kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? б?йтерек а?ашын киелі санап

Нажмите, чтобы узнать подробности

?шпес із ?алдыр?ан –С?кен сері.

Ма?саты:А?ынны? ?мір жолы мен шы?армашылы?ын таныстыра отырып,оны? хал?ы ?шін жаса?ан е?бегіні? орасан зор екеніне о?ушы бойына дарыта отырып, ?з еліні? на?ыз потриоттарын т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, а?ынны? портреті,кітап к?рмесі,?нтаспа.

Ж?ргізуші:??рметті ?стаздар, о?ушылар! Сіздер  б?гінгі « ?шпес із ?алдыр?ан –С?кен сері»атты ?деби кешке хош келіпсіздер! Биыл біз а?иы? а?ын С?кен Сейфуллинні?    120 жылды? мерейтойын тойла?алы отырмыз.

 ?аза? б?йтерек а?ашын киелі санап, ?асиет т?тады, тамырын тере?ге жай?ан б?йтерек сан тарап?а жол ашып, к?кпен жарыса ?седі, ?за? жылдар бойы ?сіп - ?нетін а?аш екен. Бізді? ?аза? хал?ы ?з ?лдарын, батырларын ескеріп, е?бегін ба?алап, «бес арыс», «?ш б?йтерек» деп ?з с?рген ?о?амына ?арай, е?бегіне ?арай топтап, ба?алап келеді. ?ш б?йтерегіміз кімдер екен?
 Олар «Абайды? інілері, ?аза?ты? ірілері,
С?кен, Ілияс, Бейімбет - деп а?ын жырла?андай б?гінгі саба?ымызда а?ын Сырбай М?уленовше айтса?:
?лімге жан екенсі? ?ия алмайтын,
?ле?ні? ??ша?ына сыя алмайтын.
?аза?ты к?ргі? келсе, міне, осы деп
К?рсетсе жер ж?зіне ?ялмайтын,- дегендейін сегіз ?ырлы,бір сырлы а?ынымыз С?кен Сейфуллинні? ?мірі ж?не шы?армашылы?ымен танысамыз.

Ж?ргізуші: С?кен Сейфуллин 1894 жылы б?рын?ы А?мола облысы А?мола уезі, Нілді болысыны? Бірінші ауылында (?азіргі Жез?аз?ан облысы, Жа?аар?а ауданы) ту?ан. Сарыар?аны? са?ымды даласы, м?лдір сулары, тол?ы?ан Н?ра, Есіл ?зендеріні? бойы, алыстан к?з тарт?ан Оба, Ор тауларыны? бауыры – болаша? а?ынны? балалы? ша?ы ?ткен, жаз жайлау рахатын к?ріп, алтыба?ан теуіп, а?с?йек ойна?ан, ?ысты? боранды ?за? т?ндерінде ?иял-?ажайып, ерлік о?и?алар?а толы батырлар жырын естіп, мы? т?рлі сырмен адам ж?регін елжіретер ?н мен к?й ты?да?ан, айт пен тойды? ?ызы?ын к?ріп, айтыс пен б?йгені ?ызы?та?ан алтын бесік, ысты? ?ясы.

«Ту?ан жер» ?ле?і орындаушылар 7 сынып о?ушылары Айда мен Баян

Ж?ргізуші: С?кенні? ал?аш?ы ?ле?дер жина?ы «?ткен к?ндер» деген атпен 1914 жылы жары? к?рді. Поэзиялы? туындыларыны? ішінде С?кенні? шы?армашылы? ерекшелігі мен идеялы? - саяси ?станымын бедерлі ай?а?тайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас ?аза? марсельезасы», «Ж?мыскерлерге», «Жолдастар» сия?ты саяси лирикалары, сондай - а? «Советстан», «К?кшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «?ызыл ат», «А??уды? айырылуы» поэмалары. Проза саласында «Жер ?аз?андар», «Айша», «Бізді? т?рмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол тай?а? кешу» мемуарлы? роман жаз?ан. «Ба?ыт жолында», «?ызыл с???арлар» драмалары ?з заманыны? рухын танытатын елеулі шы?армалары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? б?йтерек а?ашын киелі санап»

Өшпес із қалдырған –Сәкен сері.

Мақсаты:Ақынның өмір жолы мен шығармашылығын таныстыра отырып,оның халқы үшін жасаған еңбегінің орасан зор екеніне оқушы бойына дарыта отырып, өз елінің нағыз потриоттарын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның портреті, кітап көрмесі, үнтаспа.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгінгі « Өшпес із қалдырған –Сәкен сері»атты әдеби кешке хош келіпсіздер! Биыл біз ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз.

Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап, қасиет тұтады, тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол ашып, көкпен жарыса өседі, ұзақ жылдар бойы өсіп - өнетін ағаш екен. Біздің қазақ халқы өз ұлдарын, батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «бес арыс», «үш бәйтерек» деп өз сүрген қоғамына қарай, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді. Үш бәйтерегіміз кімдер екен?
Олар «Абайдың інілері, қазақтың ірілері,
Сәкен, Ілияс, Бейімбет - деп ақын жырлағандай бүгінгі сабағымызда ақын Сырбай Мәуленовше айтсақ:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- дегендейін сегіз қырлы,бір сырлы ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығымен танысамыз.

Жүргізуші: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Оба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.

«Туған жер» өлеңі орындаушылар 7 сынып оқушылары Айда мен Баян

Жүргізуші: Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық - саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай - ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» , «Аққудың айырылуы» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалары.

 Сәкеннің «Біздің жақта» өлеңі оқылады. 5 «А» сынып оқушысы Аманхан Ақерке.

Жүргізуші:1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде,ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірілгені, ақпан революциясын ақын қуана қарсы алды, қазақ елі бостандық алып,бодандықтан құтылды деп сенеді.Сөйтіп ,ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жалындағы күреске бел шешіп араласады. Ақмолада ұйымдасқан Совдептің оқу-ағарту комиссары болып сайланады. «Тіршілік» атты газеттің шығаруға қатысады. Сәкен Сейфуллин – қызыл империя бүкіл билікті алып, өз дегенін жасап тұр­ғанда қиыннан жол тауып, халқы үшін қалтқысыз қызмет еткен ұлты­мыздың арыс ұлы. Ол 28 жасында үкі­мет басқарды.

Ал, 1918 ж маусым айында Сәкен бір топ жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі. Атаман Анненковтың «азат вагонында» көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады.

-Атыңнан айналайын қайран Сәкен, 
Ұмытпайм демім бар да тұлғанды әсем. 
Ту ұстап,тұлпар мініп,қол бастаған, 
«Тар жолда тайғақ кешіп»болдың көсем. 

Күй «Адай» Орынбаев Нұрсұлтан

Ал енді Сәкеннің НКВД түрмесінде түсірілген мына соңғы суретін көрудің өзі қорқынышты. Асыл азамат қандай адам төзгісіз азаптар көрген десеңізші! Ауыр соққыдан оң жақ көзі ақиланып, бұл кезде көруден қалған сияқты. Сағы сынған, сақалы өскен. Бір кездері мөлдірей қарайтын бота көздерінде ешқандай өмір қызығының белгісі қалмаған. Сүлесоқ, мән-мағынасыз, үмітсіз күйге түскен қажыған адамның дәрменсіз кейпі бұл.Адам төзгісіз ауыр азаптаулардың арасында НКВД жендеттері Сәкенді аяқтарынан жоғарыға мал сияқты асып қойып, қазақтың қаршадай балаларына: - Атаңа нәлет Сейфуллин!

- Халық жауы Сейфуллин!-деп бетіне түкіртіп, мұртын бір талдап жұлдырған деген де дерек бар. Сонда бұл қорлыққа шыдай алмаған асыл азамат:

- Мен көндім! Қағазға қол қояйын, балаларды алып кетіңдерші Құдай үшін!-деп жылапты.

Қор болған қайран Сәкен!

Алақанға салып, аялап ұстауға тиісті ардақты азаматты осынша мүсәпір күйге түсірген, атаман Анненковтың азап вагонының өзі сағын сындыра алмаған сұңқар ақынды өзіне таңылған жалаға қол қоюға мәжбүр еткен сталиндік зұлым жүйеге не деуге болады? Қаталдығы мен сойқандығы жағынан ол тіпті фашистік гестапоның өзін орта жолда қалдырғандай.

Сәкен НКВД абақтысына қамалғаннан кейін 3-4 айдан соң жары Гүлбаһрам онымен 5-10 минут кездесуге әрең дегенде рұқсат алыпты. Сонда бұрын мойныма әжім түседі деп тұтас денесімен бұрылып қарайтын, көйлегінің жағасына кір түсірмейтін, шалбарының қыры сынбайтын, денесінен қымбат иіссудың жұпар иісі бұрқырап тұратын сері Сәкенінің елесі де қалмағанын көрген жары алғашқыда оны танымай қалыпты. Сәкен жарының қойған сұрақтарына да жауап қатпай, мәңгіріп отыра берген көрінеді.

Көк желкесінен:

- Болыңдар! Уақыт бітті!-деп қарауыл солдат төніп тұр.

- Сәкен-ау, тым болмаса өзің қолыңнан түсірмейтін Аяныңды неге сұрамайсың?-деп жылапты сонда жары.

- А, не дейсің? Ол әлі тірі ме еді?-деп Сәкен селк ете қалыпты.

- Қой, қайдағыны айтпа. Аяның үйде, сені сағынып жүр,-дейді Гүлбаһрам.

- Әй, бір жаман түс көріп едім…-деп күмілжіпті Сәкен. Бұдан әрі сөйлеуіне мүмкіндік бермей, қарауыл солдат Сәкенді тас камераға қайта дедектетіп, алып кетіпті.

«Қамауда» өлеңін Муратова Айнұр оқып береді.

Ақыры Сәкеннің сол түсі айна-қатесіз тура келді. Тұлпардың артында қалған жалғыз тұяқ Аян көп ұзамай Алматыдан қашып шығып, Көкшетауға бет алған анасының қолында жолаушылар поезының ішінде қатты ауырып, қайтыс болған.Гүлбаһрам бір татар кемпірдің көмегімен кішкентай Аяннын мұсылмандар қорымының бір шетіне көмген екен. Осы бертінде Көкшетаулық азаматтар Аянның басына «Бұл жерде Сәкен сұңқардың бір тал қауырсыны жатыр» деп белгі тас қойды.

«Қажымұқан» өлеңін 5 сынып оқушысы Сайранбек Інкар оқып береді.

Табиғат - Поэзияның қайнар көзі . Көкшетау отан, туған жер туралы поэма. Онда тарихи оқиғалар айтылған. Көкшетау поэмасы көркем табиғаты көрсететін әсем де сұлу суреттерге толы.
« Көкшетау»поэмасынан үзінді оқылады. Орынбаев Нұрсұлтан, Серік Мөлдір.

«Аққудың айырылуы»- махаббат туралы аңыз. Поэма оқиғасы көркем көлдің жағасында өтеді. Көл табиғатына сүйсінген ақын ондағы жұбай аққудың жарасты махаббатын жырға қосады. Кенет осы екі аққудың бірін сұр мерген атып түсіреді. Екінші аққу жұбайының оққа ұшқанын көріп,мергеннің алдына келіп: «Мені де ат!» деп жалынады. Мерген ата алмайды. Жұбайсыз өмірді мағынасыз санаған аққу аспанға биіктеп ұшып,содан құлап өледі. Поэма адал махаббаты, сезімді, достықты қадірлеуге үндейді.

«Аққудың айырылуы» поэмасын Искакова Даяна оқиды.

Сәкен 1938 жылдың 25 ақпанында өзіне ату жазасын кескен «үштік» сотының үкімі шығар алдындағы соңғы сөзінде: Мен тергеу кезінде ауыр азаптауларға шыдай алмай, жазушы Галина Серебрякованың контрреволюциялық ұйымға қатысы бар деуге мәжбүр болдым. Сол сөзімнен бас тартамын. Адал адам ретінде өлгім келеді!-депті. НКВД жендеттері қанша жерден «сындырса» да, сын сәтте Сәкен Сейфуллин қатайып, өзінің бекзат болмысына қайта оралған. Бұл – айтар ауызға ғана оңай. ХХ ғасырдағы  Қазақтың ардақты ұлы-Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпандағы үкіммен өлім жазасына кесілген болатын. Үкім шыққан күн асыл азаматтың ағайындары, туған-туысы үшін ғана емес , барлық алаш жұртына азалы күн болып есептелгендігі анық. Ғұмырын елінің жарқын болашағына арнап,сол үшін күрескен қоғам қайраткері 1938 жылы 25 ақпан­да бар болғаны 25 минөтте ісі қа­ра­лып, қарғыс атқан 58-бап бойын­ша 43 жасында оққа байланып опат болды.

Ақбоз атты құлатқан – жала-керме,

Магаданға мола іздеп бара берме.

Сәкен деген – халқымның рухы ғой,

Рухтарды көмбейді қара жерге! — деп Алаштың ақберен ақыны Ғалым Жайлыбай айтпақшы, Сәкен – қазақ халқының көгінде мәңгі жарқырап тұратын жарық жұлдызы. Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Сондықтан да оның есімі мәңгілік біздің жүрегімізде.



Степногорск қалалық ББ

Қарабұлақ селолық орта мектебі.







Өткізген:Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

Қарағұлова Әсия Қойшанқызы.

2014-2015 оқу жылы













































Сыныптан тыс сабаққа өзіндік талдау.

Сабақтың тақырыбы:Өшпес із қалдырған –Сәкен сері.

Мақсаты:Ақынның өмір жолы мен шығармашылығын таныстыра отырып,оның халқы үшін жасаған еңбегінің орасан зор екеніне оқушы бойына дарыта отырып, өз елінің нағыз потриоттарын тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның портреті, кітап көрмесі, үнтаспа.

Сабақ Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арнап өткізілді. Сабақ көптеген мұғалімдердің қатысуымен өтті.

Сабаққа 5 сыныптан бастап-9 сынып оқушылары қатысты. Бұл сабақ мектептің акті залында өтті. Зал арнайы жабдықталды. Сәкеннің портреті мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Сыныптан тыс іс-шарада оқушылар Сәкеннің өмірі және шығармашылығынан көптеген тың мәліметтер алып, жан-жақты танысты. Және де оқушылар Сәкеннің поэзиялық өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Сәкеннің танымал поэмалары: «Көкшетау», «Аққудың айрылуы» атты поэмаларынан 9 сынып оқушылары үзінді оқылды.

Көрініс. Сәкеннің өмірінің соңғы кезінде НКВД түрмесінде 1938 жылы 25 ақпандағы үкіммен өлім жазасына кесілген болатын. Осы көріністі жоғарғы сынып оқушылары керемет сомдады. Сабақты қорытындылай келе, оқушыларға сабақ ерекше әсер етті. Оқушылар Сәкеннің өлеңдері мен поэмаларын өте жоғары дәрежеде орындады. Бұл сыныптан тыс сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Сәкеннің есімі оқушылар жүрегінде мәңгілік сақталып қалды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?аза? б?йтерек а?ашын киелі санап

Автор: Карагулова Асия Койшановна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства