kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және ҚР-ның әскери доктринасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және ҚР-ның әскери доктринасы.»

Сабақ жоспары

Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ №1 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 10-14.09.2018ж.

I.Тарау:Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетінде.

1.Тақ. 1.Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және ҚР-ның әскери доктринасы.2.Мақсаты: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,Әскери доктрина,ҚР Конституциясы,заңдары.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

б) Негізгі бөлім – 30 мин.

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері.

ҚР-ның әскери доктринасы.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК–ін құру міндеті тұрды.

1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК –ін құруды заңды түрде бекітті.

Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы, әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді.

ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген құрамалар құруға тиым салынады» делінген.

Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі - әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып табылады.

ҚР-ның Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуға, әскери құрылыс ісіне, сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау және ҚР-ның халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қолдануға негіз болатын көзқарастар жүйесі болып табылады.

ҚР-ың Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілді.

Әскери Доктрина әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Онда:

  • мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚК әрі қарай кезеңмен құру мен реформалаудың негізгі бағыттары;

  • әскери қауіпсіздікті әскери-экономикалық қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі принциптері, міндеттері мен бағыттары айқын көрсетілген.


Әскери доктрина ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдайларда әскери қауіпсіздік жүйесін жасауға бағдарланған болатын және тұтастай алғанда өзіне жүктелген қызметті атқарып шықты, ал жаңа доктрина соны дамыту мақсатында әзірленді.

2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және 2007 жылдың наурызында бекітілген жаңа Әскери доктринаға сәйкес қазіргі кезде мемлекеттің әскери саясатын және оның әскери ұйымын жаңа жағдайлар мен нақтылықтарға бейімдеу қажет болып отыр. Соған орай Қорғаныс министрлігі ҚК-ді жаңа тұрпатқа көшіру шараларын қолға алуда. Ал жаңа тұрпатқа көшу дегеніміз құрамы мен құрылымы жағынан теңдестірілген, осы заманғы қатерлерге бейімделген әскер құру болып табылады.

Жаңа доктринаны қабылдауға:

  • Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғырту;

  • өткір әлеуметтік-саяси қақтығыстармен және қарама-қайшылықтармен, халықаралық тұрақсыздықпен, әлеуетті қатерлердің бар болуымен сипатталатын әскери-саяси ахуалдағы өзгерістер себеп болды.

Құжатта атап өтілгендей, ҚР-ның геосаяси төңірегінде айтарлықтай өзгерістер болды, қауіп – қатерлердің түрлері көбейіп, ұлттық қауіпсіздік саласындағы бірқатар стратегиялық міндеттер өзгерді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қарулы күрестің құралдары мен осы заманғы әскери қақтығыстардың сипаты өзгеруде. Осыған байланысты Қазақстан өзінің әскери ұйымын бүгінгі таңдағы болмысқа бейімдеуге тиіс. Жаңа Әскери доктрина ҚК-ді дәйектілікпен жаңа тұрпатқа көшіруді және оларды мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік, әскери істегі инновациялар саласындағы саясатқа, әскери-саяси сапалық жаңа деңгейге шығарады.

Әскери доктринаға сәйкес, ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басты мақсаты – елді сыртқы агрессиядан және басқа да соғыс қатерлерінен қорғау, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау.

в)Қорытынды бөлім – 5 мин.


Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?

  2. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?

  3. ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

  4. Әскери доктринаның бағыттары қандай?

  5. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

  6. Әскери доктринаның басты мақсаты не?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров































Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 201__ ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №2 «11»а,ә,б – сынып

Күні: 10-14.09.2018ж.

I.Тарау:Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда.

1.Тақ. 2.ҚР ҚК-і жауынгерлік дәстүрлерінің қалыптасу тарихы.

2.Мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

б) Негізгі бөлім – 30 мин.

ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік. Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы. Даңқты батырлардың ерлігі. Ұлы Отан соғысы батырлары. ҚР-ның ҚК әскерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін қалыптастыру.

ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері.

Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құлық нормалары.

ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халыққа берілгендік, агрессорларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армия мен флотқа сүйіспеншілік; әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық, командирді құрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, егемен демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Қазақ халқының үш мың жылдан астам бай тарихы бар, халықпен бірге жаңа дәуірдің басында-ақ А. Македонский әскерлеріне күйрете соққы беріп, ұлы басқыншының шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан.

V111 ғасырда араб және қытай басқыншыларының Қазақстан жеріне қоныстанған мемлекеттерді бағындыру әрекетінен түк шықпады.Х111 ғасырдан бастап түрік тайпалары түрік-моңғол империясы құрамына кірді. Тарих деректері айғақтағанындай, Шыңғысхан әскерлерінің сол қанатын жауынгерлік өнері мен батылдығы үшін даңққа бөленген қазақ халқының ата-бабалары – түркілер құрған, ал олардың қолбасшылары қарсыласқа тұтқиылдан, тылда және қапталға бойлай еніп шабуыл жасай алумен ерекшеленетін.1466 жылы құрылғанынан бастап, 530 жыл өмір сүрген Қазақ хандығы Орталық Азия гегемоны болып табылды, ал көршілерді шебер қолбасшылар бастаған қазақ атты әскерінің әскери қуатын сыйлауға және олармен есептесуге мәжбүр етті. Жоңғар басқыншылары қазақ мемлекетіне қарсы агрессия бастай отырып, қанқұйлы да күшті жауларға күйрете соққы берген тең емес шайқастарда жеңіске жеткен қазақ жауынгерлерінің күші мен қуатын мойындады, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, т.б. батырлар есімін азиялықтар да, одан тыс жердегілер де жақсы білді.

Қазақтар әрқашан епті де ержүрек жауынгерлер бола білді, олар жорықтық ұрыстың барлық ауыртпалығы мен азабын аттың үстінде жүріп көтере білген. Сондықтан да Аманкелді Иманов, Бекболат Әшекеев және т.б. көптеген әскери басшылардың болуы заңды да.1918-20жылдары Қазақстан аумағында: 4атты әскер бригадасы, 4атты эскадроны, 4жаяу әскер полкі, 8қарауыл ротасы және т.б. бөлімшелер болды. Олар Азамат соғысына белсене қатысты.Азамат соғысынан кейін Қазақстан аумағында Орта Азия және Түркістан әскери округі әскерлері орналасты.

Біздің ҚК-іміздің ерлік тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың батырлығында толық және айқын аңғарылады. Қазақстаннан майданға 1млн 200мың адам кетіп, оның 600 мыңнан астамы оралған жоқ. Олар Отан үшін, біздің болашағымыз үшін өздерінің қымбат өмірін қиды. Қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы туралы талай жазылды. Әсіресе Мәскеу түбіндегі 28-гвардияшы-панфиловшылардың аңызға айналған ерлігін атап айтқан жөн.

Біздің ҚК-іміздің жас жауынгерлері ардагерлердің лайықта ізбасарлары болды және неміс басқыншыларымен шайқаста өздерін мәңгі даңқа бөледі. Олар, аты аңызға айналған адамдар – екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары – Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов және Кеңес Одағының Батырлары – Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы және көптеген басқа адамдар тек тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.

Соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, С.Нұрмағамбетов, Н.Тайыпов Республиканың жоғарғы марапат белгісі – «Халық қаhарманы” атағына ие болып, “Алтын жұлдыз” белгісін алды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандықтар бар, оның 97-сі қазақ; 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Соғыс жылдарында республика аумағында көптеген әскери-оқу орындары жұмыс жасады. Солардың бірі – Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940жылы маусым айында ашылды. Училищеде барлығы 6333офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар бригадасынан 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.

Алматының 22-ші әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиаполктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады.

1941жылдың қарашасынан 1945жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943жылдың наурыз айынан бастап, 141офицерді дайындап шығарды.

Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және әскери десанттық мамандар дайындайтын әуе училищесі 244 ұшқышты оқытып шығарды.

Харьков обылысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға – Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары 3228 ұшқыш дайындады.

Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4097 әуе маманы даярланды.

Алматыға Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссиараты училищесі көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында ҚР Шекара әскерлерінің институты құрылған.

Сонымен, барлығы біздің республиканың аумағына 1941-45 жылдары 27 әскери-оқу орындары орналасты. 1941-45 жылдары бұл училищелерде 16мың офицер, 10500 сержант оқып, 10мыңнан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.

Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрі қазіргі уақытта да дамып келеді. ҚРҚК құрамына Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған бірнеше дивизиялар кіреді. Олардың ішінде біздің елімізден тыс жерде құралған Уман гвардиялық дивизиясы бар.

Орденді гвардиялық дивизияның даңқты жауынгерлік жолы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында ол қатысқан Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград, Курск шайқастары, Корсунь-Шевченко, Уман-Боташанск операциялары, Будапешт шайқасы және Вена операциясы арқылы білуге болады.

Дивизияның 8 жауынгері Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. 11-ші дәрежелі Суворов ордені Уман дивизиясы атағына Корсунь, Кишинев және Вена полктерінің атақтары қосылды. Гвардияның жауынгерлік туына полктердің наградалары: Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий ордендері қосылды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бұл дивизияға құрметті атақ – Қарасай батыр аты берілді.

в) Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жауынгерлік дәстүр ұғымының мәні неде?

  2. Қазақстан аумағындағы әскери істің даму тарихы туралы не білдіңдер?

  3. Даңқты батырларды атаңдар, олардың ерлігі туралы баяндаңдар.

  4. Өздерің білетін Ұлы Отан соғысының батырлары туралы айтыңдар.

  5. Соғыс жылдарындағы Қазақстан аумағындағы әскери оқу тарихы туралы не білесіңдер?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.







Әскери жетекші: Х.Темиров




Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №3 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 17-21.09.2018ж.

II.Тарау:Саптық дайындық.

1.Тақ. 3.Орында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс.

2.Мақсаты: Оқушыларға саптық адыммен, қозғалыстуралы түсінік беру, үйрету.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: Басылымдар. Саптық жарғы. АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) . Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

- Патриотизм дегенміз не?

- жауынгерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеудің жолдары қандай?

- Әскери оқу орны туралы, оқуға қабылдау шарты қандай?

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Қозғалыс

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 70-80 см.

Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.

Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау "Саптық адыммен - БАС" командасы бойынша басталады.

Жорықтық адыммен қозғалыс "Адым - БАС" командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.

Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде (122 а -сурет) аяқтың ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.

Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға - оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа - иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ "ТІК ЖҮР" командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде "ЕРКІН ЖҮР" командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Жүгіре қозғалыс жасау "Жүгіре - БАС" командасы бойынша басталады.

Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.

Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Жүгіруден адымға ауысу үшін "Адым - БАС" командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Орнында тұрып адым жасау "Орныңда адым - БАС" (қозғалыста - "Орныңда") командасы бойынша жасалады.

Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (122 -сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін "ТУРА" командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

Қозғалысты тоқтату үшін "ТОҚТА" командасы беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов - Тоқта".

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: "КЕҢ АДЫМ", "ҚЫСҚА АДЫМ", "ЖИІ АДЫМ", "СИРЕК АДЫМ", "ЖАРТЫ АДЫМ", "ТОЛЫҚ АДЫМ".

Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым - БАС".

Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, онға (солға) екі адым жасау керек.

Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: "Екі адым алға (артқа), адым - БАС".

Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.

Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.


Қорытынды бөлім – 5 мин.


Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Саптық адыммен қозғалыс

  2. Жорықтық адыммен қозғалыс жасау


Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров
























Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №4 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 24-28.09.2018ж.

II.Тарау:Саптық дайындық.

1.Тақ. 4.Қозғалыстағы бұрылулар.

2.Мақсаты: Саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - Саптық алаң.

5.Көрнекілік құралдар: Саптық стенд, АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

- Сап дегеніміз не?

- Маңдайшеп дегеніміз не?

- Қатар дегеніміз не?

- Қаптал дегеніміз не?

- Арқалық дегеніміз не?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.


Қозғалыста бұрылулар

Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла — БАС».

Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.

Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.

Бірінші кезекте әскери жетекші қозғалыстағы бұрылуларды тұтас орындап жаттығушыларға түсіндіріп алғашқы даярлық жаттығу — оңға бұрылуды үшке бөліп , “Жаса-БІР!”,”Жаса-ЕКІ!”,”Жаса-ҮШ!” командаларды беру керек.

“Жаса-БІР!” команда бойынша сол аяқпен бір адым жасап, қолдармен қозғалыс жасап , сол аяқпен тұру керек. “Жаса-ЕКІ!” дегенде сол аяқтың ұшымен бұрылып, оң аяқпен алға созу қозғалысын жаңа бағытта жалғастыру керек.”Жаса-ҮШ” саны бойынша сол аяқты оң аяққа қою керек.

Солға бұрылуды, төрт адыммен жасау керек, оң аяқтың ұшымен бұрылу керек.

Артқа бұрылуды төрт санға бөліп үйреткен дұрыс.

“Жаса-БІР!” команда бойынша оқушылар сол аяқпен бір адым жасайды, “Жаса-ЕКІ!” дегенде оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылуы керек.

“Жаса-ҮШ!” пәрмені бойынша қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек. “Жаса-Төрт!” дегенде оң аяқты қосу керек.

Жаттығу кезінде оқушылардың шұғыл бұрылуына және қол қимылдарының орындалуына баса назар аудару керек.

Бірінші даярлық жаттығуды меңгергеннен кейін оқушыларға жаттығуларды өз беттермен жаттығуға команда беріледі . Ал әскери жетекші сырттарынан бақылау жасай отырып, қате жіберген оқушыларға қателерін түзетуге көмектеседі.

Бұдан кейін жаттығушылар бір- бірден саптық алаңның периметрі бойынша оңға және солға бұрылуларды жасайды. Осылай бірнеше рет қайталана отырып әскери жетекші қателерді түзетіп отырады.

Жаттығушылар екі топқа бөлініп саптық алаңда қарама-қарсы қатарларға тұрады. «Саптық адыммен – БАС» команда бойынша алға қозғалады және бір біреуне жақындағанда (3-4 метр ) артқа бұрылып өз орындарына тұрады. Осылай бірнеше рет қайталанады.

Соңынан әскери жетекші оқушыларды екіден, төрттен саптан шығарып «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла — БАС» командалар бойынша жаттығуларды жасатады.

в) Қорытынды бөлім

Жаңа тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап қайтару,жіберілген қателерге талдау жасау, оқушылардың білімін бағалау, сабақ тақырыбына байланысты үйге тапсырма беріледі.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Саптық адыммен қозғалыс

  2. Жорықтық адыммен қозғалыс жасау


Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров

Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №5 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 01-05.10.2018ж.

II.Тарау:Саптық дайындық.

1.Тақ. 5.Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

2.Мақсаты: Әскери сәлемдесу туралы жалпы мағлұмат беру және тәжірибе жүзінде орындау.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - Саптық алаң.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, саптық стенд және жеке дара саптық жаттығуларға арналған стенд.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  1. Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

  2. Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

  3. Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

  4. Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?

  5. Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.

Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.

Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.

Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.

Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (саптық Жарғының 64-тармағы);

Бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.

Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.

Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.

Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша «аяққа» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

бірінші тәсіл – карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ – көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі – қарубау деңгейінде болу керек .

екінші тәсіл – оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).

Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.

Карабин «қарауылға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:

бірінші тәсіл – оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

екінші тәсіл – карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

үшінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек. Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «қарауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.


Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Бас киімсіз әскери сәлемдесу қалай орындалады?

  2. Бас киіммен әскери сәлемдесу кезінде қол қандай жағдайда болады?

  3. Қарумен әскери сәлемдесу қалай орындалады ?

  4. Қарумен қозғалыста әскери сәлемдесу қалай орындалады?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров










































Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №6 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 08-12.10.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ. 6. Азаматтық қорғаныс.

2.Мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныстың міндеттері мен атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: Басылымдар. АҚ заңы. АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  • әсери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

  • сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Қазақстан Республикасының басты қорғанысы оның Қарулы Күштері. Дұшпанның шабуылына соққы беру немесе оның талқандалуы үшін — бүкіл халықты және шаруашылык нысандарын жаппай жою қаруына қарсы дер кезінде дайындаудың маңызы зор. Бұл міндетті орындау Қазакстан Республикасының Азаматтық қорғанысына (АҚ) жүктеледі.

' Азаматтық қорғаныс — басқару ұйымдарының мемлекеттік жүйесі мен техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазіргі кездегі жаппай жою қаруының әсерінен аумақ пен шаруашылық нысандарын, халықты қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында өткізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлікке; орталық, жергілікті өкілетті және атқару ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына, меншік түріне қарамастан мекемелерге, Қазакстан Республикасының азаматтары мен лауазымды тұлғаларына, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтығы жоқ тұлғаларға жүктелген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Азаматтык қорғанысын жүргізу республиканың тұтас аумағында аймақтык-өндірістік ұстаным бойынша ұйымдастырылады.

АҚ жалпы басшылығын Премьер-Министр — Қазакстан Республикасының АҚ бастығы жүзеге асырады.

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнінде Орталык атқару ұйымы жүзеге асырады, оның басшысы Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары (лауазымы бойынша) болып табылады.

Орталық, жергілікті атқару органдары мен ұйымдарындағы қорғанысқа басшылықты Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары (лауазымы бойынша) болып табылатын бірінші басшылары жүргізеді.

Азаматтык қорғаныстың басты міндеті — халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу), аумақ пен шаруашылық нысандарын қорғау.

Халықты, шаруашылық нысандары мен аумақты қорғау халық әрекет етуінің ықтималды тәсілдерін ғылыми түрде анықтау негізінді және адамдардың апат болуының алдын алу, шығындарды азайтуға мүдделі мекемелер мен аумақтарды өз уакытында (күнібұрын) дайындау негізінде іске асырылады.

Азаматтық қорғаныс қызметімен орындалатын алуан түрлі міндеттер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

— бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде және
қазіргі кездегі жаппай жою қаруын қолдануда халықтың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;

— мекемелер мен халық шаруашылығының салаларындағы жұ-
мыс тұрақтылығын арттыру;

  • халықтың өмірін қамтамасыз ету;

  • төтенше жағдай қалыптасқан аймақтарда және зақымдану ошақтарындағы құтқару, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу мен ұйымдастыру.

Қаланың (ауданның, кенттің) Азаматтық қорғаныс жүйесіне шаруашылық нысандары (зауыттар, мекемелер, оқу орындары) кіреді. Кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының меңгерушісі шаруашылық нысандарының Азаматтық қорғаныс басшысы болып табылады. Ол озіне қарасты нысандағы Азаматтық қорғаныс шараларының үйымдастырылуы мен үнемі дайын болуына толық жауапты.

Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін нысанда оз жұмыстарын Азаматтык қорғаныс басшысының шешімдерімен сәйкес жүргізетін Азаматтық корғаныс штабы мен қызметі ұйымдастырылады. Сонымен катар нысанның Азаматтык қорғаныс басшысының қатысуымен эвакуациялық комиссия кұры-лады.

Азаматтық корғаныс штабының жұмысын штаб басшысы басқарады, ол нысанның Азаматтық қорғаныс басшысының орынбасары болып табылады және штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты.

Әдетте, нысанда мынадай қызметтер ұйымдастырылады: байланыс қызметі, тасалар мен паналарға қызмет корсету, радиацияға және химиялық қаруға қарсы қорғаныстар, медициналық, апаттық-техникалык, өртке қарсы, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б.

Орта оқу орындарында оқыту түріне (саласына), оқытушылар мен оқушылар санына, сондай-ақ оқку-материалдық базасына байланысты құткару жасақтары мен топтары, барлау топтары мен радиациялык және химиялык бақылау посттары, санитарлық посттар, қоғамдык тәртіпті қорғау топтары, байланыс буындары, өртке қарсы буындар, тасалар мен паналарға қызмет көрсету топтары құрылуы мүмкін. Олар оқытушылар, оқушылар мен қызмет көрсетуші тұлғалар қатарынан жасақталады.

Қызмет көрсету құрамалары құтқару жұмыстары кезінде арнайы шаралар өткізеді (барлау жасау, залалсыздандыру, алғашқы медициналық жәрдем керсету, тасалар мен паналарға қызмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б.), сондай-ақ жалпы мақсатта қызмет көрсетуші топтардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді және күшейтеді.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар .

  • Азаматтық қрғаныстың міндеттері.

  • Оқу орындарындағы құрылатын құрамаларды атаңдар ?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров


Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №7 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 15-19.10.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ.7.Заманауи зақымдау құралдары. Ядролық қару.

2.Мақсаты: Оқушыларға Ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері, ядролық жарылыстың зақымдану факторлары туралы түсінік беру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: Басылымдар. АҚ заңы. АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин .

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  • Азаматтық қорғаныстың міндеттері.

  • Оқу орындарындағы құрылатын құрамаларды атаңдар?

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді. Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады. Ядролык оқ-дәрі жарылған кезде секундтың миллионнан бір үлесінде орасан көп мөлшерде энергия белініп, ядролық реакцияның өту аймағында температура бірнеше миллиондаған градусқа жетіп, ең үлкен қысым атмосферада миллиардқа жетеді. Жоғары температура мен қысым өте күшті соққы толкынды туғызады.

Соққы толқыны және жарыктық сәулеленумен қатар, ядролык жарылыстың нөтижесінде нейтрондар, у-кванттар ағымынан түратын өткір радиация бөлінеді. Жарылыс бүлтында көп мөлшерде радио-активті онімдер — бөлініс жарыкшақтары болады. Осы бұлттың жылжу жолында одан радиоактивті өнімдер жерге түседі де, соның нәтижесінде жергілікті жер, нысан мен ауа залалданады.

Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электро-магнитті импульс (ЭМИ) түзіледі. Ядролық жарылыстың негізгі закымдаушы факторлары осылай пайда болады.

Ядролык жарылыс кезіндегі құбылыстар, белгілі бір мөлшерде өзі өтетін ортаның жайы мен қасиеттеріне байланысты. Көбіне мұндай орта ауада болуы мүмкін.

Биіктегі ядролық жарылыс— ракеталар мен үшақтарды жер бетіндегі объектілер үшін қауіпсіз биіктікте (10 км-ден астам) жою мақсатымен жасалатын жарылыстар. Жою факторлары — соққы толқын, жарық сөулелену, өткір радиация жөне электромагниттік импульс.

Әуедегі ядролық жарылыс — 10 км-ге дейінгі биіктікте жасалатын жарылыс; онда жарқылды аумақ жерге (суға) тимейді. Олар томендегі және жоғарыдағы болып болінеді. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, төменгі жарылыстағы өткір радиация мен электрмагнитті имітульс.

Жер (су) бетіндегі ядролық жарылыс — жер (су) бетінде жасалатын жарылыс, онда жарқылды аумақ жер (су) бетіне тиеді, ал шаң (су) бағаны түзілген сәттен бастап жарылыс бүлтымен қосылады. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, еткір радиация, төңіректің күшті радиациялық зақымдануы және электрмагнитті импульс .

Жер (су) астындағы ядролық жарылыс жер (су) астында жасалған және ядролық жарылғыш зат онімімен араласқан орасан көп топырақ (су) кетерілумен сипатталады. Жер асты ядролық жарылысының жоюшы және қиратушы өсері негізінен сейсмикалық жарьшғыш толқындармен (негізгі зақымдау факторы), жерде шүңқыр пайда болуымен жөне төңіректің күшті радиациалық зақымдануымен ерекшеленеді. Жарық сәулелену мен өткір радиация болмайды. Су астындағы жарылысқа тән сипаттасу котерілуі, су бағаны қайта түскендегі пайда болатын базистік толқын.

Жарылыс болған нүкте ядролық жарылыстың центрі деп, ал оның жер (су) бетіндегі проекциясы эпицентрі деп аталады.

Ядролық жарылыстың жою факторлары мыналар: соққы толқын; жарық сәулелену; өткір радиация; радиоактивтік зақымдау; электрмагниттік импульс.

Соққы толқын— негізгі жою факторы. Ғимараттар мен құылыстардың қирап-бүлінуінің, соңдай-ақ адамдардың жаппай қырылуының көпшілігі осы соққы толқынынан болады.

Ядролық жарылыстың соққы толқыны жарылыстың центріңде жарқылды қызған газдар массасының үлғаюынан пайда болады және ауа күрт қысылған аумақ болып табылады да, жарылыстың центрінен жан-жаққа дыбыстан ұшқыржыддамдықпен тарайды. Ім қашықтықты соққы толқын 2 секуңдта, 2 км-ді 5 секуңдта, 3 км-ді 8 секунд ішінде өтеді. Соққы толқынның жоюы артық қысымнан, сондай-ақ ауаның толқынды қозғалысынан болатын лақтыру әрекетімен жасалады. Ашық жерде болған адамдар мен техника негізінен соққы толқынның лақтыру әрекетінен жойылады, ал көлемді объектілер (ғимараттар және басқалар) артық қысымның әрекетінен қирайды.

Жоюға соққы толқынның жанама әрекеті де себеп болады (ғимараттардың, ағаштардың жөне т.с. бөлшектері). Бірқатар жағдайларда зардаптар соққы толқынның тікелей өрекетінен гері жанама әрекетінен ауырырақ және жойылғандар саны кобірек болып шығуы мүмкін.

Жарық сәулелену — бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Ол ядролық жарылыстың қызған өнімі мен қызған ауада түзіледі.

Жарық сәулелену тері қабатын күйдіруі, кезді зақымдауы (уақытша көрмей қалу), өр түрлі жанғыш материалдар мен объектілерді жандырып, дүмпітуі мүмкін. Күю зақымданудың ауырлығына қарай 4 дөрежеге бөлінеді: бірінші — терінің қызаруы, ісініп ауруы; екінші — қолдырау; үшінші — тері мен талшықтардың жансыздануы; төртінші — терінің буылтықтануы.

Өткір радиация — ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма-сәулелер мен нейтрондардың ағыны. Бүл зақымдаушы фактордың барлық тіршілік иелеріне (соның ішінде адамға да) әсері — организмнің құрамындағы атомдар мен молекулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік функциялары бүзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.

Атмосфераның жерге жақын қабатының, ауа кеңістігінің, төңіректің радиоактивтік зақымдануы ядролық жарылыс кезінде оның бүлтынан радиоактивтік заттардың (РЗ) түсуінен болады. Жер бетіне біртіндеп жауып радиоактивті заттар радиоактивтік із деп аталатын радиациялық зақымданған өңір түзеді. Төңірек радиоактивті зақымданған аудандарда адамдардың зақымдану қаупі күндер, апталар және тіпті айлар бойы сақталуы мүмкін.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Ядролық қару

  • Ядролық қарудың зақымдаушы факторы

Сабақты қорытындылау

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров




































Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №8 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 22-26.10.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ.8. Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.

2.Мақсаты: Оқушыларға Ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері, ядролық жарылыстың зақымдану факторлары туралы түсінік беру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: Басылымдар. АҚ заңы. АӘД оқулығы.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  • Жаппай жою қаруына(ЖЖҚ) қарулардың қандай түрлері жатады?

  • ЖЖҚ мен мен қарапайым қарудың айырмашылығы қандай?

  • Ядролық қару дегеніміз не? Зақымдаушы факторларын атап бер.

  • Ядролық қарулардан қалай қорғануға болад?

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқынына, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта айтарлықтай әсер етуі, адамдарға, әскери техникаға, қару-жарақ пен құрылыстарға ядролық оқ-дәрілер зақымдау әрекетінің араластығымен сипатталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары (Поражающие факторы ядерного взрыва) — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.

Жеке құрамның аралас зақымдану кезінде соққы толқыны әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға, зиянды сәулеленуге шалдығудан пайда болған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін. Кейбір әскери қару-жарақтармен әскери техника түрлері, құрлыстар мен мүліктерді соққы толқыны әсерінен қирап, бір уақытта зиянды сәулегешалдығу арқылы жанып кетеді. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптар электромагниттік импульс және ядролық жарылыстың ионданған сәулеленуі әсерінен қатардан шығуы мүмкін, бұл нейтронды оқ-дәрілер жарылысына тең.

Аралас зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы, сәуле ауруы жаралар мен күйіктердің жазылуын қиындатады. Ол өз кезегінде, сәуле ауруын асқындатады, жұқпалы ауруларға адам ағзасының иммунитетін төмендетеді.

Зақымдауды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр,орташа және жеңіл болып бөлінеді. Өлтіретін мен өте ауыр адам үшін өте қауіпті, көбнесе өлімге әкеледі. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне әдетте қауіпті емес белгілі бір уақытта жеке құрамның ұрысқа қабілеттігінен айырады. Жеке құрамның соққы толқынның немесе зиянды сәулеге шалдығу әсерінен қатардан шығу жеңіл зақымдану, ал орташа зақымданудан кейін арнайы медициналық орталықтарда жатып емделуге тура келеді. Ядролық жарылыс өткенен кейін не біраз уақыт өткеннен кейін жеке құрам қабілетсіздік танытуы мүмкін, соққы толқын мен өткір сәулелену адамға бірден әсер етеді, ал өткір радиация біраз уақыттан кейін, айлар өткенен кейін ауруға шалдығудың белгілері білінуі мүмкін. Ядролық жарылыстан кейінгі зақымдану факторларының әсерінен жарақат алу қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді.

Қайтарылмайтынға медициналық көмекке дейін қаза тапқандарды, емделу мекемелерінде не емделуге жататын ауруларды санитарлық деп атайды. Ал қару-жарақ пен әскери техникалардың істен шығуы әдетте соққы толқынның әсерінен болады. Олар жеңіл және орташа бүлінуі мүмкін. Күшті зақымданғандар жөндеуге келмейді, не күрделі жөндеуді талап етсе толық зақымдану мүлдем жарамсыз болғандары. Құрлыстардағы зақымдану: әлсіз, орташа және толық болып келеді. Ядролық жарылыс кезінде үйінділер мен өрт аймағы пайда болады.

Зақымданудың координаталық заңы. Ғимараттарға ядролық жарылыс кезіндегі келтірген шығынына қарай мынандай факторлар түсіндіріледі:Жарылыс орталығына (эпицентріне) қатысты нысана коорд.ның мақсатымен;

  • Оқ-дәрінің зақымдау әсері қарқындылығымен;

  • Нысананы жою шамасының деңгейімен;

  • Нысананың әлсіздігімен;

  • Жарылыс орталығына қатысты алғандағы жергілікті жер нысандарының орналасуы мен бағдарының айырмашылығымен.

Зақымданудың координаталық заңы ядролық оқ-дәрі жарылысының орталығымен салыстырғанда нысанның зақымдалу мүмкіндігінің ауырлығы оның көрсетілу орнынан төмен емес жерімен байланыстылығын көрсетеді.

Зақымдау нысандарын топтастыру. Нысан зақымдалуда ядролық соққының әсер етуі төмендегідей факторларға байланысты:

- нысанның түрі, өлшемі және жылжымалылығы;

- нысанның қарапайым зақымданудағы беріктігі;

- жарылыстың күші, түрі, саны;

- соққы кезіндегі жергілікті жердің бедері мен метеорологиялық жағдайы.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Аралас зақымданулар неге енгізіледі?

  • Ядролық жарылыстан зақымдану дәрежелеріне қысқаша сипаттама бер.

  • Қару-жарақ пен нысандар зақымдануы туралы не айта аласыңдар?

Сабақты қорытындылау

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.





Әскери жетекші: Х.Темиров







































Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №9 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 05-09.11.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ. 9.Химиялық қару.

2.Мақсаты: Оқушыларға жаппай жою қаруларының,оның ішінде химиялық қарудың жойқын күші мен орны толмас зардаптарға ұшырататынан түсіндіру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  • Азаматтық қорғаныс деген не?

  • Жаппай жою қару түрлері қандай?

  • Ядролық жарылыс түрлері?

  • Ядролық қарудың зақымдау факторлері қандай?

  • Соққы толқыны деген не?

  • Жарық сәулелену туралы не білесіздер?

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Химиялық қару-ұрыстың улы химиялық заттарды қолдануға негізделген жаппай жою қаруларының бірі.

Улағыш заттар зақымдану әрекетінің басталу жылдамдығына қарай өлтіретін, саптан уақытша шығаратын және қысқа уақытқа саптан шығаратын болып бөлінеді.

У3 ұрыстың қолдану сәтінде бу (газ) аэрозоль (түтін,тұиан,сіркіреу) не сұйық-тамшы түрінде болуы мүмкін.

Химиялық оқ-дәрілерді қолдану сәтінде пайда болған бу мен аэрозоль бұлты зақымданған ауаның бастапқы бұлты деп аталады.

У3 әсерінің ішінде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының шығыны болған аумақ химиялық зақымдану ошағы (ХЗО) деп аталады.

ХЗО және зақымдалған ауа бұлты жайылған аумақ химиялық зақымдалған аймақ деп аталады.

Улағыш заттарды топтастыру және қысқаша сипаттамалары.

Адам ағзасына әсеріне қарай улағыш заттар төмендегідей болып бөлінеді.

1)Жүйкені жансыздандырғыш У3: VX (ви-икс),зарин,заман.

Зарин-түссіз не сарғыш сұйық.Исі жоқ,қыста қатпайды. Қай қатынаста да болсын сумен,органикалық еріткіштермен араласады,майларда жақсы ериді.

Вик-икс ұшпалы емес түссіз сұйық,исі жоқ,қыста қатпайды.Суда біршама ал органикалық еріткіштер мен майда жжақсы ериді.Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім 6 айға дейін зақымдайды,негізгі ұрыстың күйі ірі дисперсті аэрозоль.

Заман қасиеттері жағынан зарин мен ВХ аралығында.Ағазаға қалай түссе де зақымдайды.

Зақымдау белгілері: түкірік тоқтамау,қарашықтың тарылуы,тыныстың қиындауы,жүрек айну,ққұсу,іш өту,паралич,қорқыныш пен естен тану сезімі,бірнеше сағат сіңірлерінің тартылуы.

2)тері іріңдеткіш У3: иприт,люизит.

Иприт-аздап сарғыш не қара қоңыр,сарымсақ не кыша иісі шығып тұраиын,органикалық еріткіштерде жақсы,муда нашар еритін сұйық.Судан ауыр-140 С температурада қатады.Жазда төңіректі 2 тәулікке дейін,қыста 2-3 апта зақымдай алады.Жасырын кезеңі болады.

Зақымдау белгілері: тері қызарады,ұсақ күлдірегендер шығып кейін жарылады да,жазылуы қиын жараға айналады.Тыныс жолы құрғақшып ашиды.одан әрі кілегей қабық өқатты ісіп,іріңдейді.Қатты уланғанда өкпе қабынады да 3-4 кейін адам тұншығып өледі.Көз қабаты ісініп қатты былшықтанады.Асқазанға түскенде ауырады,түкірік көбейеді,жүрек айниды,құстырады,іш өтеді.

Люизит-қазтамақ жапырағының исі бар қара-қоңыр майлы сұйық.Улылығы жөнінен иприттен 3 есе асып түседі.Ағзаға түскеннен соң 2-5 минуттан кейі зақымдау кейін зақымдау белгілері білінеді:жөтелтеді,түшкіртеді,мұрыннан су ағады,жүрек айниды,бас ауырады,дауыс шықпай қалады,құстырады,әл құриды.Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады,иері күйеді.Люизитпен қатты уланған адам өледі.Әскеридер оны (өлім шығы) деп атайды.Тері іріңдеткіш У3 қолданғанда газтұмылдырық,қорғаныш киім кию және панада юолу керек.

3.Тұншықтырғыш У3:фосген,дифосген.

Фосген-түссіз газ,ауадан 3,5 есе ауыр,қызған шөп не шіріген жеміс исі шығып тұрады.Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды.Ұрыстық күйі бу.Төңіректегі тұрақтылығы 30-50 мин.Сай-жыраларда 2-3 сағат тұрып қалуы мүмкін.Ағзаны оның буымен демалғанда зақымдайды:көздің кілегей қабығы тітіркенеді,жас ағады,ауыз жылымшы татиды,аздап бас айналлады,әл құриды,жөтелтеді,кеуде қысылады,жүрек айниды (құстырады).

Зақым ошағынан шыққаннан кейін бұл белгілер жоғалып зардап шегуші адам 4-5 с ағат ештеңе болмағандай сезінеді.Жасырын әрекет басталып,өкпе қабынады,тыныс тарылады,қызу көтеріледі,су ағып,жөтеледі,бас ауырады,ентікпе байқалып жүрек соғуы жиілейді.

Зардап шегушігеи противогаз кигізеді,зақымданған ауданнан шығарып,жылы қымтап тыныш жатқызып қояды.(жасанды дем алдыруға болмайды).Қорғаныш,противогаз,пана.

4. Жалпы улы әрекетті У3:көгерткіш қышқылы,хлорциан.

Көгерткіш қышқылы-түссіз,тез буланатын,ащы бадам иісті сұйық, -140 С-та қатады,сондықтан хлорциан не басқа араластырып қолданады.Ірі калибрлі авиабомбалармен қолданады.

Оның буымен зақымдалған ауамен демалғанда ауыз темір тартып ашиды,тілдің ұшы ұйиды,көздің тұсы шаншиды,тамақты қырнайды,әл құрып,бас айналады.Одан әрі қорқыныш сезім пайда болады,қарашық үлкейеді,тамыр соғуы сиреп,тыныс алу біркелкі болмайды.Зақымданған адам есінен танып,сіңірлері тарталады,паралич басталады,дем алу тоқтап,адам өледі.

Хлорциан-көгерткіш қышқылдан көрі ұшпа,түссіз,исі мүңкіген сұйық.Токсиндік қасиеттері жағынан көгерткіш қышқылға ұқсас,өзгешелігі жоғарытыныс жолдары мен көзді тітіркендіреді.

Қорғаныш: противогаз,пана,антидот.

5.Тітіркендіргіш әрекеті У3:CS(си-эс),CR(си-ар).

Си-эс-ақ,қатты,онша ұшпа емес кристалды зат,бұрыш исі болады.Суда нашар ериді,спиртте біршама,ацетонда,хлороформда жақсы ериді.

Аз концентрацияда көзге,жоғары тыныс органдарынатітіркендіргіш әрекеті бар,ал көп концентрациядв терінің ашық жерлерін күйдіреді,кейде тыныс алу тоқтап,жүрек параличне соқтырып,өлімге душар етеді.Көз кеуде қатты ашып ауырады,жас парлайды,көз жұмыла береді,түшкіртеді,мұрын бітеді,ауыз,мұрын жолы,жоғары тыныс жолдары ашиды,жөтеледі.

Си-ар-сары түсті кристалл зат,суда нашар ериді,органикалық еріткіштерде жақсы ериді.Токсиндік әрекеті си-эске ұқсас.Қорғаныш: противогаз, пана

6. Психохимиялық әрекетті УЗ: BZ (би-зет)- иіссіз, ақ кристалл зат,суда ерімейді,хлороформда,дихлорэтанда және қышқылданған суда жақсы ериді.Негізі ұрыстық күйі-аэрозоль.

Зақымдау белгілері: зақымдалған ауамен дем алғанда, тамақ пен су тұтынғанда 0,5-3 сағаттан кейін білінеді.Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірлік қарекеттер бәсеңсиді,ал көп концентрацияда жүрек соғуы жиілейді, терінің ауыздың құрғақсуы пайда болып, қарашық үлкейеді.Келесі 8 сағаттың ішінде мелшиіп,тіл күрмелеу басталады.Бұдан әрі өрекпеу кезеңі келіп, 4 тәуелікке дейін созылады.

Қорғаныш: противогаз, пана.

Тарихи анықтама

Жылдар

Қандай жиын

Қандай

Қандай мақсатта

1899ж

І Халықаралық конференция

Гаага

Улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға тыйым салу туралы

1907ж

ІІ Халықаралық конференция

Гаага

-

17.06.1952 ж

37 мемлекет өкілдері жиыны

Женева

Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да газ тәрізді бактерия- логиялық заттарды қолдануға тыйым салу туралы келісім (АҚШ, Жапония мақұлдаудан бас тартты).

1927ж

Кеңес одағы

-

Хаттамаға қол қойды.

1928ж

Кеңес одағы

-

Келсімді мақұлдады.

1975ж

АҚШ

-

Бірнеше ұсыныстармен мақұлдауға мәжбүр болды.

1993ж

Халақаралық жиын

Париж

Химиялық қаруды жасауға тыйым салу және құрту туралы конвенция.



УЗ қолдануға тыйым салу туралы келсімді бұзған елдер



Жылдар

Қандай ел

Қай елге қарсы

Қандай зардаптары болады?

25.04.1915ж

Германия

Францияға

15 мың адам зақымдалып,6 мың адам өлді.

1915 мамыр

Германия

Ресейге

9000 адам уланып,1200 адам қаза болды.

1916ж

Франция

Германияға

Көгерткіш қышқылды қолданды.

1935ж

Италия

Эфиопияға

19 рет жасалған химиялық шабулдан 760 әсер, тұрғындардың 30% қаза болды.

1951-52 ж

АҚШ

Кореяға

Химиялық қару қолданды.





1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әр түрлі УЗ шығарылды, оның 125 мың тоннаға жуығы ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн- дай химиялық снарядтар дайындалды.Дүниежүзілік соғыстарда УЗ-мен зақымданғандардың жалпы саны 1 млн.300 мыңдай адам болды.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • 1.Химиялық қару қандай қару?

  • 2.Химиялық улағыш заттар қалай топтасады?

  • 3.Химиялық қарудың пайда болу себептері?

  • 4.Химиялық қаруды қолданбау туралы қандай халықаралық келісімдер?

  • 5.Осы келісімдерді қандай елдер бұзды?

  • 6.Химиялық қару қолдану қағидалары?

  • 7.Химиялық қарудан қорғанудың дәрежелері және олардың сипаттамалары?

Сабақты қорытындылау

Бағалау.




Әскери жетекші: Х.Темиров




















Бекітемін

Мектеп директоры К.Х.Адилбекова

_________________

____ _________ 2018 ж.



Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №10 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 12-16.11.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ.10. Биологиялық қару.

2.Мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгіқасиеттерімен таныстыру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

- Тұтқиылдыққа жетудің шарттары қандай?

-Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз не?

-Химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің қандай тәсілдері бар?

-Қорғаныштықтың қанша дәрежесін білесіңдер?

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ - дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан - жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару - жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.
Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.
БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу - қызба);

Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;
өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т. б. химиялық заттар.


БҚ - дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1, 5 млн адам шейіт болса, 6, 5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.

Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950 - 1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді – дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ - тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады. 1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды. 1940 - 1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ - дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700 - ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды.

Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері.
БҚ - дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды.
Оларға жататындар:

Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді.

Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0, 5 - тен 8 - 10мкм - ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28 - 30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, - 25град - ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Риккетсиялар - көлемі үлкен емес 0, 4 – 1мкм - ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т. б. аурулардың себебі болып табылады.

Саңырауқұлақтар - дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді.

Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.

Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Биологиялық қаруға анықтама беріңіздер.

  • Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті неге негізделген?

  • Биологиялық қарудың тарихы туралы не білесіңдер?

  • Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану қашан басталған?

  • Биологиялық құралдардың түрлері мен негізгі қасиеттері туралы не білесіңдер?

  • Жануарларды, ауылшаруашылық дақылдарын зақымдау үшін қандай қоздырушылар қолданылады?


Бағалау.




Әскери жетекші: Х.Темиров

























13 мектеп-гимназия

директоры

__________С.Н. Сакабаева


Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №11 «11» а,ә,б – сынып

Күні: - .11.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ. 11. Жаппай зақымдау қаруынан қорғану құралдары. Жеке қорғану құралдары.

2.Мақсаты: Оқушыларға Жалпыәскери газтұмылдырықтары, оның атқаратын қызметі және құрлысы туралы түсінік беру.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  • Биологиялық қару .

  • Биологиялық қарудың зақымдау әсері мен қолдану белгілері

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Адам денесін қорғау үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім, бас киім қолғаптар қолданылып қамтамасыз етілғді.

Балқыған металл тамшыларынан қорғау үшін кендір, брезент және жүннен жасалған киімдер, ал қышқылдан қорғау үшін – резіңке және перхлорвинилден жасалған арнайы киімдер қолданылады.

кезінде көзді қорғау үшін қара шынылы ТС-3 көзілдірігі пайдаланылады, ал қышқылдармен шаңды жерлерде – герметикалық көзілдіріктер қолданылады.

17-сурет. Герметикалық көзілдірік

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тыныс алу органдарын қорғау үшін фильтірлік және изоляциялық құрал-саймандар қолданылады. Тәуелді сүзгі (фильтірлік) өзінің құрылысына қарай, қорғану құралдары аэрозольге қарсы (ФА), газдарға қарсы (ФГ), әмбебап (ФУ) болып бөлінеді.

Сүзгі элеметтер белгілі уақыттардын кейін ауыстыру қажет.

Зиянды заттар шоғырлы өте жоғары мөлшерлі болған кезінде немесе ауадағы оттегінің шамасы 16% төмен болған кездерінде изоляциялық қорғау құралдарын қолдану қажет. Жұмысшыларға арналған тыныс алу ауа түтіктер арқылы немесе арнайы баллондар көмегімен беріледі.

Жабық жабдықтар қолданудың, химиялық процестері бөлек бөлмелерге шығарудың, кәсіпорын ішіндегі көлікті механикаландырудың, жетілдірілген ауа алмастыру жүйесін енгізудің нәтижесінде зиянды заттардың цехтардағы ауадағы концентрациясының ШЖБК-дан асуы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Зиянды бөлімдері бар цехтар да жұмыс істегендерге қосымша қорғаныстық шаралар қорғаныс құралдары болып табылады. Дара қорғау құралдары келесі стандарттарға сәйкес болуы тиіс: арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және қолды қорғау құралдары – МСТ 12.4.103-83; арнайы резенке етіктер – МСТ 12.4.072-79; комбинезондар – МСТ 12.4.100-80; сүзгілі респираторлар мен газқағарлар – МСТ 12.4.041-89 (СТ СЭВ 4565-84) (1997) ССБТ. т.б.

Келтірілген стандарттар талабы бұзілғанда дара қорғаныс құралдары өз қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан қорғаныс құралдарының түзулігін және тексеру мерзімдерін бақылау кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек қорғау қызметінің жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Тексеруден, жарамсыз бөлшектерін алмастырғаннан және жөндеуден соң қорғаныс құралдарына келесі тексеру уақыты көрсетілген белгі қойылады. Қорғаныс құралдарын жуу, дизинфекциялау және жөндеу өндірістік жағдайға байланысты белгіленген уақыттарда кәсіпорын есебінен жүргізіледі.

Арнайы киімдерді таңдау жұмыскерлерге әсер ететін зияндықтар мен қауіптердің сипатына бай ланысты жүргізіледі. Қышқылдармен жұмыс істеу қашқылға төзімді маталардан тігілген арнайы киімдермен жүргізілсе, ылғалды цехтарда жұмыс істеу – сұға төзімді киімдермен жүргізіледі. Маталарға әр түрлі өңдеу нәтижесінде су сіңірмейтін, отқа және майларға төзімді, органикалық еріткіштерге төзімді қасиеттер беруге болады.

Жұмыскерлердің аяқтарын ылғалдан, агрессивтісұйықтардың әсерінен, төменгі температурадан, электр тогынан қорғау үшін табығи былғарыдан жасалынған аяқ киімдер қолданылады. Олар табаннан бөлінген ылғалдарды сіңіріп сыртқа шығарады. Ылғалды, агрессивті сұйықты ортада жұмыс істеуге резеңке аяқ киімдер беріледі. Көзді және тынысалу мүшелерін механикалық, химиялық зақымдардан, күйіктерден, шаңның және зиянды заттардың әсерінен қорғау үшін арнайы қорғаныс құралдары қолданылады. Олар көріністі шектемеуі және анық көрсететіндей болуы қажет; бетке жақсы отыруы – тиген жерлеріне жағымсыз әсер етпеуі қажет; берік, жеңіл және терден ылғалданбайтындай болуы қажет. Бұл құралдар жұмыс түріне қарай таңдалады.

Ауру тудырушы УЗ, РЗ қорғайтын жеке құралдары төмендегінше бөлінеді:

1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары

2. Теріні қорғау құралдары.

Тыныс алу органдарын қорғау құралына газқағар, респиратор, мақата дәкеден және шаңға қарсы матадан жасалған ПТМ-1 таңғыштар жатады. Бұларды тұрғын халық өздеріде жасап ала алады.

Газқағар жұмыс істеу принципіне орай изоляциялық және сүзбелі болып келеді. Сүзбелі газқағарға ГП-5, ГП-7, ГП-7М, балалар фильтрлі газқағарына ПДФ-ШСД жатады

18-сурет. Газқағарлар ГП-5

1-газқағар қорабы; 2-гақағардың бет жақ бөлігі; 3- көзілдірігі; 4-клапонды қорап; 5- сөмке; 6- қорапты терлетпейтін пленка

19-сурет газқағар ГП-7

Сүзбелі газқағар – сүзбелі жұтқыш қораптан, сөмкеден, бет бөлігінен тұрады. Оны терлетпейтін пленкалы қорап немесе арнайы көз әйнегін терлетпейтін қалам жалғанады.

Жұтқыш сүзбелі қорап қаңылтыр сопақша болып жасалады. Төбесіне бұрама қия орналасады, газқағардың беткі бөлігін жалғастырады, ол қорап түбіне ішке тартқан демді өткізетін саңылау болады. Қорапта резеңкелі қақпақша болады, онымен сақтау кезінде қорапқа шаң-тазаң түспеу үшін саңылауды жауып қояды. Қорап шаңға қарсы сүзбемен және жұтқышпен жабдықталған.

Газқағардың беткі бөлігіндегі (шлем-маска) газқағардың тазаланған қорабы тыныс алу органдарына ауа жіберіп тұрады, сондай-ақ көз, бет УЗ, РЗ және БЗ түсуінен қорғайды, шлем маска резинадан жасалады; ол екі көз тұсындағы ойықтан, клапанды қораптан тұрады. Көз тұсындағы ойық көру шишасынан, ішкі және сыртқы ұстап тұратын тұтқасынан тұрады.

Клапанды қорап тұтылған ауаны бөліп тұрады, ол ішкі ауаны жұту клапаны және ауаны шығару негізгі және көмекші клапандарынан тұрады.

Газқағарға арналған қапшыққа газқағар сақталады және салынады. ГП-5 (ГП-5М) 19-суретте газқағарының қапшығы сүзбелі жұтқыш қорап және шлем-маска орналасқан бір бөліктен және екі қалтадан тұрады.

Газқағардың беткі бөлігі өлшеміне қарай дұрыс таңдалса, ол сенімді қорғау құралы болады, герметикалық (саңылаусыз), ауа кіргізбеуді қамтамасыз етеді.

Шлем-масканың өлшемін дұрыс таңдау үшін басты айналдыра иек астынан өткізе өлшеу керек. Өлшеу шамасына қарай 63 см дейінгі - 0размер; 63,5 см-тен 65,5 дейін - 1 размер; 66,0 см – 68,0 см дейін 2 размер; 65,5 см – 70,5 см дейін – 3 размер; 70,5 см ден жоғары – 4 размер болады.

 

20-сурет. ГП-5 газқағарының размерін өлшеу

 

Газқағарды алған кезде оны мұқият қарап барлық бөліктерін тексеріп, дұрыс жинап, саңылаусыз, ауа өткізбейтіндігін тексеру керек. Сүзбелі жұтқыш қорапты тексеріп қарағанда тот баспағанын, жаншылмағанын, тесік бар*жоғын мұқият қарау керек. Жаңа газқағарды киер алдында тезе мақтамен мұкият сүртіп, ал пайдаланған газқағарды киер кезде децинфекциялау спиртпен немесе 2% формалин қосындысымен сүрту керек. Газқағарды арнайы қапшыққа салып жүреді. Қапшық бауы оң иыққа салынып, қапшық адамның сол жағында болады. Газқағарды киер кезде дем алуды тежеп, көзді жұму крек. Жекелегіш газқағары (ИП-4) тыныс алу органдарын, көз, бет терісін барлық ауады сақталған улы қоспалардан қорғайтын арнайы құрал. Ол сүзгілі газқағар танас алу органдарын, көз, бет терісін қорғай алмаған кезде, сондай-ақ ауада оттегі жетіспеген кезде қолданылады.

Респираторлар. Лабораториялар мен өндіріс тәжірибесінде Р-2, ШБ-1, ШБ-2, сүзгіл респираторы кеңінен қолданылады. Салмағы жеңіл, жақсы сүзгілі теспираторлар тыныс алу органдарын қорғау үшін қолданылады. Р-2 респираторы ауаны жұтатын және шығаратын екі клапанды фильтрлі маскадан, мұрын қысқышынан, жүгеннен тұрады. Респиратор мөлшерімен өлшемі иекке қарай үш түрлі болып бөлінеді. Әр адам өзіне шақ респираторды таңдауы үшін бет ұзындығын өлшеу керек: 109 мм – 1 өлшем; 109-119 мм – 2 өлшем; 119 мм-ден жоғары – 3 өлшем.

 

21-сурет. Респиратор Р-2, 1-ауа жұтатын клапан, 2-мұрын қысқашы, 3,4-жүген, 5-маска, 6-ауа шығаратын клапан.

 

22-сурет. Респиратор ШБ-1

 

Дәке мақталы таңғыш төмендегідей жолмен дайындалады: ұзындығы 100 см, ені 50см дәке кесіп алынады; дәке ортасына 30х20 см мөлшеріне қалыңдығы шамамен 2 см етіп мақата салады; мақта салынбаған дәкенің бос жерлерін ұзына бойына екі жағынан түреді; дәкенің шетін екі жағынан шамамен 30-35 см етіп дәл ортасынан екі бау жасап қайшымен қияды. 24-сурет.

Дәке мақталы таңғыштың төменгі жағы, бұған, жақты тұтастай үстіңгі жағын көзге дейін толық жабады. Ауыз бен мұрын жақсы жабылады, таңғыштың кесілген төменгі бауы бас төбеге, жоғары бауы желкеден байланады.

Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін шаңға қарсы, мата маска пайдаланады.

 

23-сурет. Дәке-мақта таңғыш.

Шаңға қарсы мата маска көрсетілгендей дайындалады.

Теріні қорғайтын құралдар. Ядролық, химиялық, бактериялық зақымдану кезіндегі және КӘЕУЗ таралуы жағдайына адамдардың бүкіл денесін қорғау ең басты мәселе. Бұл құралдар шартты түрде арнайы және қосалқы теріні қорғау құралдары болып бөлінеді.

Арнайы теріні қорғау құралдары УЗ, КӘЕУЗ, РЗ, БЗ-ы сияқты заттар тамшыларынан, будан теріні жақсы қорғайды, ядролық жарылыста пайда болатын сәулелену деңгейін төмендетеді. Теріні құралдары жұмыс істеу принципіне қарай сүзгілі және жекеленгіш болып бөлінеді.

 

24-сурет. Теріні қорғау Л-1 костюмі.

1-куртка, 2-капюшон, 3-бастын жүгені, 4-жеңіндегі бауы, 5-беліндегі бауы, 6-сөмке, 7-шалбар, 8-бәтінке, 9-баулар, 10-белдік, 11-қолғаптары. 

Теріні жекеленгіш қорғау құралдары резеңкеленген матадан жасалады. Ол зақымдану ошақтарына дезинфекциялау, дезактивациялау, дегазациялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылады. Теріні жекелегіш қорғау құралы тек жасақ құрамының жеке тұлғаларын қорғау үшін қолданылады.

Жекелегіш қорғау құралына: Л-1 жеңіл қорғау костюмы, теріні қорғайтын комбинезон, жалпы әскери қорғау костюмы жатады. Л-1 жеңіл қорғау костюмі капюшонды көйлектен, шалбар мен шұлғау, екі қолғап, подшлемниктен тұрады. Л-1 костюмінің, размерлері: 1-бойы 165 см-ге дейінгі, 2-бойы 165-172 см-ге дейінгі, 3-бойы 172 см-ден жоғары адамдарға арналған. Костюмнің салмағы шамамен 5 кг.

 

 

25-сурет. Теріні қорғайтын комбинезон.

 

Теріні қорғайтын комбинезон және костюм. Комбинезон басқа киетін капюшон, күртеше, шалбарымен тұтастай бірге тігілген. Комбинезон подшлемникпен, резеңкелі етікпен, резеңкелі қолғаппен бірге пайдаланады. Комбинезон өлшемі Л-1 костюмімен бірдей.

Жалпы әскери қорғау комплексі қорғау плащынан, шұлық, қолғаптан тұрады. Плащтың, капюшонның жеңі болады, плащ өлшемі мынандай: бойы 165 см адамдарға – 1 өлшем, бойы 165-170 см-ге адамдарға – 2 өлшем, бойы 170-175 см адамдарға 3-өлшем, бойы 175-180 см адамдарға- 4 өлшем, бойы 180 см-ден жоғары үшін 5 өлшемдер лайық келеді. Плащ салмағы 1,6 кг.

Теріні қорғаудың сүзгілі құралы – сүзгілі киімдер комплектісінен тү\ұрады. Бұл киім мақта-мата комбинезонынан тұрады. Ол комбинезонға арнайы химиялық қоспалар сіңдірілген. Ол химиялық қоспа Уз-ды денеге өткізбейді. Комплектідегі комбинезон өлшемі мынандай: 1 өлшем – бойы 160 см-ге дейцінгі адамдарға, 2-бойы 160-170см адамдарға, 3-бойы 170 см-ден жоғары адамдарға арналған.

 

26-сурет. Жалпы әскери қорғау комплектісі.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • жалпыәскери газтұмылдырықтары.

  • атқаратын қызметі , құрылысы

  • газтұмылдырықтарына техникалық қызмет көрсету .


Бағалау.




Әскери жетекші: Бекаев ж



13 мектеп-гимназия

директоры

__________С.Н. Сакабаева


Сабақ жоспары


Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ: №13 «11» а,ә,б – сынып

Күні: 03.07.12.2018ж.

III.Тарау:Өмір қауіпсіздігі негіздері.

1.Тақ. 13. Ұжымдық қорғану құралдары.

2.Мақсаты: Оқушыларға ұжымдық қорғану құралдары туралы түсінік беру және өз бетімен орындай алуын дамыту.

3.Уақыты - 40 мин.

4.Өткізілетін орны - АӘД бөлмесі.

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә). Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 мин.

  1. Жеке қорғаныш құралдары не үшін қажет?

  2. Олар қорғаушы принциптері бойынша қалай топтасады?

  3. Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарды ата.

  4. Теріні қорғайтын жалпы әскерлік толымы қандай бөлшектерден тұрады?

  5. Беттік бөлімнің қандай өлшемдерін білесіңдер, олар қалай өлшенеді.

  6. Сүзгіш тұмылдырықтар түрлері.

б). Негізгі бөлім – 25 мин.

Ұжымдық қорғану құралдары — бұл Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстары. Бұл — тұрғындарды заманауи зақымдау құралдарынан қорғаудың неғұрлым сенімді жолы. Қорғаныс құрылыстары қорғаныстық қасиеттеріне қарай баспаналарға және радиацияға қарсы тасалану орындарына (РҚТО) бөлінеді. Бұдан бөлек адамдарды қорғау үшін ең қарапайым тасалану орындары да қолданылуы мүмкін.

Баспаналар — бұл тасаланған адамдарды ядролың жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдардан, сондай-ақ өрт кезінде түзілетін жоғары температуралар мен зиянды газдардан қорғауға арналған арнаулы құрылыстар. Баспананың жоспары 13-суретте көрсетілген.

Баспана негізгі және қосалқы бөлмелерден тұрады. Паналаушыларды орналастыруға арналған негізгі бөлмелер екі немесе үш қабатты сәкі-отырғыштар мен жатуға арналған сөрелермен жабдықталады. Баспананың қосалқы бөлмелері — бұл санитарлық торап, сүзгілік-желдету камерасы, ал сыйымдылығы үлкен құрылыстарда — медициналық бөлме, азық-түлікке арналған қойма, артезиан ұңғымасына және дизельді электр стансасына арналған бөлмелер.

Баспанада, әдетте, екіден кем емес кіретін жер, сыйымдылығы аз баспаналарда — кіретін жер мен апаттық шығу есігі жасалады. Қосылып салынған баспаналарда кіретін жерлер басқыш алаңшаларынан немесе тікелей көше арқылы жасалуы мүмкін. Апаттық шығу баспалдағы шахтамен немесе үйіндісіз аумаққа шығатын тесікпен аяқталатын жерасты галереясы түрінде жабдықталады. Сыртқы есік қорғаныстық-қымталушы, ішкі есік қымталушы түрінде жасалады. Олардың арасында тамбур орналасады. Сыйымдылығы үлкен құрылыстарда (300-ден астам адамға) кіретін жердің біреуінде тамбур-шлюз орналасады, ол ішкі және сыртқы жағынан қорғаныстық-қымталушы есіктермен жабылады, бұл кірер жердің қорғаныстық қасиеттерін бұзбастан баспанадан шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ауамен жабдықтау, әдетте, екі режімде жұмыс істейді: таза желдету (ауаны шаңнан тазарту) және сүзгілік-желдету. Өрт қауіптілігі бар аудандарда орналасқан баспаналар ішінде ауаны қайта өндіретін толық оқшаулау режімі қосымша қарастырылады.

Баспаналардың энергиямен, сумен жабдықтау құрылғылары, жылыту және кәріздік жүйесі тиісті сыртқы желілермен байланысқан. Олар зақымданған жағдайда баспанада тасымал электр шамдары, судың сақтық қорын, сондай-ақ жуынды-шайындыларды жинауға арналған сыйымдылықтар болады.

Баспаналарды жылыту жалпы жылыту жүйесінен қарастырылады. Баспананың бөлмелерінде бұдан бөлек, барлау жүргізуге арналған құралдар, қорғаныс киімі, өрт сөндіру құралдары, аспаптардың апаттық жағдайға арналған қоры орналастырылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындары (РҚТО) жергілікті жер радиоактивті зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулеленулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, олар жарықтық сәулеленуден, өтпелі радиациядан (оның ішінде, нейтронды ағыннан) және ішінара екпінді соққыдан, сондай-ақ адамдардың терісі мен киіміне тікелей радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.

РҚТО көбінесе ғимараттар мен құрылыстардың жертөлелік қабаттарына орналастырылады. Бірқатар жағдайларда радиацияға қарсы тез тұрғызылатын, жеке орналасқан тасалану орындары салынуы мүмкін, ол үшін өнеркәсіптік (құрастырмалы темір-бетон элементтер, кірпіш, прокат) немесе жергілікті (ағаш материалдар, тастар, бұталар жөне т.б.) құрылыс материалдары пайдаланылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындары ретінде аталған мақсат үшін барлық жарамды үй-жайлар: жертөлелер мен үялар

Корғаныстық қасиеттерді арттыру үшін үй-жайлардағы терезелік саңылаулар және артық есік ойықтарын бітейді, жабынға бір қабат топырақ салады, егер қажет болса, жер бетінен жоғары шығып тұрған қабырғалардың сыртынан топырақ үйеді. Үй-жайларды қымтауға қабырғалар мен төбедегі» терезе және есік ойықтары жанасатын жерлердегі, жылыту және су құбырлары жүргізілген жерлердегі жарықшақтарды, саңылаулар мен тесіктерді мүқият бітеу, есіктерді қиыстыру және оларды киізбен қаптау, босағаны киіз немесе басқа тығыз, жұмсақ мата біліктерімен нығыздау арқылы қол жеткізеді.30  адамға дейін сыятын тасалану орындары ауа ағыны келетін және іштегі ауаны сыртқа сорып алатын шығару қораптары арқылы табиғи жолмен желдетіледі. Ауаны тартуды қамтамасыз ету үшін ауа шығару қорабын ауа ағыны келетін қораптан 1,5-2 м биігірек орнатады. Желдету қораптарын сыртқа шығарған жерде күнқағарлар, ал үй-жаймен жанасатын жерде радиоактивті жауын-шашынның түсуі кезінде тығыз жабылатын жапқыштар жасалады. Тасалану орындарының ішкі жабдықталуы баспананың жабдықталуына үқсас болады. Су құбырымен және кәріздік жүйемен жабдықталмаған, тасалану орындарына бейімделген үй-жайларда бір адамға тәулігіне 3-4 л есебімен суға арналған бөшкелер орнатылады, ал дәретхананы шығарылатын ыдыспен немесе шұңқыры бар лифт-клюзетпен жарақтайды немесе биодәретхана орнатады. Бұған қоса тасалану орнында сәкілер (отырғыштар), азық-түлікке арналған сөрелер немесе жәшіктер болуы тиіс. Жарықтандыру сыртқы электр желісімен немесе тасымалды электр шамдарымен жүзеге асырылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындарының радиоактивті сөулеленудің әсерінен қорғау қасиеттері қорғау коэффициентімен (радиацияның әлсіреуі) бағаланады. Ол ашық жердегі радиация мөлшерінің тасалану орнындағы радиация мөлшерінен қанша есе көп екендігін, яғни РҚТО-ның радиация әсерін, осыған орай адамдардың сәулелену мөлшерін қанша есе әлсірететінін көрсетеді. Кейбір үй-жайлардың қорғау қасиеттері 4-кестеде келтірілген. Ғимараттардың жертөлелік қабаттары мен ішкі бөлмелерін жете жабдықтау олардың қорғаныстық қасиеттерін бірнеше есе арттырады. Мысалы, ағаш үйлердің жабдықталған жертөлелерінің коэффициенті, шамамен  100-ге, тас (кірпіш, бетон) үйлердікі — 800-1000-ға дейін артады. Жабдықталмаған ұралар радиацияны 350-400 есе әлсіретеді.

Баспана коменданттың өкімімен толтырылғаннан кейін қызмет көрсету тобының жеке құрамы қорғаныстық қымталған есіктерді, апаттық шығу есіктерінің қақпақтарын және ауаны желдету құрылғысының бітеуіштерін жабады. Сүзгілік-желдету агрегатын таза желдету режіміне қосады.

Ауамен бірге улы немесе уландырушы заттардың өтіл кеткені анықталған жағдайда паналаушылар дереу тыныс алу органдарын қорғау құралдарын киеді, ал баспана сүзгілік-желдету режіміне ауыстырылады.

Баспанаға жақын жерде өрт шыққан немесе КӘУЗ-дің қауіпті мөлшері түзілген кезде қорғаныс құрылысы толық оқшаулау режіміне ауыстырылады және ауаны қайта сүзу қондырғысы іске қосылады.

Халықтың қорғаныс құрылыстарында болу уақытын объектілердің Азаматтық қорғаныс бастықтары анықтайды. Олар мұнымен бірге баспаналар мен тасалану орындарынан шығу кезіндегі әрекеттер мен мінез-қүлық ережелерін белгілейді. Бұл тәртіп пен мінез-құлық ережелері қорғаныс құрылысына телефон арқылы немесе басқа да мүмкін болатын тәсілмен хабарланады.

Паналаушыларды баспанадан (тасалану орнынан) шығару қызмет көрсету тобы командирінің нұсқауы бойынша «әуе дабылын тоқтату» сигналынан кейін немесе құрылыстың адам өміріне қатер төндіретін апаттық жай-күйі жағдайында жүргізіледі.

Ең қарапайым тасалану орындарына ашық және жабылған саңылаулар жатады. Мұндай тасалану орындарын халық өз күшімен қолда бар материалдармен жасайды. Олар сенімді қорғаныстық қасиеттерге ие болады. Мысалы, ашың саңылау екпінді соққы, жарықтық сөулелену мен өтпелі радиациямен зақымдану ықтималдығын 1,2-2 есе азайтады, радиоактивті зақымдану аймағында сәулелену мүмкіндігін 2-3 есе төмендетеді. Жабылған саңылау жарықтың сәулеленуден толықтай, екпінді соққыдан 2,5-3 есе, өтпелі радиация мен радиоактивті сәулеленуден 200-300 есе қорғайды. Ол сондай-ақ киім мен теріге радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың тікелей түсуінен де сақтайды.

Саңылаулардың құрылысына арналған орын еріген қар суы мен жауын суы басып кетпейтін жерлерден таңдап алынады, яғни жер бетіндегі ғимараттар деңгейімен салыстырғанда биігірек орналасуы тиіс.

Бастапқыда саңылауды ашық етіп жасайды. Ол ұзындығы 15 м-ден көп емес бірнеше түзусызықты бұрыштары бар, ирек келген ор болып табылады. Оның тереңдігі — 1,8-2 м, жоғары жағындағы ені — 1,1-1,2 м, түбіндегі ені 0,8 м-ге дейін болады. Саңылаудың ұзындығы бір адамға 0,5-0,6 м есебімен анықталады. Ал қалыпты сыйымдылығы — 10-15 адам, ең үлкендеріне 50 адамға дейін сыяды.

Саңылау құрылысын оның сол жердегі жоспарын белгілеуден бастайды. Алдымен негізгі сызық жүргізіледі, одан кейін саңылаудың жалпы ұзындығы белгіленіп, оңға және солға қарай саңылаудың беткі енінің жарты өлшемі түсіріледі. Бұрылған жерлерге қазықтар қағылып, олардың арасына жіп тартылады және тереңдігі 5-7 см шұңқырлар тартылған жіп бойынша емес, ішке қарай бірнеше адым жасаған нүктеден бастап қазылады. Тереңдеуіне қарай саңылаудың жақтауларын біртіндеп тегістейді және оны талап етілетін өлшемдерге дейін жеткізеді. Бұдан кейін саңылау қабырғаларын тақтайлармен, сырықтармен, қамыспен немесе басқа да қолда бар мате-риалдармен бекітеді. Одан әрі саңылауды бөренелермен, шпалдармен немесе көлемі шағын темір-бетондармен жабады. Жабынның үстінен рубероид, қарақағаз, хлор-винил үлдірлерін қолдана отырып, гидрооқшаулау қа-батын немесе ылғалды балшық қабатын жасайды, одан кейін қалыңдығы 50-60 см болатын топырақ қабатын үйеді.

Кіретін жерді саңылауға тік бұрыш болатындай бір немесе екі жағынан жасайды және қымталған есік пен тамбур арқылы жабдықтайды, паналаушыларға арналған үй-жай тығыз матадан жасалған шымылдықпен бөлінеді. Желдетуге арналған ауа қорабы орнатылып, еденді бойлай кәріздік шұңқыр қазылады, ол саңылауға кірер жерде орналасқан құдықпен жалғастырылады.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?

2.Баспана(радиацияға қарсы тасалану орны, саңылау) қалай жасалады?

3.Қандай үй-жайлар радиацияға қарсы тасалану орны ретінде пайдаланылуы мүмкін?

4.Бір және екі қабатты ағаш (тас) ғимараттардың ішкі бөлмелеріне радиация қаншалықты әсер етеді?


Бағалау.




Әскери жетекші: Бекаев Ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және ҚР-ның әскери доктринасы.

Автор: Бекаев Жайлыбек Энсегенович

Дата: 04.06.2019

Номер свидетельства: 513303


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства