«Менің достарым» тақырыбы бойынша сурет салу және сурет бойынша әңгімелеу.
Мақсаты | Тапсырмалар жүйесі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ұйымдас-тыру түрі | Күтілетін нәтиже | Бағалау |
Білім Септік жалғаулары бойынша, тілдік жаттығулар бойынша тест орындайды | Тесттік сұрақтар | 1.Тест тапсырмаларын таратады. 2.Критерийлерді айтады 3.дұрыс жауаптарын айтып тұрады | 1.Тест тапсырмаларын орындайды. 2.Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. | 1. Жеке жұмыс 2. Жұптық жұмыс | Оқушылардың тақырып бойынша білім деңгейі анықталады | Суммативтік бағалау |
Түсіну Өлеңнің мазмұнын өз сөзімен түсіндіреді | 30-бет, 1-тапсырма | 1.Өлеңді балаларға оқытады 2. Сұрақтар арқылы ойландырады, бағыттайды | 1. Өлеңді оқиды 2. сұрақтарға жауап береді | Жеке жұмыс | Оқушылар өлеңнің мазмұнын түсінеді | Формативтік бағалау |
Қолдану Сөздерді септейді | «Достар», «Достық», «Екі дос», «Шын достық» сөздерін септейді | 1.Сынып оқушыларын нұсқаларға бөліп, тапсырмалар орындатады 2.Жеке оқушылардың жұмыстарын тексереді | 1.Нұсқаларына сәйкес тапсырмаларды орындайды 2.Мұғалімнің айтуынша жұмыстарын оқиды, түзетеді | Жеке жұмыс | Оқушылар септеу жұмысында дағдыларын дамытады | Формативтік/ суммативтік бағалау |
Талдау Оқушылар түрлі деңгейлі сұрақтарға жауап береді | 31-бет, «Шын достық» мәтіні | 1.Әңгімені оқытады 2.Оқушылармен талдайды 3.Сұрақтар қояды 31-бет | 1. Әңгімені оқиды 2. Талдауға қатысады 3. Сұрақтарға жауап береді | Ұжымдық жұмыс | Оқушылар әңгімені сұрақтар арқылы талдайды, өз ойларын білдіреді | Формативтік бағалау |
Жинақтау Мәтін бойынша сызба жасайды | 31-бет, «Шын достық» мәтіні | 1.Тапсырманы түсіндіреді 2.Мәтінді әңгімелеп беру үшін тірек сызба жасатады | 1. Мәтін бойынша тірек сызба жасайды (класстер) | Ұжымдық жұмыс | Оқушылар мәтіннен ең басты деген деректер мен сөздерді таңдап жазады | Формативтік бағалау |
Бағалау Автордың жасаған әрекетін бағалайды | 31-бет, «Шын достық» мәтіні | Сұрақ қояды Досымбектің досы қандай әрекет жасады? Ол дұрыс жасады ма? Неге? | Сұрақтарға жауап береді | Ұжымдық жұмыс | Әңгіме кейіпкерінің әрекетіне баға береді | Формативті бағалау |