етті.


  1. Үй тапсырмасы: «Ғылым, білім» тақырыбына сөзжұмбақ жасап келу.


  1. Мұғалім: Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сабақта сендер өздеріңнің алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. (оқушыларды бағалау)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"?аза?станны? белгілі ?алымдары" урок по казахскому языку

Автор: Инметова Таиба Кажтаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279880


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства