kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы: ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР                  

Сабақтың білімділік мақсаты:Естеліктерді оқыту арқылы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тұлға болып қалыптасуының түпкі негізін тыңдаушылар елегінен өткізу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Елбасы жайлы естеліктерді оқып,тіл үйренушілердің өз ойларын жеткізуіне назар аудару. 50-80 жылдар аралығындағы ел өмірінен мәліметтерді айта отыра сол кездегі қазақы болмысты, жастық шақты әндер арқылы тыңдаушылардың елегінен өткізу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін әр тыңдаушының өзі атқарып жүрген қызметтеріне аса жауапкершілікпен қарауы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:  Слад, плакат, видио, әндер, үлестірмелі материалдар.    

І. Коммуникативтік тренинг:

  1. Республикада Президент күні қашан?
  2. Президент күні қай жылдан бастап аталуда?
  3. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып неше рет сайланды.
  4. «. Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын.»

Нұрсұлтан Назарбаев

1973–1977 жылдары- Қарметком

инаттың партком хатшысы.

ІІ. Кіріспе.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР»

Сабақтың тақырыбы: ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР

Сабақтың білімділік мақсаты:Естеліктерді оқыту арқылы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тұлға болып қалыптасуының түпкі негізін тыңдаушылар елегінен өткізу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Елбасы жайлы естеліктерді оқып,тіл үйренушілердің өз ойларын жеткізуіне назар аудару. 50-80 жылдар аралығындағы ел өмірінен мәліметтерді айта отыра сол кездегі қазақы болмысты, жастық шақты әндер арқылы тыңдаушылардың елегінен өткізу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін әр тыңдаушының өзі атқарып жүрген қызметтеріне аса жауапкершілікпен қарауы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Слад, плакат, видио, әндер, үлестірмелі материалдар.

І. Коммуникативтік тренинг:

  1. Республикада Президент күні қашан?

  2. Президент күні қай жылдан бастап аталуда?

  3. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып неше рет сайланды.

  4. «... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»

Нұрсұлтан Назарбаев



1973–1977 жылдары- Қарметком

инаттың партком хатшысы.





ІІ. Кіріспе.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.





1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып,

Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.





1960–1969 жылдары-Қарағанды

металлургия зауытында жұмыс істеді.









1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.



1940 жылғы

6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.



Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы

Бас Қолбасшысы



1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.





2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.



1979–1984 жылдары- Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.







2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып,

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.













2015 жылың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы



Оқытушы: ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Сол құрылған Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастауында тұру бақыты Нұрсұлтан Назарбаевтың бақытына тиді. Президент ХХІ ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлғаға айналды.





ІІІ. Негізгі бөлім.

Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар сіздер Президенттің осы күнге дейін өткен өмір жолдарынан мағлұмат алу үшін осы сабақ барысында киноленталар мен кітапхана қорларындағы кейбір деректермен жұмыс жасайсыздар.

ІІ. ТЫҢДАЛЫМ

1.Бірінші кинотеатрға барып, мына фильмдерді көресіздер.



1. Дискіге түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнен мына үзіндіні тыңдайды. «Қазір өмірімнің көп бөлігі ел аймақтарына, әлемнің түрлі мемлекеттеріне таусылмайтын арнаулы сапарлармен ұшақ үстінде өтіп жатса да, ұшар биіктен төменге қараудың нағыз әсерлі, жүрегіңді баурап алар шынайы сезімін бірінші рет ұшаққа отырғанда емес, ең алғаш рет өзім өрмелеп, биік шыңның басына шығып, еңкейе етегіне қарағанымда сезінгендеймін. Сәбидің жанындай таза, жігіттің арманындай асқақ, бабалар өсиетіндей мәңгілік – балалық шағымның аспаны тура осындай»

Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар сіздер Нұрсұлтан Әбішұлының монологін тыңдадыңыздар, енді мына сұраққа жауап беріңіздер .

    1. Елбасы ұшар биіктен төменге қараудың қаншалықты әсерлі екенін қалай жеткізген?

    2. Елбасы балалық шақ аспанын неге теңейді?





2.«Елбасы жолы» кинофильмді көру.



2. Екінші кітапханаға барып, Елбасы туралы естеліктерді оқып, түйіндеп келесіздер.



1.

Болат Назарбаев, Елбасының інісі, өзінің «Аға» атты кітабында мынадай естелік жазады: «Әкеме құдай Әлжандай жар, Нұрсұлтандай ұл сыйлады»

«Әкем Әбіш бау-бақша өсірудің білгірі еді ғой.Алма ағашына алмұрт ағашын будандастырып, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін. Бұған ауылдастарымыз таңқалатын. Әкем ағаш өсірудің қыр-сырын өзгелерге де үйретуден жалыққан емес. Ағашты қай кезде қазып алу, қай уақытта отырғызу пайдалы екенін де жақсы білетін. Сұраушы жалықпаса, түсіндіруден әкем жалықпайтын. Кеңпейіл адам еді. Жұртқа болсын деп тілеп отыратын. Осы пейіліне қарай Құдай жарылқады әкемді. Әлжандай жар берді. Нұрсұлтандай ұл сыйлады. Біздің шаңыраққа осыдан кейін-ақ бақ қонды. Қыдыр дарыды.»

Тапсырма: Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Алма ағашына алмұрт ағашын ................, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін.

А. біріктіріп

В. жалғап

Г. будандастырып

Д. буындырып



2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

А.түсіндіруден әкем жалықпайтын

В.Нұрсұлтанның Сатыбалды деген інісі болған.

Г.Біздің шаңыраққа осыдан кейін-ақ бақ қонды.

Д.Қыдыр дарыды.



3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.

А.емен , қарағай ағаштары, көршілер, ауылдастар,Әлжандай жар берді.

В.жұртқа болсын, алма,алмұрт ағашы, әкеме жар берді, ұл сыйлады.

Г.Нұрсұлтандай ұл сыйлады. Ауылдастары риза болды. Ағаш өсірді.

Д.Бау-бақша өсірудің білгірі еді.





Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар, Шара Қатубаева апамыздың естелігін оқып, ролдерге бөліп алып, айтап беріңіздер





2. Шара Қатубаева, Елбасының туысы.

«СЕНІҢ МӘРТЕБЕҢ БӘРІНЕН БИІК, НЕСІБЕҢ ТҰЗДАЙ КӨП БОЛАДЫ» ДЕДІ АНАСЫ


-Журналист: Нұрсұлтан ағаның көрген ғажап түсін тағы да қайталап айтып беріңізші...

-Мына Шұбараттың төрінен Алакелді деген тік жол арқылы Үшқоңырға жаяу шығуға болатын. Сол жолмен бала күнімізде жаяу шығатынбыз. Ертеңгісін шығып кетіп, жаз болса бүлдіргенімізді теріп, қайтып келетінбіз. Жетінші сыныпта оқып жүргенбіз. Таңертеңгі шәйға отырғанымыз сол еді, Сұлтан: «Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім», - дегені. Әлжан жеңешем: «Қандай түс көрдің?» - деді елең етіп.

Нұрсұлтан:

  • Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төме -е–ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім, -деді. Сонда жеңешем:

  • Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең өте жоғары болады екен. Несібең елден көп болады екен. Тұз деген - өте жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам, мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен! – деп жорып, ақ батасын берді. Сұлтанның сол көрген түсі әлі есімнен кетпейді. Арада елу жыл өткеннен кейін де жеңешем түсті дұрыс жорыған екен-ау, деп ризашылықпен еске алып қоямын.


Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар келесі Елбасының сыныптасы Күләш Әмірованың естелігін рөлдерге бөліп осы жерде сахналық көрініс жасаңыздар.





3. Күләш Әмірова, Елбасының сыныптасы.

«Ол жұмыстан орталық комитеттің хатшысы болмай келмеймін!» деді

- Жоғарғы оқу орындарын бітіргендер екі жыл қара жұмыс істеуі керек деген Хрущевтің заңы шыққан болатын. Соған байланысты, диплом алып келгеннен кейін, ауылда егісте істедім. Араға уақыт салып тұрмысқа шықтым. Мектеп бітіргеннен кейін Нұрсұлтанмен кездеспегеніммен, институтта оқып жүргенімде оны анда-санда теледидардан көріп қалушы ем. Тұрмысқа шықтым дедім ғой, қызық болғанда Нұрекеңнің ауылының бір азаматымен тағдыр қосқан едім.

Ескі үйіміз болатын, кешкісін соның ауласында күйеуіміз екеуміз әңгімелесіп отырғанбыз. Қарасам, Нұрсұлтан келе жатыр. Мектеп бітіргенімізге бес-алты жыл өтіп кеткендіктен сағынысып қалған екенбіз. Келіп менімен құшақтасып көрісіп тұрып: «Ой, Күләш, сенің біздің ауылға келін болып түскенің қандай жақсы болған!» - деді қуанып. Сол сөзі әлі күнге дейін есімнен шықпайды. Бір дөңгелек үстеліміз бар еді, соған нан турап, қантпен шай ішіп, мәз болыстық. Сонда әңгімелесін айтып отырып, «біз 42 адам бітірдік қой, Күләш» деп қалды. Шынымды айтсам, мен сол уақытқа дейін бізбен бірге неше бала мектеп бітіргенін білмейді екенмін. Ол соның бәрін санап жүреді екен: «Мен сендердің әрқайсыңның тағдырларыңды ойлап жүрдім ғой», - деді тереңнен сөз қозғап.

Мен оған: « Сенің бойың шөгіп қалған сияқты ғой, кішірейіп кетіпсің. Неге бұлай болды?» - дедім аяушылық танытып. Ол маған жүзін бұрды да:

- Күләш, мен істейтін жұмыс, өте ауыр. Бізді темір балқытушы дейді. Бұл жұмыстан бойың өспейді. Мен енді сол жұмысымнан Орталық Комитетке хатшы болғанда ғана бір- ақ ораламын!- деді нық сеніммен.Осы сөзін айтқан кезде күн батып бара жатқан еді. Нұрсұлтанның шын ниетпен және үлкен сеніммен айтқан сол бір ауыз сөзі періштелердің құлағына шалынып, Алла Тағала қабыл қылды-ау деймін! Сонау 1965 жылдың көкек айында айтқан уәдесін орындап, 1979 жылы Орталық Комитетке хатшылық қызметке ауысып келді. Ол ол ма, одан да жоғары лауазымды қызметтер атқарғанына, соңғы жылдарда еліміздің Президенті болғанына куә болып отырмыз.



Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар енді мына мәтінді оқып, тақырыбын

қойыңыздар.



Қазақстан Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев

(Елбасының «Әділеттің ақ жолы кітабынан)

.....Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы (қазір онда Қарғалы мәуіті-шұға комбинаты бар) ертеңгі сағат алтыда ашылатын дүкенге уақтылы жету үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұрамын. Егер алды-артымда тұрғандар тыныш болып мені кезектен итеріп шығарып жібермесе, ұлы сәскеде нанға ілігемін. Қап- қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң, қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш қайтара тұратын едім. Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап-турап, кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Алайда анда-санда - сиыр бұзаулағанда нағыз мейрамға кенелетінбіз. Әдетте оның сүтін талшық ететінбіз. Айран ұйытып, жүгері талқанын шылап жейтінбіз. Егер сол нәпақа болмағанда күніміз қараң болатыны кәміл еді. Біздің үй ғана емес, айнала төңіректердің бәрі осылай тірлік ететін.



Тақырыптың аты: Қара нанның дәмі

Оқытушы:

ІІ. Қай кез болмасын жастардың жастық шақтары есте қаларлықтай әндермен өрнектеліп, тарих қойнауына кетері сөзсіз. Яғни әр ұрпақтың өз өмірлеріне сай әндер туады. Сөйтсе де, әр ұрпақтың халық әндеріне деген сүйіспеншілігі ерекше болған. / Кезек әндерге беріледі./



1. Халық әні: Дедімай-ау.

  • Құлағыңа таққаның күміс сырға,

  • Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедімай-ау.

  • Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,

  • Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедімай-ау.

    • Алма ағаштың гүліндей-ау,

    • Текеметтің түріндей-ау.

    • Өтіп дәурен бара жатыр,

    • Сіз бен бізге білінбей-ау.

2.Теміртау жастарының маршы

Нұрлы Нұра даласы,

Міне бүгін қарашы

Жасұландай жайнап өскен,

Теміртаудың қаласы. (2 рет қайыру)



    1. «Бақыт құшағында»
      Сөзі: Т. Молдағалиевтікі
      Әні: Ш. Қалдаяқовтікі

      Көзіңнен бір ұшқын,
      Ұшты ма білмедім.
      Әйтеуір нұр құштым,
      Әйтеуір гүлдедім.
      Көктемнің бұлбұлы
      Кеудеме қонады.
      Құшаққа қыр гүлі
      Толғандай болады.

      Қайырмасы:

      Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,
      Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.
      Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,
      Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

      Әнбісің төгілген,
      Жырымсың армандай.
      Бір бақыт көрінген
      Жақындап қалғандай.
      Жанардың ұшқыны
      Жүректе жанады.
      Қолыңның ыстығы
      Қолымда қалады.

      Қайырмасы.

      Мен бүгін бұлақпын
      Ілгері жүгірген.
      Бір нәзік шуақпын
      Жаныңа үңілген.
      Сүйемін мен күнді,
      Көңілді, жалынды.
      Сен биле еркімді,
      Әлдиле жанымды.

      Қайырмасы



Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар, Елбасымен тай-құлындай тебісіп, тетелес өскен замандастарының көпшілігінің әкелері ұлы Отан соғысынан оралмағандарын білеміз. Ал, әке-шешесі жанында болса да, елге тиген соғыс қасіреті Нұрсұлтанды да ерте есейтті. Сол кездеңдегі туған балалардан қаншама ірі тұлғалар шықты. Қара домалақ қазақ балаларының тұлға боп қалыптасуларына қандай күш-құдірет әсер етті десек, оның бірі - Мейірім дер едім. Себебі, Елбасының замандастарынан шыққан бір зиялының айтқаны: « Сол бір кездері, мейірімі жанарларынан төгіліп тұратын әжелер, сирек болатын той-томалақтан алатын сарқыттарын шапандарының қалталарынан алып бізге ұсынғанда, бар мұңымызды ұмытып, өмір сүруге деген құлшынысымыз арта түсуші еді» деп еді.

Сондай әжелерді де еске ала отыра, олардың типтік образы ретінде алып отырған Мейрімгүл әженің қалтасынан сіздерге не шығады екен? Көрейік.

Мейрімгүл әже.

(Интерактивті тақтаның жанына бір тыңдаушыны шығарып, Мейрімгүл әженің қалтасын ақтарғандай болып, қапшықтан кәмпит, құрт алып беру. Қапталған кәмпит пен құрттың сыртындағы жапсырылған жазуды оқыту. Онда: «Бақытты болыңдар, құлындарым!» деген тілек жазылған.



Қорытынды:

Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар, 2015 жылғы 26 сәуірде өткен Президент сайлауында 97,7 пайызбен жеңіске жеткен күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ш. Сариевтің «Егемен Қазақстан» газетіне телефон арқылы жедел түрде жариялаған, жүрекжарды өлеңімен сабағымызды қорытындыласақ.

Шөмішпай Сариев

Менің мемлекетім

Халқы Қазақстан Президенті болып қайта сайланған

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа!

Ақордадан бастап шекараға дейін,

Аспан-жерді жалғаған екі араға дейін,

Бұлт асқан ақиық тауларырма дейін,

Кең көсілген даламның аумағына дейін,

Менің мемлекетім!

Етегінен тауымның шыңдарына дейін,

Жел үйірген құйынды құмдарына дейін

Менің мемлекетім!

Бір уыс топырағы, әр тасына дейін,

Күңіренген үнсіз жартасына лейін

Менің мемлекетім!

Нар атан түйенің ноқтасына дейін,

Әрбір қазақ отбасына дейін,

Менің мемлекетім!

Жел ұйытқып жетер сөзім-

Жер мен Күн арасына дейін,

Көз ашып-жұмған әрбір қазақ баласына дейін,

Менің мемлекетім!

Тәңір өзі бетін бұрғанша,

Жер шары қанша тұрғанша,

Жаса, менің мемлекетім!..

Жаса, менің Президентім!

ЖАСА, МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР

Автор: Мұқышева Теңдік Қайрбекқызы

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368709

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР."
    ["seo_title"] => string(29) "ieskirmieitin_iestieliktier_1"
    ["file_id"] => string(6) "368714"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481541262"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства