?аза? ?дебиеті 6-сынып Та?ырыбы: М?хтар ?уезов "Біржан сал Абай ауылында"
?аза? ?дебиеті 6-сынып Та?ырыбы: М?хтар ?уезов "Біржан сал Абай ауылында"
Саба?ты? та?ырыбы: Т?лен ?бдіков «?она?тар»
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік – о?ушылар?а жазушы Т?лен ?бдіковті? ?мірі, шы?армалары жайлы т?сінік беру, «?она?тар» ??гімесіні? мазм?нымен таныстыра отырып, ата-ана мен бала ?арым-?атынасы жайлы ма?л?мат беру, о?ушы сезімімен ?штастыру;
Дамытушылы? – ??гіме жайлы т?сінігін ке?ейтіп, пікір алмастыра білуге ?йрену, ?мірмен байланыстыра келе ?зіндік ой ?орытындысын жасай білу, ?серін, пікірін білдіру;
Т?рбиелік – о?ушыларды ата-ана алдында?ы, ту?ан жер, ел алдында?ы парызын тере? т?сіне білуге баулу, адамгершілік ?асиеттерді бойына сі?іре білуге да?дыландыру;
Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиеті 6-сынып Та?ырыбы: М?хтар ?уезов "Біржан сал Абай ауылында"»
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру;
Дамытушылық – әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп, пікір алмастыра білуге үйрену, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіру;
Тәрбиелік – оқушыларды ата-ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру;
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу, оқу құралдарын тексеру;
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі:
1)Елес жетелеу әдісі: Үш рет терең дем алып, партаға басымызды қоямыз. Сұрақтарға іштей жауап береміз. Сол іштей жауап берген сөздерді қағаз бетіне түсіреміз.
1. Сенің өзіңе ең бірінші жақын адамың кім?
2. Жақсы көретін жанның сырт бейнесін қалай сипаттайсың?
3. Ол кісімен қай жерде отырсың?
4. Айналада қандай заттар бар?
5. Екеуің қандай тақырыпта әңгіме қозғадыңдар?
2) Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі:
Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Өмірі
Шығармалары
1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1965 – 1970 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған .
1970 – 1977 «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1977 – 1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып жұмыс істейді.
1970 – 1990 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болады.
1990 – 1992 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, Жазушылар одағында жұмыс істеген.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі болды.
1997 жылы ҚР Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.