kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құбырлардың бұрылатын түйіндерін түйістіріп пісіру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Білім алушыларға ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып, пісіру жұмыстарына пайдаланатын құралдардың атқаратын қызметімен, қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың жан – жақты ойлау қабілетін жаңа сабақты жаңа қырынан тани білу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық: Білім алушылардың тез шешім шығару қабілетін дамыту                                       

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құбырлардың бұрылатын түйіндерін түйістіріп пісіру.»

«БЕКІТЕМІН»

Директордың өндірістік оқыту

жұмысы жөніндегі орынбасары

____________ Н.Бажбенова

«___» « ________ » 2017 жыл



Өндірістік оқыту сабағының жоспары.

Тобы №181

Мамандығы: «Дәнекерлеу ісі»

Сабақтың тақырыбы: Құбырлардың бұрылатын түйіндерін түйістіріп пісіру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып, пісіру жұмыстарына пайдаланатын құралдардың атқаратын қызметімен, қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың жан – жақты ойлау қабілетін жаңа сабақты жаңа қырынан тани білу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық: Білім алушылардың тез шешім шығару қабілетін дамыту Сабақтың көрнекілігі: Слайд суреттері, техника қауіпсіздік ережелерінің плакаттары, видеофильмдер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Жұмыс орны: Дәнекерлеу цехы

Пәнаралық және ішкі пән аралық байланыс: Материалтану, Сызу, Еңбек қорғау.

Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар: Пісіру аппараттары, әртүрлі диаметрлі құбырлар, электродтар, маска, арнайы киімдер, балға, темір щетка, қолғап.


С а б а қ т ы ң ж ү р у б а р ы с ы:

І.Ұиымдастыру бөлімі

Ұйымдастыру сәті: /3 минут/

1. Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру және сабаққа дайындығын бақылау

2. Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу

3. Жұмыс орыны бойынша орналастыру


2. Үй тапсырмасын сұрау – /10 минут/ Білім алушылардан өткен: «Саңылауларды жабу, жамап бітеу» тақырыптары бойынша

қайталау сұрақтарына жалпы шолу

1. Саңылауларды жабу, жамап бітеу қалай жүзеге асырылады?

2. Саңылауларды жабу, жамап бітеу әдістері.

3. Техника қауіпсіздік ережелері.


3. Жаңа сабақты түсіндіру: (25 минут)

Сабақ жоспары:

1. Құбыр жіктерін дайындау жұмысы қалай жүзеге асырылады

2. Құбыр жіктерін пісіру операциясы қалай орындалады

3. Құбыр жіктерін пісіру кезіндегі қажетті құрал-жабдықтар

4. Құбыр жіктерін пісіру кезіндегі сақталатын техника қауіпсіздік ережелері


4. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары: (5 минут)

1. Құбыр жіктерін пісіруге дайындау жүмысы қалай жүргізіледі 2. Құбыр жіктерін пісіру жұмысы қалай орындалады 3 Құбыр жіктерін пісіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталады 5. Бағалау – /2 минут/



ІІ. Ағымдағы нұсқау

2-ші 45 минут (920 - 1005)

1.Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша еңбек қауіпсіздігіне тоқталу, жұмысты жүргізбестен бұрын, қажетті материалдарды дайындап алып, оларды біршама оңтайлы пішінге келтіріп, содан кейін құбыр жіктерін пісіру жұмыстары кезіндегі негізгі ерекшеліктерімен таныстыру, оларды тәжірибе жүзінде көрсету.


1-бригада: Диаметрі Ø 125 мм, қалыңдығы Н-10 мм, ұзындығы L-50 мм-лік екі құбырды бір-біріне түйістіріп тігінен пісіру


ТДМ, Кемпий аппараты, электрод диаметрі 3 мм уони 13/45 постаянка,3 мм JH - 422 переменка

Тоқ күші 75 -100 А


2-бригада: Диаметрі Ø 76 мм, қалыңдығы Н-4 мм, ұзындығы L-50 мм-лік екі құбырды бір-біріне түйістіріп тігінен пісіру


ТДМ, Кемпий аппараты, электрод диаметрі 3 мм уони 13/45 постаянка,3 мм JH - 422 переменка

Тоқ күші 75 -100 А


3-бригада: диаметрі Ø 89 мм, қалыңдығы Н-6 мм, ұзындығы L-50 мм-лік екі құбырды бір-біріне түйістіріп тігінен пісіру

Кемпий аппараты, электрод диаметрі 3 мм уони 13/45 постаянка, 3 мм JH - 422 переменка

Тоқ күші 75 -100 А

Бақылау:

А) жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы;

Б) құрал-саймандарды дұрыс қолдануы;

В) жұмыс технологиясының ретімен орындалуы,

Г) еңбек қауіпсіздігінің сақталуы;

Д) әрбір білім алушылардың жіберген қателіктерін көрсетіп, қатені жою жолдарын үйрету.


3-ші - 45 минут (1010 – 1055)

Білім алушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, берілген тапсырма бойынша жұмыс жасау кезінде қателіктері байқалса, жұмысты тоқтатып, түсіндіріп, кейін оларды қайта өңдеу жұмыстарын орындайды.

1 бригада жұмыстарын алмастыру

4-ші – 45 минут (1100 – 1145)

Білім алушылар берілген жұмыстарын орындау кезінде, жасалу сапасын қадағалау, бітірген студенттерге екінші жұмыс беру.

2 бригада жұмыстарын алмастыру

5-ші – 45 минут (1155 - 1240)

Білім алушылардың берілген тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтау үшін, жұмыстарын орындап жатқан білім алушылардың қатарын аралап, жұмыстың орындалу барысын бақылау, жіберілген қателіктері байқалса, оларды қайта көрсету арқылы түсіндіру.

3 бригада жұмыстарын алмастыру

6 – ші 45 минут: (1250 – 1335)

ІІІ. Қорытынды нұсқау: /5 минут/.

Білім алушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін аңықтау.


1. Бағалау (ағымдағы нұсқауға еңбек тәртібі, өзіндік ұстанымы) бойынша қорытындысы

2. Үйге тапсырма беру. «Құбыр жіктерін дайындау және пісіру» тақырыпшаларын қайталау. Е.Жұмабаев. Металдарды доғамен және газбен пісіру технологиясы Астана: Фолиант 2015, 436-439 беттер. Жұмыс орнын жинастыруды ұйымдастыру.


№ 181 топ өндірістік оқыту шебері: Абдилдиев Н.Қ.




Металдарды кесу түсінігі.

Металдарды кесу - дегеніміз металдарды бөлшектеу. Бұйымның пішініне және өлшеміне қарай екі кесу тәсілі қолданылады. 1. Қолмен кесу 2. Механикалық тәсілмен кесу. Қолмен кесу тәсіліне-қайшы, рычагті қайшы, қол ножовкасы, тұрбакескіш пайдаланылады. 2. Механикалық тәсілмен кесу-арнайы тұрба кесу станоктарының механикалық ножовкалармен дискалы аралармен жүзеге асады. Кесілетін бетшені төменгі және жоғарғы пышақтар арасына орнатады. Қысыммен басқан кезде металл кесіледі. Қайшы пышақтары У7, У8 маркалы болаттан жасалып, жүзі HRC 52 – 58 мықтылығына дейін қыздырып, қатайтылып үшкірленген болады.

Қол қайшылары қалындығы 0,5 – 1,0 мм болат бетшелерін және қалындығы 1,5 мм түрлі – түсті металл бетшелерін кесуге арналған. Қайшыны оң қолға төрт саусақпен жұдырыққа қыса ұстайды, кішкене саусақты қайшы ұстатқыштары арасына орнатады (а)


Қайшымен кесу тәсілдері

а – қайшымен кескен кезде саусақтардың дұрыс орналасуы; б – оң қолмен; в – ішкі қисық контурды кесу

Қысылған саусақтарды ашып, кішкене саусақты түзетіп, төменгі пышақты күшпен қажетті бұрышқа түсіреді. Бетшені сол қолмен (б) ұстап тұрып, кесетін пышақтардың арасына орналастырып, жоғарғы пышақты белгіленген сызықтың ортасына орнатады. Содан сон рукоятканы оң қол саусақтарымен қысып, кеседі.

Оң жақ қолды қайшыларымен сағат тілі бағытымен (б), сол жақ қолды қайшыларымен – сағат тіліне қарсы бағытымен (в). Бетшелі металдарды түзу сызық бойымен және қисық (домалақтан және овалды) жұлқымай оң жақ қолды қайшыларымен кеседі.



Қайшы түрлері

а – отырғышты (стуловые), б – тискіге қысылған

Отырғышты қайшылар (а) қол қайшыларынан үлкен көлемімен ерекшеленіп, қалындығы 2 мм – ге дейінгі бетшелі металдарды кесу үшін қолданылады. Төменгі рукояткасы тискіге немесе стол бетіне мықтап бекітіледі. Отырғышты қайшылардың өнімділігі ыңғайсыздығына байланысты төмен, сондықтан көбінесе қолданылмайды. Жұқалау қалындықты бетшелі металдарды түзу сызық бойымен кесу үшін бір ұстатқышын тисікге (б) қысып қойылатын қайшыларын қолдануға болады.



Пружиналы қайшы

1 – рукоятка, 2 – екі шарнирлі звено, 3 – винт, 4 – пышақ, 5 – тесіктері бар диск, 6 – бірінші рычаг, 7 – шарнир, 8 – рукоятка

А. Н. Васильев деген новатор қалындығы 2,5 мм – ге дейін қалындықтағы бетшелі металдың, диаметрі 8 мм – ге дейінгі болттар, катынка сымдарын кесуге арналған қайшысын ойлап шығарған. Бұл қайшыларының габариттері кәдімгі қол қайшыларының габариттерінен үлкен емес. Кесу кезінде рукоятканы (1) тискіге қысып, жұмысшы рукоятканы (8) іске келтіреді. Жұмысшы рукоятка дегеніміз екі тізбектеле жалғанған рычагтар жүйесі. Иығында пышақ (4) орнатылған бірінші рычаг (6) винт (3) көмегімен рукояткамен (1) жалғанған. Кәдімгі қайшыларында рукоятка болып есептелетін қысқартылып жасалған рычагтың (6) екінші иығы шарнирмен (7) аяқталады. Рукоятка (8) екі шарнирлі звено (2) көмегімен рукояткасымен (1) жалғанған. Бұл рычагтар жүйесі кесу опрециясын екі есе жеңілдетеді. Қайшының пышақтары ауыстырылады, қосымшасы жасырын заклепкаларымен рычагтарға бекітілген.


Қауіпсіздік ережелері

Қол арасымен жұмыс жасаған кезде келесі ережелермен жүру керек: жұмыс жасаған кезде пышақ тілікшесі түгелдей қолданылу керек; қол арасымен асықпай, жәймен, жұлқымай, минутына 30-60 қос жүріс жасалу керек. тез кескен кезде адам тез шаршайды, пышақ тілікшесі тез қызып кетеді; кесу процессі аяқтауға жақындаған кезде пышақ үстіне басуды азайту керек, себебі пышақ тілікшесі ұясынан атып шығып, зақым әкелуі мүмкін; кесу кезінде пышақ тілікшесін қыздырмау керек. үйкеленуді азайту мақсатында пышақ тілікшесіне минералды май немесе графитті май жағып тұру керек; жезді (латунь) және қоланы (бронза) кесу үшін жаңа пышақ тілікшелері пайдалану керек, себебі пайдалануда болған тістер кеспейді, тек зырғанап тұрады; пышақ тілікшесінің қабырғасындағы тістерінің біреуі болса да сыңған кезде жұмысты дереу тоқтатып, жаңасыңа ауыстыру керек.























































































































































«Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК













Ашық сабақ


Тақырыбы: Құбырлардың бұрылатын түйіндерін түйістіріп пісіру

Мамандығы: 1114000 « Дәнекерлеу ісі»

Біліктілігі: 1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші»

Тобы: № 181 топ, ІІІ курс























Өндірістік оқыту шебері: Абдилдиев Нұраш Құрмашұлы



2017-2018 оқу жылы
















































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Құбырлардың бұрылатын түйіндерін түйістіріп пісіру.

Автор: Абдильдиев Нураш Курмашевич

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455968


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства