kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қос сөздер және оның емлелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қос сөздер және оның емлелері туралы түсінік бере отырып жаттығу жұмыстарын орындату

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қос сөздер және оның емлелері»

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қос сөздер және олардың емлесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар

1. Білімділігі: Оқушылардың қос сөздер туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың жасалу жолдары жайлы мәлімет беру
2. Дамытушылығы: Күрделі сөздер ішінен қос сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың жазылу емлесіне және жасалу жолдарын ажырата білетіндей жұмыс түрлерін Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесімен байланыстыра жүргізіп, оқушылардың ой - өрістерін дамыту, сөздік қорлары мен танымдық қабілеттерін жетілдіру
3. Тәрбиелігі: Зейіндерін тоқтатып, дұрыс, әрі сауатты сөйлеуге, ойлауға, ұқыпты жазуға, өз еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көркемділігі: суреттер, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы,
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Өткеннен өшпес өнеге алып,
Ел болашағын ойлаймын.
Біліммен өрісімді мен шыңдап,
Ата - баба арманын орындаймын»

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


А – дыбысы, жуан ба? Иә
«Қас қағым сәтте» деген сөз тұрақты тіркес пе? Иә
Ғ - дыбысы үнді ме? Жоқ.
«Ата - ана» сөзі қос сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Үйшік» сөзінде жалғау бар ма? Жоқ.
«Батыр» және «ер жүрек» сөздері синоним бола ала ма? Иә.
Сөздің бастапқы бөлшегі түбір ме? Иә.
«Өнерпаз» сөзі аралас буынды сөз бе? Иә.
Е - дыбысы жіңішке ме? Иә.
Алпамыс батырдың жары қыз Құртқа ма? Жоқ.
Тілімізде дара сөздер бар ма? Иә.
Сөз тұлғасы түбір және қосымшадан тұра ма? Иә.
Қобыланды батырдың әкесі Тоқтарбай ма? Иә.
«Ат» сөзі омоним бола ала ма? Иә.
«Ел» сөзі бітеу буынды сөз бе? Жоқ.
Ж – дыбысы ұяң ба? Иә.
«Көкжиек» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Биыл» сөзі кіріккен сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Жақсы мен жаман адам қасиеттері» өлеңінде антонимдер кездесе ме? Иә.
«Көсеу» сөзі туынды сөз бола ала ма? Иә.
«Күлтегін» жыры ғашықтық жырлар қатарында ма? Жоқ.
С - дыбысы қатаң ба? Иә.
«Колхоз» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Жоқ.
«Ақжігіт» сөзі табу сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Ұры» сөзі эвфемизм сөздер қатарына жата ма? Жоқ.
Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпиялық нормамен белгіленген бе? Иә.
«паз» жұрнағы үндестік заңына бағына ма? Жоқ.

Мағынаны тану


Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарламажәне қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Пэзия минуты» (көп нүктелердің орнына тиісті қос сөздерді қойып, өлең жолдарын толықтырады)
Ызғарлы сол бір күндері,
...-... болып уыздай.
... -... бұлақ суындай,
Алаңға шықты ағалар.
Алаулап жанған жүздері
... -... болып көздері,
«Елім!» деп соғып жүрегі,
Тұрды ғой біздің әпкелер.
Тәуелсіз Туын көтерген,
Ағалар мен әпкелер!
Сіздер салған сара жол,
Мәңгіге кетер өмірлік!

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қос сөздер және оның емлелері

Автор: Апиева Панар Сансызбаевна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства