kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: ?аза? тілі

М??алімТемешева Гулдария Паруховна

Сыныбы: 4 г

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?стан Республикасыны?       

                                         Мемлекеттік Гербі.

Саба?ты? ма?саты:  а)Білімділік: ?аза?стан Республикасыны?

                                          Мемлекеттік Гербіні? ма?ыналы? ж?не   

                                             к?ркемдік-эстетикалы? болмыс-

                                           бітімімен таныстыру.Жатты?у ж?мыс-                                                                               

                                             тарын орындату барысында о?ушы

                                           сауаттылы?тарын арттыру,білімдерін

                                             ке?ейту.

                                       ?)Т?рбиелік: ?з еліні? тарихын,р?міздерін

                                             ??рметтеуге,?з еліні? патриоты болу?а

                                           т?рбиелеу. Жатты?у ж?мыстарын

                                             орындау барысында ??ыптылы??а

                                          баулу,шапша?ды??а,тап?ырлы??а

                                             т?рбиелеу.Отан?а с?йіспеншілік сезімін

                                             ояту.

                                       б)Дамытушылы?: О?ушыларды? ауызекі

                                             с?йлеу тілдерін дамытып, ой-?рістерін

                                             ке?ейту. С?здік ?орларын молайту,

                                             лексикалы? та?ырып бойынша с?йлесе

                                          алу да?дысын ?алыптастыру.

Саба? т?рі: жа?а саба?

Саба? ?дісі: жа?а саба?ты т?сіндіру,с?ра?-жауап,жатты?у

                       ж?мыстарын орындату, р?міздерді сурет бойынша

                       к?рсету,?н?ранды топпен орындау.

Саба? к?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік

                                      р?міздері суреті,

Саба?ты? барысы: І.?йымдастыру б?лімі:

                                        О?ушылармен амандасу, т?гендеу,

                                        саба??а ?зірліктерін ?ада?алау, о?у-

                                        ??ралдарын тексеру,кабинет тазалы?ын,

                                        кабинетті? саба??а дайынды?ын ба?ылау.

                                  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі.»



Пәні: Қазақ тілі

Мұғалім: Темешева Гулдария Паруховна

Сыныбы: 4 г

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гербі.

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гербінің мағыналық және

көркемдік-эстетикалық болмыс-

бітімімен таныстыру.Жаттығу жұмыс-

тарын орындату барысында оқушы

сауаттылықтарын арттыру,білімдерін

кеңейту.

ә)Тәрбиелік: Өз елінің тарихын,рәміздерін

құрметтеуге,өз елінің патриоты болуға

тәрбиелеу. Жаттығу жұмыстарын

орындау барысында ұқыптылыққа

баулу,шапшаңдыққа,тапқырлыққа

тәрбиелеу.Отанға сүйіспеншілік сезімін

ояту.

б)Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі

сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін

кеңейту. Сөздік қорларын молайту,

лексикалық тақырып бойынша сөйлесе

алу дағдысын қалыптастыру.



Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: жаңа сабақты түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу

жұмыстарын орындату, рәміздерді сурет бойынша

көрсету,әнұранды топпен орындау.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

рәміздері суреті,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу,

сабаққа әзірліктерін қадағалау, оқу-

құралдарын тексеру,кабинет тазалығын,

кабинеттің сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гимні және Мемлекттік Туы

туралы өлеңдер жаттауға берілген еді, тек-

серіп оқушылардың алған білімдеріне

қорытынды жасау.

-Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан

қабылданды?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы не білеміз?

-Мемлекеттік Гимн туралы кім қандай өлеңдер біледі?

-Қане,бәріміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап көрейік.

-Ал, енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы не білеміз? Туда нелер бейнеленген? Тудың түсі қандай? Тудың авторы кім? Мемлекеттік Ту туралы кім қандай өлеңдер біледі?



-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні және Туы туралы жақсы меңгерген екенсіңдер,болашақта ұмытып қалмаңдар.

-Бүгінгі күннің жады мен жаңа тақырыпты жазып ала қойыңдар.





ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гербі. Шартты

рай.

-Герб әр мемлекттің негізгі нышандарының бірі. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекттік рәміздерді, оның ішінде Мемлекеттік Гербті қабылдаудың қажеттілігі туды. Елімізде белгілі суретші, сәулетшілер, дизайнерлер арасында бәйге жарияланды. Сөйтіп,1992 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербті бекітті. Гербтің авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.



Гербтің дәл ортасында қазақтың киіз үйінің шаңырағы бейнеленген. “Шаңырағың биік болсын” деген баталы сөзді естіп жүрген боларсыздар. Шаңырақ-Қазақстанда мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының,ортақ үйінің нышаны екендігін көрсетсе,қазақ халқы үшін қастерлі ұғым болып табылады. Шаңыраққа шаншылған уықтар әлемге тараған жылу мен тіршілік нышаны күн сәулелері іспеттес. Гербтің екі жағындағы қанатты пырақ қазақ халқын пәле-жаладан,қауіп-қатерден,жамандықтан қорғап тұрғандай әсер қалдырады.Қанатты пырақтың әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін есімізге салады. Тұлпардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген,яғни ол-еңбектің,байлықтың,молшылықтың белгісі. Жұлдыз-барлық бес құрлық мемлекеттермен, халықтарымен ашық қарым-қатынаста,достық қатынаста болсын деген ұмтылыстың белгісі болса, төмендегі “Қазақстан” жазуы қазақ елін айқындап беріп тұр.

1-жаттығу. Мәтінді оқы,тиісті жалғауды жалғап жазыңдар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гербінің ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды.Оның екі жағын қанатты пырақтар көмкерген. Гербтің жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан,ал төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар. Гербтің авторлары-Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Мемлекеттік Гербтің ортасында не бейнеленген?

2.Гербтің екі жағын не көмкерген?

3.Гербтің жоғарғы жағында не орналасқан?

4.Гербтің төменгі жағында не бар?

5.Мемлекеттік Гербтің авторлары кімдер?

Жаңа сөздермен жұмыс:

шаңырақ-купол юрты

уық-подпорка для купола юрты

күн сәулесіндей-подобно солнечным лучам

қанатты пырақтар-мифические крылатые кони

көмкерген-обрамляют

жұлдыз-звезда



2-жаттығу. Мақалды қалай түсінесіңдер?

Таңбасыз ел болмайды,найзасыз ер болмайды.



3-жаттығу.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып жаз.

Государственный Герб-Мемлекеттік Герб. Изображен купол юрты-шаңырақ бейнеленген. Расположена звезда-жұлдыз орналасқан. Написано слово-жазылған сөз. Авторы Государственного Герба-Мемлекеттік Гербтің авторлары.



4-жаттығу. Сөзжұмбақты шешіңдер.

Ортасынан “Герб” деген сөз шығады.

Сказка-ертегі

Государство-мемлекет

Орел-қыран

Мир-бейбітшілік



Топшамамен жұмыс: Шартты райлы сөзді көрсет.



1.Олимпиада қорытындысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсе, Гимн орындалса, спортшыларымыз-дың жеңіске жеткені.



2.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шет елдерге іссапармен барса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы төрден орын алады.



3.Салтанатты шараларда Гимн орындалса, оң қолымызбен жүрегіміздің тұсын ұстап тұрамыз.



4.Бас киімдерде Гербтің суреті болса, әскери адам екенін білуге болады.



ІҮ.Қорытындылау.

Елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев: “Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанды одан әрі дамытып, өркендету үшін сапалы білім алу керек, дені сау, күш-жігері мықты, білімді болу басты міндет” деп атап көрсетті.

Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, баоша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп,бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар осы елде жүрген адамдардың барлығы да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиісті. Егер Мемлекеттік рәміздерді лақтырып,тіл тигізіп,туды жыртып не өртеп, құрмет көрсетпесек Заң аясында жауапқа тартады.

Елбасы артып отырған сенімді ақтаймыз деп нық сеніммен айта аламын. Солай ма, балалар?



Ү.Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуларына,жауаптарына қарап бағалаймын.



ҮІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт-береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

С.Қалиұлы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербі.

Автор: Темешева Гулдария Паруховна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315801


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства