Просмотр содержимого документа
«Есептік ж?не реттік сан есім (?аза? тілі)»
Тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Мақсаты:
1. Сан есім, сан есімнің түрлері туралы, сөз таптары туралы білімдерін, ұғымдарын кеңейту, қайталау, еске түсіру. 2. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Ана тілін сүюге, ауыз әдебиетінен үлгі-өнеге алуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім бекіту сабағы Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс, ойын әдісі, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: доп, алмалар, гүлдер, карточкалар Техникалық құралдар: Интерактивтік тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны
Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын. Жұма күні бүгін Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз. Кілең бестік болсын.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім !
1. Үй жұмысын тексеру: 4-жаттығу.
Бейжің Олимпиадасында біздің команда жиырма тоғызыншы орынды иеленді. Дәурен мектепішілік жарыста шахматтан бірінші жүлдені жеңіп алды. Айжан он жетіншіпәтерде тұрады. Дәулеттің туған күні сегізінші сәуір. Айзаданың інісі екінші сыныпта оқиды.
2. «Гүл теру» ойыны
3. Топтарға бөліну. (Жеке жұмыс) Сөздерді оқып, қай сөз табына жататынын дәлелдеу. Сол топқа бөлініп отыру.
5. Есте сақтау диктанты.(Жұппен жұмыс) Оқушылар оқып, жатқа жазады. Сөйлем мүшелеріне талдайды. Көршілері тексеріп, бағалайды. Бағалау критерийлері тақтада жазылып тұрады.
Үш кіші ішік піштім.
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
1 қате – «5»
2-3 қате – «4»
4-5 қате – «3»
6. Топтық жұмыс. Әр сөйлемге топ оқушыдан шығарып, талдау жүргізеді.
1-топ. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Сандарды сөзбен жаз. Сан есімнің қандай сөзбен байланысты екенін сызба арқылы көрсет.
Мәскеу мен Алматының арасы 4000 километр шамасында. Бұрын бұл екі арада кейбір ұшақ 12 сағат, кейбірі 8 сағат ұшатын еді. Қазір шапшаң ұшатын ұшақпен 180, кейбірі 300 жолаушымен 3-4 сағатта келіп қонады.
2-топ. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Сандарды сөзбен жаз. Сан есімнің қандай сөзбен байланысты екенін сызба арқылы көрсет.
Киттің бір түрі – жолақ кит. Оның ұзындығы 33 метрге дейін, салмағы 150 тоннаға дейін жетеді. Оның жаңа туған баласының ұзындығы 6 метрден асады.
3-топ. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Сандарды сөзбен жаз. Сан есімнің қандай сөзбен байланысты екенін сызба арқылы көрсет.
Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны – 30. Жан-жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Каспий және Арал теңіздері.
4-топ. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Сандарды сөзбен жаз. Сан есімнің қандай сөзбен байланысты екенін сызба арқылы көрсет.
Әйгілі қазақ балуаны Қ. Мұңайтпасов 1871 жылы дүниеге келген. Қажымұқан 18 жасынан күреске түседі. 1908 жылы дүниежүзілік аренаға шығады. Тамаша жетістіктері үшін 48 алтын, күміс, қола медальдарға ие болған.
7. Оқулықпен жұмыс. Өздік жұмысы.
2-жаттығу. Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жаз.
ІХ. Көңілді шумақтар 1 – бір Же1 екен 1қазан: ---------- Жебір екен бірқазан: Кей1 жемді 1қазан -------- Кейбір жемді бірқазан 1–ақ сәтте қойды жеп. -- Бір–ақ сәтте қойды жеп Кү1 етті, - Күбір етті, «Тойдым», - деп. - -----------«Тойдым», - деп. Естіп 1 кез дү1ді, ------------ Естіп бір кез дүбірді, Жағадағы тү1ді -------------- Жағадағы түбірді Паналауға жүгірді. ---------- Паналауға жүгірді
3 – үш
Піл к3ті --------------------- Піл күшті Піл к3ті емес ----------------- Піл күшті емес Тіл к3ті.------------------------- Тіл күшті.
4еу түгел болса, төбедегі келер, ------------Төртеу түгел болса, төбедегі келер, 6ау ала болса, ауыздағы кетер. -----------------Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
Тест 1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады? А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Затесім 2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: Бес, жеті, отызтөрт А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Затесім 3. Заттыңқ имылын білдіретін сөз табы қалай аталады? А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Затесім 4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қара, қоңыр, таза, ұқыпты А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Затесім 5. Дәптерсөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады? А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер 6. Жалқы есімді тап. А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам 7. Жалпы есімді тап. А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Есіл 8. Күрделі етістікті тап. А) ойнады Ә) жазды Б) келді В) бара жатыр 9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап? А) он Ә) жиырма екі Б)екінші В) бес жүз 10. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет? А) үшеу терезе Ә) екі түйе Б)қақпаға алтыншы В) алтау дәптер Өзін-өзі бағалау. 10 – 9 балл – «5» 8 – 6 балл – «4» 5 – 3 балл – «3» 2 – 0 балл – «2»