kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық- техникалық колледжі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанда “Меншік туралы” заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.

Просмотр содержимого документа
«Қызылорда көпсалалы гуманитарлық- техникалық колледжі»



САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің аты:Нарықтық экономика негіздері

Сабақтың тақырыбы: ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

БІЛІМДІЛІК МАҚСАТЫ: оқушыларға кәсіпорын ұғымын, түрлерін түсіндіріп, білімдерін пысықтау арқылы, экономиканы озат меңгерген топты анықтау;

ДАМЫТУШЫЛЫҚ МАҚСАТЫ: оқушылардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту;

ТӘРБИЕЛІК МАҚСАТЫ: оқушыларды ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: теориялық сабақ

САБАҚТЫҢ ТИПІ: жаңа білімді меңгерту

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: компьютер, интерактивті тақта, MS PowerPoint- та жасалған слайдтар, әртүрлі купюралық “теңгелер”

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру :

1.Таңдау табыс (деңгейлік сұрақтарды таңдап, жауап беру )

2. Ойымды жалғастыр (мақал –мәтелдерді аяқтау)

Жаңа сабақты меңгерту:

Жаңа сабақтың тақырыбы: ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ

Жаңа сабақта қаралатын мәселелер:

1.Кәсіпорынның түрлі белгілеріне қарай жіктелуі

2.Қазақстандағы жеке сектор бөлімдері

3.Кәсіпорындардың артықшылығы мен кемшілігі

Қазақстанда “Меншік туралы” заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.

Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:

Салалық құрылымына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және басқа салалар кәсіпорындары.

Ұйымдастыру формаларына байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік, фермерлік, жанұялық, жеке;

Шаруашылық іс-әрекеттерінің түріне байланысты: өндірістік,

коммерциялық, саудалық, делдалдық, инвестициялық, қызмет көрсету, қаржылық;

Құқықтық жағдайына байланысты:шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлік;

Меншік формасына байланысты: мемлекеттік, кооперативтік, ұжымдық, жеке;

Қазақстан Республикасындағы жеке сектор бөлімдері:

Жеке кәсіпкерлік;

Толық серіктестік;

Коммандиттік серіктестік;

Жауапкершілігі шектеулі қоғам;

Қосымша жауапкершілікті серіктестік;

Ашық акционерлік қоғам;

Өндіріс кооперативтері.

Жеке кәсіпорын - жеке меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын. Жеке кәсіпорын азаматық мүлкінен,алынған табыстан,несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.

Толық серіктестік - бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі, онда қатысушылардың бәріне мүлкімен ынтымақты жауапкершілік жіктеледі.Қатысушылардың жарналық үлестері,алынған табыстары мен басқа да заңды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ үлестік меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі.Толық серіктестікке қатысушылар заңды ұйым құқығын сақтайды.Жарғылық қоры минималды есеп коэффицент 25 өлшемінен кем болмауы керек.

Коммандиттік серіктестік- сауда немесе коммерциялық қоғамның бір түрі,оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп қатерді өзінің барлық мүлкімен толық мойнына алушыларға және коммандистерге және кәсіпорынға жұмсалғаны үшін ғана жауап беруші және пайдадағы үлесін ғана алушы салымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- фирма қызметіне қатысушы адамдардың бірлестігі,бұл бірлестікке қатысушылардың әрқайсысының фирманың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі оның барлық қатысушылары үшін әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне бірдей еселенген қатынаста қосқан үлесімен шектеледі.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам –қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты міндеттемелерге жауап беретін қоғам.

Акционерлік қоғам – жарғы қоры кәсіпорын,оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып,сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акциаларының құнымен шектеледі.

Ашық акционерлік қоғам – акциялары бағалы қағаз нарығында олардың белгілеген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік кәсіпорын.

Жабық акционерлік қоғам – акциялары тек құрылтайшылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.

Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.

ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК


ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК


Толық серіктестіктерде ұжымның барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады алынған пайда олардың құрылтайшыларының арасында жарғылық капиталға қосқан үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраса, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайының көлеміне қарамастан, жауап береді


ЖШС –ті бір немесе бірнеше адам құрады. ЖШС-ке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, өздерінің қосқан салымдары салымдарының шегінде ғана жауапты болады. Егер серіктестік күйресе, оның мүшелері тек өздерінің қосқан үлесіне байланысты ғана жауап береді




ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ


АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


КЕМШІЛІГІ


Ешкімге тәуелді емес

Барлық табыс (пайда) өзінде қалады

Ешкімге жауап бермейді, өзі би


Шаршайды

Барлық қызметтеріне өзі жауапты

Банкрот болса бар мүмкіндігінен айырылады

Несие алу шектеулі өндірісті кеңейте алмайды










САБАҚТЫ БЕКІТУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1 «.Ғажайып тоғыздық» сұрақ- жауап

2.Анықтамалар мен түсініктердің жұптарын құрастыру

3. Кәсіпорын сөзіне талдау жасау, яғни берілген әріптерге экономикалық термин сөздер жазу (ең көп сөз тауып жазған топ жоғары ұпайды иеленеді)

4. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, қандай кәсіп түрімен айналысасыз

5.Логикалық тапсырмалар



Сабақты қорытындылау, бағалау. Сабақты оқушылардың жинаған ұпайы бойынша және смайлдар арқылы бағалау.



Үйге тапсырма

Кәсіпорындар туралы материал жинақтау (Қызылорда қаласы бойынша)

Әдебиеттер :

1.Байнеева Өндіріс экономикасы Оқу құралы Алматы,Триумф «Т» 2014

2.Мейірбеков А.Қ. Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Оқу құралы –Алматы,

Экономика ,2003

3.Жүнісов Б.А,Мамбетов Ұ.Е,Байжомартов Ұ.С Нарықтық экономиканың негіздері


4.Бисенғазиев М.Б. , Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері . Оқулық Лекциялық курс

Орал ,2001-242 бет




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық- техникалық колледжі

Автор: Ахметова Клара Нуртугановна

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403524

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства