ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру | а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс | ІІІ.Мағынаны тану. Етістік-заттың қимылын, іс-әректін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды?қайтті?(немесе не істеп?не істесе? қайтіп? т.б ) деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: Көп ойласаң,дана боласың,көп ойнасаң, бала боласың.(мақал) Етістік құрамына қарай негізгі етістік және туынды етістік болып екіге бөлінеді.Сөздің негізгі түбірі етістік болса,ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы:кел,бар,жүр,айтты,алған,жайды т.б Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады.Мысалы:ойна, басқарса,азай,тазала. Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар: 1)-ла,-ле,-да,-де,-та,-те: шеге-ле,тіс-те,бас-та т.б; 2)-а,-е:ойн-а,бос-а,түн-е т.б; 3)-ай,-ей,-й: мол-ай,көб-ей,қара-й т.б; 4)-ар,-ер,-р: ағ-ар,көг-ер,қысқа-р т.б; 5)-ғар,-гер,-қар,-кер:бас-қар,ес-кер,тең-гер т.б; 6)-ық,-ік,-қ,-к: кеш-ік,зар-ық,бір-ік т.б; 7)-ыра,-іре: жарқ-ыра,желб-іре т.б | Сабақты бар ынтасымен тыңдап,өзіне қажетті маңызды тұстарды дәптер бетіне түсіріп отырады. |
ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма | Оқулықпен жұмыс 221-жаттығу Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер. Тіл-өнер Мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді тауып, орысша,ағылшынша аудармасын айтыңдар Ақылды кісі ісіне сенеді, Ақымақ кісі күшіне сенеді. сенеді-верит-глаубен Ақылды адам арын қорғайды, Сараң адам малын қорғайды. Қорғайды-защищает-фертэй Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар Бағбан көктемде қураған бұтақтарды…(кесті). Ат жегілген арба…(жүреді, қозғалады, жылжыды). Асқардың туған күніне достары сағат…(сыйлады). Аспанды қою бұлт…(жапты). Ақын өлең…(жазды). Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар…(ұшады). Құстар ағашты зиянкестерден … (сақтайды, қорғайды).Мұғалім оқушылармен достық туралы...(пікірлесті) ’’Кім шапшаң?’’ Берілген етістікке қарама-қарсы етістікті тауып жазу. Кірді-шықты Келді-кетті Тұрды-отырды Алды-берді "Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны. Етістіктер | Негізгі етістік | Туынды етістік | Оқыды | | | Сүргіле | | | Жаңала | | | Өседі | | | Көмектес | | | Кел | | | Қолда | | | Біледі | | | Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңдар. Үлгі: Әшекейле, алаңдау, ... Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсер, әрекет, аяқ, айшық, айқын, әңгіме, сыр,адым, аз. Кубизм стратегиясы Кубиктің алты жағындағы әріптерге етістіктер тауып айту | Жаттығу жұмысын орындайды. жасырын сөзді тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айтады.
қарама-қарсы етістікті тауып жазу Етістік түрлерін ажырату Берілген сөздерді етістікке айналдыру |