Просмотр содержимого документа
«?орша?ан ортаны ?ор?ау »
Күні:
Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қоршаған ортаны қорғау туралы оқушыларға кең көлемде мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сауатты сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Тәрбиелік: Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға, сүюге, оны қорғауға ұмтылдыру, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру,ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: слайд, көркем суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, биология. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабақты жаңа серпіліспен бастайық.Мен сендердің бүгінгі сабақты жақсы игеретіндеріңе сенемін. Әрдайым өздеріңе сенімді болып,бір-біріңді қолдап жүріңдер. Балалар,бір-біріңе жақсы көңіл-күй тілеу ниетінде қол соғып қояйық. Сонымен сабағымыз басталды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Миға шабуыл.
Екі топқа екі сурет беремін.
Қазір осы суретпен жұмыс жасаймыз.
Балалар, өздеріңе берілген суреттен не көріп отырсыңдар? Қандай ой түйесіңдер?
Осы суреттен көргендеріңді 4 сөйлемнің көлемінде сипаттап жазыңдар.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
1-топ.
2-топ.
Демек, балалар, сендердің құрған сөйлемдеріңнен шығатын қорытындысынан бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы анықталды.
Сонымен, жаңа сабақтың тақырыбы «Қоршаған ортаны қорғау» деп аталады.
Ой шақыру.
Ал, қазір мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Қоршаған орта дегеніміз не?
Қоршаған орта дегеніміз – табиғат.
Қоршаған ортаны қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Табиғатқа жанашырлықпен қарау, зиян келтірмеу.
Қалай ойлайсыңдар, табиғатты кімдер қорғау керек?
Табиғатты адамзат қорғау керек.
Табиғатты не үшін қорғау керек?
Дұрыс, балалар, табиғат адамға өте пайдалы.
Ал, енді бәріміз тақтаға назар аударып, бүгінгі тақырып бойынша сөздік жұмысын жүргізейік.
қоршаған орта – окружающая среда
мәселе – проблема
болашақ – будущее
мөлдір – прозрачный
қорық – заповедник
Оқушыларға жеке оқытамын, содан соң барлығы оқиды.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып алайық.
Бүгінгі тақырыбымызға байланысты мәтінмен танысу үшін , оқулықты алып, 115-бетті ашамыз.
Екі топ бір-бірлеріңе кезектесіп, осы мәтін бойынша сұрақтар қойыңдар.
1.5 маусым қандай күн?
2.Қоршаған ортаны дүниежүзілік қорғаудың негізгі мақсаты қандай?
3.Бұл күні қандай жұмыстар ұйымдастырылады?
4.Біздің борышымыз қандай?
Қоршаған ортаға зиян келтіру арқылы біз көптеген табиғи байлықтарды жоғалтып жатырмыз. Өзен көлдерге келген зияннан өсімдіктер, балықтар, жан-жануарлар, құстар азайып бара жатыр. Сондықтан ,біз оларды қорғауымыз керек. Жер бетіндегі жанды нәрсенің барлығын қорғау мақсатында адамзат бір ерекше кітап ойлап тапқан.
Сұрақ: Ол қандай кітап? (Оқушылардың жауабы «Қызыл кітап»).
Кітап не себепті «Қызыл» деп аталғанын білеміз бе?
Қызыл түс – қауіп-қатердің белгісі. Ол барлық адамды құстарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді қорғауға шақыратын дабыл секілді.
Біздің елімізде табиғат байлығын қорғап сақтайтын қорықтар бар.
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақ қорықтар деп аталады.
Қазақстан аймағында қандай қорықтар бар екенін білесіңдер ме?
Ендеше, біліп жүргендерің дұрыс.
Балалар, мен сендерден Қазақстан қорықтары туралы жай сұраған жоқпын.
Бізге осы қорықтар туралы оқулықта мәтін берілген екен.
Қазір оқулықтың 116-бетін ашып, 4-тапсырмаға назар аударайық.
4-тапсырма. «Қорықтар неге керек?» мәтіні бойынша жұмыс.
Мәтінді алдымен оқып шығу. Балалар, мәтінді тізбетеп оқиды.
Қане, кім жауап береді? Мәтін не туралы?
Мәтін табиғаттағы тіршілік иелері, яғни құстар, жануарлар, өсімдіктерге төніп тұрған қауіп туралы. Сондай-ақ, табиғатты қорғауда қорықтардың пайдасы зор екендігі айтылған.
Балалар, біз берілген мәтіннен етістіктерді тауып, теріп жазуымыз керек.
Оны табу үшін,алдымен етістіктің не екенін еске түсірейік.
Етістік дегеніміз не? Қанеки,кім жауап береді?
Сұрақтары қандай?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Олай болса, тапсырманы тақта алдында орындайық.
Мәтіннің бір бөлімі бойынша бір оқушы, екінші бөлімі бойынша екінші оқушы тақта алдында орындайды.
(Басқа оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.)
Ал, балалар қазір етістіктерді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғаудың өзімізге арналған ережесін құрастырайық. Ол бізге табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны сақтауға көмектесетін болады.
Гүлді ...... (жұлма)
Ағаштардың бұтақтарын ........ (сындырма)
Орманда ........ (от жақпа)
Қоқыс ....... (тастама)
Құстың ұясын ..... (бұзба)
Құстардың балапандарына ...... (тиіспе)
Өзен-көлдерді ........ (ластама)
Көктемде ағаш ...... (отырғыз, ек)
Табиғатты ...... (қорға)
Өздерің құрған ережені барлығымыз тексерейік.
Балалар, біз әрдайым осы ережені ұстанып, туған табиғатымызды, қоршаған ортаны аялап,қорғап, зиян келтірмей жүретін болсақ, біздің табиғат қандай болар еді? Ендеше, барлығымыз тақтаға назар салып, табиғатты тамашалап көрейік.
(Табиғаттың әсем суреттері).
Қандай әдемі, ия балалар. Біз, адамзат табиғат арқылы тіршілік жасап жатырмыз. Табиғаттың ерекшелігі өте көп. Осындай ерекшеліктің бірі табиғаттың жұмбағы.
Табиғаттың жұмбағы. Жасыл шыршаның сыры.
Барлығымыз білетіндей, қыс мезгілінде ағаштарда жапырақ өспейді.Ал көктем басталғанда, ағаштар бүршік атып , біраз уақыттан соң одан жапырақ өсе бастайды. Күзде барлық жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды. Жылдың қай мезгілінде де жасыл болып тұратын ерекше ағаш бар. Ол, әрине, шырша. Олай болса, табиғаттың жұмбағын шешіп көрейік.
Шырша неліктен жыл бойы жап-жасыл?
Екі топқа тапсырма: бір-біріңмен ақылдасып, ойласып, осы жұмбақтың шешімін тауып көріңдер.
Оқушылардың жауабын тыңдау.
1-топ.
2-топ.
Шыршаның басқа ағаштардан ерекшелігі оның жапырақтары мөлшері кішкене ине секілді.
Жыл бойына шырша осы инелерінің 70-80%-ын ауыстырып, жаңартып тұрады екен. Ал, біз мұны мүлдем байқамайды екенбіз. Осы қасиеті мен өзінің суық климатқа төзімділігіне байланысты шырша үнемі жасыл түсте болады екен.
ІV. Бекіту.
Сөзжұмбақ шешу. Балалар, біздің елімізде көптеген өсімдіктермен, жануарлармен қатар құстар да қорғауға алынған. Егер біз берілген суреттегі құстардың атауын дұрыс тауып, оны орыс тілінде де айтып, сөзжұмбақты шешсек, жасырын сөз шығады. Ол қандай сөз екен, шешіп көрейік.
1.Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.
Түйеқұс
2. Киелі құс Аққу
3. Әнші құс Бұлбұл
4. Түсі ерекше құс
Қоқиқаз
5.Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады. Шағала
6. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
Қарға
7. Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдпашы , балалар,
Ол қандай құс болады?
Тоқылдақ
Т
Ү
Й
Е
Қ
Ұ
С
А
Қ
Қ
У
Б
Ұ
Л
Б
Ұ
Л
Қ
О
Қ
И
Қ
А
З
Ш
А
Ғ
А
Л
А
Қ
А
Р
Ғ
А
Т
О
Қ
Ы
Л
Д
А
Қ
Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
Оқушылардың сөзімен қорытындылау.
Туған жерінің табиғатын, қоршаған ортаны қорғайтын азамат болып өсіңдер, балалар! Тақтадағы антты барлығымыз хормен оқиық.
Табиғатты қорғауға, Өсімдікті жұлмауға. Ант етеміз! Құстарды біз атпауға, Балапанын сақтауға Ант етеміз!
VI. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма беру.
«Қоршаған ортаны қорғауға менің қосатын үлесім» тақырыбында эссе жазу.