Қазақ тілі пәні | 3-бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет 7-сабақ |
Сабақ тақырыбы | «Менің атым Қожа» хикаяты, "Түбінде адам болатын бала" |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Боранғали Б.О. |
Сынып: 5-сынып | Қатысқандар:15 | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.Т.Ж.3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. 5.А.И.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. |
Сабақ мақсаттары (Бағалау критерийі) | Барлық оқушылар орындай алады: Шағын үзінділермен жұмыс жасай алады.Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Кейіпкерге хат жаза алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды.Талдау негізінде кейіпкерді анықтап,образын сипаттайды.Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Шығармадағы басты кейіпкер Қожаның іс-әрекеттері арқылы жағымды және жағымсыз іс-әрекеттер ажырата алады.Қоғамдық ортада жеке тұлға ретінде өз көзқарастарын қалыптастыра алады. |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мақтаншақтық,кызығушылық,бұзықтық,адамгершілік,уәдеге беріктік,т.б. |
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Кикілжің,үлкенді тыңдайды, көмек, дос,ашық мінез,мақтаншақ, мақсат қою,бармағын тістеді ,адам болуға бет бұрды,т.б. |
Талқылауға арналған сұрақтар:Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті?Неліктен?Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма? |
Құндылықтарға баулу | Балаларды шыншылдыққа,әдептілікке,отансүйгіштікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих |
Ресурстар: | https:www.yotube.com/watch?v_JQzI_Zi3JO0, «Менің атым Қожа» / фильинен үзінді,суреттер,маркер, |
Сабақ барысы |
Сабақ басы |
3 мин | 1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Менің сүйікті кейіпкерім» ойсергегін жүргізу. Оқушылар өздері ұнатқан бір кейіпкердің суретін таңдайды.Таңдаған кейіпкерлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді. (Қожа,Жантас,Жанар) |
3 мин | 2-әрекет.Ұжымдық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар беріледі. - Қожа қандай бала? - Неліктен оны" түбі адам болатын бала" деп айтты? - Оған кімдер сенім артты? |
10 мин. | Бағалау критерийі:Әр топ өздеріне бөлінген үзінділерін оқып,тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.Олардың сөз саптауындағы ерекшелікті анықтау үшін тілдік бейнелеу құралдарына сүйенеді. 3-әрекет.Топтық жұмыс: «Талдау» әдісі 1-топ: Сәйбек қарт: - Бұл кім? Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын. Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың? Қожа: - Педсоветке келдім. Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар? Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр. Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме? Қожа: - Директор етеміз дейді. Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады. 2-топ: Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе? Қожа: - Білемін Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз? Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар. Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме? Қожа: - Жоқ, оқығым келеді. 3-топ Анасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін. Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін. Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ. Дескриптор: - үзіндіні мұқият оқиды; - тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды; |
Сабақ ортасы |
5мин | Бағалау критерийі:Топтық әрекетте кейіпкердің берілген портреті мен іс-әрекеті арқылы оның қай кейіпкер екенін анықтап,образын сипаттап жазады. 4-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан,бөліс» әдісі Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті | Бұл кім? | Кейіпкердің образын өз сөзіңмен суреттеп сипаттаңыз | Ох,менің шашым!Қаттылығы,қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. | | | Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді.Әжем болса,әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді. | | | Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. | | | Дескриптор: - үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды; - кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды. |
5 мин | 5-әрекет.Топтық жұмыс: Топта өздеріне тиісті кейіпкерлердің бойынан салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді анықтайды. 1-топ.Қожа мен Жантас 2-топ.Қожа мен Сұлтан 3-топ.Оспанов пен Майқанова Дескриптор: -Кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 3 дәлел табады; - дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды. |
10 мин | Бағалау критерийі:Фильм үзіндісін көріп,алған әсерлері мен хикаяттан кейінгі ойларын кейіпкерге хат арқылы жеткізеді. 6-әрекет. Жеке жұмыс: «Не ойландырды?» әдісі бойынша "Қожа түбінде адам болатын бала"тақырыбына пікір жазу Дескриптор: -берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды; -ойын дәлелдеу мақсатында шығармадан дәлелдер келтіреді; -дәлелдер арқылы Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттерінің бар-жоғын анықтайды. |
Сабақтың соңы |
4 мин | 7-әрекет.Рефлексия: "Менің түйгенім" сауалнамасы Сабақтан үйренгенім.......... Сабақтан алған әсерім...... Сабақтан түйгенім..... |
Үйге тапсыр-ма | "Мен сенің түбінде адам болатыныңа сенгенмін,Қожа!"тақырыбына эссе жазып келу |
«Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтің кәсіби қалыптасу моделін жүзеге асыру»