О?ушыны? еліктеу с?здер туралы білімі ?алыптасады. Саба?ты? та?ырыбы: еліктеу с?здерді жина?тау. Ашы? саба?ты? ма?саты балаларды? еліктеу с?зден ал?ан білімдерін жина?тау болып табылады. Саба? барысында еліктеу с?здерді? т?рлеріне байланысты фонетикалы?, морфологиялы?, синтаксистік талдау ж?мыстары ж?ргізіледі. М?ны? н?тижесінде балалар бірлесе отырып, ж?мыс жасап, ?з пікірін д?лелдеуге ?йренеді. Сондай-а? жатты?улар ар?ылы теориялы? білімі тере?дейді, ойлау ?абілеті артады. Д?ниетанымы ке?ейеді, шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы тіл байлы?ы артады. Б?л ашы? саба?ты? ба?алау ж?йесі бас?а саба?тардан ?згеше. О?ушылар тек жатты?у-талдау ж?мыстары ар?ылы ?ана емес, шы?армашылы? ж?мыстарды орындау, с?зж?мба?тарды шешу ар?ыла да ба?аланады. Б?л саба?ты? т?рбиелік м?ні де ?те зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Еліктеу с?здерді пысы?тау»
Аудандық семинарда 6 «а» сыныбына қазақ тілінен өткізілген ашық сабақтың жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздерді жинақтау. Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздерден алған білімдері жинақтау. Сабақтың міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет: Еліктеу сөздердің түрлеріне жаттығу жұмысы жүргізіледі. Ф, М, С. талдаулар жүргізіледі. 2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: (СТО) а) оқушының еліктеу сөз туралы түсінігі қалыптасады. ә) жаттығулар арқылы теориялық білімі тереңдейді, ойлау қабілеті дамиды, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылық жұмыс арқылы тіл байлығы артады. 3. Топтық жұмыс: Бірлесе отырып жұмыс істеуге, пікірлерін дәлелдеуге үйренеді. Сабақтың көрнекілігі: Құстар мен мәтін жазылған үнтаспа, магнитофон, құстардың суреттері, ұялар бейнеленген сурет – плакат, ұялар, сөз-жұмбақ, құстар суретіне жазылған парақшалар. Стратегиялар: Венн диаграммасы. Сергіту ойыны: «Табиғат құбылысы». Бағалау: Парақшалар арқылы, жаттығу-талдау жұмыстары, жатқа жазу, сөз-жұмбақ шешу, шығармашылық жұмыстар арқылы бағаланады. Сабақтың құрылымы:Үй тапсырмасын сұрау. Ішінде еліктеуі сөздері бар шығарма жазып келу.
«Қарлығаштың ұясы»
«Жаңбыр»
«Жарыс»
«Еңбек сабағында».
Еліктеу сөздері деп қандай сөздерді айтамыз?
Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді. І. Қызығушылығын ояту
ІІ. Мағынаны тану. Мұғалімнің сөзі: Айналада қаншама алуан дыбыс бар екенін бір сәт ойланып көрейікші. Жапырақ сыбдыры, су сылдыры, мотор гүрілі, қоңырау үні, ыдыс-аяқ сылдыры, масаның ызыңы, құстардың құлақ құрышын қандырар ғажайып даусы ерекше емес пе? Осы құстардың әсем дауысын тыңдау үшін біз орманға барайық. Магнитофоннан жіберіледі. (Құстар үні естіледі) - Сендерге құстар үні ұнады ма? Құстар үні, әсіресе бұлбұл үні еріксіз таңдай қақтырады. Бұлбұл – әнші құс. «Бұлбұлдай сайрайды» деген тіркес жиі айтылады. Үнін аспандағы бұлбұлға қосқан бұлбұл үнді, күміс көмей әншілер деп кімді атай аласыңдар? (Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова) 20 көкек – құстар күні. Жыл құстары туған өлкесіне қайтып келіп жатыр. Құстар өзінше бір әлем, барлық құс өзінше мәнді де сәнді. Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбын «Құстар – біздің досымыз» деп тақтаға жазамын. Ал грамматикалық тақырыбын «Еліктеу сөздерді жинақтау» деп алайық. (Балалар дәптерлеріне жазады.)
Сабағымызды құстарға арнағандықтан 4 түрлі құс алып, солармен жұмыс жасайық.
І топ. 4 құстың суреті беріледі. Тапсырма: Құстардың атын атап, пайдасын айтады. ІІ топ. 4 құстың жеке суреттері және олардың ұялары салынған плакат беріледі. Құстардың қалай дыбыстайтынын айтады, дәптерлеріне жазады. Құстарды ұясына салады. ІІІ топ. Сол құстарды бейнелеп, суретін салады. ІV топ. Шығармашылық жұмыс. Тақырыбы: «Ұясынан құлаған қарлығаштың балапаны» әңгімені топ болып құрастырады.
Топтың жұмыстары тексеріледі.
Мұғалім: Балалар, енді біз осы төрт құстың атын өз тобымызға алайық.
І топ. Торғайлар. ІІ топ. Шағалалар. ІІІ топ. Тоқылдақтар. ІV топ. Қарлығаштар. Мұғалім: Балалар, сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер. Біздер құстар – біздің досымыз дейміз. Бірақ кейбір балалардың құстардың мойнын бұрап жұлып алады, ұясын бұзады, жұмыртқасын жарады. Қазір біз бір баланың жасаған қиянаты туралы тыңдайық. Тыңдап отырып, еліктеуіш сөздерді дәптерлеріңе жазып отырасыңдар. (Магнитофон жіберіледі.)
Торғай балапан
Қолында айыр ағашы бар сұр кепкалы бала торғайға жақындай түсті. Балапан торғай алысқа ұша алмайтын еді. Көшенің арғы бетіндегі бір талға әрең жетті. Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты. Айырсадақ тағы тырс етті. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесің жалап өтті. Ол бұға қалды. Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, қуа берді. Балапан одан әрі ұша алмады. Үрейі ұшқан балапан: «Аяшы!», «Атпашы!» деп – жалынғандай шыр-шыр етеді. Бірақ Жантас оны тыңдамады, атқылай берді. Кенет Жантастың арт жағынан: - Әй, о немене? – деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Торғайды Қожа ұстап алды. Үйіне әкеліп бақты. 2-3 оқушыға теріп алған еліктеуіш сөздерді оқыту. Енді осы мәтін бойынша жұмыс жасайық. І топ. Торғайлар тобы. 1-парақша. Төмендегі сөздерді байланыстыр: Торғай саңқ етті Айырсадақ жалт қарады Тас дүрс-дүрс соғады Дауыс тарс ете түсті Жантас зу етті Жүрегі шыр-шыр етті ІІ топ. Шағалар тобы. 2-парақша. а) Алдымен сөйлем құра. 1. кеудесіне 2. дүрс-дүрс 3. жүрегі 4. соқты 5. сыймай. ә) Жауаптың дұрысын белгіле: А. 1-2 Ә. 1-3 Б. 3-4 В. 1-4 Г. 5-2. ІІІтоп. Тоқылдақтар тобы. 3-парақша. а) сөйлем мүшелеріне талда. Торғай алысқа ұша алмайтын еді. ә) Ф: торғай ІV топ. Қарлығаштар тобы. 4-парақша. а) Құстар тақырыбына 1 шумақ өлең. ә) Құстар туралы мақал-мәтелдер. б) Құстар жөнінде тыйым сөздер.
Сергіту ойыны: І. Торғайлар тобына: Жел тұрды. ІІ. Шағалалар тобына: Жапырақтар сыбдырлады. ІІІ. Тоқылдақтар тобына: Жаңбыр сіркіреп жауа бастады, күшейе түсті нөсерлете жауды. ІV. Қарлығаштар тобына: Күн ашылды. Барлығы қосылып: Күн шыққан соң, аулаға балпаң-балпаң етіп қаздар шықты. Секең-секең етіп қасында қарғалар жүр. (Балалар осыларға сәйкес қимыл жасайды.) Кітаппен жұмыс. 304-жаттығу. 1-сөйлем өз бетімен. Ауыздығын қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе тартқан ақ боз ат жекеше орғып, желігіп келеді. 2-сөйлем. Мұғалімнің басшылығымен тақтаға жазылады. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етті. 3-cөйлемді 1 оқушы парақшамен орындайды. Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу етеді. М: құлағының.
ІІІ. Ой толғаныс. Оқушылар! Біз қазір еліктеу сөздерді қалай түсінгенімізді байқап көрейік. а) Семантикалық карта.
Еліктеуіш
Бейнелеуіш
Маң-маң
Пырт-пырт
Шіңк
Тарс
Тырс
Бүгжең-бүгжең
Арбаң.
с
е
л
к
б
ү
л
к
ш
і
ң
к
к
ү
р
к
т
ы
р
с
к
е
ң
к
з
у
ә) Енді балалар сөзжұмбақ шешейік
1. Қатты қорыққан кездегі қозғалыс. 2. Қазаның жай қайнауы 3. Ең жіңішке дауыстың естілуі 4. Жөтелдің түрі 5. Үйдің төбесіне аққан тамшының естілуі 6. Күлкінің түрі 7. Қасынан бір нәрсе тез өте қалса қалай сипаттайсың?
Үйге тапсырма беріледі.
306-жаттығу. Дене шынықтыру сабағындағы қимыл қозғалыстағы бейнелейтін еліктеу сөздері бар әңгіме жазып келу.