?йге берілген тапсырманы с?раймын. О?ушылар?а ?ткен тапсырма бойынша бірнеше с?ра?тар ?оямын
б) Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Іскерлік ?арым-?атынаста?ы ма?ызды т?сты? бірі - ауызша ресми іскерлік тілінде ?деп пен м?дениет ше?берінен шы?пай с?йлеу білу. Б?ны? басты шарты ?зі? баянда?алы отыр?ан немесе ке?еске, келісімге, тал?ы?а салар та?ырып жайында ке? білімі? болуы, ?рі осы м?селені алдын-ала ой елегінен ?ткізіп, зерттеп ал?аны? ж?н. Келесі бір к??ілге то?итын талап ?з пікірі?ді, ой-т?йіні?ді дайындап орта?а салу?а ?зірленген жа?дайда іс д?рыс шешімін табары с?зсіз.
Іскерлік ?арым-?атынаста?ы ауызша ж?ргізілетін істерді? ерекшелігі - ресмилігі мен ?олма-?ол шешім шы?арып, сол м?жіліс, жиналыс, ке?есте істі? н?тиже, ?орытынды, т?йінін аны?тау ?ажеттігінде. Осымен де шеберлік, білім, білік, ?деп, т?рбие аны?талады.
Іскерлік ?арым-?атынаста?ы тіл м?дениетіні? ауызша т?рі а?парат алмасу, белгілі бір сала ж?мысы бойынша талдау мен тал?ылау м?селелерін ?амтиды. Пікірлесуші, кездесушілерді? жеке бас м?селесі, ішкі сезім к??ілдегі ??гіме та?ырыбынан тыс ?ал?аны д?рыс.
Ауызша с?йлеу тілі:
- баяндау, есеп беру, хабарлау, тал?ылау;
- істі? ж?ру, ?ту барысы туралы а?парат, м?ліметтермен алмасу;
- ж?мысты? н?тижелі, о?тайлы, ы??айлы жолдарын табу;
Просмотр содержимого документа
«"Іскерлік ?арым-?атынаста?ы ауызша с?йлеу тілі" 10 сынып»
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі Сабақтың мақсаты : Білімділігі: іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету. Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Іскерлік қарым-қатынастағы маңызды тұстың бірі - ауызша ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай сөйлеу білу. Бұның басты шарты өзің баяндағалы отырған немесе кеңеске, келісімге, талқыға салар тақырып жайында кең білімің болуы, әрі осы мәселені алдын-ала ой елегінен өткізіп, зерттеп алғаның жөн. Келесі бір көңілге тоқитын талап өз пікіріңді, ой-түйініңді дайындап ортаға салуға әзірленген жағдайда іс дұрыс шешімін табары сөзсіз.
Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша жүргізілетін істердің ерекшелігі - ресмилігі мен қолма-қол шешім шығарып, сол мәжіліс, жиналыс, кеңесте істің нәтиже, қорытынды, түйінін анықтау қажеттігінде. Осымен де шеберлік, білім, білік, әдеп, тәрбие анықталады.
Іскерлік қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселелерін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны дұрыс.
Ауызша сөйлеу тілі:
- баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;
- істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен алмасу;
- жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;
- мәселеге қатысты таңдап алынған ой-пікір, шешімдерді іріктей білуден тұрады.
Кеңес, жиналыс, мәжілістің міндеті белгіленіп, алдын-ала кіріспе сөз әзірленсе, сондай-ақ, қатысушыларға күн тәртібі мәселесі, өтетін уақыты туралы алдын-ала хабарлап, жиналыс өтетін жерді әзірлеп, қажетті көрнекі, техникалық құралдармен жабдықтап, әр сөйлеуші сөзінің тезисі, баяндама, хабарлама мазмұны, шешімнің жобасы даярланған жағдайда жиналыс, мәжіліс, келісім жоспарланғандай өтері сөзсіз.
Іскерлік қарым-қатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:
- тақырыптың нақтылығы;
- ортақ тақырыбы - әңгімелесушілердің тақырыпқа байланысты мәліметтері болуы;
- ортақ мақсат пен міндетті белгілей білу;
- ортаң шешімге келе алуы қажет.
Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым-қатынас ыңғайына қарай төмендегідей жіктеуге болады.
1. Пікір, алған әсер, жаңалық туралы ой бөлісу.
2. Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.
3. Жиналыс, мәжілісте баяндама жасау, жарыс сөзге шығу.
4. Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау.
Жаттығумен жұмыс: 78-жаттығу Кестені толтырыңдар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.