білімділік – оқушыларға Абай қара сөздерінің мазмұнын түсіндіру, қара сөздердің сипатына тоқталу;
дамытушылық – оқушылардың ой – өрісін , өмірлік көзқарасын жоғарылату, сыни ойлау дағдыларын дамыту;
тәрбиелік – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ізгілікті дәріптеуге тәрбиелеу;
сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту;
сабақтың әдісі: талдау, ойын, топпен жұмыс;
сабақтың көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу;
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
(барлығы шеңберге тұрып, бір – біріне адамгершілік қасиеттерді айтып шығады. « Осы қасиеттер біздің бойымызда бар» деп хормен айтып , өз орындарына отырады )
- Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару;
3 топқа бөлінеді
«Ақыл» « Қайрат»
« Білім»
II. Жаңа сабақты меңгерту;
Міне, оқушылар, біз сендермен өткен сабақтарымызда ұлы ақын Абай атамыздың өмірімен , шығармашылығымен таныс болған едік.
Ән « Желсіз түнде жарық ай» оқушылар хормен айтады
Бүгінгі сабағымызда ақынның философиялық мән- мағынасы мол, ерекше асыл дүниесі қара сөздеріне тереңірек тоқталып өтейік.
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Болу керек ұрпағыда дарынды,-
деп өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай Құнанбаев болатын. Ыбырай көркем сөз атасы болса, Абай дың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздер болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар аралығында жаза бастаған. Қара сөздерін жазуды бастағанда 45- жаста болған екен. Ақыл ойы толысып, жасы кемелденген, көрген білгенін ой елегінен өткізіп,сараптар жасқа жеткен шағында қара сөздерін жазуды қолға алыпты.
Қарасөздің негізгі тақырыптары:
Керегін тапса, ел алсын
Өз мініңді көре біл;
Қанағатсыздық;
Өмірдің мағынасын түсіне бермейді;
Мал туралы мақалдарды сынайды;
Малға бірлік емес, іске бірлік керек;
Жан азығы мен тән азығы;
Байлық көз тұндырады;
Дұрыс жолды ұққызу мүмкін емес;
Жақсылық жасасаң, құран оқыр адам табылады
Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос;
Иман, ұят;
Иман – дәстүрлі сенім
Ақын 1 ші қара сөзінде қара сөз жазудағы мақсатын былайша түсіндіреді:
Аудиозапись тыңдатылады.
Абайдың қара сөздерінің жалпы саны 45. Қара сөздер –өмір тәжірбиесінен туған ой толғамының қорытындысы. М. Әуезов – Абайдың қара сөз дейтін мұралары көркем прозадағы үлкен бір өзінше бөлек бір алуан дүние болып қалыптасты. Стилі, мазмұны жағынанда алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде сыншылдық, кейде адамгершілік мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Қара сөздер тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдеріменде ұштасып жатады.
Абай - адал еңбек ету,егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім –ғылымды игеру, имандылық, адамгершілік секілді бірталай мәселелерді толғайды.
VI. Оқушылардың түсінігін тексеру
1. Қарасөздердің өзіндік ерекшелігі неде?
2. Қарасөздерді қай жылдары жазуды қолға алды?
VII.Бекіту кезеңі
«Ауадағы сұрақтар» 3 топқа 3 түрлі шарлардың ішіне сұрақтар жасырылады. Шарларды ұстап ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Қапшықтағы тәттілер.
Әр түрлі шоколад қораптарына сұрақтар дайындап, 3 топқа тарату,
сұрақтарды алып жауап береді.
Постер қорғау.
1 топ- Абайдың қара сөздері айтыла бастағанда ..........
2 топ – Абай қара сөздерінің ерекшелігі неде, идеясы қандай?
3 топ – Абай қарасөздерінің болашақ ұрпаққа беретін философиялық мәні қандай?
VIII. Үй тапсырмасын беру, оқушылардың білімін бағалау.
Абайдың 42 қара сөзінің идеясын айқындау, мағынасын талдау.