« ?аратпа с?здерге ?ойылатын тыныс белгілерін ?айталау» (9 сынып)
« ?аратпа с?здерге ?ойылатын тыныс белгілерін ?айталау» (9 сынып)
?аратпа с?з ж?не оны? тыныс белгілері туралы ал?ан білімдерін ?айталау, с?йлем м?шесі бола алмайтын с?здер екенін ??ындыру,саналы ме?герулерін тексеру.
Ой ?рісін, с?з байлы?ын дамыту,?з бетінше талдау да?дысын т?ра?тандыру.
?аратпа с?з ж?не оны? тыныс белгілері туралы ал?ан білімдерін ?айталау, с?йлем м?шесі бола алмайтын с?здер екенін ??ындыру,саналы ме?герулерін тексеру.
Ой ?рісін, с?з байлы?ын дамыту,?з бетінше талдау да?дысын т?ра?тандыру.
?аратпа с?з ж?не оны? тыныс белгілері туралы ал?ан білімдерін ?айталау, с?йлем м?шесі бола алмайтын с?здер екенін ??ындыру,саналы ме?герулерін тексеру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы алған білімдерін қайталау, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер екенін ұғындыру,саналы меңгерулерін тексеру.
Ой өрісін, сөз байлығын дамыту,өз бетінше талдау дағдысын тұрақтандыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға, ұшқырлыққа,ойлылыққа тәрбиелеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Қайталау-білім анасы»дегендей, сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
Ой шақыру.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Үтір қандай жағдайларда қойылады?
Мұғалім: Біз бүгінгі «Қаратпа сөздердің арасына қойылатын тыныс белгілерін қайталау» сабағымызда Блумның токсономиялық әдісінің 6 бағыты арқылы жұмыс жүргіземіз. Ендеше бүгінгі сабаққа ат салыса қатысуларыңды сұраймын.
Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы, – бұл қай ақынның өлеңінен алынған үзінді?
I.Суретте. 3 қатарға сауалдар беру. Ұлы хакім Абайдың өлеңдерінен мысал келтіру
1-қатарға – Қаратпа сөз сөйлем басында келген жағдайда?
Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін үтір, не леп белгісі қойылады.
Леп белгісі қаратпа сөз ерекше сезіммен айтылғанда қойылады:
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Кел, балалар, оқылық! С) Мен дүкенге бардым. Д) Піскен алма жерге түсті. Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек- өте биік ағаш. В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет. С) Қарағым, қашан келдің?
Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.
А) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды. В)Уа туған жер аша бер, құшағыңды. С) Уа туған жер,аша бер құшағыңды. Д) Уа туған жер, аша бер, құшағыңды. Е) Уа, туған жер аша бер, құшағыңды.
5.Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
A) Алмас, екеуіміз баққа барайық. B) Алмас екеуіміз баққа барайық. C) Алмас екеуіміз, баққа барайық. D) Алмас екеуіміз баққа, барайық. E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
Дұрыс жауап: А
6.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Аяқталмаған ойды білдіреді.
В) Заттың атын білдіреді.
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер.
D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер.
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап: С
7. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы.
А) Қазір.
В) Басталады.
С) Теледидарды.
D) Қосайыншы.
Е) Апа.
Дұрыс жауап: Е
8.Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
Қаратпа сөз.
А) Прямая речь.
В) Диалог.
С) Слова автора.
D) Обращение.
Е) Прилагательное.
Дұрыс жауап: D
9.Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз.
A) Сөйлемнің тек басында тұрады.
B) Сөйлемнің тек соңында тұрады.
C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады.
D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады.
E) Жеке сөйлем болып тұрады
Дұрыс жауап: С
10.Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Нүкте.
B) Сұрау белгісі.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Тырнақша.
Дұрыс жауап: D
Не білеміз?
Не білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қорытындылау. INSERT стратегиясы арқылы оқушылар алдарындағы үлестірме қағаздарды толтырып, қорытындылайды