Кіріспе IҰйымдастыру бөлімі Топқа бөлу Психологиялық ахуал «Жүрек жылуы» | Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру және олардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен барысын айту. -Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше себебі қонақтар арасында өтпекші.Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі,сондықтанда бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонақтар қош келіпсіздер. Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Сабағымызды бастайық! Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.Жүректі бере отырып, бір-бірімізге жүрекке жылы, жақсы тілектер айтып шығайық.(шеңбер құру) | Сабаққа әзірлік Топқа бөлініп отыру Бір-біріне жүрек беріп, тілек айтады |
Негізгі бөлім 1.Сайыс ережесін түсіндіру I асу «Жүйрік болсаң шауып көр» II асу «Ойлы болсаң озып көр» III асу «Мықты болсаң тауып көр» Сергіту сәті IV асу «Талдау табыс кілті » V асу «Шапшаң ойла, тез тап» Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс Үйге тапсырма Қорытынды Рефлексия | Бүгін сайысқа қатысушы 2 топ білім шыңына шығу үшін 5 түрлі асудан сүрінбей өтуіміз керек. Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болайық. Қазір әрбір топ өздерін таныстырсын. Бұл асудан сүрінбей өту үшін әрбір топ берілген сұрақтарға дұрыс әрі толық жауап берулері керек. «Қазақ тілі сабағында» атты мәтінмен жұмыс істейміз. Бүгін аптаның қай күні? Бүгін сендерде неше сабақ болады? Олар қандай сабақтар? Орыс тілі сабағында сендер не істейсіңдер? Ән сабағында сендер не істейсіңдер? Математика сабағында сендер не істейсіңдер? Дене сабағында сендер не істейсіңдер? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі нешінші сабақ? Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады? Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлеміз? Қазақ тілі сабағында сендер не істейсіңдер? Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін ата Сендер қандай тілдерді білулерің керек? Сендерге қазақ тілі ұнай ма? Бұл асу 2 бөлімнен тұрады 1 бөлім: жұмбақ шешу сайысы (жасырылған жұмбақты табамыз) 1.Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ 2.Қардай аппақ, Балдай тәтті – ақ. 3.Сырт-сырт етеді, Уақыт өтеді. Күнде есебін жаттайды, Ешбір тыным таппайды. Алмайды бір тағат Оның аты.... 4.Үш көзі бар қырағы, Кезек ашып,жұмады. Өтеріңде көшеден Бұйрық беріп тұрады. 5.Жазу жазып жалықпаған, Жаза –жаза арықтаған 6.Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ 2 бөлім: мақал – мәтелдер сайысы деп аталады слайд бойынша сурет орнына керекті сөзді қолданып мақалды дұрыс етіп айтуымыз керек Оқушылар өздерінің дайындап келген мақалдарын айтады. Видео бойынша сергіту жаттығуларын жасаймыз « Кім дұрыс және тез» сайысы бойынша берілген сөздерді буынға бөліп буын түрлерін ажыратамыз,неше буын,қандай сөз екендігін анықтаймыз Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар дегенміз. Олар ашық буын тек қана дауысты дыбыстан немесе дауыссызға басталып дауыстыға аяқталған буындар. Мысалы: ә-ке, а-на, ә-же,а-ға, і-ні. Тұйық буын дауыстыға басталып дауыссызға аяқталған буындар. Мысалы: ақ,ат, ас, ай. Бітеу буындар дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталған сөздер. Мысалы: нан, мек-теп, дос,жол-дас Адасқан әріптер ойыны бойынша тез,шапшаң сөз құрастырып айту. Жеке үлестірме жаттығумен жұмыс (берілген мәтінді көшіріп жазып, тән әріптердің астын сызу; берілген сөздерді жуан, жіңішке етіп екі бағанаға бөліп жазу) 69 бет ережені көшіріп жазу, жаттау 68 бет 4 тапсырма жазбаша Ұпай сандарын санап жеңімпаз топты анықтап сабақты қорытындылап бағалаймыз | Топтың аты: Топтың ұраны: Таныстыру: Әрбір топ өздерін таныстырады. I топ «Жұлдыздар» ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» Жарқыраймыз жанамыз, Әрқашанда алдамыз, Білім нәрін шөлдеткен, Біз жұлдыздар боламыз. II топ «Бәйшешек» ұраны: «Білгенім бір тоғыз,білмегенім тоқсан тоғыз» Біз боламыз қырларында текеметтің, Көктемге алғаш көрік әперетін Бәйшешекпіз,көктесек,қар астында Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар мәтінді қатесіз оқиды,орыс тіліне аударады,мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді 1.тұз 2.қант 3.сағат 4.бағдаршам 5.бор 6.су 1.Отан оттан да ыстық 2.Туған жеріңе туыңды тік 3. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық 4.Көз қорқақ,қол батыр 5.Денсаулық зор байлық 6.Ел іші алтын бесік 7.Кітап алтын қазына 8.Отан отбасынан басталады домбыра дом(б.б)-бы(а.б)-ра(а.б) 3 буын жуан сөз сурет су(а.б)-рет(б.б) 2 буын жіңішке сөз еңбек ең(т.б)-бек(б.б) 2 буын жіңішке сөз оқулық о(а.б)-қу(а.б)-лық(б.б)3 буын жуан сөз отбасы от(т.б)-ба(а.б)-сы(а.б) 3 буын жуан сөз дәрігер дә(а.б)-рі(а.б)-гер(б.б) 3 буын жіңішке сөз оқушы о(а.б)-қу(а.б)-шы(а.б) 3 буын жуан сөз бәйшешек бәй(б.б)-ше(а.б)-шек(б.б) 3 буын жіңішке сөз жұлдыз жұл(б.б)-дыз(б.б) 2 буын жуан сөз күнделік күн(б.б)-де(а.б)-лік(б.б) 3 буын жіңішке сөз Бәйшешектер: мұғалім,қыркүйек, сабақ,жаңбыр,әріп,өмір, еңбек,бала Жұлдыздар: жапырақ,жексенбі, қала,жаңбыр,дала, тақта, есеп |