?аза? тілінен саба? жоспары: «?скемен ?аласыны? экологиясы»
?аза? тілінен саба? жоспары: «?скемен ?аласыны? экологиясы»
О?у ба?дарламасында?ы экология та?ырыптарына ерекше назар аударып, сол ба?дарламада ?амтыл?ан негізгі та?ырыптарды о?ушы санасына жеткізу ма?сатында берілген саба?ты? жоспарын назарлары?ыз?а ?сынамын.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: «?скемен ?аласыны? экологиясы» та?ырыбы бойынша с?хбаттасу. Та?ырып?а байланысты с?здерді ме?гертіп, жатты?уларды орындау
Дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісін, с?здік ?орын дамыту, есте са?тау ?абілеттерін дамыту, ?ойыл?ан с?ра??а д?рыс жауап беруге, с?йлемді д?рыс ??рау?а ?йрету, тілге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен саба? жоспары: «?скемен ?аласыны? экологиясы» »
Өскемен қаласы
«Бриг» жеке меншік бизнес мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Байтемирова Мария Нурсолтановна
Оқу бағдарламасындағы экология тақырыптарына ерекше назар аударып, сол бағдарламада қамтылған негізгі тақырыптарды оқушы санасына жеткізу мақсатында берілген сабақтың жоспарын назарларыңызға ұсынамын.
6 сынып
Табиғатты қорғайық (12 сағат )
7 – сабақтың тақырыбы: «Өскемен қаласының экологиясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Өскемен қаласының экологиясы» тақырыбы бойынша сұхбаттасу. Тақырыпқа байланысты сөздерді меңгертіп, жаттығуларды орындау
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қойылған сұраққа дұрыс жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрауға үйрету, тілге деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: Өз қаласының экологиясын жақсартуға атсалысуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: кестелер, сұрақтар, мәтін, Өскемен қаласының өндіріс орындары – фото, видеофильм
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, сабақтың мақсатын анықтау
Үй тапсырмасын тексеру (жұппен жұмыс - сұрақтарды оқу, бір- бірлеріне дұрыс жауап беру)
Таза ауамен демалайық
Сенің қалаңның табиғаты қандай?
Сенің қалаңда өндіріс орындары бар ма?
Өндіріс орындары табиғатқа қалай әсер етеді?
Сенің қалаңның ауасы қандай?
Қала ауасын тазарту үшін не істеу керек?
Таза ауамен демалу үшін сен не істейсің?
Бос уақытыңда не істейсің?
Сен саябақтарға барасың ба?
Қалаңда саябақтар бар ма?
Жаңа сабақ
Жаңа сөздер: (оқу, аудару, сөз тіркес, жай сөйлем құрастыру)
өнеркәсіп
нашар
жағдай
лас
талап
қашықтықта
Мәтінмен жұмыс:
Өскемен қаласының экологиясы
Өнеркәсіп орындарының әсерінен Өскемен қаласындағы экологиялық жағдай нашар.
Өскемен-Қазақстандағы ауасы лас қалалар қатарына жатады.
Өскемен – түсті металлургия орталығы.Аймақтың жетекші салалары түсті металл өндіру мен машина жасау.
Қала тұрғындары ауаға газ тарағанын бірден сезеді.
Өскемен қаласы атмосфераны ластау индексі бойынша Қазақстанда көшбасшылардың бірі ретінде 8-ші орында тұр. Қаладағы өндіріс орындарының орналасуы санитарлық талаптарға сай келмейді. Санитарлық талап бойынша өндіріс қаладан 15 шақырым қашықтықта орналасуы тиіс.
Біздің өндіріс орындары қаланың ортасына орналасқан.
А)Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.
Б) Топтық жұмыс: сұрақтар құрастыру (сұрақты дұрыс құрастыруға үйрету).
Өскемен қаласының экологиялық жағдайы қандай?
Ауасы қандай?
Өскемен ненің орталығы?
Аймақтың жетекші салалары не?
Өндіріс орындарының орналасуы санитарлық талапқа сай ма?
Біздің өндіріс орындар қайда орналасқан?
Сергіту сәті
Бекіту:жаттығу жұмыстарын орындау
А)Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар
Б) Сөйлемдегі етістікке морфологиялық талдау жасаңдар
Қорытындылау: Қаланың экологиясын шешу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма беру:Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру
Бағалау
Оқушылардың білімдерін бағалап, балдарын бағалау парағына қою
«Табиғатты қорғайық» тақырыбы бойынша оқу парағы
Оқушының аты- жөні: ___________________________
№
Тапсырма
түрі
Тапсырған
күні
ең жоғары балл
алған балдары
Бағасы
Кім тексерді?
1
Жаңа сөздер
31 сөз
15
2
Мақал – мәтелдер
(5)
10
3
Сұрақ – жауап (берілген мәтіндер бойынша)
10
4
Мазмұндама
«Елімнің табиғаты»
10
5
Диктант
«Қоршаған орта»
10
6
ШҚО табиғаты, әсем жерлері (әңгімелеу)
10
7
Нәтиже сабақ (тест – аудару, шығару)
10
8
Фонетикалық талдау
(жаңа сөздер)
10
9
Етістік (ереже, салт және сабақты, болымды және болымсыз етістіктер)