Мақсаты: 1. Құрмалас сөйлемге тән белгілер. Оның жай сөйлемнен өзгешелігі. Құрмаластағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері: салаласа, сабақтаса, араласа байланысуы.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Елжандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Қайталау
1. Жай сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді?
ІІІ Жаңа сабақ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылықтары.
1) Сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында.
2) Мағыналық жағынан өзгешелігі: жай сөйлем жеке бір ойды білдіріп, құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.
3) айтылуында: жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады; құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады. Басқаша айтқанда, жай сөйлемдер интонация жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіреді де, өз алдарына бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлем сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып тұрады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйллемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады.
құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары баяндауыштары тиянақсыз болып, бірі еінші-
иянақты болып келіп, бір-біріне тәуелді болмай сіне бағына, сабақтаса байланысады.
тең дәрежеде байланысады. Жай сөйлемдер Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса,
бір-бірімен ұласпалы интонация, кейде біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп
жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады. Отыр.
Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Мұқата
сөйлеген Шұғылдың сөзінХакім де естіді,
бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады, олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысады.М., Қарт әкенің қайғысын естіп, асыл перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымыралды, көзімізден жас парлады.
93-жаттығу.
1. Оқып шығып, мәтінді құрайтын сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.
2. Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай талдаңдар.
3. Даналық сөздердің мағынасынан не түйгендеріңді топ ішінде анықтаңдар.
94-жаттығу.
Мәтінді оқып шығып, тірек сөздерді табыңдар.
Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.
Тірек сөздерді таңдап алып, соны тақырып етіп өлең құраңдар.
95-жаттығу.
1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындап, ол сұрақтарға жолдасың жауап берсін.
2. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тауып, қанша жай сөйлемнен тұғанын түсіндіріңдер.
3. Ел аузынан алынған мәтіннің мазмұнын Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Байтұрсынов сөздерімен байланыстыра әңгімелеңдер.
ІV Бекіту
1. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігі неде?