kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инклюзивті білім беру-заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?мкіндігі шектеулі балаларды? білім алу ???ы?тары «?аза?стан Республикасыны? балаларды? ???ы?тары туралы», «Білім беру туралы», «М?мкіндігі шектеулі балаларды? ?леуметтік ж?не медициналы?-педагогикалы? т?зетуге ы?пал ету туралы», «?аза?стан Республикасында кемтарларды ?леуметтік ?ор?ау туралы», «Арнайы ?леуметтік ?ызмет туралы» ?аза?стан Республикасыны? За?дарында, ?аза?стан Республикасыны? Конституциясында бекітілген.

?азіргі уа?ытта ортамызда болып жат?ан ?леуметтік жан?я м?селелері, экологиялы?-экономикалы? да?дарыстар ж?йке ж?йелері б?зыл?ан, психикалы? аурулары бар, кемтар болып туылатын н?рестелерді? саны жыл сайын ?сіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте ж?не ?йде де ондай балалар жеке ы?пал жасауды ?ажет етеді. Ол ?шін баланы? психологиялы? ?ажеттіліктерін, о?у ?лгерімін зерттеп, психологиялы? т?зеу ж?мыстарын ?йымдастыру керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім беру-заман талабы »

«Инклюзивті білім беру-заман талабы»

АЮПОВА.Н.

Әлеуметтік педагог

56 қазақ орта мектебі

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

2002 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне: білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз етуге мән берілген. Аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалғанымен, шешімін таппаған мәселелер көп. Солардың бірі – инклюзивті білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтарды дайындау.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекеттік білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын. Бірақ біздің елімізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Себебі, қаншама айтсақ та, барлық мүгедек балаларды бірден партаға отырғызып, оқытып алып кету мүмкін емес. Сондықтан бұл жүйені мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру кабинеттерін ашудан бастау керек деп ойлаймын. Себебі бала мектеп жасына жеткенімен психологиялық,физиологиялық ауытқуларының себептерімен өз құрдастарымен бірге оқи алмау мәселесіне кездесіп жатады да, ПМПК-ның қорытындысы бойынша үйден оқуға шығып, әлеуметтен тыс, үйден оқитын оқушы болып қалады.

Үйден оқыту -  бұл білім беру формасы, яғни бала  үй жағдайында алатын, ал оқыту үрдісі  жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады. Бұл медициналық көрсеткіштері бойынша  білім беру ұйымдарында  тікелей оқи алмайтын балаларға ұсынылады.  Үйден жекеше оқытатын міндет-  интеллектісі бұзылған (бірінші немесе екінші тұрпаты) балалар үшін  арнайы (түзету) мектептің бағдарламасын меңгеруде немесе  мемлекеттік білім беру стандарттар шегінде  білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруі болып табылады.  

Үйде жекеше оқыту жоспары бойынша оқыған бала мен сыныпта білім алған оқыған баланың айырмасы жер мен көктей. Сондықтан баланың даму мүмкіндігін анықтау мектепке дейінгі мекемелерде анықталса екен деймін.
Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасы қажет.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан оқшауланған. Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігі анықталып, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу қажет екендігі түсінікті. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн. Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Мемлекеттік деңгейде мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа стандарттар енгізіліп, жүйе өзгертілгеннен соң ғана құрал-жабдықтар, ғимараттар да бейімделеді.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім ,беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсатталған.

Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. 
Біз егеменді елміз, сондықтан қоғамда болып жатқан барлық жайттар назарымызда болып, әр қазақстандық сол жайттарды шешу үшін өз үлесін қосуы керек. Жоғарыда айтылғандай жылдан-жылға республикамызда кемтар балалардың көбеюі әрқайсымызды ойлантып, оларға сын көзбен немесе аяушылықпен қарамай, қолдан келген көмекті беруіміз қажет.

Мүгедек, жарымжан балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасалу керек. Сондықтан осындай кемшіліктерді анықтайтын шағын кабинеттер ашып, арнайы жұмыс жүргізіп, әр баланың қабілеті мен даму мүмкіндігін анықтаса, оларға арнайы түзету жұмыстарын жүргізіп, үй жағдайында өсіріп- тәрбиелеуде ата-анаға ақыл-кеңестер берілсе, бұл да мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқарылған игі істің бірі болар еді.Өйткені ата-ана бұл жағдайды басынан бір жақты болып өткеруде, бұл кезде ата-анаға арнайы маманның көмегі, ақыл-кеңесі және балаға аялы алақан мен жан жылуы, ары қарай бұл жағдаймен күресуіне маманның түзету жұмысының көмегі қажет екені баршаға аян.

«Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай бүгін мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған ата-аналар арнайы мекемелерімен,оңалту орталықтарымен,мектептегі психолог,әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед мамандарымен тәжірибе алмасып отыруы қажет. Cонда ол ата-ананың педагогикалық сауаты артып, өз баласына көмегін көрсетуге қабілеті артады.

 Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.

Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық жағдайына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.

Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының іргетасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.

Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. «Төгіп-шашады, бүлдіреді» деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды, бекітілуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда барлық жалпы білім беру мекемелеріне енгізілген әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәні мүмкіндігі шектеулі балаларды қоршаған ортада,тұрмыста, адамдармен өзара қарым-қатынаста бағдарлай білуді,адамның тұрмыстағы қызметіне қажетті кейбір тәсілдерді,тұрмыстық еңбек үдерісін меңгеруді қалыптастыруда зор қызмет көрсетуде.


Осы аталған пәннің практикалық жаттығуларын(көмекші ретінде) бала ата-анасының жетекшілік етуімен(экскурсия, серуен, кітапханаға,дүкенге,базарға,дәріханаға бару) өткізсе, балаға әрі ата-ананың, әрі мұғалімнің тарапынан көрсетілген қолдау мен икемдеу болар еді.


Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы, әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-дамыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.

Халық даналығында:

Бала өсірген ата-ана

Бала болып ойнайды.

Бала оқытқан ұстаздар

Бала болып ойлайды-деген сөз бар.

Ата-ана - баланың ең бірінші тәрбиешісі,отбасындағы жетекші тұлға.Баланың тағдыры,болашағы,оның өмірден алары мен берері, мақсат-мұраты ата-ананың сіңірген еңбегіне,тәлім-тәрбиесіне байланысты өлшенеді.Ата-ананың тіршілігіндегі ең қымбаттысы,бағалысы – перзенті. Перзенті үшін ата-ана барлық ауыртпалықты көтеріп, баласының қас-қабағын бағып, оның жолында кездескен қиындықтарды жеңілдетудің амалдарын қарастырады.

В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпараттандырып отыру -ұстаздар қауымының басты міндеттерінің бірі. Сол үшін инклюзивті білім беру саясатын іске асырар алдында ата-аналарды, педагогтарды арнайы біліктілік курстарынан өткізу қажет.

Алған білімдері бойынша әр ата-ана өз баласына оның қоғамнан өз орнын табуға, өзіне қызмет көрсету,тұрмыстық дағдыларды меңгерту,алдына қойған мақсатына жетуге қолдау көрсетері сөзсіз. Себебі балаға туған ата-анасынан артық жанашыр жан табылмайды.

№56 қазақ орта мектебінде үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 6 оқушы бар. Олрдың 3-і бастауыш сыныпта, қалған 3-і орта буын сыныптарында оқып жатыр.Осы балалардың арасында өнерге құштар, қызығушылығы жоғары оқушылар бар. Олар Әріпжанов Әбубәкір5-сынып оқушысы бейнелеу өнеріне бейім болса, 8-сынып оқушысы Мырзаш Мадина би өнеріне құмар.

2014жылы наурыз айында «Біз-Қазақстан балаларымыз!», «Біз – жаңа әлемде өмір сүреміз» атты бүкілқазақстандық акциясы шеңберінде даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында ұйымдастырылған «Жұлдызай» аудандық шығармашылық фестивалінде жақсы өнер көрсеткені үшін Мырзаш Мадина Мақтау грамотасымен марапатталып, облысқа жолдама алды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген фестивальде өнер көрсетіп, Мақтау қағазымен марапатталды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін басқа балалардан кем санамауы үшін оларды мектептің сынып сағаттарына, мерекелік шараларына, арнайы конкурстар мен концерттерге қатыстырып, әлеуметтенуіне жол ашып, мүмкіндік туғызу қажет.

Барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік беретін инклюзивті оқыту, сонымен қатар оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту -балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның  балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. [Мектептегі психология. №8,11.2013ж.]

  2. [Мектептегі психология. №9 2014ж.]

3.[«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы». 2010ж.]

4. [Ермағамбет Ә. «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-

педагогикалық сипаттамасы». // Дефектология, 2008, №4.]

5. [«Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекйиялық жаттығулар» атты оқу құралы.С.М.Жақыпов,Ф.Бизақова ]

6. [Көмекші (түзету) мектепке арналған бағдарлама.2009ж.]






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Инклюзивті білім беру-заман талабы

Автор: Аюпова Арай Нуртазаевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175914


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства