kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен 2- сынып?а арнал?ан ?осымша дидактикалы? о?у ??ралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат.

           ?аза? тілі саба?ында пайдаланатын к?рнекіліктерді? бір т?рі-дидактикалы? материалдар.Дидактикалы? материалдармен о?ушылар ?ызы?а ж?мыс істейді.О?ушы дидактика материалда?ы жатты?уларын орындау барысында к?п ойланады,оны орындау?а ынталанып,ізденеді.

 Б?л к?мекші ??рал о?у орыс тілінде ж?ретін жалпы орта білім беретін мектептерді?  2-сыныптарына арнал?ан ба?дарлама негізінде ??растырылды.

К?мекші о?у ??ралына екінші сынып ба?дарламасында берілген та?ырыптарды ме?гертуге, негізгі о?у ??ралында кездеспейтін м?тіндер ж?не со?ан орай тапсырмалар  берілді.

К?мекші о?у ??ралыны? негізгі ма?саты – о?ушыларды? ?аза? тілінен бірінші сыныпта ал?ан білімдерін ны?айту, тере?дете т?су, о?ушыларды? коммуникативтік біліктілігін арттыру. Сол ар?ылы к?нделікті тілдесім ?рекеттерін дамыту.

   Сонды?тан б?л ??ралда белгілі бір та?ырыпта?ы м?тіндерге, оны талдап-т?сінуге ?атысты ауызша с?ра?-тапсырмалар мен жазбаша жатты?у-тапсырмалар?а к?п к??іл б?лінеді. О?ушыларды? ойлау ?абілетін, саба??а ?ызы?ушылы?ын арттыру ма?сатында р?лдік ойындар, санама?тар, ж?мба?тар?а да орын берілген.

      О?у ??ралында берілген м?тіндер жиынты?ы 2-сынып о?ушыларыны? ?аза? тілін коммуникативтік т?р?ыдан ме?геруіне к?мек к?рсетеді. Ол о?ушыны? т?сінікті с?йлеу да?дысы мен сауатты жазу да?дысын ?алыптастырушы ??рал. Е?бекте ?аза?ша с?йлесім ?рекетіні? барлы? т?рлері (ты?далым, о?ылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ?амтыл?ан   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен 2- сынып?а арнал?ан ?осымша дидактикалы? о?у ??ралы »




Түсінік хат.


Қазақ тілі сабағында пайдаланатын көрнекіліктердің бір түрі-дидактикалық материалдар.Дидактикалық материалдармен оқушылар қызыға жұмыс істейді.Оқушы дидактика материалдағы жаттығуларын орындау барысында көп ойланады,оны орындауға ынталанып,ізденеді.

Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 2-сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.

Көмекші оқу құралына екінші сынып бағдарламасында берілген тақырыптарды меңгертуге, негізгі оқу құралында кездеспейтін мәтіндер және соған орай тапсырмалар берілді.

Көмекші оқу құралының негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен бірінші сыныпта алған білімдерін нығайту, тереңдете түсу, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін арттыру. Сол арқылы күнделікті тілдесім әрекеттерін дамыту.

Сондықтан бұл құралда белгілі бір тақырыптағы мәтіндерге, оны талдап-түсінуге қатысты ауызша сұрақ-тапсырмалар мен жазбаша жаттығу-тапсырмаларға көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында рөлдік ойындар, санамақтар, жұмбақтарға да орын берілген.

Оқу құралында берілген мәтіндер жиынтығы 2-сынып оқушыларының қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруіне көмек көрсетеді. Ол оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастырушы құрал. Еңбекте қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлері (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қамтылған





















Әлеуметтік-тұрмыстық ая.

Мен және менің отбасым - 10 сағат.

(Ілік септігі.Табыс септігі.Жатыс септігі.Сан есім.)


1 сабақ

Менің отбасым.


  1. жаттығу. Берілген суреттегі кім? не? сұрақтарға жауап беретін

сөздерді ата.




2-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.

1. Сенің отбасында неше адам бар?

2. Олар кімдер?

3. Сенің отбасың қандай?


3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқы.


Бас бармағым ата-үйдің данасы,

Балан үйрек әже-үйдің анасы,

Ортан терек әкем-үйдің панасы,

Шылдыр шүмек шешем-шаңырақ ажары,

Кішкентай бөбек мен-бәрінің баласы.








2 сабақ

Менің әкем.



Сөздік.

Дәрігер-врач

Емдейді-лечит

өткізеді-проводит







1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Менің әкем дәрігер.Оның жұмысы өте көп.Әкем адамдарды емдейді.Ол барлық уақытын емханада өткізеді.Ол жұмысын өте жақсы істейді.


(Қазақ тілі. 2 сынып. Сборник диктантов,2009 ж. 27 б.)



2-жаттығу. Сөз тіркестерін жаз.


Үлкен тұрады

Мейрімді отбасы

Тату әке



3-жаттығу. Аудармасын жаз.


Дядя-көкө,

Отец- ... .


Суп-көже,

Бабушка- ... .


Благословение-бата,

Дедушка- .. .







3 сабақ.

Менің шешем.


Сөздік.

Адамгершілік-человечность

Жақсы көремін-люблю

Ақылды-умный








1-жаттығу. Мәтін ішіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Менің шешем бар.Шешемнің аты Ғалия Қатарқызы.Ол елу сегіз жаста.Менің шешем әдемі,мейрімді,адамгершілігі мол адам.Мен өз шешемді жақсы көремін.


  1. Кімнің? кімді? сұраққа жауап беретін сөздерді көшіріп жаз.


2-жаттығу. Сөйлесуді жалғастыр.


-Бұл кім?

-Бұл менің шешем.

-Ол неше жаста?

-Ол 58 жаста.

-Ол кім болып жұмыс істейді?

-Ол ... ... ... ... .


3-жаттығу. Ұқсас сөйлем құрып жаз.


Шеше.

Менің шешем.

Менің шешем ідемі.

Менің шешем әдемі,ақылды.








4 сабақ.

Менің атам.


Сөздік.


Қамқоршы-заботливый

Кесіп өтпейді-не переходят


1-жаттығу. Сурет бойынша бірнеше сөйлем құр.


АТА


2-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді аударып,жаз.


Каринаның (дедушка)-сы бар,әжесі жоқ.

Әсемнің (мама)-сі бар,әкесі жоқ.

Әнелдің (сестра)-сі бар,ағасы жоқ.


3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы,жаттап ал.


Көрші атам.


Күнде үйдің қасынан,

Көрші атамды көремін.

Жүгіріп кеп асыға,

Оған сәлем беремін.


(Қ.Толыбаев)


5 сабақ.

Менің әжем.


Сөздік.

Зейнеткер-пенсионер

Көмектесемін-помогаю


1-жаттығу. Суретке қарап сұрақтарға жауап бер.


ӘЖЕ


  1. Әжеге неше жаста?

  2. Ол кім?

  3. Сенің әжең бар ма?

  4. Оның жасы нешеде?


2-жаттығу. Керекті сөздерді дұрыс қойып жаз.


Атам тұр

әжем жүр

үстел жатыр

үйрек отыр.



3-жаттығу. Ойлан,тап. Жұмбақты оқы,шеш.


Әжеде бар,

Атада жоқ.

Әпкеде бар,

Ағада жоқ.

Әлияда бар,

Айнұрда жоқ.

Бұл қай әріп?



6 сабақ

Менің ағам мен әпкем.


Сөздік.

Еркелетеді-балуют

Қамқор-заботливый


1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқы.

Мынау менің отбасым.Әкем,анам,ағам,әпкем және мен.Менің ағам мен әпкем мені жақсы көреді.Олар мені еркелетеді.Ағам Арменияда тұрады.Әпкем менімен ойнайды.Біз тату тұрамыз.


(«Қазақ тілі» для русских школ. Қ.Ақбаева 2 класс 1996 год)


  1. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

  2. Сенің ағаң,әпкең бар ма? Олар сені қалай еркелетеді?


2-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жаз.

Үлгі: Әже-нің

-ның,-нің -дың,-дің -тың,-тің

әже... үй... сабақ...

ата... қыз... мектеп...

әпке... ұл... Асхат...


3-жаттығу. Жұмбақ өлеңді шеш,жаттап ал.


Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Қамқор болған ағамыз,

Сонда қанша баламыз.















7 сабақ.

Менің інім, сіңлім, қарындасым


Сөздік

Жалғыз-единственный

Ойлаймын-думаю












1-жаттығу. Мәтінің ішінен отбасы мүшелерін теріп жаз.


Менің отбасымда әжем,әкем,шешем бар.Мен әкемнің,анамның жалғыз қызымын.Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын.Мынау менің мейрімді әжем.Ал мынау тәтем,ол ауылда тұрады.


(Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. 2 сынып.22 бет)


2-жаттығу. Сөйлесуді толықтыр.


-Сәлеметсің бе ... .

- Сәлеметсізбе ... .

- Үйде кім бар?

- Үйде әжем.інім,қарындасым бар.

- Інің неше жаста?

- Ол ... жаста.

- Қарындасын неше жаста?

- Қарындасым ... жаста.

- Жақсы,сау бол!

- ... !


3-жаттығу. Жақшаны ашып,дұрысын қойып жаз.

1. Менің отбасым (үлкен,кішкентай). 2.Отбасымда (төрт,алты) адам бар. 3.Шешем (мұғалім,оқушы). 4. Әкем зауытта (оқиды,жұмыс істейді




8 сабақ

Мамандық.


Сөздік

Жақсы маман-хорошии специалист

Кім болып істейді?-Кем работает?


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.Мәтін ішінен жуан,жіңішке сөздерді атап шық.


Әкем-зауытта инженер.Ол жақсы маман.Шешем мектепте мұғалім.Ағам-ұшқыш.Әпкем-дәрігер.Тәттем-сатушы.Көкем –шаштаразшы.

Мен-оқушымын.


2-жаттығу. Үлгі бойынша сұрақтарға жауап бер.

Үлгі: Менің әкем дәрігер болып жұмыс істейді.


  1. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

  2. Шешең кім болып істейді?

  3. Сен кім болғың келеді?


3- жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрып жаз.



Үлгі: 1. Бұл менің анам.Ол дәрігер.



9 сабақ.

Не істеп жатыр?


1-жаттығу. Не істеп жатыр? сұрағына жауап бер.

  1. Атам газет оқып отыр. 2. Әжем креслода отыр. 3. Анам тамақ пісіріп жатыр. 4. Ағам сабақ оқып отыр.


2-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жазбаша жауап бер.




  1. Мынау кімдер?

  2. Үстелдің үстінде не бар?

  3. Олар не істеп жатыр?




3-жаттығу. Керекті сөздерді дұрыс қойып айт.


Атам тұр

әжем жүр

орындық жатыр

балапан отыр









10 сабақ

Жасыңыз нешеде?


1-жаттығу. Суретке қарап,әңгімеле.



Үлгі: Менің әжем бар.Ол 60 жаста.


2-жаттығу. Ойлан,тап.


Оразалы 7 жаста.Інісі Нұртас 2 жаста.Әкесі 30 жаста.Шешесі 29 жаста.Екі жылдан соң кім нешеде болады?


  1. Оразалы ... жаста болады.

  2. Нұртас ... жаста болады.

  3. Әкесі ... жаста болады.

  4. Шешесі ... жаста болады.


3-жаттығу. Сөйлемдегі сандарды жазбаша жаз.

Үлгі: Отбасымда төрт адам бар.


Отбасымда 5 адам бар.Олар ата,әже,әке,шеше және мен.Атам 60 жаста.Әжем 58 жаста.Әкем 31 жаста.Шешем 30 жаста.Мен 8 жастамын.





Әлеуметтік-тұрмыстық ая.


Менің қазақ достарым – 10 сағат.

(Тәуелдік жалғау.Ілік,жатыс септік.Сан есім.Сын есім.)


1 сабақ

Менің досым.


1-жаттығу. Мәтінің ішінен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.


Абылай-менің ең жақын досым.Ол үздік оқушы.Абылай тәртіпті,әдепті бала.Мен оны сол үшін сыйлаймын.Біз екінші сыныпта оқимыз.


(Қазақ тілі 2 сынып.Сборник диктантов 2009 ж. 29 б.)


2-жаттығу. Сәйкестендіріп жаз.

Қандай? оң

Қай? ақылды

Қандай? сол

Қай? жақсы


3- жаттығу. Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.


    • Мынау не?

    • Түрі қандай?

    • Көлемі қандай?

    • Дәмі қандай?







2 сабақ

Екі дос.


1-жаттығу. Сурет бойынша 3-4 сөлем құра.


ЕКІ ДОС



2-жаттығу. Сөз тіркестерін көшіріп ал.


Менің досым.

Сенің досым.

Сіздің досыңыз

Оның досы.


3-жаттығу. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.


А) Семей,Астана,Қарағанды,Өскемен.

Ә) Әсем.Сырым.Райгүл,Айбек.

Б) Қалам,дәптер,өшіргіш,сызғыш.













3 сабақ

Менің қазақ достарым.


1-жаттығу. Суреттегі балаларға ат қой.Балалар не істеп жатыр? деген сұраққа жауап бер.














2-жаттығу. Өлеңді оқып,сан есімдердің астын сыз.


Он саусақ


Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ,жол салсақ.




3-жаттығу. Логикалық тапсырма.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.


Білімді ... жығады,білекті ... жығады.









4 сабақ

Достық












1-жаттығу. Мәтінді оқы.Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта.


Бүгін менің досым мектепке келмеді.Сабақтан соң мен досыма бардым.Ол ауырып қалыпты.Досым маған қатты қуанды.Мен оған үй тапсырмасын айттым.


(Қазақ тілі 2 сынып. Сборник диктантов,2009 жыл,26 бет.)


2-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.


  1. Айжан,бара жатты,Мәрия,мен,фермаға. 2. Олардың,ұша жөңелді,бір,үйрек,алдынан. 3. Ұшқан,жерге,олар,үйрек,келді.

4. Ұяда,жатыр,жеті,жұмыртқа.



3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.


Мирас ... . Анасы ... . Балалар ... жүр екен. Назира ... келді.


Керекті сөздер: келді,кетті,ойнап,мектептен.














5 сабақ

Көп тілді халық.


1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.


Қазақ халқы-көп тілді халық.Өйткені Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады.Адамның бірі тату тұрады.Бірнеше тілде сөйлейді.Үйде біз қазақша сөйлейміз.


(Қазақ тілі 2 сынып. Сборник диктантов,2009 жыл,29 бет.)


2-жаттығу. Мақал-мәтелді оқы,жатта.


Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі.


3-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.


Туған жерім тамаша!


О,алақай,туған жер!

Жақсы-ау орман-бауларын!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр,аралап көрейік!


















6 сабақ

Досымның пәтері.


1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сыз.


Қаланың ортасында көрікті үй тұр.Менің досым сол үйде тұрады.Оның пәтері жетінші қабатта.Пәтерде үш бөлме бар.Бөлмелер кең,жарық.


(Қазақ тілі 2 сынып. Сборник диктантов,2009 жыл,22 бет.)


2-жаттығу. Адасқан буынды тап.

Үлгі: жұм...ша (бақ)-жұмбақша


  1. жұм...ша (тоқ)

  2. тыр...ша (бақ)

  3. дом...ра (лы)

  4. қар...ғаш (бы)

  5. жел...сан (нақ)



3-жаттығу. Сөз тізбектерін толықтырып жаз.


  1. Мектеп-парта,орындық,... .

  2. Оқу құралдары-дәптер,қалам,... .

  3. Қазақ тілі-жаттығу,сөйлем,... .

  4. Жиһаз-диван,үстел,... .


















7 сабақ

Ойнайық та, ойлайық.


1-жаттығу. Әріптерден сөз жина.


өқз,лоқ,мала,оыйн.


2-жаттығу. Цифрларды сөзбен жаз.


18 орындық,7 оқушы, 2 кітап, 36 дәптер, 50 алма, 10 терезе.


3-жаттығу. Ойлан,тап.Жұмбақты оқы,шеш.


Ыдыста бар

Кітапта жоқ.

Тиында бар,

Тиінде жоқ.

Сарыда бар,

Қарада жоқ.

Арыстанда бар,

Пілде жоқ.























8 сабақ

Жұмбақ әлемінде.


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына п,б,қ,ғ,к әріптерінің тиістісін қойып,өлеңді көшіріп жаз.


Ойын турар ойында.


Тала...тың жоқ тала...ы

Оқымайды саба...ын.

Бидай десең нанады

Кө... қурайдың саба...ын.


2-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тауып, дәптерге жаз.


1.Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны.


2.Қатар тұрып екеуі

Бірін-бірі көрмейді,

Көр десе де көнбейді.


3.Көзде бар,

Баста жоқ.

Өмірбекте бар,

Омарбекте жоқ.


3-жаттығу. Жұмбақ өлеңді шеш,жаттап ал.

Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Қамқор болған ағамыз,

Сонда қанша баламыз.


4-жаттығу.

жасырынды әріпті тап.











9 сабақ

Мақал-мәтелдер әлемінде.



1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Қазақ халқы әдебиеті мен мәдениеті жөнінен, ұлттық тәрбиесі тұрғысынан өте білгір ел болған, халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып мақалмен айтқан, танытқан. Мақал-мәтел шешендік өнердің бір үлгісі.

(Жүсіпова Д.З.).


мақал-пословица

шешен-оратор

шешендік-красноречивый

өнер-исскуство


2-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы.

  1. Ата балаға сыншы.


2. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.


3. Батаменен ер көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.


3-жаттығу. Мақалдардың аудармасын тауып жаз.


Еңбек түбі береке. Трудовой хлеб сладок.


Еңбек етсең емерсің. Труд -источник достатка.


Еңбектің наны тәтті. Венец труда - достаток.














10 сабақ

Мерекелер.


1-жаттығу. Суретке қарап,бірнеше сөйлем құра.

НАУРЫЗ


2-жаттығу. Көктемдегі мерекелерді бір бағанға,жаз мерекелерін екінші бағанға жазып ал.


8 наурыз,1 маусым,22 наурыз,1 мамыр,4 шілде,9 мамыр,30 тамыз.



3-жаттығу. Өлеңді оқып,қарамен жазылған дыбыстың өз орнын тап.


«А» дегенің-Ана

«Б» дегенің –бала

«Ә» дегенің-әже

«Бестен» басқа алма.


Жуан Жіңішке

..... .....














Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Казахский язык-Азбука тетрадь №1 Алматы «Алматыкітап» Еденбаева З.Д. Искакова Р.А. 2005 жыл


  1. Қазақ тілі 2 сынып. Ермекова Т.Н. Алматы: «Алматыкітап» 2009 жыл



  1. Қазақ тілі 1 сынып Қайырбекова А. Алматы «Атамұра» 2008 жыл


  1. Қазақ тілі 2 сынып Қ.Ақбаева Алматы «Рауан» 1996 жыл



  1. Алақай әліпе-дәптер Нуртазина Р.Б. Алматы «Аруана»


  1. Қазақ тілі 2 сынып Сборник диктантов.2009 жыл.

































Мазмұны :


Түсінік хат-------------------------------------------------------------------------------1

Менің отбасым--------------------------------------------------------------------------2

Менің әкем-------------------------------------------------------------------------------3

Менің шешем---------------------------------------------------------------------------4

Менің атам-------------------------------------------------------------------------------5

Менің әжем------------------------------------------------------------------------------6

Менің ағам мен әпкем----------------------------------------------------------------7

Мамандық-------------------------------------------------------------------------------8

Менің інім, сіңлім, қарындасым--------------------------------------------------9

Мамандық------------------------------------------------------------------------------10

Не істеп жатыр?-----------------------------------------------------------------------11

Жасыңыз нешеде?--------------------------------------------------------------------12

Менің досым---------------------------------------------------------------------------13

Екі дос-----------------------------------------------------------------------------------14

Менің қазақ достарым--------------------------------------------------------------15

Достық-----------------------------------------------------------------------------------16

Көп тілді халық-----------------------------------------------------------------------17

Досымның пәтері----------------------------------------------------------------------18

Ойнайық та, ойлайық---------------------------------------------------------------19

Жұмбақ әлемінде----------------------------------------------------------------------20

Мақал-мәтелдер әлемінде-----------------------------------------------------------21

Мерекелер-------------------------------------------------------------------------------22

Пайдаланған әдебиеттер------------------------------------------------------------23




23




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен 2- сынып?а арнал?ан ?осымша дидактикалы? о?у ??ралы

Автор: Жакиянова Гульнара Кайыргельдиновна

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 215795


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства