Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.
ә) А.Байтұрсынов туралы қосымша мәлімет
1 слайд 2 слайд 3слайд
4слайд 5 слайд 6 слайд
7слайд 8 слайд
5. Шығармамен танысу
А)Мысал- сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылып сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге айналған идеясы астарсыз ашық, мазмұны бүкпелі шығарма.
ә)сөздік жұмысы
Әдет - привычка
Жомарттық, мырзалық – щедрость
Сарандық – жадность
Ділмар – оратор
Серт –клятва
б) мысалды оқу
в) талдау
1.“Иттің достығы” мысалында қандай тақырып көтеріледі?
Татулық пен
Араздық
2.Иттердің сөзі мен ісі бір жерден шықты ма?
Өз сөздерінде
тұрған жоқ
3.“ Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады”деген қорытындының мәнін түсіндіріңдер.
4.
5. Жақсы дос қандай дос?
Жаман дос қандай дос?
Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
*Досы көппен сыйлас
Досы азбен сырлас
*Жаман дос көлеңке сияқты
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың
Басыңа бұлт төнсе,
Іздеп таба алмайсың.
6. Досыңызға хат жазыңдар. Хатта бүгінгі тақырып қамтылатын болсын.
6.Қорытынды
1.Ахмет Байтұрсынов кім болған?
2.А.Байтұрсыновтың “Қырық мысал” деген кітабы қай жылы және қай жерде
басылып шықты?
3.А. Байтұрсынов нешінші жылы қамауға алынды?
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
“Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”
Әбіш Кекілбаев
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
Сәкен Сейфуллин
7.Бағалау
Оқушылар өзін-өзі бағалау парақтарын тапсырады, өз бағаларына талдау жасайды