kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі саба?тарында а?паратты?-коммуникативтік технологияларды? м?мкіндектерін ?олдану жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырып:
"?аза? тілі саба?тарында а?паратты?-коммуникативтік технологияларды? м?мкіндектерін ?олдану жолдары."
Эпиграф:
"?азіргі заманда жастар?а а?паратты? технологиямен байланысты ?лемдік стандарт?а сай м?дделі жа?а білім беру ?те ?ажет".
Н.Назарбаев
Кіріспе б?лім.
?аза? тіліні? мемлекеттік м?ртебе алуы-ел ?міріндегі е? ма?ызды о?и?аны? бірі. Елімізді? іргелі ел болып егемендігін ал?ан асулы жылдарында м??алім алдында жа?а талаптар мен міндеттері ?ойылуда. Я?ни, болаша? ?рпа?ымызды білімді де білікті, м?диниетті де саналы етіп т?рбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жа?аша о?ыту м??алім тарапынан ?мірлік зор ма?ызы ие болып отыр. ?азіргі уа?ытта педагогика ?ылымыны? бір ерекшелігі-баланы? т?л?алы? дамуына ба?ыттал?ан жа?а о?ыту технологияларын шы?ару?а ?мтылуы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?тарында а?паратты?-коммуникативтік технологияларды? м?мкіндектерін ?олдану жолдары.»

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндектерін қолдану жолдары.

Тақырып:
"Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндектерін қолдану жолдары."
Эпиграф:
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет".
Н.Назарбаев
Кіріспе бөлім.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы-ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі. Еліміздің іргелі ел болып егемендігін алған асулы жылдарында мұғалім алдында жаңа талаптар мен міндеттері қойылуда. Яғни, болашақ ұрпағымызды білімді де білікті, мәдиниетті де саналы етіп тәрбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жаңаша оқыту мұғалім тарапынан өмірлік зор маңызы ие болып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Қазіргі кезде мектептерде жаңа қолдану жөнінде жие айтылып жатыр. Қазіргі педагогикалық технологиялар балалардың қабілеттерін біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отырып, даралап оқытуды қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сонымен, педагогикалық технологиялар деген не десек, олар/слайд№3/:
- өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал
- сол деңгейді қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға бағытталған іскерлік.
Педагогикалық технологиялардың мақсаты/слайд№4/:
- оқыту үдерісінің тиімділігін көтеру, оқытуға бағдарланған нөтижелерге жетудің кепілі болып табылады
- қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты-оқушылардың коммуникативті мөдениетін дамыту жөне қалыптастыру, мұғалім өз жұмысында әрбір оқушыға тілді практикада меңгеруіне жағдай жасауы тиіс.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершіліепен дайындылып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы ояту үшін әр түрлі технологияларды қолданып жатыр. Мен қазақ тілін оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдануға тоқталғым келеді. /слайд№5/

Негізгі бөлім
"Ақпарат дегеніміз не?" "Ақпарат" сөзі латының түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Ақпараттық процессерді жүзіге асыратын негізгі құрал- компьютер. Біздің қарқынды заманымыз-ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттың-коммуникативтік технологиялардың негіздері: /слайд№6/
1. Ақпараттық құралдармен жұмыс істеу;
2. Оқу барысында компьютерді пайдалану;
3. Модельдеу;
4. Электрондық оқулықтарды қолдану;
5. Интерактивті тақтаны қолдану;
6. Интеррнетте жұмыс істеу;
7. Компьютерлік оқыту бағдармаларды пайдалану.
Қазіргі кезде бізге әр түрде берілген ақпараттар жиі ұсынылады.Сондықтан шәкітттерді оқытуда олардың ақпараттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни, керекті ақпаратты тауып, оның мазмұны беру біліктіліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын армандайды. Оны қалыптастыруда кәптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қодану бізге әдістемеләк әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарды қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту удерісін өзгертіп , балалардың жүйелі ойлау қабілетерін қалыптастырады /слайд№7/:
Ақпараттық компьютерлі технологияларды қолдану:
- оқыту үдерісінің аясын кеңейтеді
- практикалық бағыттылығына себеп болады
-оқуға деген уәждешелерін көтереді
-оқушылар білім алады
Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турліндіреді және қызықты етеді, балаларды әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Интернетте біз оқушылармен жобаларымызға турлі керкті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б. Осы материалдар ұлтаралық үдерісінде "мәдениетің иісі" болып шығады. Осы жерде менің қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретіндегі рөлім - оларды берілген оқу курсына, тақырыпқа, оқушылардың тілдік деңгейлеріне бейімдеу. Мультимедиялық презентацияларды әрбір мұғалім кеңінен қолданып жүр. Олар мұғалімгеде, оқушыға да қолайлы.
Мен өзімнің әр сабағымда презентацияларды қолданамын. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет. Мульти- медиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:
1. Барлық оқушылар зейінін белсендіріді;
2. Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады;
3. Оқу уақытың үнемдейді;
4. Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекі жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
5. Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.
Презентация жасау материалдарды таңдап алуға, презентацияның құрамын ойластыруда,олрды түрлендіруде мұғалңмнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда мен оқушылардың оқ дағдыларын дамытамын. Интернеттен алған материады пайдаланамын, жазбаша біліктіліктерін арттырамын, сөз қорларын кеңейтемін, және шәкірттерімнің оқуға деген тұрақты бейімін қалыптастырамын.
Көптеген оқушылар Интернет жүйесінде өткізілетін олимпиадаларға, байқауларға, тестілеуге қатысып жатады. Мысалы, 2011-2012ж, 2012-2013 ж менің оқушыларым Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып жүр. Биыл 2012-2013 оқу жылында қазақ тілінен 4 оқушы қатысты: 2 оқушы – 7б сыныптан Стасюк Ю., Дядиченко Д. – сертификат «Үздік көрсеткіш»,, 2 оқушы 9л сыныптан Савенкова А,. Шиховцова Н. 1 – сетификат «Лучший результат города».
Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын көтереді, басқа тілде үйренуде психологиялық кедергілерден өтуге көмектеседі. Интернетті пайдалану мұғалімнің күнделікті жұмысында, т.б. жаңа технологияларды танып, өз біліктілігін көтеруде әсері мол. Өз жұмысымда мен күнделікті интерактивті тақтаны пайдаланып отырамын. Осы тақтаның ең үлкен артықшылығы- көрнекілік және интерактивтік.
Ол бір уақытта баланың екі қабылдау мүшесіне- көру және естуіне әсер етеді, сондықтан оның тиімділігі өте жоғары деуге де болады. Тақтаның көрнекілік, дыбыстық, интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану сабақта жайлы эмоционалды орта тұғызады. Оқушылар керекті де маңыздыақпаратты танып, сонымен қатар өте күшті, жайлы таңқалу, қуаныш, құмарлану сияқты эмоциялар алады. Тақта арқылы берілген, оқытылған материалдың көрнекілік, интерактивтік мүмкінідіктері арқылы оқушылар тапсырманы қорықпай орындап, түгелдей жұмысқа белсенді түрде қатысып отырады. Интерактивті тақта қолданылып өтетін сабақтарда мен әр түрлі жұмыстар жүргіземін. Ол үшін оқытудың интеракивті әдіс-тәсілдерін қолданамын.
Олар: /слайд№ 11/
- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;
- Тірек- сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары;
- Ойын арқылы оқыту;
- Сөзжұмбақ, бейнесөздер;
- Логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар;
- Тестілеу және бақылау.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: / слайд № 12/
1. Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
2. Жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
3. Мұғалімнің, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
4. Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады;
Ақпараттық құралдардың ішінде электронды оқулықтардың рөлі ерекше. Электронды оқулықтар – оқу пәні бойынша өздігінен білім алуға, оның тиянақтығын, тереңдігін арттыруға және білімді бақылауға арналған бағдарламалармен жабдықталған оқу құралы. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды.
Электронды оқулықтар оқушылардың: /№13 слайд/
- Білім деңгейін тереңдетуге;
- Ауызекі тілде сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыруға;
- Өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
- Ойларын дамытуға;
- Оқушылардың сөздік қорының молаюына;
- Тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- Сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;
- Өз ісіне талдау жасай алуға көптен- көп көмегін тигізеді.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Қорытынды бөлім
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімдң қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттық, технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім: /№14 слайд/
1. Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
2. Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
3. Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
4. Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
5. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыналады;
6. Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, іздеген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
№ 15 слайд Жұмыстың болашақ жоспары – диаграмма
№ 16 слайд Ұстаздарға тілек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Куттыгожа Кенесары Жолдасулы

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства