Cтильдің түрлері Қазақ әдеби тілі – стильдік – жанрлық тармақтары әбден айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие. Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ресми іс – қағаздар,әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық, күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі). Тіл стильдері Ауызекі сөйлеу стилі Көркем әдебиет стилі Ресми іс-қағаздар стилі Ғылыми стилі Публицистикалық стиль. Мысалы: Доп ойнайын деп жатырмыз (ауызекі сөйлеу стилі) Тәуелсіз қазақ елінің алдында латын әліпбиіне көшу міндеті тұр. (публицистикалық стиль). Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау жолымен шешеміз. (ғылыми стиль). Алғашқыда ел оның тірлігіне таңданып, аса сүйсініп жүрді (көркем әдебиет стилі). Мен, немерем Құрманғалиева Гүлшаттың зейнетақымды алуына сенім білдіремін (ресми іс – қағаздар стилі) |