Просмотр содержимого документа
«?имыл - сын ба?ыны??ы саба?тас»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.А.Досалиева
8- сынып.қазақ тілі сабағы. Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас Оқытудың ұтымды жолдары мен әдістерін сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, қарым - қатынасқа түсе алатындай дағды мен біліктілігін қалыптастыру. Міндеті: Білімділік: қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалуын ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Эмоциялық күй келтіру, әрекеттер арқылы оқушының қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Үлкен - кішіні сыйлау, оларды құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Семантикалық кестені орындау, тест жұмысы, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта ,газет – журналдар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
Топқа бөлу.Оқушылар қиынды қағаздар алып, топқа бөлінеді. 1-топ Есімше 2-топ Көсемше 3-топ Болымсыз етістік 4-топ Шығыс септігі 5-топ қимыл- сын пысықтауыш.
1.Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.ған, ген, қан, кен, ар, ер, р, атын, етін, йтын,йтін,мақ, мек,бақ , бек.
2. ып, іп, п,а,е,й, ғалы, гелі, қалы, келі.
3. Іс-әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Ба,бе, па, пе, ма, ме.
4. Шығыс септік жалғауы: тан, тен.нан, нен, дан, ден.
5.Іс- әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді. Қалай? қалайша? Қайтіп? Қаншалықты?
2.Қызығушылығын ояту.
Топ есімдеріне сай білетін мәліметтерін сұрау. Топтық 5- минут Оқушылар арасында сабаққа деген қызығушылық қалыптасады. 3. Қимыл іс-әрекеттерді бейнелеу. Әр топқа біреуден үйлестіру. 1.Шапалақтап 2.Керіліп 3.Таңдана 4.Ашуланған күйі 5.Дірілдеген қалпы
Көрермендер ардагерлерге10 минут бойы үзіліссіз шапалақтап, ұзақ қошемет көрсетті.
Босағаға керіліп, тұруға болмайды.
Мен таңдана қарасам, оларға көз тиіп кетеді.
Ол қатты ашуланған күйі, үйден шыға жөнелді.
Екі қолы дірілдеген күйі, үйге кіріп келді. Негізгі сөз: қимыл.Осы сөзді қарсыласына қимылмен түсіндіру. Берілген қимыл іс-әрекеттерді оқушылар топ болып орындайды, әрі сөйлем құрастырады.Қаншама іс- қимыл әрекеттер айтылып, орындалғанын білдіретін сабақтасты қимыл- сын бағыныңқы сабақтас екенін айтып түсінді.
Қырағылығы мен ой ұшқырлықтары қалыптасады.
4. Жаңа сабақ. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. 1.Төрт топқа қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас туралы дайын материалдар беремін. Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы жеке оқиды, жұпта талқылайды, ортаға шығып қорғайды.
І топ: Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл- сын бағыныңқы сабақтас дейміз . Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемі қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.
Тақтадағы мысалды талдау.Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз бүркіт жүр.
ІІ топ: Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады: 1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.) Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады.
ІІІ топ. 1) Есімшеге (-ған/ген, -қан/кен) –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.) 2) Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін келіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.)
4- топ. 1) Есімшеден кейін (-ған/ген, -қан/кен) күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.) 5- топ. 4). Болымсыз етістікке (-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+с (ортақ етіс жұрнағы) + (-тан, -тен) Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.
Әр топтан бір оқушы қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем мен жасалу жолдарын түсіндіріп шығады.
5. Жаттығулармен жұмыс. 140-жаттығу. /
топ.Мәтінді дауыстап бір оқушыға оқыту/ Үзінді қай шығармадан алынған?
Ғ.Мүсірепов. « Тулаған толқында» повесінен алынған.
2- топ.Мәтінде кімнің тағдыры баяндалған, сол жөнінде ой толғаңдар.
3-топ. Шәйза мен шешесі неліктен мұндай қорлыққа ұшырады?
4-топ.Мәтінде құрмаластың арасына қойылатын үтір қойылмаған.Тыныс белгілерін қойып шығыңдар.
5- топ. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты тауып, жасалу жолына талдайды. Жалпы сұрақ:Автор болсаң әңгімені қалай аяқтар едіңіз?
8. Тест жұмыстарын орындау. 1.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. А) Хакім кітапты ұстаған күйінде, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. В) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды. С) Сен келген кезде, ол үйде жоқ еді. 2.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. В) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. С) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. 3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Иығындағы ауыр жүгі жеңілдегендей болып, жайбарақат ұйықтап кетті. В) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік. С) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған 4.Қимыл сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз. А) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ. В) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің. С) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отыр. 5.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. А. Кімде-кім өлімнен қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды. С) Жаман айтпай, жақсы жоқ. В) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жолаушылар тағы да жолға шықты. 1.а.2.а.3.а.4.с.5.с.
Ержан шошып кетіп, қалт кейін шегінді.Окоп ішінде топырақ астынан қолы мен шинелінің шалғайы шығып жатқан өлікті басып кете жаздапты.Ол аз ғана секунд есеңгіреп қалшиып тұрды да, тез еңкейіп, қолымен топырақты қазып, өліктің басын көтеріп алды. Топырақ астынан құп- қу болып Зелениннің беті көрінді. Ержан Зеленин өлді дегенге сенбей, азғана уақыт оның жансыз бетіне қадала қарады.
(Үзінді қай шығармадан алынған, авторы кім?)
Тахауи Ахтанов. «Окоп үстіндегі айқас» 7- сынып.
Барсам, штаб бастығы, полковник Серебряков мейірімді жүзбен күлімдей қарап:
-Жүріңіз, жолдас аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді шақырған сол кісі еді,- деді.
Көптен ұйқы көрмеген қарт генерал қажыңқырап-ақ қалған екен. Менің сәлемімді алып:
-Отырыңыз,- деп орындыққа қарай басын изеді де, темекі тұтатып тартып, біраз ойланып, менің басымнан аяғыма дейін екі рет қарап, бір нәрсені ұмытқан адамша жуық арада сөз бастай қойған жоқ.Ондай мінезді мен бұрынғы бірнеше рет жолығуымда генералдан көрген де, сезген де емес едім.Не болған деп таңғалып, мен де үн шығармай отыра бердім.
Сен біз « дәу қара» деп атайтын Қарағандының забойшигі Бейсенәліні білесің ғой. Ол қазір бізбен бірге. Өзі де дәу қара десең, дәу қара-ау. Бүгінгі ұрыста жұртты тым-ақ сүйсіндірген сол болды. Оның қимылы да қызық. Сонша ірі денесімен керіліп тұрып немісті найзаға түйреп алып, басынан асыра кейін лақтырады. Жау онымен қарсыласуға беттемей, жалт береді. Жаңа оны командир шақырып алып, арқасынан қағып, алғыс айтты.