ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе 1.Сабақтың тақырыбын жариялау, Қазақстан тарихында өзінің ерекше болмысымен биік, ұлы тұлға - Шоқан Уәлиханов. Ш.Ш.Уалихановтың (1835–1865) еңбектері аса құнды. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. "Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты".(Тақырыпты аудару) Мәтін не туралы болмақ? 2. Сабақтың мақсатын анықтау. Мақсатын әр топ жеке анықтап, кейіннен ортақ мақсат айтылады. ІҮ Жаңа сабақ. 1. ББҮ әдісі (не білемін, не білгім келеді, не үйрендім) Не білемін? | Не білгім келеді? | Не үйрендім? | Сот ісі, жалпы билер туралы не білетіндеріңді жинақтаңдар | Мәтін тақырыбы негізінде не білгіміз келеді? | | 2. Сөздік жұмысы: Кітаптан сөздерді оқып танысады Би -бий, судья Шешендік өнерді меңгерген -владеющие ораторским искусством Құрметті би атағы-почетное звание бия Сайлау жолымен- путем выбора Үкіметтің бекітуімен-утверждением правительства Сот рәсімін терең меңгерген- глубоко знающий судебные правила 3. Мәтінді оқып танысады, мәтін бойынша тапсырма орындайды - 1 топ – Сұрақтарға жауап іздейді -Би атағы қандай қазаққа берілген? -Би атану үшін ол қазақ не істеген? -Би атағы мұрагерлік жолмен берілген бе? -Билік, мұрагерлік туралы қандай мысалды білесің? -Би атағы Шорман биге мұрагерлік жолмен берілген бе? 2 топ – Сөйлемдерге сұрақ құрастырады 1. Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан, сайлау жолымен немесе үкіметтің бекітуімен берілмейді. 2. Би атағы сот рәсімін терең білетін, шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. 3. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетінін, шешендігін танытатын болған. 4. Қазақ халқындағы мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге болады. Орта жүздің қаракесекруында ХҮІІ ғасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды. Олардың тұқымы осы күнге дейін билікке ие болып отыр: Қазыбек, Бекболат, Тіленші, Алшынбай. 5. Қаржас руынан шыққан Шорман би атақты әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес. Шорман он үш жасында топ жарып, дау шешеді. Ол өле-өлгенше "бала би" атанып кетеді. 3 топ 2. «Бес ұйғарым». Топпен бірігіп істейді Тақырып бойынша 5 ұйғарым жазыңыздар, оның екеуі “жалған” болсын. Ү Ой қорыту Әр топ өз жұмысын орындап болғаннан кейін орын алмастырады. Мысалы 1 топтың басшысы орнында қалады, қалған оқушылар 1 топқа барып отырады. 2 топтың да басшысы орнында қалады да, қалған оқушылар 3 топқа барып отырады, 3 топтың да басшысы орнында қалады, қалған оқушылар 1 топқа барып отырады. Ендігі топтардағы жұмыс: 1 топ өздеріндегі сұрақтарды 2 топқа қояды, 2 топ жауап береді (оқулықты пайдалануға болады). 2 топ өздері құрастырған сұрақтарды 3 топқа қояды, 3 топ жауап береді. 3 топ ұйғарымдарын оқып, басқа топтармен талқылайды ҮІ.Бекіту 1. Не үйрендім? Әр оқушы ББҮ кестесінің 3 бағанын толтырады. Содан кейін топта бір-біріне айтып, өз кестелерін одан әрі толықтырып алады. 2. Венн диаграммасы Қазіргі кезде сот сайлау мен ерте кездегі қазақтардың би сайлау тәртібін салыстырыңдар.
|