kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс?ар?ан с?здер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыс?ар?ан с?здер.

Кейбір к?рделі атаулар, мемлекет, ?йым аттары бірнеше с?зді? тіркесінен ??ралып, кейде ?ыс?артылып та ?олданылады. Мысалы: Америка ??рама Штаттары, А?Ш болып, Біріккен ?лттар ?йымы, Б??, ?аза?стан-Британ  техникалы? Университеті ?БТУ болып ж?мсалады. Осындай к?рделі атауларды? ?ыс?артылып алынуын       ?ыс?ар?ан с?здер деп атайды.

К?рделі атаулар ?р т?рлі жолдармен ?ыс?артылады:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс?ар?ан с?здер »

Қазақ тілі 6-класс

Сабақтың тақырыбы : Қысқарған сөздер


Мақсаты : Қысқарған сөздер туралы қысқаша мәліметтер беру. Қысқарған сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге үйрету .

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап әдісі бойынша


Көрнекілігі : оқулық, дидактикалық материалдар, таратпа карточкалар .

Күтілетін нәтиже :

  • Оқушы қысқарған сөздерді меңгереді;

  • Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру жұмысы: Оқушыларды түгендеу; Оқу құралдарын бақылау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасы бойынша:

2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша /кубиктің қырына сай сұрақтар айтылады/

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының тапсырмасы : Біріккен сөздер қалай жазылады?

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының сұрағы: Біріккен сөздерге нелердің аттарын жатқызуға болады? Мысалдар келтір.

5- қырының сұрағы : Қысқарған сөз дегеніміз не?

  • 6- қырының сұрағы : Қос сөздер нешеге бөлінеді?


Тақтаға бір оқушы шығып мысал жазады:

1. Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .

  • Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.

  • Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.

2. Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.

  • Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап , анда-манда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

Сәкен Сейфуллин

  • Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.


ІІІ. Жаңа сабақ: Қысқарған сөздер: Қысқаша түсінік: Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып, кейде қысқартылып та қолданылады. Мысалы: Америка Құрама Штаттары, АҚШ болып, Біріккен Ұлттар ұйымы, БҰҰ, Қазақстан-Британ техникалық Университеті ҚБТУ болып жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың қысқартылып алынуын қысқарған сөздер деп атайды.

Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен қысқартылады:

  1. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мыс: БҰҰ, ҚР ҰҒА- ҚР Ұлттық ғылым академиясы

  2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады: ҚазМИ , ҚарМУ, ҚарПТУ т.б. Қысқарған сөзге қосымша жалғайтын болсақ ол дефис арқылы жазылады.

  3. Күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосылатын қосымша дефиссіз жазылады. Мыс: педколледжге түсті, аткомге барды

  4. ГАЗ-51, ИЛ-86, АН-2 тәрізді техника түрлерінің маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болады. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да қосымша дефис арқылы жазылады.

  5. Әр түрлі өлшемдердің атаулары метр, см, кг, т, тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жазылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Жаттығулар орындату: /тақтаға мысалдар жазылады/

102-жаттығу. Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесімен сөйлем құрап жаз:

Менің ауылдағы нағашы атамда ГАЗ-69 көлігі бар. ИЛ-62-мен Астана қаласына ұшып келдік. АҚШ-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстандық студенттер білім алуда. Колхозда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Қазіргі нарық заманында совхоздардың атаулары өзгертілген. Қазақстан БҰҰ-на мүше болып кірген. Мм –мен өлшеу бізге көп қиындық әкелмейді. Алыстағы атамның ауылы аудан орталығынан 150 км шақырымда орналасқан.Мен мектепті аяқтағаннан кейін пединститутқа оқуға түспекшімін.


Ү. Үйге тапсырма: Қысқарған сөздерді қатыстырып 5 сөйлем құрастыру;


ҮІ. Сабақты бекіту үшін тестік сұрақтар:

  1. Біріккен сөзді табыңыз.

А)Талдықорған Б)Ашық ауыз адам В)Бес дәптер

Д)Қара ала Е)Тісін қайрады

2. Дара сөзді көрсет.

А)Тізесін бүкті Б)Әкімшілік В)Бес жүз

Д)Отыз бестерге жуық Е)жақсы көру

3. Қысқарған сөзді табыңыз:

А)Көз шырымын алды Б)Әлек салды В)Кетіп бара жатыр

Д)Оқуды үздік оқыды Е)Педколледжді бітірді

4. Қайталама қос сөзді көрсет

А)балапандар Б)бала-шаға В)анда-санда

Д)бетпе-бет Е)сап-сары

5. Туынды сөзді табыңыз

А)Қарағанды Б)Жезқазған В)Астана

Д)Екібастұз Е)Қызылорда

6.Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз

А)ірілі-ұсақты Б)қысы-жазы В)үлкен-үлкен

Д)салдыр-гүлдір Е)ағайын-туыс


ҮІІ. Оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ыс?ар?ан с?здер

Автор: Канимагамбетова Гульнур Маратовна

Дата: 17.11.2014

Номер свидетельства: 131785


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства