kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елорадасы-Астана.Жайылма с?йлем.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елордасы-Астана туралы жан-жа?ты ма??лмат беру,білімдерін ке?ейту,ал?ан білімдерін де?гейлік тапсырмалар ар?ылы бекіту. Жайылма с?йлем туралы т?сінік бере отырып,практикалы? жолмен ме?геру.О?ушыларды? тіл м?дениетін дамыту,ой ?рісін ке?ейту,с?йлеу ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту;м?тінде кездесетін жа?а с?здерді ме?герту,с?здік ?орын байыту.

О?ушыларды? ?з еліне,жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру,?лтжандылы??а т?рбиелеу.

?дістері: с?ра? – жауап, талдау, т?сіндіру
Саба?ты? к?рнекілігі: : ?аза?стан Республикасыны? картасы,тірек-сызбалар,де?гейлік тапсырмалар,суреттер,б?ктемелер,кітап к?рмесі.

П?наралы? байланыс: тарих,?аза? ?дебиеті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елорадасы-Астана.Жайылма с?йлем.»

Сабақ жоспары


Оқытушы: Есенгараева А.К.

Пән: қазақ тілі


Мамандық,топ: 0508000-«Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Тақырыбы: Елорадасы-Астана.Жайылма сөйлем.

Күні:


Сабақ түрі,өткізу үлгісі : жаңа білім,дағды және біліктілік беру сабағы, аралас сабақ.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі:  Елордасы-Астана туралы жан-жақты мағұлмат беру,білімдерін кеңейту,алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту. Жайылма сөйлем туралы түсінік бере отырып,практикалық жолмен меңгеру.


Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту,ой өрісін кеңейту,сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту;мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту,сөздік қорын байыту.


Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Әдістері: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: : Қазақстан Республикасының картасы,тірек-сызбалар,деңгейлік тапсырмалар,суреттер,бүктемелер,кітап көрмесі.


Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті


Әдебиет:

Негізгі:

1.А.Ш. Бектурова ,Ш.К. Бектуров. Казахский язык для всех.Алматы «Атамұра» 2004

Қосымша

1.К. Аханов,Б.Кәтенбаева ,Т.Әбдіғалиева .Қазақ тілі Алматы «Рауан» 2010

2.Г.К.Рысбаева .Қазақ тілі «Алматы» 2000

3.Е.Дүйсенбайұлы, И.Тасмағанбетов ,А.Құдабаев . Дала даналары . Алматы : Қазақстан даму институты. 2001






Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


Сабақ

кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру

кезеңі

Амандасу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары:

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Сәлемдесу.

2.Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткенді пысықтау.

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.

4-8.Сабақты пысықтау.

9.Бекіту.

10.Үйге тапсырма.

11. Білім бағалау.

5мин.

2

Білімдерін

тексеру

(астын сызу)

Білім бағалау өлшемі

Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын,жағдаят шешу.

10 мин.

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру.

1.Елордасы-Астана.

2.Жайылма сөйлем.

3.Деңгейлік тапсырма.

1-деңгей.Жақша ішіндегі сөздерді қатыстыра отырып,жайылма сөйлем құрастырыңдар.

2-деңгей:Берілген сөйлемдерден жайылма сөйлемдерді теріп жазыңдар.

3-деңгей:Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

4.Сабақты пысықтау.

5. «Сандарды сөйлетейік» (Схема)

6.Үйге тапсырма.

25 мин.

4

Оқушылардың

өздік жұмысы

1.Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып,мысал келтіру.Синоним,антоним сыңарларын табу.Жаңа сөздерге сөз тіркес,сөйлем құрастыру.

20 мин.

5

Тақырыпты

бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тест тапсырмаларын шешу,дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету барысында жаттығу орындау,сөздік жұмысын орындау, «Би» сөзіне кластер құрастыру.

15 мин.

6

Сабақ

қорытындысы

Рефлексия сәтін өткізу, түсінік бере отырып, бағалау

10 мин.

7

Үй тапсырмасы




Қолданылатын әдебиетті,беттерін көрсету. А.Ш. Бектурова ,Ш.К. Бектуров. Казахский язык для всех.

Ережені жаттау,89-бет

2.Мәтіннің мазмұнын айту,22-бет.,жаңа сөздерді жаттау.3.6.5.4- жаттығу,89-бет.

5 мин.

Оқытушының қолы ___________________________________






























Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткенді пысықтау:

1.Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?

2.Мемлекеттің өзіне таән ресми белгілеріне не жатады?

3.Елбасы әрбіразаматтан не күтеді?

Адамның жақсы өмір сүруі неге байланысты?

↓ ↓ ↓ ↓

4.Ұлттық валютамыз қашан айналымға енгізілді?

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

Қандай түрлері бар?

6.Жақты,жақсыз сөйлем дегеніміз не?

7.Жалаң сөйлем дегеніміз не?

-Ендеше,біз жай сөйлемнің түрлерімен таныструды әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгіні сабақтың мақсаты-жайылма сөйлем туралы түсінік беру,оны жан-жақты практикалық жолмен меңгеру және Елордасы-Астана туралы әңгіме жүргізу,түрлі жаттығу орындау.Бар білімдеріңізді ортаға салып отырайық.

III. Жаңа тақырып.

Елордасы-Астана.Жайылма сөйлем.

Сөйлем


Мақсатына интонация Құрамына


Жалаң сөйлем

Бастауыш Баяндауыш


Тұрлаулы мүше



ІІІ.Тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.

IV.Мысалы:

1.Әзірлік жүріп жатыр.

Мектепте мейрамға әзірлік жүріп жатыр.

2.Мен демалдым.

Биыл жазда мен Астанада демалдым.

Суреттермен жұмыс:

(суреттерге қарап жайылма сөйлем құрастыру)

-Енді бәріміз тақтаға назар аударайық(сөз жұмбақ шешу)

1.Қазақ халқаның ұлттық музыка аспабы?

2.Қазақстан Республикасының елбасының есімі?

3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?

4.Қазақ халқының ұлы ақыны?

5.Ас атасы-нан

6.Қазақстан Республикасының рәмізі?

Қандай сөз шықты?Ендеше біз бүгін Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы туралы әңгімелейміз.

Сабақтың эпиграфы:

Астана-елімнің тірегі,

Астана-қазақтың жүрегі.

Сәніңе сәулетің сай келген,

Өзіңді күллі әлем біледі!

Кіріспе сөз:Егеменді еліміздің елордасы-Астана Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған.1868 жылы қала мәртебесін алды.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды. Қаланың негізі 1832 жылы салынған.Бұрынғы аты Ақмола.1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді.

Бүгінгі күні Астанада сексенге тарта ұлт өкілдері тұрады.Астана-Қазақстанның астанасы.Бұл жер Сакен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың туған елі.

Астана қаласы Сарыарқа даласында,Есіл өзенінің жағасында орналасқан.Еуропа мен Азияны жалғастарып жатқан Ұлы Жібек жолындағы қала.Бүгінде Астана қаласы Қазақстанның саяси,экономикалық,мәдени және ғылыми орталығына айналды.Астанада Президент Ақ ордасы,Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, «Конгересс Холл»,«Интерконтиненталь»қонақ үйі,мұражайлар,мәдени орындар тағы басқа көптеген ғимараттар бой көтерді.

Елордамыздағы «Астана-Байтерек»монументі-архитектуралық ескерткіш қана емес,еліміздің бүгінгі мен келешегінің көрінісі.Бұл бәйтеректің биіктігі-97метр.

«Астана-Бәйтерек»монументі кешенін салу идеиясының авторы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Еуразия монументі-елорда тойына батысқазақстандықтардың сыйы.

3.Сөйлемдерді дұрыс,бұрыстығын анықтаңдар.

1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Қызылорда(Б)

2.Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.(Д)

3.Астана-болашағы жоқ қала.(Б)

4.Астананың аты әлемге әйгілі.(Д)

5Астананың қысы жылы,жазы салқын болады.(Б)

V.Деңгейлік тапсырма.

1-деңгей.

1.Жақша ішіндегі сөздерді қатыстыра отырып,жайылма сөйлем құрастырыңдар.

Қазақстан жері (пайдалы қазбалар,дәрілік өсімдіктер)өте бай. (Алтай,Атырау)созылып жатқан кең-байтақ өлкенің табиғаты керемет.Онда (неше алуан,әр түрлі)өсімдіктер өседі.Өсімдіктерден пайдалы (тұнбалар,тосаптар)!әзірленеді.

2.«Қазақстан»-сөз құрастыру.

2-деңгей:

1.Берілген сөйлемдерден жайылма сөйлемдерді теріп жазыңдар.

Қала гүлденіп келеді.Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Мектептер салынып жатыр. Астана қаласының тазалығы жоғары.Астана ұнады.Астанада әдемі ғимараттар бой көтерді.

2.Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып,жайылма сөйлемдер құрастырыңдар.

Қалаға келдік,жас тілшілер,көрме ұйымдастырылды,ескерткіш тұр,мұражай ұнады.

3-деңгей:

1.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Біз ұшақпен Астана қаласына бардық.Мұнда әсем,зәулім ғимараттар салынып жатыр.

2.Берілген сөздерді пайдалана отырып,өздерің тұратын қала туралы жай сөйлем құрастырыңдар.

Қатты ұнады,мәдени демалыс орындары,өзге ұлт өкілдері,ешкерткіш орнатылған,Достық даңғылы.

VI. Слайдпен жұмыс

-Қазақстан Республикасының неше облысы бар?

-Біз қай облыста тұрамыз?

-Орталығы қандай қала?

-Енді, екі қаланы Венн диаграммасы бойынша салыстырайық.



АСТАНА ОРАЛ

VII.-Отан туралы қандай мақал-мәтел білеміз,жай айтпай,мазмұнын түсіндіріп айтыңдар,Астана туралы өлеңдерді кім айтып береді.

VIII. «Сандарды сөйлетейік»


АСТАНА


I Х.Сабақты бекіту.

Қазақстанда туып,сол жердің суын ішіп,ауасымен дем алған бірден-бір адам,мейлі ол орыс болсын,мейлі қырғыз болсын,сол елдің салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын біліп,соны қадірлеп,сайлау керек.

-Блалар сендер бейбіт заманда өмір сұріп жатсыңдар.Сондықтан дасендердің ең басты міндетіңіз-оқу,білім алу.Біздің еліміздің болашағы сендерсіңдер.Салауатты өмір сүріңдер.«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»екенін естен шығармау керек.

Күннен күнге құлпырып,

Он бір жасқа толдың,Астана

Сан биікке ұмтылып,

Өркендей берші,бас қала!

Х.Үйге тапсырма. 1.Ережені жаттау,89-бет

2.Мәтіннің мазмұнын айту,22-бет.,жаңа сөздерді жаттау.

3.6.5.4- жаттығу,89-бет.

ХІ.Білім бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Елорадасы-Астана.Жайылма с?йлем.

Автор: Есенгараева Алмагуль Канашевна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283270


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства