kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ?дебиетінен 9 орыс сыныбына арнал?ан "Махамбет ?теміс?лы" атты ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Меня зовут Шалгумбаева Айжан Сериковна. Я работаю в Мадениетской казахско-русской средней школе учителем казахского языка и литературы.На своем уроке я использовала технологию критического мышления. На данном уроке учащиеся знакомятся с жизнью и творчеством Махамбета Утемисова.С помощью методик инсерт,кластер,пять строк и диаграммы Венна учащиеся закрепляя новую тему.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиетінен 9 орыс сыныбына арнал?ан "Махамбет ?теміс?лы" атты ашы? саба?»


«Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі» ММ






Ашық сабақ




Тақырыбы:


«Махамбет Өтемісұлы»



Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9



Дайындап өткізген:Шалгумбаева А.С.




2015 оқу жылы



Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Махамбеттің өмірі, елін езгіден ерлікке,қараңғылықтан білімділіктің биік шыңына шақырған,ел бірлігін жырлаған шығармашылығымен таныстыру,танып-білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың жұп,топтық жұмыс барысында іскерлігі мен

дағдысын қалыптастыру,патриоттық сезімдерін дамыта отырып

шешендікке баулу,ынтасын,ізденушілік белсенділігін дамыту;

Тәрбиелік: Асыл мұраны оқушылар бойына сіңіріп,ұлттық рухта

тәрбиелеу,батырлықты,ерлікті дәріптеу.

Сабақ түрі: ашық сабақ

Әдісі: Семантикалық карта,Венн диаграмасы,топтастыру, ББҮ, бес жолды өлең, Инсерт, поэзия минуты.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Сабаққа қатысымды тексеру

3.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

І.Видеоролик көрсетіледі( Махамбеттің күйлері)


Мұғалім: Балалар сендер нені тыңдадыңдар?Бұл күй. Ал өлең, күйді орындаушы адамды кім дейді? Күйші, ақын дейді.

Ендеше балалар бүгін біз сабақта ақын, күйшімен танысамыз.

Ол Махамбет Өтемісұлы.Балалар, биылғы жыл біздің еліміз үшін несімен қымбат? Оған байланысты қандай игі істер атқарылуда?

Мұғалім: Біздер еліміздегі тәуелсіздігімізді мақтан ете отырып, үлкен жауапкершілікпен атап өтудеміз. Соған байланысты қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына орай, өз үлесімізді қосып, бүгінгі сабағымызды елінің азаттығы жолында күрескен дауылпаз ақын Махамбет туралы, шығармашылығы және оның басшысы болған, үзеңгілес досы Исатай туралы сөз етеміз.


II.Оқушылардың дайыпдап келген мәліметтері.


1.Махамбеттің балалық, жастық шағы;

Мұғалім: 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмы, Жасқұс деген жерде өмірге келген. Шыққан тегі Байұлы ішіндегі Беріш руынан. Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты, беделді би болған. Махамбет Қосуан есімді екінші әйелінен туған. Ол мұсылманша, орысша хат таныған. ХІХ ғасырдың І жартысындағы отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті ұйымдастырушы. 1838 жылы көтеріліс жеңіліске ұшырып, Махамбет аз ғана жасағымен Жайықтың арғы бетіне өтіп, бас сауғалайды.

Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, 
Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл. 
III.Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс;

2. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып,Жәңгір ханның үстемдігімен Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шығып, Исатай Тайманұлына қосылады. 

3. 1833-1836 жылдары Көтеріліске дайындық жүрді.

4. 1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды

5. 1836 жыл 14 сәуір күні «Қиялымола көтерілісі», Тастөбедегі шайқас» 

6. 1838 жылы 12 шілде күні Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Исатай ерлікпен қаза таты.

1846 жылы 20 қазанда күрескер ақын 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Махамбет ойы» деген жерде. 

Исатай қазасынан кейінгі Махамбеттің өмірі;

Мұғалімнің қосымша ақпараты.

-Балалар өршіл ақын Махамбет Өтемісұлының суреті сақталмаған.Белгілі антропол-мүсінші Н.Ж.Шаяхметов 1967 жылы ақынның бас сүйегі бойынша оның бет-әлпетін қалпына келтіріп бюстін сомдапты.Осы қалпына келтірілген мүсіндік бюст негізінде кентаулық әуесқой суретші М.Сариев ақынның портретін жасапты.Суреттің дәлдігін мүсінші Ноэль Шаяхметов портретке жазған пікірінде растапты.Сол кезден бастап бұл сурет музей экспозициясына қойылып, көпшілік назарына ұсынылып отыр.

9. 2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. 



1. 1803 жылы М. Өтемісұлы Ішкі Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Нарын құмының Жанқұс деген жерінде туған. 

2. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып,Жәңгір ханның үстемдігімен Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шығып, Исатай Тайманұлына қосылады. 

3. 1833-1836 жылдары Көтеріліске дайындық жүрді.

4. 1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды

5. 1836 жыл 14 сәуір күні «Қиялымола көтерілісі», Тастөбедегі шайқас» 

6. 1838 жылы 12 шілде күні Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Исатай ерлікпен қаза таты.

7. 1846 жылы 20 қазанда күрескер ақын 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Махамбет ойы» деген жерде. 

8. 1908 жылы ең алғаш рет Махамбеттің өлеңдері Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымырқазы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген. Ақынның 80-ге жуық өлеңі бар. Мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын Шәңгерей Бөкеев. 

9. 2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. 

IV.Махамбеттің шығармашылығы

Мұғалім: Балалар үйде жаттап келген өлеңдерін айтады. Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

Ерлікке, елдікке Исатайға арналған

шақыратын



«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»

«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»

«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»

асынбай» «Мінген ер», «Мінгені

«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»

салмай» «Исатай сөзі»

«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім

«О, Нарын!» өткен?»

Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.

Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.( аталған адамдардан Шәңгерей Бөкеевтің суреті қосымша көрсетілді.)

Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыңдар, Махамбеттің өлеңдерінің тақырыбы қандай : Ел, Халық жайы, Замана, Адам, Ерлік.

Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер: жер-су атаулары,туыстық атауы,қару-жарақ,қоғамдық-әкімшілік мәнге ие атаулар,кірме сөздер жаңа,ерекше сөздер,сөз тіркестері.

V.Махамбеттің өлеңі «Мен, мен, едім мен» атты өлеңіне ән орындалады.

Махамбет оқулары туралы мәлімет.

Мұндағы «мен» Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «мен» арқылы Махамбеттің ісі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға өшпенділігі көрініс береді.

- Махамбетке қалам тартқан ақын-жазушылардың шығармаларымен де танысқан боларсыңдар. Сол жайында не айтар едіңдер?

VI. Махамбет Өтемісұлы туралы жазылған әдеби шығармалар:

1.
Н. Шөреков «Исатай-Махамбет» поэмасы
2. М. Шаханов «Нарынқұм трагедиясы»
3. М. Неталиев «Арыстан еді-ау Исатай» поэмасы
4. Ф. Оңғарсынова «Алмас қылыш» поэмасы
5. Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі
6. Ә. Әлімжанов «Махамбеттің жыр жебесі»




VII.Семантикалық карта

VIII. Топтастыру: Ақынның шығармашылығын қорыта келе, Махамбет бейнесін

қалай көреміз?




Махамбет Өтемісұлы.



Батыр. Ақын. Күйші. Қайраткер. Шешен



Шаруалар көтерілісін ұйымдастырды

Жорық жырларымен көтерілісшілерге тың күш пен жігер берді.

«Жұмыр,Қылыш», «Өкініш», т.б. күйлері ел арасына тараған.

Елдің саяси ісіне араласты, мұсылманша, орысша сауаты болды,

Мірдің оғындай , өткір қылыштай сөздерімен хан алдында тайсалмай сөйлеп, халық тілегін жеткізе білді.











IX. Бес жолды өлең



X. Инсерт әдісі

Не білеміз?

Не білдік?

Нені білгіміз келеді?








XI. Қорытынды:

Венн диаграммасы.

Мұғалім: Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.Өзін есес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған.Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп ылғи ғана «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі.

Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 
Махамбет 
Махамбет... 
Білмеймін жел ме,сел ме 
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 


ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

М.Өтемісұлының өмірі бойынша семантикалық карта жасау.


ҮІІІ. Бағалау

Оқушылар білімі бағалау парағы арқылы бағаланады





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза? ?дебиетінен 9 орыс сыныбына арнал?ан "Махамбет ?теміс?лы" атты ашы? саба?

Автор: Шалгумбаева Айжан Сериковна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства